«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киіп, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде – газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: - «Радиациялық қауп!» сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.
Қорғаныс қазіргі заманғы жағдайларда күш пен құралдардың жетіспеушілігін белгілі бір шамада толтыруы мүмкін артықшылықтарға ие. Қорғаныс үшін табиғи шептерге орналасу, жергілікті жердің қорғаныштық қасиеттерін қолдану, оның инженерлік жабдықтарын қорғанушыларға бірқатар атыстық және тактикалық басымдылық береді, сондықтан оларды шебер және дер кезінде қолдану нәтижесі қарсыластың басым күшінің шабуылына қарсы тұра алуы мүмкін.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше қандай жұмыстар жүргізеді?
-
«Радиациялық қауіп!» сигналы кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
-
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
-
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№15 тақырып: Марштық, шерулік және қарауылдағы бөлімше, бақылаушы бөлімше.
Дәріс мақсаты: Марш, шеру және қарауылдағы бөлімше жайлы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Марштық және шерулік бөлімшелер жорық күзетінің негіздері және ұрыстағы мақсаттары.
-
Қазіргі жағдайда шеру негізгі қозғалыс тәсілі және әскердің маневрі жоғары ұрыстық әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Осыған байланысты шерудің жеңіске жетудегі шешуші күштерінің бірі ретіндегі мәні күрт артып келеді.
Марштың, шерудің негізгі мақсаттары – қарсыласқа шабуылдау жолымен ұрыс міндетін орындау үшін ұрыста қимылдап жатқан әскерді күшейту үшін қарсылас соққысын тойтару немесе ұрыс қабылетін жоғалтқан әскерлерді ауыстыру үшін берілген шепте немесе көрсетілген ауданда әскерлерді дер кезінде шоғырландыру. Марш, шеру сондай-ақ толықтыру , қалыптастыру, әр түрлі жұмыстар мен демалыс өткізу үшін жаңа ауданға шығу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.Қазіргі заманғы ұрыс жағдайында авиация санының көптігін, әуе десанттары мен диверсиялық топтарының кең қолданылатынын, дұрыс жүргізудің ошақтық сипатының мүмкін екенін ескере отырып, шерудегі әскер үнемі жоғарғы ұрыстық қимылдарды дереу жүргізуге қабілетті болуы тиіс. Барлық жағдайларда – шеру жасырын, шектеулі көру жағдайында жүзеге асырылады. Жағдайға сәйкес шеру жасайтын әскерлер көрсетілген аудан немесе шепке дер кезінде және ұрыстық міндетті орындауға толық дайын келуі тиіс.
Ұрысқа кірер алдында марш, шеру жасағанда, барлық оның ұйымдастырушылары алдағы ұрысқа бағынышты болады. Бұл кезде жорықтық ретке тұру алдағы ұрыс мәнісінде толық жауап беруі және қарсыласқа атыс соққысын беру ұрыстық ретке тез жазылу және қарсыласқа жүріс барысында күшті соққы беруді жүзеге асыруды қамтуы тиіс. Мұндай марш, шеру қозғалыстың жоғарғы қарқынына ие, өйткені ол авиацияның, артиллерияның және қарсыластың басқа да атыс құралдарының соққысына тап болады. Бұл жағдайға взвод бас (бүйір, тыл) жорық заставасына бекітілуі мүмкін, ал кейде қозғалатын лекке қарсыластың кенеттен шабуылдауына жол бермеу, оның жер үсті барлауының енуін болдырмау және ұрысқа басты күштердің кіруіне ыңғайлы жағдайлар, жасау мақсатында қозғалмайтын бүйір заставасына немесе бас шолғынға бекітіледі.
Қарсыласпен қақтығысу қатері жоқ жағдайда марш, шеру жасау кезінде жорық реті қозғалыс ыңғайлылығын, жоғары шеру жылдамдығына қол және ұрыстық техниканы сақтауды еске ала отырып құрылады.
Мотоатқыш (танк) взвод рота легінде немесе өз бетінше жорықытық күзетте шеру жасайды. Лектегі машиналар мен взводтар арасындағы қашықтық – 25-30 м.
Шектеулі көру жағдайында, көктайғақта, сондай-ақ жоғарғы жылдамдықпен қозғалған кезде арақашықтық ұлғаяды.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Шеру дегеніміз не?
-
Марш және шеру қандай мақсаттарда жүргізіледі?
Ұсынылған әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
-
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
-
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
-
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
№1 тақырып: Ұрыс кезіндегі сарбазарың әрекеті.
Дәріс мақсаты: Жауынгердің ұрыс кезіндегі әрекеті және міндеттері жайлы студенттерге қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Жауынгерің ұрыстағы міндеттері.
-
Ұрыста жеңіске жету жеке жауынгерлердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарның, зеңбіріктер мен мина-атқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады. Әрбір жауынгер қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жойған сайын, соғұрлым шабуылдағы бөлімшенің алға жылжуы тез және қарсылас үшін қорғаныс тұрақты және берік бола түседі.
Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік бліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолдануы тиіс. Ол ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыруға даын болуға міндетті, сондықтан ол аралас әскери мамандықты игеруі керек.
Құрлық әскерінің (взвод, бөлім, танк) Жауынгерлік жарғысында әрбрі жауынгердің ұрыстағы міндеттері нақты анықталған. Ол взвод, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуі тиіс; ұрыс барысында тыңғылықты бақылау жүргізе алуы қажет; қарсыласты байқаған сәтте ол туралы дереу командирге хабарлауға, шабуылда батыл және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және шешімді түрде қимылдауға, ал қорғаныста өзін берік және табанды ұстауға, қарсыласты қолда бар тәсілдер мен құралдар арқылы жоюға, батырлық, бастамшылдық және тапқырлық байқатуға, жолдасына көмек көрсетуге әзір болуға, ұрыста жергілікті жердің ерекшеліктерін, қорғаныс жеке құралдары мен машинаның қорғаныс сапаларын тиімді қолдануға; оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға, бөгеттер, табиғи тосқауылдар мен жергілікті жердің зақымдалған учаскесінен өтуге; танкіге және жаяу әскерге қарсы миналар орналастыруға және оны зиянсыздандыруға, санитарлық өңдеу, дезактивизация, газсыздандыру және дизентифекция жүргізуге, әуе қарсыласын тануға және төмен ұшатын нысаналарға атыс қаруынан атыс жүргізуге міндетті. Ол ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, ал егер ол қатардан шығып қалған жағдайда бөлімшеге басшылық жасауды өз мойнына алуға, командирдің рұқсатынсыз ұрыстағы орнын тастап кетпеуге, радтоактивті немесе улағыш заттар мен өртегіш қарумен зақымданғанда немесе жаралғанда өзіндік көмектің қажетті шараларын жасап, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыруға міндеті. Егер медициналық пункте бару туралы бұйрық берілсе, жауынгер өзімен бірге жеке қаруын алып жүруі тиі, ал медициналық пунктке бару мүмкін болмаған жағдайда, қарумен тасаға дейін еңбектеп барып, санитарларды күтуі тиіс. ЖҰМ (БТР) бұзылған сәтте ол жөндеу жұмысына дереу кірісуі қажет.
Бұл міндетті табысты орындау үшін жауынгер табанды түрде оқып, табанды түрде жаттығып, жоғары моральдық-жауынгрелік қасиеттерді меңгеруі және өзінің дене дайындығы мен шыдамдылығын, төзімділігін көтеруі тиіс.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Жауынгер өз міндеттерін табысты орындауы үшін не істеуі қажет?
-
Жауынгердің қарсыласты байқаған сәтте не істеуі қажет?
Бұл сабақ негізінен жаз және көктем кездерінде далада, тактикалық дайындық алаңында өткізіледі. Бұл сабақта студенттерге ұрыс кезінде жауынгердің қандай іс-әрекетер жүргізетінін іс-жүзінде үйретеді. Ол үшін төмендегі суреттер ұсынылады:
Бауды қолданбай, жүріп келе
жатып атысты жүргізу.
Дүмді бүйірге қысып, жүріп келе жатып атысты жүргізу:
а – бауды қолданбай; ә – бауды қолдана
Шинельді қолданып, сымды бөгеттерден өту.
Автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана қазудың реті.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
-
Мотострелковая (танковая) рота в бою, А.С. Носков, 1988 г.
-
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№2 тақырып: Бақылаушы сарбаз.
Дәріс мақсаты: Бақылаушы жауынгердің бақылау жүргізу барысында атқаратын қызметі және мінеттері туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Бақылаушы жауынгердің атқартын қызметі және міндеттері.
-
Оқпана – бақылаушының негізгі тасалайтын орны.
-
Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Мүндеттерді белгілеу кезінде бақылаушыға бағдармен жергілікті заттардың шартты атаулары; қарсылас орналасқан немесе оның пайда болуы мүмкін жері, оның не істейтіндігі, өз әскері мен көршілердің алыңғы бөлімшелері орналасқан жері; бақылау орны және оны қалай жабдқтау керектігін; бақылау секторы, қай уақытта нені білу немесе анықтауы, не нәрсеге назар аударуы, бақылау нәтижелерін қалай баяндау керектігі түсіндіріледі.
Бөлімше командиріне тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердің сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне, баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты белгімен түсіндіреді де, бақылау журналына жазады.
Бақылаушы, әдетте, бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жер картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, компос және сағат болцы керек. Бақылаушы үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналсауы керек.
-
Бақылаушының негізгі тасалайтын орны - оқпана. Ядролық қарудан қорғану үшін, сондай-ақ артиллерия мен авиация шабуылынан қорғану үшін оқпана жабу тиімді, ал оның тік жерлерін тақтамен жауып, қазық және таяныш бекіту керек. Бұдан басқа оқпанада қару, оқ-дәрі және ядролық қарудың зақымдаушы факторларын бақылау аспаптарын жасыратын сөре жасауға болады. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Бақылау және жүйелі түрде жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары, әдетте, бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Бақылау ауысымы кімнің бұйрығымен жүзеге асырылады?
-
Жатып атуға арналған оқпананың өлшемі қандай?
-
Бақылаушының баяндауы қандай болуы тиіс?
Бұл сабақ негізінен далада, тактикалық дайындық алаңында өткізіледі. Бұл сабақ барсында студенттерге бақылаушы сарбаздың ұрыста атқаратын міндеттерін, олардың қалай іс-жүзінде жүргізілетінін үйретеді. Ол үшін төмендегі суреттер ұсынылады:
Бақылау секторындағы жергілікті жерді қарау реті.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
-
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
-
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№ 3 тақырып: Шабуылдағы сарбаз:
Дәріс мақсаты: Шабуыл туралы қысқаша сиапттама беріп және шабуыл барысында шабуылдағы жауынгердің негізгі іс-әрекеттері және міндеттері жайлы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Шабуыл негіздері және ұрыс алаңында шабуылдағы сарбаздың іс-әрекеті.
-
Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді.Жауынгер іс- әрекетінің,қимылының табысты оның шабуылға дайындығына байланысты.
Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ- дәрінің болуы ( қажет болса құралдар мен толықтырады): жеке қорғаныс құралдары мен жабдықтарының болуын және олардың жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді. Қараңғы уақытта атыста дәлдеу үшін оқжатарлар трассаланған оқтары бар патрондармен қосалқы түрде жабдықталады. Жабдықтау қимылды өзгертпей және шу шығармай жасалуы тиіс.
Егер шабуыл оқпана немесе ордан, қарсыласпен тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу үшін өзіне бейімдеулер дайындап алады. Бұл үшін оқпананың алдыңғы тіктігінде қазан шұңқыр немесе сатылар жасалады.
Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді, “Шабуылға дайындал!” пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып “П” не “З” көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.”Шабуылға,алға!” пәрмені бойынша жауынгер оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітелген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін жауынгер өз қозғалысын қарсылысқа оқ атумен үйлестіреді.
Қарсылас жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде ұрыс алаңында зақымданған жер учаскелері пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге, шегінуші қарсылас шабуылдаушыларды ұстап тұру үшін, олардың жолдарына улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерін әдейі жасап қоюы мүмкін. Сондықтан шабуылдай отырып, дер кезінде осындай жер учаскелерін байқап, ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымдалған учаскелері командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.
Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса бұл туралы дереу командирге баяндау керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер олар орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.
Ядролы жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама- қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу керек. Осы әдіспен соққылы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол біліктерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айырып қалмау үшін бетті мүмкідігінше тығыз жабуы керек. Соққылы толқын өткеннен кейін, дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Шабуыл алдында сарбаз нені білу керек?
-
Ядролық жарылыс байқаған сәттегі сарбаздың іс-әрекеті қандай?
Бұл сабақ негізінен ауа-райы жағдайларына байланысты жаз, көктем айларында тактикалық дайындық алаңында өткізіледі. Бұл сабақ барсында студенттерге шабуылдаушы сарбаздың ұрыста атқаратын міндеттерін, олардың қалай іс-жүзінде жүргізілетінін үйретеді. Ол үшін төмендегі суреттер ұсынылады:
Ядролық жарық ұшқыны байқалған кездегі ашық жердегі іс-әрекет.
Әуе нысаналарын атуүшін орналасу: а – жатып; ә – тізерлеп; б - тұрып
Бөгеттерден өткеннен кейін бөлімшенің шабуылға шығуы.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.
-
«Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.
-
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
-
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
-
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
№4 тақырып: Қорғаныстағы сарбаз.
Дәріс мақсаты: Қорғаныс жайлы, және де қорғаныстағы сарбаздың іс-әрекеті, міндеті жайлы студенттерге қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Қорғаныстағы жауынгердің ұрыстық мүмкіндіктері және міндеттері.
-
Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайд. Оның негізгі міндеті – өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай-ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекіген бекіністі ұстап тұруы. Жауынгер қорғаныстағы өзінің орнын тек командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және оның қандай қимылға бет бұратынын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше ол командир пәрменімен атыс бастаы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.
Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы керек. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік келтірсе, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы тереңдетеді. Тізеден ату үшін оқпананы 60 см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110 см-ге дейін тереңдету керек.
Тәуліктің күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі көру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды. Иүнде автоматтан атыс жүргізу үшін топырақ қалқадан науа алынады, одан автомат берілген бағытта көзделуі тиіс және шектегіш-қазықшалар (ағаш мүйізшелер) – автоматтың дүмі мен құндағына қағылады. Автоматты жоғары қарата тесігі бар тақта, шым қыртыс арқылы бекітуге болады.
Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20 м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтті таңдап, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтырады. Егер танкіге оқ тимей, оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне қарсы гранат лақтырады. Танкіні зақымдаған кейін жауынгер өз қаруын атып, танк соңынан жақындап келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машина тастап кетуі кезінде автоматтан атыс арқылы жою қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:
-
Қорағыснтағы жауынгер ненің құрамында қимыл жасайды?
-
Егер оқпанаға танктер жақындаса жауынгердің іс-әрекеті қандай?
Бұл сабақ негізінен жаз, көктем айларында тактикалық дайындық алаңында өткізіледі. Бұл сабақ барсында студенттерге қорғаныстағы сарбаздың ұрыста атқаратын міндеттерін, олардың қалай іс-жүзінде жүргізілетінін үйретеді. Ол үшін төмендегі суреттер ұсынылады:
Атқыштың жеке оқпанасы: а – тізерлей ату үшін; ә – тұрып ату үшін (өлшемдері сантиметрмен берілген)
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
«Алғашқы әскери дайындық» 10-11 сынып. Алматы, Мектеп,2004 жыл.
-
Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.
-
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.
№5 тақырып: Бағдарлаудағы сарбаз.
Дәріс мақсаты: Бағдарлау жайлы студенттерге қысқаша сипаттама бере отырып оның ұрыс жүргізу барысында алатын орны туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Бағдарлаудағы сарбаз және оның негізгі міндеттері және атқаратын қызметі.
-
Барлаудың негізгі түрлері.
-
Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын қамтамасыз етудің түрі болып табылады, ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу, жинау, зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады. Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.
Барлау міндеттері:
-
қарсыластың жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау (бұл кез келген жағдайдағы барлаушылардың бірінші міндетті);
-
берілген секторлар мен бақылау жолақтарында, барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын, қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;
-
қарсыласты ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын, түйіспелерін, аралықтарын және оның әлсіз қорғалған учаскілерін анықтау;
-
қарсыласты табу, оның орналасу аудандарын, күштерін, құралын, топтастығын, қимыл сипатын, ниетін, ұрыс қабілетін, бөлімдер мен бөлімшелерінің нөмірленуін анықтау;
-
басқару пунктерінің, байланыс топтарының, радиотехникалық құралдарының, алыс құралдарының, танк (ЖҰМ, БТР, БРДМ), артиллерия, миномет, танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты жағдайын белгілеу;
-
қорғаныс құрлыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;
-
жергілікті жер, рельефті қорғаныштың қасиеті мен сипатын, табиғи бөгеттерді, жол, көпір, су тосқауылдарының жай-күйін, алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу;
-
қарсыластың ұрыстық сапаларын зерттеу және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатында олардың қару-жарағының жаңа үлгілерін ұстап алу.
Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін командир әрқашан өзінің жауынгерлік міндеттерін де, аға командирдің жауынгерлік міндеттерінде орындайды.
-
Достарыңызбен бөлісу: |