ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені (ПОӘК)


Халық шаруашылығындағы маңызы



бет4/7
Дата21.06.2016
өлшемі3.49 Mb.
#152502
1   2   3   4   5   6   7

Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары.

Пекарий тұқымдасы (Tayassudae)

Сипаттамасы: Пекарилер шошқалардан денесінің мөлшері жағынан кіші, дене тұрқы 115 см дейін, бойы 55 см, салмағы 30 кг дейін. Қарны 3 бөліктен тұрады., алдыңғы бөлігінде шұжық тәрізді қаптары болады. Шошқаларға қарағанда артқы аяқтарында 3тұяқтары бар және екеуі толық немесе жартылай өседі. Жоғарғы жақ жыртқыш тістері төмен қарай қаратылған, олар үшқырлы, мықты келеді. Барлығы 38 тісі бар. Арқасының артқы бөлігінде мускус тәрізді секрет бөлетін бездері болады. Басы үлкен, мойны қысқа, көздері ұсақ. Қылшықтары қалың, қарақұсының тұсында және мойнында, арқа тұсында ұзынырақ болады. Таралуы: Америка, Мексикада кездеседі. Әртүрлі ормандарды және бұталы жерлерді мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтары 8-8,5 айларында жыныстық жетіледі, ал аталықтары 11-11,5 айларында жыныстық жетіледі. Буаз болу мерзімі 142-149 тәулік. 2-4 торай туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары, еті деликатес есебінде жүреді.

Бегемоттар тұқымдасы (Hippopotamidae). Сипаттамасы: денесі біліктей массивті келеді. Аяқтары қысқа жуан, 4 бармақтары болады, олардың өзінше бір тұяқтары арасы жарғақпен қосылған. Басы мойынсыз келеді, үлкен. Дене тұрқы 400-420 см., бойы 165 см., салмағы 3000-3200 кг. Терісі түкті жамылғымен қапталмаған. Тек беткі бөлігінде және құйрығынының ұшында қатты темірге бай оның кеуіп кетуінен сақтайтын қылшықтар бар. Ауыз қуысы кең, жақты орасан зор, сирек орналасқан тістермен қаруаланған. Таралуы : Орталық және Шығыс Африкада кездеседі. Бегемоттар –қоғамдық жануарлар. Бегемоттардың тобы 20-30 балалары бар аналықтардан тұрады және аталықтары белгілі бір аймақтың жиегін алады. Көбеюі және өсіп дамуы: 9 жасында аналықтары, ал 7 жасында аталықтары жыныстық жағынан жетіледі. Буаз болу мерзімі 240 тәулік, тек бір ғана бегемотты туады. Халық шаруашылығындаы маңызы: етін тамаққа пайдаланады. Су сиырының терісі және жыртқыш тістері құнды шикізат көзі болып табылады.

Сұрақтар :

1. Жұптұяқтылар отрядына, тұқымдасына шошқаларға, пекарларға, бегемоттарға сиптаттама беріңдер.

2. Жүйеленуін атаңыздар.

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер : 1-9 (негізгісі), 10-12 (қосымша)
2 Модуль Жұптұяқтылар систематикасы

13 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағы. Құдыр, Бұғы тұқымдастары.

Дәріс жоспары:

Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағына қысқаша сипаттама.

Күйіс қайыратындар отряд тармағының систематикасы, таралуы, көбеюі, маңызы.

Құдыр, Бұғы тұқымдасытарының сипаттамасы, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Күйіс қайтаратындар отряд тармағы 6 тұқымдасты, 76 туысты 180 түрге біріктіреді.

Систематикасы (жүйеленуі):

Құдыр тұқымдасы (Moschidae)

Бұғылар тұқымдасы (CERVIDAE)

Су бұғылар тұқымдас тармағы (Hydropotinae);

Нағыз бұғылар тұқымдас тармағы (Cervinae);

Еліктер тұқымдас тармағы (Capreolinae);

Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae)

Бұғы тұқымдасы (Tragulidae) 2 туысты 4 түрімен біріктіреді.






Сипаттамасы: Бұғылар – қоянның көлеміндей ғана ұсақ жануарлар. Асқазаны үш бөлімнен тұрады.(қатпаршақ жоқ). Алдыңғы аяғы артқы аяқтан
біраз қысқарақ. Аяқтары 4 тұяқты.

Африкандық бұғының дене ұзындығы 75 – 85 см , биіктігі 35 – 40 см , салмағы 10 – 15 кг. Таралуы: Африкада таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: Жүктілігі 4 – 5 ай. Аналығы тек бір ғана бала тауады. Азияттық бұғының немесе канчилдің дене ұзындығы 70 – 75 см, биіктігі 30 – 35 см, салмағы 5 – 8 кг. Үнді бұғысы немесе дақты канчиль басқа жануарлардан реңінің қаралау және ашық түсті дақтарының бар болуымен ерекшеленеді.

Құдыр (кабарожи) тұқымдасы. (Moschidae).

Сипаттамасы. Құдыр (Moschus moschiferus) орташа келген жануар. Ұзындығы 90 см, биіктігі 70см, салмағы 15 – 17 кг. Түсі қоңыр және қара қоңыр. Мүйізі жоқ, бірақ аталығында жоғарғы ерінің түбінен 7 – 9 см, шығып тұратын ерекше, ұзын келген жоғарғы шошақ тістері болады. Дабыл жарғағы өте ұсақ. Өмір сүру ұзақтығы 4 - тен 5 жылға дейін. Денесінен басы ашық түсті келген. Астыңғы жақтан бастап, мойынның астымен кеудесінде екі жұп ақшыл жолақтар созылып жатады. Бас сүйегі үлкен емес. Бет әлпеті мен ми бөлігі салыстырмалы қысқарақ. Артқы аяқтары алдыңғыдан ұзынырақ болғандықтан артқы дене бөлігі салмақтырақ және алдынан биіктірек. Тұмсығының ұшында танау тесігінің жанында үлкен терісіз аймақ бар. Құлақтары үлкен, үстіңгі жағы дөңгеленген. Құйрығы өте қысқа. Аяқтары 4 саусақты.

Канчиль. Таралуы: Гималай,Үнді Қытай, Шығыс Азия, Манғолия, Қытайда мекен етеді. Қоректенуі: Қынамен, балқарағаймен, қылқан жапырақтылармен қоректенеді. Түлеу: Жылына бір рет түлейді. Қыстың аяғынан көктемнің соңына дейін ескі түктерді жаңа түктер біртіндеп алмастырады. Көбеюі мен өсіп дамуы: 15 – 18 айларда жыныстық жағынан толысады. Жүктілігі 185 – 195 тәулікке созылады. Мамыр айында аналығы 1 сирек жағдайда 3 бала туады.

Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор.

Бұғы тұқымдасы (CERVIDAE). Бұғы тұқымдасы 7 тұқымдас тармағынан, 12 туыстан 30 түрден тұрады.

Сипаттамасы: Ұзын, қалың және берік тұяқты аяқтары бар жануарлар. Көпшілігінде аталықтарының мүйізі болады. Мүйіз – маңдай сүйегінің түбінен өсіп шығатын, әдетте бұтақталған сүйектегі түзіліс. Бұғылардың мүйізі жыл сайын түсіп және қайтадан өсіп отырады. Өсіп келе жатқан мүйіз дәнекер – ұлпалы, шеміршекті және сүйекті кезеңдерден өтеді. Өскен мүйіз қысқа түктері бар (бархат) терімен қапталған. Сүйектену процесі мүйіздің түбінен басталып ары қарай жалғасып ортадан ұшына дейін жүреді. Сүйектену процесінің аяғында мүйізді қаптап тұрған тері өледі және жарылып түсіп қалады. Мүйіз бағананың түбінен әдетте бірнеше өскіндер тарайды. Ең төменгі өскіншек бірінші көз үсті деп аталынады. Одан кейін екінші көз үсті, үшінші өскіні ортаңғы деп аталады, одан кейін орналасқан – жоғарғы деп аталады. Өскіншектердің аяғы екінші рет бұтақтануы да мүмкін. Бас сүйегінің көз аймағының жанында екі танау жас өзекшесі орналасқан. Көз жас сүйегінің сыртқы бетінде көз алды шұңқырлары орналасқан. Жақ аралық сүйегінде танау тесігі қысқа. Жоғарғы шошақ тістері тек кейбір аталықтарында ғана ұзын, жоғарғы ерін түбінен шығып тұрады. Терісінде көптеген арнайы бездері болады. Өт болмайды. Сүт безі төрт бөлікті.

Су бұғысы тұқымдас тармағы. (Hydropotinae)


Су бұғысы
Сипаттамасы: Мүйізсіз. Дене тұрқы 75 – 100 см, биіктігі 45 – 75 см, салмағы 9 – 15 кг. Реңі күрең – қоңыр, жоғарғы ерні мен көзінің аймағы ақ түсті. Жазда терісі қысқа, қыста қалың, мамықты. Таралуы: Азия, Шри – Ланка, Қытай, Үндістанда таралған. Өзен және көл маңындағы шалғында, шөптесіндерде мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: Буаздығы 6 айға созылады. Маусым-шілде айларында 1 – 2 бала туады. Қиыр шығыс бұғыларының шағылысу уақыты қыркүйек және қазан айларының басында басталады. Қысқа қарай табынға бірігеді, сәуір айында ескі мүйіздерін тастап, маусым айында 2-3 жаңа мүйіз өскіні пайда болады.

Нағыз бұғы тұқымдас тармағы. (Cervinae); Сипаттамасы: Бұл тұқымдас тармағы 2 туыстан 12 – 14 түрден тұрады. Денесі 130 – 160 см, биіктігі 100 см, салмағы 40 – 80 кг болып келетін ірі жануарлар. Жақсы дамығын мүйіз тек аталықтарында ғана бар.

Жануарлардың барлық түрлері аңшылық немесе кәсіптік болып есептеледі. Бір түрі бұғы арнайы шаруашылықтарда өсіріліп жас мүйіздерінен пантокрин деген дәрі жасалынады. ТМД – да 3 түрі, Қазақстанда нағыз бұғы деген бір ғана түрі кездеседі. Жетісу және Алтайлық деген екі формасын ажыратады.



Таралуы: Бірінші формадағы жануарлар Қазақстанның оңтүстік – шығысында таулы аймақтарда мекендейді, екіншісі – шығыс пен Алтайды мекендейді. Марал – Еуразиядағы ең ірі бұғы. Тек аталықтары ғана мүйізді. Европалық бұғылардан оның айырмашлығы денесінің көлемі, мүйізінің ерекше формасы , көзінің көлемі орналасуы, және өте қысқа құйрығы.

Аталықтарының аяқтары ұзын, кең маңдайлы, күшті мойынды. Аналықтары аталықтардан біршама кішірек, ұзын мойынды, басы ірі және құлақтары ұзын. Аналықтарының түсі қыста қара, аталықтары көбінесе ашық -сары.


Бұғы Үлкен мазама




Кішкене құдыр

Кәдімгі құдыр

Тау ақбөкені Личи


Марал Тянь–Шань, Жонғар– Алатауында, Алтайда, Тарбағатайда таралған.

Кермарал (Cervus dama) теңбіл түсті. Дене ұзындығы 130-160 см. Иранда, Палестинада, Иракта, Украинада, Беларуссияда таралған. Жазда шөптесін өсімдіктермен, қыста ағаштың қабықтарымен қоректенеді. Буаздығы 7.5-8 ай, 1 кейде 2 бала туады. Негізінен саябақта декоративті жануар ретінде пайдаланады.



Еліктер тұқымдасы (Capreolinae.) Сипаттамасы: Елік дене тұрқы кішкене, салыстырмалы түрде қысқа келген бұғы. Түсі жазда ақшыл, қыста көкшіл. Дене ұзындығы 100-135 см, биіктігі 75-90см, салмағы 20-37 кг.

Таралуы: Еуропада, Кавказда, Иранда, Алтайда, Қытайда таралған.

Жапырақты, аралас орманды мекендейді. Шөптесін және бұталы өсімдіктермен, жидектермен, емен жаңғағымен қоректенеді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімінің ұзақтығы 9 ай, оның 4-4,5 жасырын кезеңіне келеді. Аналықтары 1-2 бала туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: спорттық аңшылықтың көзі ретінде пайдаланылады.



Еліктер
Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae). 6-7 түр тармағына бөлінеді, оның 4-5 түрі ТМД-ны, қалған 2 түрі Солтүстік Американы мекендейді.

Сипаттамасы: Өте ірі бұғы. Дене ұзындығы 300 см-ге дейін жетсе, биіктігі 235 см және салмағы 580-600 кг. Аяқтары ұзын , кеуде бұлшық еті күшті. Түсі қара – қоңыр. Таралуы: Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Канада да таралған. Орманның әртүрлі аймағын мекендейді. Ағаш-бұтақты өсімдіктермен, саңырауқұлақтармен қоректенеді. Көбеюі және өсіп-дамуы: Жүктілігі 225-240 күн, 1-2 төл туады. Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор.

Сұрақтар:

1.Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағы. Құдыр, Бұғы

тұқымдастарына сипаттама беріңдер.

2. Жүйеленуін атаңыздар.

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп-дамуы қалай өтеді?

Әдебиет: 1-9 (негізгісі), 10-12 (қосымша)




2 Модуль Жұптұяқтылар систематикасы

14 - тақырып. Жұп тұяқтылар отряды. Күйіс қайыратындар отряд тармағы. Қуысмүйізділер (полорогие) тұқымдасы

Дәріс жоспары:

Күйіс қайтаратындар отряд тарамағына сипаттама, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Қуысмүйізділер тұқымдасына сипаттама, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Жұп тұяқтылар отряды. Күйіс қайыратындар отряд тармағы. Қуысмүйізділер (полорогие) тұқымдасының сипаттамасы



Қуысмүйізділер түқымдасы: (Bovidae)

Систематикасы. Түр санына байланысты жұп тұяқтылардың ең ауқымды тұқымдасы, сонымен қатар биологиялық типіне байланысты: ең кішкентай қояннан бастап орасан зор үлкен бұқаларға дейін жеңіл қара құйрықтан көлемді қойларға дейін болады. Тұқымдасты 53 туысы және 115 түрі бар 10 тұқымдас тармағына ажыратуға болады. Тістер жүйесінде жоғарғы күрек және жыртқыш тістері болмайды. Бұлардың бас терісінің бездері жақсы дамыған және де құйрығында, шабы мен тұяқ аралығындағы бездері жақсы дамыған.

Дукерлар тұқымдас тармағы (Cephaiophihae).

Сипаттамасы: көлемді емес Африкандық бөкенге ұқсас, ең үлкен дегендері еліктің көлеміндей қояннан сәл үлкендеу болады. Мүйіздері қысқа, Артқы аяқтары алдынғыларынан сәл ұзынырақ. Тұқымдас тармағы 2 туысты біріктіреді: бұталы және орманды немесе айдарлы дукерлар.Таралуы: Африканы мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: Буаз болу мерзімі 4 ай шамасында. Аналығы 1- 2 төл туады.

Ергежейлі бөкендер тұқымдас тармағы: (Neotraginae) .

Сипаттамасы: Тұяқты жануарлардың арасында ергежейлі. Биіктігі 25 см, салмағы 8 – 9кг, реңі біркелкі бурыл, құрсағы ақ түсті. Таралуы: Батыс Африка. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 6 ай шамасында, тек бір ғана төл туады.

Винтмүйізді (Бұралған мүйізді) бөкендер тұқымдас тармағы (Tragelaphinae).

Сипаттамасы: орташа және ірі көлемді жануарлар мүйізі спираль етіп оралған. Тұқымдас тармағы 10 түрлі 4 туысты біріктіреді.

Үлкен куду (Tragelaphinae strepsiceros). Бұл сымбатты ірі бөкен, ашык көгілдір немесе сарғыш сұр түсті жанында жіншке ақ жолақтары болады. Басты әдемілігі мүйізінде спиральды мүйізі 1,5 метрге дейін жетеді.Таралуы: Африкада және Онтүстік Азияда. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7- 8 ай шамасынд. Халық шаруашылығындағы маңызы: Еуропалық және Американдық аңшылардың басты олжасы.

Төрт мүйізді бөкен (Tetracerus quadricornis):

Сипаттамасы: Озінің атауының, аталығында 2 жұп мүйізінің болуымен қатар маңдай бөлігінің алдыңғы жағында тағыда 2 жұп қысқа мүйізі болады. Үлкен емес сымбатты жануар бурыл түсті, құрсақ бөлігі ақ түсті. Таралуы: орманның жайылымды жерлері, қалың бұталы ормандармен ауысып отыратын орындарды қалайды . Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 180 тәулік шамасында қаңтар немесе ақпан айларында аналығы 1 – 3 төл туады .

Сиыр тәрізді бөкен тұқымдас тармағы(Alcelaphinae). Кәдімгі бубалдарды (Alcelapnus), хиролдарды (Dama hunteri), гнуды (Connochaetes) біріктіреді.

Сипаттамасы: кәдімгі бубалдар туысы (Alcelapnus) немесе конгалар(A buselapnus)–едәуір ірі бөкен. Реңі жирен, біркелкі. Жіңішкерген және ұзындау басы үлпілдеген құйрығы бар едәуір ірі бөкендер. Тұқымдас 3 туыс және 6 түрді біріктіреді.

Таралуы: Африка, Конго, орманы жоқ жазықтықтарды мекендейді. Конгондароте жақсы жүгіреді, тіпті жылқыларда жете алмайды.

Көбеюі және өсіп дамуы: буаздылығы 250 – 260 тәулікке созылады, маусымда аналығы 1 – 2 лақ туады. Қызыл кітапқа еңгізілді.

Бубал немесе хирола (Dama hunteri).

Сипаттамасы: 100 см ұзындыққа дейін жетеді. Реңі жирендеу, көздерінің арасын қосатын ақ түсті көлденең жолағы бар. Мүйізі жіңішке және ұзындығы 66 см шамасында. Таралуы: Хирола 10-20 жануар болып топтап өмір сүреді. Құрғақ, қалың бұталы өскіндер өскен жерлерді мекендейді. Сипаттамасы: гну туысы (Connochaetes). Ірі көлемді жануарлар, ұзындығы 130-145 см, салмағы 250-270см шамасында. Түсінің жалпы реңі көгілдір-сұр түсті. Жануардың қабырға тұсында көлденең қаралау түстегі жолақтар өтеді. Таралуы: Шығыс және Оңтүстік Африканы мекендейді. Саванналарда және кең ауқымды төмендегі жазықтықтарда кездеседі. Көбеюі және өсіп дамуы: гнулардың шағылысу кезеңі сәуір айында басталады. Бұзаулау кезеңі ақпан-наурыз айларында болады.

Қылышмүйізді бөкендер тұқымдас тармағы (Nippotraginae).

Сипаттамасы : едәуір ірі өкілі-атты бөкен (Nippotraginae equinus). Биіктігі 160 см –ге дейін жетеді, салмағы 300 кг, қатты жалы бар жуан мойны бұл бөкенді атқа ұқсас етіп көрсетеді. Көлемді, өткір, түріктің қылышы сияқтанып бүгілген мүйізі 90-95 см дейін жетеді. Таралуы: Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу уақытының ұзақтығы 270-280 тәулікке созылады. Бір ғана бұзау туады.

Су текелері тұқымдас тармағы (Reduncinae). Тұқымдас тармағы 8 түрі бар 3 туысты біріктіреді.

Сипаттамасы: ересек бөкендердің биіктігі 120-130 см дейін жетеді, ал салмағы 250 кг. Мүйіздері ауыр салмақты, арасы кең қойылған, аша тәрізді, 1м ұзындыққа дейін өседі. Түсі бурыл-сұр, жануардың сауырында ақ дақ болады.

Таралуы : Африканың Сахарадан басқа барлық жерлерін мекендейді.

Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 7-8 ай. Жалпы бұзаулау жауын-шашын кезеңінің басында басталады.

Қарақұйрықтар тұқымдас тармағы (Ahtilopihae). Тұқымдас тармағында 7 туыс, 19 түр бар. Сипаттамасы: қарақұйрықтардың аяқтары ұзын, бойының ұзындығы 100-120 см., салмағы 70-85 кг. Түсі біркелкі құмды сұр түсті немесе қоңыр. Басы қара және ашық түсті жолақты суреттермен салынып қойылғандай.

Джейран (G subgutturosa) – аяғы ұзын қарақұйрық, дене тұрқы 95-115 см., салмағы 18-33 кг. Аталықтарының мүйізі қара түсті, бүгілген.



Томсонның қарақұйрығы Тар

Таралуы : Иран, Ауғанстанда, Монғолияда, Қазақстанда, Өзбекстанда және т.б. Көбеюі және өсіп дамуы: жыныстық жағынан 18-19 айлығында жетіледі. Буаз болу мерізімі 5,5 ай. Сәуір мен мамыр айларында туады.

Сайғақтар (киіктер) тұқымдас тармағы (Saiginae). Теке мен қара құйрық аралығындағы жануарлар.

Сипаттамасы: Дене тұрқы 100-145 см, биіктігі 55 – 80 см, салмағы 20-50кг. Сайғақтың ең көзге түсетін көрнекісі ауызының үстінен жұмсақ қозғалмалы томпайған мұрны. Мүйізі жартылай мөлдір ашық балауыз түсті, тігінен койылған тәрізді. Таралуы: Монголияны және Европаны т.б. мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтар лағын бір жасында туады.

Теке және қойлар тұқымдас тармағы (Caprinae). 11туыс және 16-20 түрді береді.

Сипаттамасы: Горал (Hemorhaedus goral) – жануардың денесі тығыз орналасқан, үй текесін еске түсіреді. Дене тұрқы 106-125 см, биіктігі 70-75 см., салмағы 32-42 кг. Мүйізі қара түсті, ұзындығы 10-23 см. Реңі жирендеу-бурыл немесе сұр. Мұрнынан басы арқылы қара жолақ өтеді.

Таралуы : Азия, Қытай, Корея, Тибетті мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 250-260 тәулік. Маусым айында аналығы 1 немесе 2 лақ туады. Қызыл кітапқа енгізілген.

Тау текелер туысы (Capra) 8 түрді және 20 түр тармағын біріктіреді.

Сипаттамасы: жануарлар орташа көлемді, денесі тығыз орналасқан, мықты аяқтары бар. Құйрығының төменгі жалаңаш бөлігіндегі безі жақсы дамыған, бұл без өткір иісті иіс бөледі. Аталықтарының мүйізі қара түсті, қылыш тәрізді бүгілген, аналықтарының мүйізі қысқа. Таралуы: Түркия, Иран, Кавказ, Грузия, Азербайжан, Туркменияда таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: анылықтары мен аталықтары бір жылға таяу уақытта бөлек жүреді. Шағылысу мерзімі қараша айының ортасынан желтоқсан айына дейін жүреді. Сәуір-маусым айларының аяғына қарай аналықтары 1-2 лақ туады.

Арқар (Ovis ammon). Арқардың 10-11 түрі белігілі.

Сипаттамасы: Өте әдемі, сымбатты, денесі жеңіл жануар, аяқтары ұзын, мойны жіңішке және басы жоғары қарай қойылған. Кейбір түрлерінде мойны мен кеудесінде ілгіші бар. Түсі сары немесе қоңыр-сұр. Биіктігі 65-75 см, салмағы 20-4 кг. Таралуы: Үндістанда, Тибетте, Орталық Азияда, Қазақстанда, Еуропа мен Қырымда кездеседі.


1 — меринос; 2 — романовді; з — каракөл; i — сириялық күйрықты


Көбеюі мен өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 155-170 тәулік. Наурыз айының ортасында сәуірде туады.

Қарлы қой, чубук (Ovis canadensis) арқардан айырмашылығы денесінің ауырлығында, мойыны қысқа және жуан. Дене тұрқы 148-182 см, биіктігі 95- 115 см, салмағы 70-140 кг.

Таралуы: Шығыс Сібірде, Камчаткада, таулы, таудың қиыр беткейлерін жақсы көреді. Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтар жыныстық жағынан өздерінің өмірлерінің екінші жылында ғана жетіледі. Ал аталықтары шағылысуға үшінші жылы ғана түседі.

Бұқалар тұқымдас тармағы (Bovinae) . Тұқымдас тармаққа 4 туыс және 10 түр кіреді.

Сипаттамасы: қуысмүйізділердің ең ірі өкілдері. Көлемді дене тұрқын мықты аяқтары ұстап тұр, ауыр, үлкен, төмендеу орналасқан басында мүйіздері бар. Тұяқ арасында бездері жоқ. Түкті жамылғысы қысқа, денесіне жақсы бекіген. Таралуы: Азияда, Африкада, Еуропада, Америкада, Қазақстанда таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу мерзімі 275-315 тәулік. Көбею мерзімі белгілі бір жыл мезгіліне негізделмеген.

Бұл тұқымдас тармағына үнді буйволы, гаур, бантенг, қодас, тур, жабайы өгіз жатады.








Аноа Үндіқ буйволы






Бантенг Гаур

Қодас Тур
Сұрақтары:

1.Жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасына сипаттамасын беріңдер.

2. Жүйеленуін атаңыздар.

3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?

Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)


3 Модуль Тақтұяқтылардың систематикасы

15 – тақырып. Тақтұяқтылар отряды. Жылқы,мүйізтұмсық, тапир тұқымдасы.

Дәріс жоспары:

Тақтұяқтылар отрядына сипаттама, систематикасы.

Жылқы, мүйізтұмсы, тапир тұқымдасының сипаттамасы, систематикасы, таралуы, көбеюі, халық шаруашылығындағы маңызы.

Тақтұяқтылар отряды. Жылқы, мүйізтұмсық, тапир тұқымдасының сипаттамасы.



Тақтұяқтылар отряды (Pepissodactyla). Жылқы тұқымдасы (Equidat).

Сипаттамасы: тақ тұяқты сүтқоректі жануарлардың (тапирден басқасы) аяқтарының осі 3-ші бармағы арқылы өтеді. Бұған бүкіл денесі тұрақтанады. Кейбір түрлерінің жанындағы бармағы дамымаған. Азу тістері күрделі құрылысты себебі эмалі тістің ішінде орналасқан. Отряд 3 тұқымдасқа бөлінеді: мүйізтұмсықтарға, тапирлерге, жылқыларға.

Жануарлар топтап өмір сүреді, олар тек Африка мен Азияны мекендейді. ТМД-да қазіргі уақытта бұл тұқымдастың тек жабайы бір түрі ғана сақталған. Екінші түрі (тарпан) өткен ғасырдың аяғында құрып кеткен. Жылқылар тұқымдасына құлан, зебра және есек жатады.



Құланның сипаттамасы (Equus hemionus): жіңішке аяқты сымбатты жануар. Дене тұрқы 175—200 см; биіктігі 130—150 см. Құлақтары жылқыға қарағанда едәуір ұзын. Жалы қысқа. Құйрығы жіңішке. Ұзын жалы тек оның үшінші бөлігінде ғана өседі. Жүнінің түсі сарғыш-сұр, жоғарғы жағынан қара-бурыл жолақ өтеді. Құланның екі түрі Қылы кітапқа енгізілген (үнділік, сібірлік). Таралуы: Кұлан - жазықтықтар мен жоталы шөлдерді және жартылай шөлді жерлерді, ал өткен уақытта даланы да мекендеген. Табынмен бірге жүреді. Табыннан жас құлындарды туу кезінде және емізу кезінде қалып қояды Көбеюі және өсіп дамуы. Полигамдар, шағылысу кезеңінде неғұрлым күшті айғырлары ұрғашылардың жақтауларын қалыптастырады және ертіп жүреді. Шағылысу кезеңі ақпан айының аяғынан маусымға дейін болады. Буаздылығы 11 ай шамасында, 1 құлын туады. Мезгілді жер ауыстырып отыруға бейім. Зебраның сипаттамасы : үлкен емес жолақты жануарлар. Дене тұрқы 2-2,4 м., биіктігі 1,2-1,4 м., салмағы 350кг. Ашық-сұр немесе бурыл реңді денесінен көлденең қара жолақтар өтеді. Таралуы: Эфиопия, Сомали, Кения және т.б. жерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет