ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың іргелі мәселелерінің қазіргі кезеңдегі теориялық – әдістемелік көзқарас " пәні бойынша «6N0203»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 3 Көшпелі шаруашылықтың шығуы



бет4/12
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#134319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс 3 Көшпелі шаруашылықтың шығуы.

1. Көшпелі мал шаруашылығына өтудің өндірістік алғышарттары

2. Көшпелі шаруашылыққа өтудегі табиғи-климаттық фактор



1.ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бүлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мүның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумыниың (Бумын деп те ата-ған) басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін түтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бүрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қар-сы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын бағынышты болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы кектемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мүрагер інісі Еркінді-Мүқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мүқанның түсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бүл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалау-шы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда үлан-ғайыр жерді алып жатқан эфта-литтерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хүсрау I Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хүсрау I шах езінің әскер-лерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айы-рылады. Мүның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкүндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы ше-карасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық үзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын ¥лы Жібек жолына иелік етті. Бүл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сондықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх баста-ған елшілік Түрік кағанының астанасы Суяб қаласында қабыл-данған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіс-сездері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олар-дың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мүны Түрік қағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.

571 жылы түріктердің қағаны Естемі Солтүстік Кавказ-ды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірак Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшы-лықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бүл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси үйы-тқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарканд, Бүқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы калаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы ордасы Мың бүлақ (Түркістан қаласы-на жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630ж.ж./ билеген кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі.

Олардың ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеуметтік қысымшылықтармен байланысты еді.Қағандық үшін Батыс Түрік мемлекетінде басты екі тайпаның – Дулу және Нишаби тайпаларының арасында талас басталады.

Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі – жиі ауысуы, 16-жылға /640-657ж.ж./ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетіьсуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді, сөйтіп 704 жылы Батыс Түрік қағандығы құлап, Түргеш қағандығы құрылды.

2. Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып қүрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жаз-ба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бүхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға кай-тадан жорық үйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бүхараны басып алады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қар-сы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан импе-риясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан етті. Бүл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орта-лық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы түрғын-дары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуере-нахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабка шабуыл үйымдастырды.

Кептеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның ара-сындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қол-даған Сүлу тархан қаған болады.Түргеш қағанаты Сүлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бүл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сүлу екі майдан-да: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қаған-дары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қол-даған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргеш-тер Ферғана қарлүқтарымен және Шаш түрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлу араб-тарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сүлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында үзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мүны Тан /Қытай/ империясы үтымды пайдалан-ды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны ба-сып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның ба-ласы арабтардан көмек сүрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытай-лықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске үшырады. Олар Жетісуды ғана емес, үйғырлар мен тибеттердің қысымы-мен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы қүлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономика-лық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бүрынғы Ба-тыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы қүлағаннан кейін бүрынғы көшпелі түрік тайпалары қүрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет қүрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орта-лығы болған Жетісу жерінде қарлүқтардың мемлекеті орнады.


Дәріс 4. Көшпелі шаруашылыққа өту уақыты

1. Көшпелі мал шаруашылығының аймақтық ерекшеліктері
Қарлүқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бүл кезде қарлүқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлүқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бүлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлүқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының қүрамына енген қарлүқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.

742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлүқтардың, үйғырлар мен басмалдар-дың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына кешіп, олардың көсемі қаған бола-ды. Қарлүқтар басшысы мен үйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, көп кешікпей бүлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды үйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет ¥йғыр қағанаты (744-840жж.) қүрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлүқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ карлүқтардың дербестікке үмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөліиіп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлүк тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мүндағы Түргеш мемлекетінің саяси жағдайы тым күрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара кырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.

Қарлүк тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлүқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.

Бүл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бүлардан басқа оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.

Қарлұк қағандығы билікті өз қолдарына алғаннан кейін, батыстағы Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен, саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді. Қарлұқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы араб-тар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимак еліне қашып кетуге мәж-бүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.

Қарлұктардың шығыстағы Ұйғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары мен малдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлұқ жабғуы Монғ-олиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тари-хи оқиға орын алды. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бүл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге қүл Қадырхан шебер пай-даланады. Ол жаңадан қаған атын алып, езінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жария-лайды. Алайда қарлүқтардың билігі берік болмады. Сол жылы Орта Азия саманилері оған қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, Исфиджабты басып алды. Қала көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жа-сайды. Қарлұқ кағаны Оғүлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала қүлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғүл-шақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бүл кезде Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қана қоймай, олардың мемлекетіне жорықтарда жа-сап түрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ көп ұзамай тастап кетуге мәжбүр болды.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бүл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар түрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін кеңейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінің аты болмаса, заты жоқ тұғын.

Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір қүқы жоқ тобы - күлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен қүнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу еңірін қүтты коныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Қүлан сияқты қалала-рында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге қүл Қадырханның немересі. Сатүқ Тараз және Қашқар қала-ларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемле-кеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бүл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

Мұса өлген соң, Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан өмір сүрген алға-шқы ондаған жылдың озінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның үрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) үрпағының ықпалы күштірек болса, ал кейін бүл ықпал Хасан (Хасанилерге) үрпақтарына көшті.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті Самани-лер мемлекеті феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бүхараны ба-сып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ой-сырата сокқы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Ба-ласағүнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуере-нахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп түрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадырхан Жүсіп Туған-ханды Қашғар-дан тықсырып шығарды.

1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.

1056 жылы Қадырханның үлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүйлеменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп үзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Қадыр-хан Жүсіптің баласы Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың түсында Ферғана Шығыс қағана-тқа күшпен қосылады, ал екі кағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай етеді. Тоғұрыл хан өлгеннен кейін оның орнына баласы мүрагер болып тағайындалады. Алайда екі ай өткеннен кейін Тоғұрыл тегінін немере ағасы Боғра хан Харун (1074-1102 жж.) билікті басып алып, Баласағү-нда, Қашғар мен Қотанда өз иелігін жүргізді. Тап осы кез-де Қарахан мемлекетіне саяси куаты әбден толысқан Салжүқ мемлекеті тарапынан қатты қауіп төнді. Сөйтіп, 1089 жылы Салжүқ сүлтаны Мәлік шах (1072-1092 жж.) көп әскерімен Батыс қағанаттың орталығы Самарқандты басып алды. Салжүқ әскері Узкентке жеткеннен кейін Боғ-ра хан өзін Мәлік шахтың боданымын деп мойындауға мәжбүр болды. Салжүқтар Қарахан мемлекетінің ішкі істе-ріне көп араласпай, онда өздеріне қолайлы хандарды та-ғайындаумен шектелді. Бүл кезде Шығыс түрік қағанаты-ның билеушісі Тоғұрыл Қашғарды басып алды.

1102 жылы Боғра-хан өлгеннен кейін Тараз бен Баласағұнды билеуші Қадыр-хан Жабырайыл салжүқтардың Орта Азиядағы үстемдігіне қарсы шықты. Мәуеренахрды басып алған ол салжүқтардың жеріне беттеді, бірақ Термез түбінде жеңіліске үшырап түтқынға түсті. Осыдан кейін Салжүқ сүлтаны Санжар Ибрахим Тамғаш ханның шобересі Арсы-лан ханды (1102-1 ІЗОжж) Мәуеренахрдың билеушісі етіп тағайындады. Арсылан ханда салжүқтардан бөлек тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Оның бүл саясатын дін ба-сылары, ақсүйек-феодалдары, әскери басылары қолдама-ды. Оларға қарсы күресте Арсылан баласы Насырмен бірлесіп елді билемекші болды. Бүған дін басылары қарсы шығып, Насырды у беріп өлтірді. Арсылан комекке салжүқ билеушісі Санжар сұлтанды шакырды. Ол әскерімен келіп Самарқандты басып алды. 1 ІЗОжылы Арсылан ауырып, Ба-лқы қаласында кайтыс болды. Осы оқиғалардан кейін, XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Қарахан мемлекетінің ыдырап қүлауына шығыстан көшіп келген қидан тайпаларының да үлкен әсері тиді.

ХІ-ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті қырқысқан соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. ХІІ-ғасырдың 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның Оңтүстігін шығыстан келген қидандар жаулап алды.



3. Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы атала-тын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монғолияны мекендеген, ал ҮІІ ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшы сы «шад тұтұқ» деп аталған. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сыр-дария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүс-тік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады.

766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздар-дың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тай-падан: эймур, имек, кыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы қүрылды. Кимек тайпаларының басшысы «байгу» (жабғы) деп аталады. Бүл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.

IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сыр-дария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тай-паларын талқандайды. Печенегтерді бүл жерлерден ығыстырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да се-бебші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет-күші едәуір арта түседі. Олар мемлекетінің ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.

IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түтүктер билеген.

Кимек мемлекетінің қалыптасып осуіне қарай, олардың тайпаларыньщ құрамы да езгеріп отырған. Тарихи дерек-тердің көрсетуі бойынша, бүл кезде қағанат қүрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пай-да болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде түрған, бүл мекендер бірте-бірте қалаға айналған.

Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Мәдени және әлеуметтік жағынан алғанда кимектер көп жағдайда VI - X ғасырларда көне түріктер қауымында қалыптасқан дәстүрлерді мирас етіп алып, оларды едәуір дамытып отырған.

IX ғасырдың екінші жартысы мен XI ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді көптеген басқарушылары арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналыс-қан.

Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір түтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жүлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс езенін қасиет түтып, "өзен-адамның тәңірі" деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат /мүсін/ койып, оған табыну салты кеңінен тараған.

XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бүдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның қүрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті.

Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемд-ігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен катар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тай-паларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстыккөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары қүлап, қарлұқтардың шабуылынан кейін Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен үзақ уақыт соғысуға тура келеді. Кангар - печенегтер мен соғыста оғыздар осы өңірдегі бүрыннан түратын халықтармен одақ қүра-ды. Оның қүрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы түрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жұрді.

Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджаб-пен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік-


шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет