1. Ортағасырлық қазақстардың мал шаруашылығы
2. Ортағасырлық қазақстардың егіншілік шаруашылығы
Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.
Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім "
2.2.Ғұн және Үйсін мемлекеттері. б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруа-шылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстігіндегілер деген мағынаны білдіреді.
Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі. Олар Шу мен Талас өзендері бойында және Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып мекендеген .Шығысында Тян-Шань тауларының шығыс бөлігін , солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Біздің заманымыздың бастапқы кезінде үйсіндер 650 мыңға жете қабыл болған.Жерге таластар жиі болғандықтан оларда тұрақты әскерлері болған.
Негізгі шаруашылықтары мал шаруашылығы болған. Олар жылқы, ешкі, қой асыраған. Сонымен қатар егіншіліктің болғандығы да дәлелденіп отыр. Үйсіндер қолөнермен айналысқан. Қыш ыдыстар жасау кеңінен таралған.Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған.
2.3.Қытай жазбаларында Қаңлы елі жайында көп мәліметтер кездестіре аламыз. Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын мекендеген. Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біздің заманымызға аяқ басқан кезеңде Қаңлы елі күшті бірлестікке айналған. Ташкенттен Ферғанаға дейінгі және Қаратаудан Таласқа дейін созылып жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді.
Сюннулар хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғұндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың қүдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғүн" атауы этни-калық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғүндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғүндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғүн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы "ғүн үйінің өрлеуі" кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.
Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.
Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасыр-дың 30-шы жылдары ғүндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 жылдары вест-готтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.
Тарихи деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.
Елді шаньой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаньойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаньойдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар мен жүзбасыларын тағайындап отырды. Ғүн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғүн шаньюйі өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болған.
Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рел атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек ұстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғүндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. б. қүрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғүндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын ұралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездескен.
Үйсіндер мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, басты ордасы - Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Ұлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.
Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань импери-ясы және ғүн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін гуньмоларына әйелдікке беріп отырған.
Б.з.б. 64-51 жылдары Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мүрагерлерінен болуды жақтады. Бүл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.
2.3.Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде «кангюйлар» деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхаратада» «кангха» болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.
1. Қауыншы.
2. Жетіасар.
3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Ал-тынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тай-паларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның ор-талық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.
Достарыңызбен бөлісу: |