Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы



бет2/6
Дата22.02.2022
өлшемі187.5 Kb.
#455651
1   2   3   4   5   6
П нні О У- дістемелік кешені « т ару ж мыстарыны тактикасы ж

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

«Құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушының жұмыс бағдарламасы 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.




2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл «Құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушының жұмыс бағдарламасы төмендегі құжаттар талаптарына сай осы пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді:


- 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогі.

  • СТУ 042-ГУ-4-2013 Университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және ресімдеудің жалпы талаптары»

  • ДП 042-042-1.01-2013 Құжат «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны»

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің жалпы мазмұны:


«Құтқару жұмыстарының тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық-құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады. ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету.
ТЖ құтқару жұмыстарының және төтенше жағдай салдарын жоюды сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады.
Құтқарушыларды кәсіптік дайындау бойынша материалдар, төтенше жағдайда іздеу – құтқару жұмыстарын енгізу және ұйымдастыру, зардап шеккендерге көмек көрсету және іздеу – құтқару жұмыстары кезінде қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:


«Құтқару жұмыстары тактикасы және төтенше жағдай салдарын жою» пәні жедел – құтқару отрядының кәсіби құтқарушылар жеке құрамын дайындауда, АҚ әскери бөлімдерінде және ҚР ТЖМ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде, АҚ аумақтық және нысандық құрамаларында, ТЖ және АҚ құрама қызметтерін дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет