Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Оқыту - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет61/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Оқыту - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі.
Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негізі
1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
2.Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуы. 3.Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы.
4.Дидактиканың негізгі категориялары.
5.Оқытудың әдіснамалық негізі.
Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негізі
«Білім мазмұны» ұғымы. Білім мазмұны - педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе. Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Білім мазмұнына қойылатын талаптар. Білім мазмұнын іріктеу факторы және көздері. Мектептегі білім мазмұнын іріктеу өлшемдерінің дидактикалық жүйесі және негізгі қағидалары.
Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі. Құзыреттілік тәсіл негізінде ҚР 12-жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялау. Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі.
Бейіндік оқыту мазмұнының ерекшіліктері. 12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер (ОӘК).
Дидактика – оқыту және білім беру теориясы. Дидактиканың нысаны, пәні, қызметтері, міндеттері.Қазіргі уақытта дидактика педагогика ғылымының дамыған, неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам дамуының белгілі кезеңдерінде мектеп алдына қойылатын жаңа аса жауапты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын ғылым. Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, талаптарын, шарттарын, оны ұйымдастару әдістері мен формаларын және технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін педагогиканың маңызды саласы болып табылады.
Дидактиканың зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактиканың қызметтері:оқыту үдерісін және оның орындалу шарттарын сипаттау және түсіндіру; оқыту үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыру, жаңа оқыту жүйелерін, жаңа оқыту технологияларын құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет