ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Психология мамандығына кіріспе»


тақырып: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету



бет2/3
Дата12.06.2016
өлшемі310.5 Kb.
#129767
1   2   3

5 тақырып: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету.


  1. Бастауыш сынып жасындағыларға психологиялық сипаттама.

  2. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін психологиялық қиындықтар.

Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай.Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелей психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады.Сондықтан мектеп психологы баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ойы дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.

Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады.Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде танымдық әрекеті жетекші бола бастайды.Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін, интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді.Әсіресе, баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.

Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді.Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені, мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір саласы ретінде қабылдайды.Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады.Бұл талаптарды бала орындауға болмайтын қағида деп қабылдайды.

Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршуына алып келуі мүмкін.Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.

Мектеп қойып отырған талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыруы керек. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберуі , үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алады. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.

Бірінші сынып оқушыларының басым көпшілігі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастарымен қарым-қатынас жасауы болып табылады.Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психолгтың келесі міндеті болып анықталады.

Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады.Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ауыстыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңдегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.

Қазіргі кезде көптеген мектептер, гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.
6 тақырып: Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету.


  1. Жеткіншектік кезең психологиясы.

  2. Жеткіншектік шақта болатын өзгерістер.

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жаскезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т.б көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда бұндай кезең даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екіжақтылық орын алады. Сондықтан, бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатыны, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер менбаланың арасында текетірестік орын алуы мүмккін.

Жеткіншектердің дене мүшесінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мысалы, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарымжан сезіну» деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денсін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.

Жеткіншек жас кезінде балалардың эндокриндік жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды.


7 тақырып: Жасөспірім жас кезеңіндегілерге психологиялық қызмет көрсету.


  1. Жасөспірімдік кезеңге психологиялық сипаттама.

  2. Психологтың жасөспірімдермен атқаратын қызметі.

Жасөспірімдік шақ баланың жыныстық толысуынан басталып, ерерсектік орыналғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бұл кезең 15-18 жас аралығында өтеді және көптеген өзіне тән ерекшелерімен сипатталады.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пубераттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл-қыздардың бір-біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы да орын ала бастайды. Жасөспірімдік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде сен ерерсексің, үлкенсің десе, екінші жағынан одан да үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап ететді. Бұлжағдай мектептен басқа жерде де анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену кезеңінде. Сондықтан психолог алдында тұрған міндеттердің бірі жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне ддаярлау, қарым-қатынасмәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамндық таңдау, еңьек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп, оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау қоғамдық жалпы дүниетанымдық ізденістерімен өмірлік жоспарларында нақтыланады.

Жасөспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды қабілеті бар екенін барынша толығырақ түсініп, білгісі келеді. өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар:

1. өз талаптары деңгейін жеткен нәтижелерімен салыстырып бағалау;

2. әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз «Менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.

Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болцуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жасөспірімдік рефлексияныңтөменделегі мен қаықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық және өмірбаяндық факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсына қажетті көмек көрсету керек.

Жасөспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақөты да терең бола бастайды. Достық туралы жасөспірімдік ұғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әртүрлі болады. Қыз балаларды олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балаларда ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтаржоғалады. Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болуы керек деп санайды. Ал екіншілерінде 2, 3 және одан да көп дос болады. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын мәселелердің бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағынасын баларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.

Жасөспірімдердің біреуі оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздақтан қорқады. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуымүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқулардың ереркше көңіл бөліп, әрқайсына жеке дара қажетті көмек көрсету керек. Бұл жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.

Қазіргі кездегі жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларны мамандық таңдауға даярлануы қажеттігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға саса маңыз қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердің қалыптасуы оқытудың сипатымен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстармен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтың келесі міндеті- жоғары сынып оқушыларының интеллектуалды дамуына ықпал жасау.

Осы аталған тағы да баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог

жасөспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.


8 тақырып: Психологтың басқа мамандармен байланысы:

Ұстаз және психолог


  1. Оқытушының психологиялық портреті.

  2. Ұстаз-педагог-оқытушы ұғымдарына сипаттама.

Оқытушы - оқушы қарым-қатынасының практикалық номенклатурада үш көрсеткіші бар: ұстаз, педагог, оқытушы. Қарапайым тілдн ұстаз деген ұғым кеңінен дамыған, оларды әр ғылым саласынан түсінігі бар және сол білімді халыққа жеткізу қабілеті бар адамдар деп санаған.

Оқытушы - оқушы қарым-қатынасын психологиялық критерийді қолдана отырып, олардың профессионалды қабілетін ажыратайық.

Олардың бірнеше айырмашылықтары бар:



  • Оқу үрдісіндегі оқытушының жауапкершілігі

  • Оқу пәнін түсінудіру

  • Психологиялық дистанция сақтау

  • Перспективті тұлғаның өсуіне әсері.

Бұнда ұстаз, педагог, оқытушы арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Мысалы мына кестеде, бұл кестеде тез түсіну үшін критерийлер максималды, орташа, минималды деп бөлінген.

мамандық

ұстаз

педагог

оқытушы

1 критерий

мин-макс

орт

макс

2 критерий

макс

орт

мин

3 критерий

мин-макс

орт

макс

4 критерий

мин

орт

макс

5 критерий

макс

орт

мин

Бұл таблица қарапайым тілде, сол сияқты профессионалды тілде де критерий типтерінің қабілеті жағынан әр түрлі делінген. Бұл критерийлер бір-бірінен оқушының ішкі дүниесіне байланысты ажыратылады. Осы байланыста ұстаз максималды мүмкіндіктермен, ал оқытушы минималды мүмкіндіктерге ие. Субъективті жағынан бұл байланыста оқушы және оқытушы арасындағы мықты, сенімді, тұлғалық мүмкіндіктерді орнту қиын, ол біреуге деген әлеуметтік және психологиялық дистанциямен сипатталады.

Үш профессионалды критерий – ұстаз, педагог, оқытушы – олар басқаға ықпал етіп, шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдау үшін басқа адамның психологиялық ақпаратын білуі қажет.

Ұстаз, педагог, оқытушы бірігіп жұмыс істеуіне психологиялық ақпарат ықпалы және психикалық-тұлғалық өсу деңгейінің нормалық структурасы әсер етеді.

Сонымен, оқытушы- оқушының бірлесуі, оқытылатын пәнге және түсіну деңгейінің структурасына байланысты психолог ситуациялардағы прблемаларды келесі жағдайларда шешуге міндетті:


  • Оқушының оқу пәніндегі проблемалық көрінісін адекватты шешуге

  • Оқытушының оқушы мүмкіншіліктерін түсінуге т.б

  • Оқылатын пән оқушыға әсер ету негізі екеніне оқытушының адекватты көзқарасын зерттеу

  • Оқытушының оқушы өміріндегі рөлін анықтау

  • Оқушы оқытушының өміріндегі рөлін анықтау


9 тақырып: Психолог және құқықтық практика.


  1. Тергеуші және адвокат қызметіндегі психологиялық ақпараттар.

  2. Заң саласындағы психолог қызметінің маңызы.

Заң саласындағы практикада психологиялық ақпараттың параметрлері қолданылатын қызметтер – тергеу және адвокаттық практика.

Тергеуші үшін адам әрекет-қылығының мүмкін моделдерінен құралған оқиғалардың логикасын қалпына келтіру үйреншікті жайт. Адам әрекет-қылығының ортақ моделі нақтыланған сайын, зерттелетін адам немесе адамдар тобының құрайтын дәл жағдайлары мен дәл логикасының профессионалды іс-әрекеті соғұрлым тура құралатын болады.

Адвокаттың да нақты жағдайларда өз практикасында адам әрекет-қылығының жалпы моделін нақтылауға бағытталғандығы табиғи құбылыс. Бұл құқықтық практиканың түрлеріндегі болымды айырмашылықтың бірі профессионалды ойлау процесінің дұрыстық өлшемдерімен байланысты деген ой келеді. Бұл өзгешеліктерді, тергеуші үшін нақты фактілерменбекітілген объективті дәлдік маңызды болуынан, ал адвокат практикасында адамның іс-әрекет логикасының субъективті негізделуі үлкенмағынаға ие болуынан көруге мүмкін болады.

Егер айырмашылық сызығын сызсақ, онда ол шамамен былай болар еді: тергеушіні шын мәнінде болған жайттар қызықтырады; адвокатты ол жайттар неге болғандығы қызықтырады.

Осыдан психологиялық ақпаратты қолданудағы айырмашылық: тергеуші үшін – адам не істегені туралы, адвокат үшін – ол мұны неге істегендігі туралы сұрақ актуалды.

Психологқа сұраныс жасағанда, құқықтық мамандықтың иелері нақты жағдайлар туралы ойлары – құрал негізінде қолданылуы қажет деген адамның әрекет- қылығының жалпы моделіне бағытталған.

Психолог алдында мүлде басқа спецификалық мәселе пайда болады – зерттелетін жағдайдағы адам әрекет-қылығының субъективті логикасын жасау мәселесі. Құқықтық мамандық пен психолог иелерінің өзара қарым-қатынасының зат спецификасын және соған сәйкес оның мамандық иелерінің арасындағы қарым-қатынасының басқа мүмкін нұсқаларынан айырмашылығын бөліп алуда мағына бар деген ой келеді.

Бұл ерекшелік, юристерде де, олармен жұмыс істейтін психологта да, адам әрекет қылығының моделін нақтылауынан көрінеді. Бұл сөздердің астын сызу үшін бөлек бөліп алғың-ақ келеді, шынымен біріккен қызметте психолог және юрист -адам болмысы мен формасын нақтылауға қарайды.

Жауапкершілік категориясы, оның адам әрекет-қылығының моделіне міндетті қосындысы адам әрекет қылығын жануарлар әрекет-қылығынан ерекшелейді.

Индивидуалды әрекет-қылықтың логикасын (профессионал ойлауында) нақтылау сызығы дәл осы категориядан өтеді.

Психолог юристтерге адам әрекет-қылық моделіндегі жауапкершілік категориясын қолданудағы индивидуалды варианттар туралы мәліметтерді бере алады және беруі керек.

Бұл юристтің профессионалды қызметіне қатысушылар туралы психологиялық ақпаратты қолдануды анықтайтын бастама категория болады. Психолог пен құқықтық практикаға қатысушыларды және оларға қатысты тұлғалардың арасындағы бірігіп әрекет ету құралы – жауапкершілік нормалары болып табылады.

Психолог психологиялық ақпаратты алу арқылы келесі проблемаларды шеше алады және шешуі тиіс:



  • Юристтің адам әрекет-қылық моделінде жауапкершілік категориясын адекватты қолдану проблемасын;

  • Юристтің профессионалды қызметіне қатысатын тұлғалардың жауапкершілік категориясын индивидуалды жүргізу проблемасы;

  • Юристтің оның прфессионалды қызметі жауапкершілік категориясының басқа қатысушылармен меңгерілу дәрежесін адекватты бейнелеу проблемасын;

  • Юристтің профессионалды қызметіне қатысатын тұлғаның оның жауапкершілік категориясын меңгеру деңгейін адекватты бейнелеу проблемасын;

  • Жауапкершілік категориясының индивидуалды мазмұны мен құқықтық жауапкершілік нормасының сәйкес келу проблемасын.

Осы ортақ проблемаларды шешу арқылы психолог әр нақты жағдайда адам әрекет-қылық моделінде жауапкершілік категориясына сәйкес келетін психологиялық ақпарат мазмұнын анықтай отырып, құқықтық практикаға қатысушылардың барлығына олардың өзара бірігіп әрекет ету мақсатында нақты психологиялық көмек көрсете алады.

Бірақ өкінішке орай қазіргі уақытта біздің елімізде заң қызметтерінің психологиялық негізделуі бойынша жұмыстар өте аз, бірақ заман өзгеріп, жаңа психологтар әлеуметтік өмір заңдылықтары туралы да өз сөздерін айтады деген үміт бар.


10 тақырып: Дәрігер және психолог


  1. Дәрігер және психолог мамандарының өзара байланысы.

  2. Денсаулық сақтаудағы мамандардың атқаратын қызметі.

Өз кәсіби қызметіне әсер ететін (клиенттерге және өзгелерге) дәрігер және психологтың тікелей байланысқан психосоматикалық мәселелер аспектілеріне көз жүгіртсек.

Біріншіден, дәрегер де, психолог та психикалық шындықтың әр түрлі қасиеттерінің көріну синдромдары мен белгілерімен жұмыс істейді. Мысалы, эмоциялық ұстамсыздық симптомы әр түрлі синдромдарға кіруі мүмкін – инфантилизмге, байланған кейіптер неврозына, ОЖЖ функционалды жетілмеуіне т.б.

Екіншіден, дәігер және психологтың кәсіби ойлау тәсілі өзіндік гипотезаны жасап шығаруға, оның дәлелденуіне, шешімдерді қабылдау және тексерілуіне алғышарт болып табылады, яғни дәрігер және психолог өзінің кәсіби қызметінің пәні болып табылатын материалдарды рефлексиялайды. Осылайша, кәсіби қызмет жағдайында олар өз ойлауымен жұмыс атқарады.

Үшіншіден, психикалық шындық қасиетімен белгіленген (соның ішіне ауру феномені де жатады) тұлғааралық қатынасқа түскен кезде дәрігер де, психолог та басқа адамдардан әсер алады.

Төртіншіден, дәрігер де, психолог та адамның психикалық шындық сапаларымен белгіленген активті параметрлерінің өзгеруінде өз қызметінің нәтижесін көреді. Мысалы, жаңа талаптардың пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы, адамның энергетикалық мүмкіндіктерінің өзгеруі т.б.

Бесіншіден, дәрігер де, психологта өз кәсіби ойлауында, сонымен қатар кәсіби шарттарда әсер ету мөлшері категориясымен жұмыс істейді.

Осылайша, дәрігер және психолог адам құндылықтары туралы онымен тікелей контакт кезінде жалпыланған персонификацияны жүзеге асырады.

Персонификация денсаулықтың ішкі суреті ретіндегі адамның психикалық шындықтың қасиеттерінде нақтыланады. Тура осылар дәрігер мен пациенттің өзара әрекетіндегі пәнге кіретін болады, тура осылар психолог клиентінің мәселесінің «субстраты» ретінде болады.

Аурудың ішкі суреті – денсаулықтың ішкі суреті феномендері дәрігер мен психологтың кәсіби қызметін тікелей байланыстыратын өзара әрекетінің пәні болып табылады. Нақты айырмашылық дәрігердің локальдық ауру симптомымен, ал психологтың жан ауруының синдромымен жұмыс істеуінде. Осыдан дәрігердің мақсаты – ауруды жою болса, психолог мақсаты- симптом құрылымын қайта құру болып табылады.

Дәрігер және психологтың біріккен жұмысы бір феноменге жататын жалпы мақсаттарды құрудан және оған әсер ету тәсілінен басталады.

Бұл аурудың тек индивидуалды-соматикалық белгілерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық мазмұнынкөруге мүмкіндік береді. Пациенттің шағымы мен оның тұлғалық белгілерінің классикалық бағалануын салыстыру арқылы дәрігер және психолог жұмыстарындағы реалды тоғысу нүктелерін көруге болады.

Дәрігер және психолог мақсаттарды кәсіби жүзеге асыра отырып келесі мәселелерді шеше алады:


  • Пациент ауруының ішкі суреті туралы гипотезаларының жүйелі құрылуы;

  • Аурудың ішкі суреті мен денсаулықтың ішкі суреті туралы білімдерді жетілдіру арқылы өзінің кәсіби дамуы;

  • Пациенттің денсаулығының ішкі суреті туралы оны адекватты бейнелеуі;

  • Дәрігер және пациент арасындағы аурудың ішкі суретінің мазмұнына байланысты жауапкершіліктің бөлінуі;

  • Пациенттің индивидуалды өміріндегі аурудың ішкі суретінің орны мен рөлі;

  • Пациент ауруының ішкі суретінің мазмұнына байланысты әлеуметтік жауапкершілік;

  • Кәсіби ойлау тәсілі ретінде аурудың ішкі суреті құрылымына керек ғылыми білімнің (интегралдық медицина) маңыздылығының анализі;

Әрбір пациентті қарау кезінде дәрігер тек физикалық ауру симптомын ғана емес, сонымен қоса осы ауру жататын бүкіл психикалық шындық туралы толық білуі тиіс.
11 тақырып: Әлеуметтік қызметкер және психолог


  1. Әлеуметтік қызметкер қызметіне сипаттама.

  2. Әлеуметтік қызметкер мен психологтың атқаратын қызметтері.

Әлеуметтік қызметкердің мамандығы соның қатарында әлеуметтік педагогта біздің елімізде жалпылай болып табылмайды. Өкінішке қарай қиындықтардың көптігін ескерсек осы іспен бір ғана адамның айналысуы мүмкін емес.Осылардың ішіндегілердің кейбіреулері ; жалғыздық, жанұядағы психикалық ауру адам, ата- аналардың созылмалы ішімдікті, күнделікті азаптаушылық, созылмалы жанұялық дау, жасөспірімнің девианттық мінез- құлқы т.б.

Адамның әлеуметтік және физикаклық әлсіздігін- әлеуметтің шешетін жұмысшы қиындықтарын осылайша қысқаша тұжырым деуге балады, өмірдің маңыздыбөлігі бола отырыпбелгілі бір адамның немесе белгілі бір жанұяның тағдырын айтуға балды.Әлеуметтік қызметкер өзіне бөтен адамдармен өте ұзақ кезең ұйымдастырып және оны жүзеге асырады.Оның кәсіптенген қызметінің заты болып не табылады ?

Тікелей емес белгілі бір адамның өміріне қатысуы әлеуметтік жұмысшының тағдырына негізгі басты сатысына әсер етуі қаншалықты болыуымен анықталады.

Әлеуметтік қызметкер адамға оның даму мәселесін шешуге көмектеседі, бұл көмек нәтижелі боладыег егрде, әлеуметтік қызметкер оның даму резервін білуде оған өзінің күш- жігерін салса сонымен қойса және де өмірлік песпективаға қажеттілерді жүзеге асырса.

Психолог терең диагностика арқылы әлеуметтік қызметкердің ұйымдастырушылық күш - жігерін кәсіпкерлікке әсер етуінің орындалуына көмектесе алады.

Егерде, әлеуметтік қызметкер белгілі бір адамның өміріне күнделікті қатысып, оның өміріне қажетті әсер ететін болса, психологтың қатысуы қысқа мерзімді болады.

Психолог белгілі бір адамның мәселесінің және резервінің дамуының тепе тең орентациясын өз мойынына алады, ал әлеуметтік қызметкер болса адамдармен қарым қатынас жүйесінің басты тұлғасы болады, ол әсер ету арқылы орындалатын бөлікті атқарады.



Бұл қарым-қатынасты схема ретінде көрсетейік. Алдағы схемеалардың шарттарын түсіне отырып бұларды мәтінде қолдану керек деп ойлаймын. Өйткені меніңше бұл әр түрлі қызметте және әр түрлі мамандағы қарым- қатынас шектеулерді, мәселелерді бір түрде тексеруге көмектеседі, олар осы шектелген дәлелдерге сүйенеді.

Заңдылықтарды қолдану айырмашыдлығы - жеке өмірдегі клиенттің, әлеуметтік қызметкердің және психологтың үлкен, кіші, тең мағынада көрсетуге болады, олар материал сияқты әрқайсысы затқа әсер ету арқылы өзінің білімін құрастырады. Клиент үшін – бұл оның өзінің жеке меншік өмірі. Демек, өзіне қолайлы дәрежеде болады.

Бірлесіп әсер ету келесідей мәселеллерді шешуге көмектеседі, олар төмендегідей:



  • Клиент өміріндегі әлеуметтік мәселелер;

  • Әлеуметтік қызметкердің және психологтың адам өміріндегі орны мен маңызын түсіну;

  • Әлеуметтік қызметкер және клиент тарапынан жауапкершілік мәселесінің орындалуы;

  • Клиенттің жеке өмірдегі перспективалық мәселесі және оның орындалу мүмкіншілігі;

  • Кәсіби мамандар тарапынан жауапкершілікпен көрсетілген көмек клиент өмірінің тиімді ұйымдастырылуына әсер етеді.

Адамдарға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мамандықтардың тізіміндегі психологтың клиентке әсер ету мүмкіндігі шексіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет