Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тактикалық дайындық»



бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі3.19 Mb.
#129795
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстық ғылымдар факультеті

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы




Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Тактикалық дайындық»

050104 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша

ІІ-ші курс студенттеріне арналған

Семей 2013 ж


Құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.м. Акжигитов Болат Асқарұлы _________________
Кафедра отырысында бекітілген: хаттама №___ «__»__________жыл

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы меңгерушісі м.а. Прохоров Б.Н.

Жаратылыс ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып бекітілді

Хаттма №___ «__»__________жыл


Жаратылыс ғылымдар

Факультетінің ОӘК төрайымы Абдишева З.В.


Жаратылыстану ғылымдар факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген
Хаттама №__ «__»__________________жыл
Жаратылыс ғылымдар

факультетінің деканы, х.ғ.к. Ибраева Л.С.



Мазмұны


  1. Пәнге арналған глоссарий.

  2. Дәрістер бойынша қысқаша конспект.

  3. Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

  4. Студенттің оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарға арнаған әдістемелік нұсқаулар.

  5. Студенттің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар.

  6. Бақылау алу құралдары.


Пәнге арналған глоссарий


  1. Тактика – ұрысты жүргізу туралы ғылым. Ол Қарулы Күштердің, әскер түрлерінің барлық бөлімшелері мен бөлімдерінің соғысты дайындауы, ұйымдастыруы және жүргізуінің теориясы мен практикасын қамтиды.

  2. Ұрыс – соғысушы екі дақтың бөлімі мен бөлімшелерінің (ұшақтарының, кемелерінің), әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы.

  3. Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыласты жеңуде негізгі мәнге ие. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты толық талқандауға болады.

  4. Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі (позицияны) ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі.

  5. Бетпе-бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі.

  6. Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдайшептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара әсерлесу арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады.

  7. Айналып өту – қарсыластың қапталы мен тылына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелмен тактикалық өзара әсерлесу арқылы қимылда жүргізіледі.

  8. Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын қамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады, ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтер табу, жинау зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады.

  9. Шеру – қазіргі жағдайда негізгі қозғалыс тәсілі және әскердің маневрі жоғары ұрыстық әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

  10. Кенеттілік – қарсылас үшін күтпеген қимылдар, ол қарсыласты аңдаусыз қалдырып, дүрбелең тудырады және оны ұйымдасқан түрде қарсылық көрсету қабілетінен айырады.

  11. ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған.

  12. Оқпана – қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, сонымен бірге қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгердің орлануы.

  13. Маневр – барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.

  14. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан бөлімшенің бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі учаскесіндегі нысаналар тобын ату.

  15. Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автомматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

  16. Айқастыра ату – бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

  17. Жаппай ату- нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде барынша тиімді.

Дәрістер бойынша қысқаша конспект.
1 тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері.
Дәріс мақсаты: Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс негіздеріне сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздеріне қысқаша сипаттама.

  2. Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері.



  1. Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бір бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгерісіне қарай өзгеріп отырады. Армияның бүкіл ұйымдастырылуы және олардың ұрыс жүргізу тәсілдерін қолдануы, сонымен бірге жеңістер мен жеңілісер материалдық, яғни экономикалық жағдайларға, адамдар мен қаруға байланысты.

Әскери өнердің дамуына қарай қару мен тактика арасындағы қатынаса және өзара байланысының қару-жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан-жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика-техникалық талаптар да өседі. Әскери іс дамуының қазіргі кезеңі қаруланған ұрыс пен оны жүргізу тәсілдерінің арасындағы өзара байланысының күшейтілуімен сипатталады.

Жаңа қарудың пайда болуымен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны мен әдістері түбегейлі өзгереді. Бұрынғыдай емес, олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың, сондай-ақ өзар байланысты, ұрысты, техникалық және тылдық қамтамасыз етуді және т.б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді, стандартқа сай емес, жаңа әдістерін іздестіруде шығармашылық бастама көтеруі талап етіледі.

Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшелктері мен заңдылқтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.

Қазіргі қару түрлерінің мүмкіндіктеріне, соғыс сипаты мен қарсыластың өзгерген әскери-стратегиялық тұжырымдамасына сәйкес, ұрысқа дайындалу мен оны жүргізудің тәсілдері жетілдірілуде.



  1. Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалылық (маневрлілік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық-психологиялық және дене күш салуының жоғары болуы.



Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Қазірі заманғы ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  2. Ұрыс нәтижесінде адамдар, қару мен әскери әрекеттердің материалдық негіздері сияқты қандай басымды факторлар әсер етеді.


Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10-11 сынып. Алматы, Мектеп,2004 жыл.

  2. Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.

  3. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.

2 тақырып: Тактика және тактикалық дайындық міндеттері.


Дәріс мақсаты: Студенттерге тактикажайлы анықтама беріп онң ұрыс жүргізу барысында алатын орны туралы қысқаша сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Тактика – ұрыс туралы ілім.

  2. ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы.



  1. Тактика – ұрысты жүргізу туралы ғылым. Ол Қарулы Күштердің, әскер түрлерінің барлық бөлімшелері мен бөлімдерінің соғысты дайындауы, ұйымдастыруы және жүргізуінің теориясы мен практикасын қамтиды. Тактика бөлімше мен бөлім жауынгерлерінен жоғарғы ұрыстық дағдыны. Жеке қаруды, сондай-ақ бөлімдер мен бөлімшелердің қару-жарағы мен әскери техникасын толық ұрыстық қолдану мүмкіндіктерін, маневрлі ұрыс жүргізуін талап етеді.

Тактика дұрыстығының өлшемі – ұрыста жеңіске жету болып саналады. Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі және аяқталады. Қарулы Күштердегі тактикалық дайындық әскери дайындықың барлық пәндерін біріктіретін, жауынгерлерді оқытудың маңызды пәні болып есептеледі.

Тактиканы терең білу, ұрыста әрекет ете білу мен өз қаруы мен техникасын дұрыс қолдана білу – жауынгерлердің күшті қарсыластарды да жеңуіне мүмкіндік береді.



  1. Барлық мемлекеттердегі тұрақты әскерлердің аздығын есепке ала отырып, соғыс уақытыныа қосындар шаруалар қауымынан құрылады. Мемлкетті нығайту мақсатында тұрақты әскердің саны өсті, ал қосынның рөлі түсе бастады. Армия жиі және ұзақ соғыстардың ықпал етуінен кәсіби ипатқа ие болды. Армияны кәсіби-жауынгерлермен толықтыру жүйесі ежелгі Грецияда б.з.д. ІХ ғ., Римде – б.з.д. ІІ ғ. біртіндеп милициялық жүйені ығыстырып құрылды.

XIV ғ-да Еуропа елдерінде, оның қатарында Русьте оқатар қарулар – зеңбіректер, мылтықтар пайда бола бастады. XV ғ. соңында XVI ғ-дың басында лафетке орнатылған зеңбіректер 500 м қашықтыққа шейін ата алатын қысқа ұңғылы ауыр мылтықтар білтелі мылтықтарды ығыстырып шығарады.

Жалдамалы армия орнын жалпы әскери міндеттілік негізіндегі жаппай армия басты. Бұл кезеңдегі қарулы күштер құрылысы тұрақты армия мен флотқа көшумен сипатталады. Ең алғаш мұндай армия XVII ғ-дың аяғында, буржуазиялық революция барысында Францияда, сосын Пруссия, Австрия және басқа да елдерде құрылады. Жаппай армияның құрылуы халық санының өсуіне ықпал етті. Егер біздің эрамыздың басында бүкіл жер шарында 150-200 млн адам тұрған болса, 1800 жылы халық саны 950 млн, ал 1860 жылы ол 1 млрд 300 млн адамға жетті.

XVIII ғ-дың соңында тегіс ұңғылы 250-300 м қашықтықта ататын мылтық пайда болды. XVIII ғ-дың басында бұл мылтық білтелі мылтықты ығыстырып шығарды. XVIII ғ. қарулануға иілген дүмді мылтықтардың түсе бастауы – көздеп оқ атуға мүмкіндік жасады, XVIII ғ-дың екінші жартысында жеңілдетілген лафеттер мен дала артиллериясы ойлап шығарылды. Аталған қарулардың баллистикалық жақсы жақтарының арқасында артиллерия өз әскерінің басынан асыра оқ ата алу мүмкіндігін алды.

XIX ғ-дың ортасында тегіс ұңғылы қару-жарақтың орнын ойықты қару басты. Бұл зеңбіректер мен мылтықтардың ұрыс мүмкіндіктерін арттырады. Артиллерияда ядро орнына снарядтар қолдана бастауы ату қашықтығын ұлғайтты.

ХІХ-ХХ ғғ. Аралығында әскери істе маңызды өзгерістер болды. Армияның саны шұғыл өсті – соғыс кезінде халық санының 10-20% -ы (ХІХ ғасырмен салыстырғанда 3-5 есе көп) жұмылдырылды. Тарихта тұңғыш рет көп миллиондық армия пайда болды. Майдан мен тыл арасында өзара байланыс орнады.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Тактика пәні нені зерделейтінін айтып беріңдер.

  2. XIV ғ. дейін қандай қару түрлері болды?



Ұсынылған әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.

  2. «Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.

  3. Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.

3 тақырып: Қазіргі жалпы әскери ұрыстың мәні. Қазіргі ұрыстың күштері және құралдары.


Дәріс мақсаты: Студенттерге жалпы әскери ұрыстың мәні, қазіргі ұрыстың күштері және құралдары туралы қысқаша сипаттама беру.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Ұрыс туралы қысқаша сипаттама.

  2. Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі құралдары.




  1. Ұрыс – соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бөлімшелері (ұшақ, кеме) мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

  2. Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, ұтқыр әскерлер, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теіңз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери-теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыс ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қоладынп жүргізілуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

Қарулануға ядролық қару-жарақ пен ракетаны енгізу, құрлық әскерлерін артиллерияның, танкілердің және басқа да сауытталған ұрыс машиналарының көп мөлшерімен, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың қазіргі заманғы құралдарымен және әр түрлі электронды тезникамен жарақтау қазіргі заманғы ұрыс сипатын өзгертті.




Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Ұрыс деп нені айтады?

  2. Қазіргі жалпы әскери ұрыста зақым келтірудің қандай түрлері қолданылады?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.

  2. «Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.

  3. Мотострелковая (танковая) рота в бою, А.С. Носков, 1988 г.

  4. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.

4 тақырып: Жалпы әскери ұрыстың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.



Дәріс мақсаты: Студентттерге жалпы әскери ұрыстық түрлері туралы сипаттама беру.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Жалпы әскери ұрыс түрлері:

А) Шабуыл.

Ә) Қорғаныс.

Б) Бетпе-бет ұрыс.


  1. Ұрыс – соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бөлімшелері (ұшақ, кеме) мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай тактикада ұрыстың мынадай түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе-бет ұрыс.

Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыластың толық талқандалуын қамтамасыз ете алады. Шабуылдың мәні – қарсыласты қолда бар құралдардың көмегімен талқандауды барынша қолдану арқылы және алынған нәтижені тиімді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан жерге сұғына ену, адамдарды, қару-жарақты, ұрыстық техниканы қолға түсіру және қарсылас аумағын басып алу. Қарсыласқан жауға маңызды ауданды (шепті, нысанды) шабуылдап алуға қажетті жағдайда ұтымды амалдар – соққының барлық құралдарын білікті қолдану, ядролық соққылардың, әуе соққылары мен артиллериялық атқылаудансоң пайдлану, бөлімшелердің батыл қимылдары, шабуылды тереңдей ілгерілетіп жедел дамыту.

Қорғаныс – бұл қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып, оның шабуылын тойтару, маңызды аудандарды (шепті, нысандарды) бермей ұстап тұру, сол арқылы әскерлердің қарсы шабуылға шығуына жағдай жасаау мақсатында жүргізілетін ұрыстың бір түрі. Қорғаныс, ең алдымен, қарсыласқа атыс құралдарын барынша қолданып соққы берумен немесе сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қайтару жағдайдың бастапқы қалпын сақтап қалумен сипатталады.

Бөлімшелердің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түйіскен жағдайда немесе онымен түйіспей тұрған уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.



Бетпе-бет ұрыс – шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып саналады. Ол екі тараптың да алдына қойған міндетін шабуылмен орындауға ұмтылғанда пайда болады.

Бетпе-бет ұрыс – шеру жасайтын әскерлерге тән. Сондай-ақ ол ұрыс барысында: шабуылда – шабуылдаушы қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде пайда болуы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезінде әскерлердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы бар атыс құралдарымен ол қанат жайып үлгергенше шептік қашықтыққа шабуыл жасау; оның ұрыстық ретке жазылуы және тиімді шептерді басып алуының алдын алу; тыл және қапталдан соққы беру; қарсыласты бөлшектеп талқандау.



Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Шабуыл қандай мақсаттармен жүргізіледі?

  2. Қорғанысқа сипаттама беріңдер.

  3. Ұрыстың қандай түрі бетпе-бет ұрыс деп аталады? Оны басқа ұрыс түрлерінен айырмашылығы неде?


Ұсынылған әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.

  2. «Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.

  3. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.

  4. Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.

5 тақырып: Басқарудың мәні және оған қойылатын талаптар.



Дәріс мақсаты: Студенттерге басқару жайлы және оған қойылатын алаптар жайлы анықтама беру.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Бөлімшенібасқарудың мәнісі және оған қойылатын талаптар.



  1. Бөлімшені басқарудың мәнісі бқлімше командирінің бөлімшенің ұрысқа дайындығын сай ұстау жөніндег нысаналы жұмыс жүргізуге, оның ұрысқа дайындауына және жүктелген міндеттерді орындау кезінде оны басқаруына саяды. Басқарудың негізгі командирдің шешімі болып табылады.

Бөлімше командирі бөлімшенің жауынгерлік дайындығы үшін, қару-жарақ пен техниканың ұрысқа әзірленуі, жауынгерлік міндеттің белгіленген мерзімде ойдағыдай орындалуы үшін, сондай-ақ жеке құрамның тәрбиесі, әскери тәртібі мен саяси-моральдық жағдайы үшін толық жауап береді. Ол өзін бағынышты сарбаздардың қайда және қандай міндеті орындап жатқанын, мұқтажын және саяси-моральдық жағдайын әр кезде білуге тиіс.

Ұрыста бөлімше командирі ұрыс алаңын бақылауға, қарсыласты барлау жүргізуге, бағыныштыларына дер кезінде міндет қоюғ, атыс құралдарының бәрін, сондай-ақ қарсыласқа атыспен берілген соққының нәтижелерін білікті пайдалануға міндетті.

Ұрысты бөлімше командирі әдете ұрыс орында ұйымдастырады, ал ондай мүмкіндік боламағанда сызба бойынша, жергілікті жер нобайында бастапқы ауданда ұйымдастырады. Соңғы жағдайда шабуылға көшу шебінде келген кезде ұрыстық міндеттер нақтыланады.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Басқарудың мәнісі неде және ол не үшін арналған?

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10 сынып. Алматы, Мектеп, 2004 жыл.

  2. «Алғашқы әскери дайындық» 11 сынып. Алматы, Мектеп, 2003 жыл.

  3. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.

  4. Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.

  5. Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.

6 тақырып: Бөлімді басқару бойынша бөлім командирінің міндеттері, ұрысты ұйымдастыру бойынша бөлім командирі жұмысының реттілігі және мазмұны.


Дәріс мақсаты: Ұрысты ұйымдастыру бойынша бөлім командирі жұмысының реттілігі және мазмұны жайлы қысқаша сипаттама.
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Атысты басқару – бөлім командирінің аса маңызды міндеті.

  2. Нысананы көрсету.




  1. Атысты басқару бөлімше командирінің аса маңызды міндеті болп табылады. Оған мыналар жатады: жер үстіндегі және әуедегі нысаналарпды барлау, оның маңыздылығын бағамдап, қай кезекте құртылуға тиіс екенін анықтау; қару-жарақ пен оқ-дәрі түрін, атыс (ату) жүргізу түрі мен әдісін таңдау, нұсқаудың мақсаты, атыс бастауға пәрмен беру не атыстық міндеттерді қою; атыс нәтижелерін бақылау және оны дәлелдеп туралау; оқ-дәрінің жұмсалуын бақылау.

Атысты және бөлімшелерді басқару үшін аға командтир біріңғай бағдарларды басқару, бірлсесе қимылдау, хабарлау, шақырып алу, атысты өзгерту не тоқтату сигналдарын белгілейді. Оларды ауыстыруға тыйым салынады.

Бағдарлар ретінде жақсы көрінетін жергілікті заттар таңдалады. Түнде көздеуді пайдалану үшін бағдарлар ретінде көздеудің жету қашықтығы шегінде шағылыстыру қасиеті бар жергілікті заттар таңдалады. Бағдарлар оңнан солға қарай және шептер бойынша өзінен қарсылас жаққа қарай нөмірленеді. Олардың біреуі негізгі деп белгіленеді.



  1. Нысананы көрсету бағдарлардан (жергілікті заттардан) және қозғалыс (шабуыл) бағытынан жарқырауық оқтармен және снарядтармен, снарядтардың жарылысымен және сигналдық құралдармен, сондай-ақ аспаптар мен қаруды нысанаға көздеумен жүзеге асырылады.

Ұрыста бөлімше командирі бағыныштыларды пәрмендермен, дауыстап айтумен, сигнал құралдарымен, жеке үлгісімен басқарады. Жаяу ретпен шабуылдау кезінде бөлімше командирі тікелей бөлімшенің ұрыстық ретінде болады. Ұрыстық машинаның (бронтранспортердің) ішінде бөлімше командирі бағыныштылардың қимылдарын сөйлесетін қондырығымен не дауыстап берілетін пәрмендермен және белгіленген сигналдармен береді.

Жағдайды аға командирге және көршілер мен қарауындағыларға хабарлау бөлімше командирінің ұрыстағы аса маңызды міндеті болып табылады.




Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Атысты басқаруға нелер жатады?

  2. Нысананы көрсету қандай құралдармен жүзеге асады?



Ұсынылған әдебиеттер:


  1. «Алғашқы әскери дайындық» 10-11 сынып. Алматы, Мектеп,2004 жыл.

  2. Тактика, В.Г. Резниченко, 1984 г.

  3. Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга, 1, Х.М. Амбарян, 1985 г.

7 тақырып: Бөлімше командирінің міндеттері, бөлімше командирінің жұмысы.


Дәріс мақсаты: Бөлімше командирінің жұмысы жайлы және міндеттері туралы студенттерге анықтама беру.

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Бөлімше командирінің міндеттері және жұмысы.



  1. Бөлімше командирінің әскери бұйрығында мыналар көрсетіледі: бағдарлар; қарсыластың құрамы, жағдайы және іс-қимыл сипаты, оның атыс құралдарның орналасқан жерлері, взвод пен бөлімшенің міндеті, көршілердің міндеті, жеке құрамның: оператор көздеушінің (қару көздеушісінің, бронетранспортердің пулеметі көздеушісінің), пулеметшілердің, гранататқышының, механик жүргізушінің, ал қажет болған жағдайда қалған жеке құрамның міндеттері; хабарлау, басқару сигналдары және олар бойынша іс-қимыл жасау реті; міндетті орындауға дайын болу, орынбасары.

Жеке құрамға міндеттер жүктеген кезде бөлімше командирі әрбір адамының ұрыстық реттегі (позициядағы) орнын көрсетіп, бақылау және атыс жүргізу ретін белгілеу керек. Әскери бұйрықты бергеннен кейін бөлімше командиріьбөлімшені міндеттерді орындауға даярлауды ұйымдастырады: ракеталарды, оқ-дәріні толықтыру, жаяу әскердің ұрыс машинасына (бронетранспортерлерге) техникалық күтім жасау, инженерлік қамтамасыз ету жөнінде белгіленген жұмыстарды орындау ұйымдастырылады, одан соң жеке құрамның міндеттерді білуін, олардың ұрыс үшін қажетінің бәрімен қамтамасыз етілуін тексереді де, взвод командиріне бөлімшенің ұрысқа дайын екенін баяндайды.

Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Бөлімше командирі не үшін жауап береді?

  2. Ұрыста бөлімше командирі неге міндетті?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет