Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-зөі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету



бет40/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-зөі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Педагогикалық қолдау –қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы. Педагогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым - қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б. қамтиды. Педагогикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологияларды толыққанды сәтті пайдалануы, оқушының ішкі жан дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.).
Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім беру дегеніміз – мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу, олардың жынысына, шығу тегіне, дініне, жас ерекшеліктеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.




8-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет