Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет58/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Сонымен қатар, тәрбиеге байланысты жекелей авторлық тұжырымдамалар. Ресей Федерациясында жеке авторлық тұжырымдамалар Е.В.Бондеревская, Н.Е.Шуркова, И.Я.Зимняя, И.М.Ильинский т.б. Қазақстанда С.Қ.Қалиевтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, Ж.Ж.Наурызбайдың, К.А.Оразбековның, С.А.Ұзақбаеваның, Р.К.Төлеубекованың, С.Т.Иманбаеваның т.б. бүгінгі тәрбие үдерісін жандандыруға игі ықпал етуде.


Тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің мазмұны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» елімізде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы қабылданды деп атап көрсетеді. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқара алады. Әлемдік білім беру кеңістігінде тәрбие теорияларының шабыттандыратын ең соңғы идеялары қолданылған, халықтық педагогиканың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аналогы жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетті және адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне «Өзін - өзі тану» пәнін енгізу арқылы тұлғаның “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі бағалау”, “өзін-өзі жетілдіру”, “өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту” сынды қасиеттерді менгерту, бойына сіңіру баса назар аударылуда. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің тұлғаның рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін - өзі тану» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы 15 қаңтарда № 6 бұйрығымен 1-11сыныптарға енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 29 маусымында № 873 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» пәнінің кешенді типтік бағдарламасы оқу - әдістемелік құралдар білім беру жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 15 қаңтарда №11 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» бойынша рухани - адамгершілік білім берудің республикалық кеңесі құрылды.
«Өзін - өзі тану» пәні тұлғаның бойындағы рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара ұстайды және өз қарым – қатынастары үшін есеп бере алады. Қазақстанда тұлғаның рухани - адамгершілік білімін дамытатын «Өзін - өзі тану» пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісін теориялық және практикалық тұрғыда негізделді.
Құндылық кез - келген тұлғаның бойында қалыптасатын қасиеттердің негізгісі болып табылады. Құндылық тұлға, топ, әлеуметтік ортада адамгершілік ұстанымдар, мақсаттар, мен белгіленген әдістері және көрсеткіштермен нақтыланады. Тұлға бойындағы құндылықтар тұлғааралық қарым - қатынаста, іс - әрекетте, мінез - құлықта көрініс береді.
П.И. Пидкасистый құндылықтарды жетіге бөліп қарастырады: құнды қатынастар - тәрбие үрдісінің мазмұны; адам құндылық ретінде; өмір құндылық ретінде; қоғам құндылық ретінде; еңбек құндылық ретінде; табиғат құндылық ретінде қарастырады.
Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын құндылықтар жүйесіне: адам, өмір, табиғат, қоғам, жақсылық, ақиқат, сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік, бақыт, ар- ұят, теңдік, әділеттілік, бауырластықты жатқызады.
Егемен еліміздің жастарын тәрбиелеуде әл-Фараби мұраларының да тәрбиелік маңызы аса зор. әл-Фараби артына үлкен педагогикалық мұра қалдырып отыр. Ғұламаның еңбектерінде педагогика ғылымының мәні мен мақсаттары, жалпы педагогикалық идеялары, дидактика проблемалары, педагогикалық идеяларының жаратылыстану ғылымдарында пайдалануы,
әл-Фарабидің тармақтауы бойынша “Азаматтық философия екі түрге бөлінеді: оның біреуі арқылы жақсы әрекеттерді тудыратын және осы әрекеттердің себептерін анықтау қабілетін тудыратын жақсы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осының арқасында тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұл түр этикалық өнер деп аталады.
Екінші түрі қағидаларды, сол арқылы тамаша көркемдіке ие болу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды қамтиды. Бұл түр саяси философия деп аталады”. Яғни, педагогика ғылымы азаматтық немесе саяси философия құрамына кіреді.
Ғұламаның “Білім мен тәрбие егіз“ деген ұстанымды ұсына отырып, адам дүниеге келгеннен бастап бойына даритын 12 ізгі қасиетті ұсынады. Олар: денсаулық, ақылдылық, қоғамдық істерге бейім, ұғымтал, шыншыл, ар-намысы жоғары, есте сақтау қабілеті дұрыс, тілмар, еңбекшіл, жалған нәрселерге жирене қарау, әділ, әділеттілерді сүю. Бұл қасиеттер адамның бойында толық бола қоймас дейді ғұлама, бірақ, мүмкіндігінше осы қасиеттердің дәндерін тұлғаның бойына сіңіруіміз керек - деп, философиялық тұрғыда зерделейді.
Жалпы өзіндік танымға қазіргі таңда ғалымдар өте жоғары деңгейде көңіл бөліп отыр. «Өзін-өзі тану» терминдерінің түсіндірмелі сөздігінде өзін - өзі тануға байланысты ғылми негіздері нақты ашылып берілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет