Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.
Тұлғаны әлеуметтендіруде әлеуметтік тұрғыдаотбасына әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын нығайтуға көмектесу негігі орын алады.
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері
Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды:
Холерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті болады. Бірақ сезім жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді.
Сангвиник– эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады.
Флегматик– эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |