Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар


Химиялық зақымдану ошағына сипаттама



бет9/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124574
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама

Химиялық зақымдану ошағының мөлшері химиялық қауіпті заттың төгілу көлеміне, төгілу сипатына (еркін, түбіне немесе үйілу), метеожағдайға, заттардың уландырғышына және адамдардың қорғану дәрежесіне байланысты.



Химиялық зақымдану аймағы химиялық зақымдану ошағын құрайтын бөлім болып табылады. Ол зақымданған ауа бұлтының алғашқы және қайталама таралу масштабымен сипатталады. Химиялық зақымдануы мүмкін аймақты және іс жүзіндегі химиялық зақымдану аймағын ажыратады.

Алғашқы бұлттар тек қысыммен ҚӘУЗ құрайтын газгольдерлер және сиымдылықтар қираған (зақымданған) кезде ғана пайда болады. Ол аз уақыттағы әрекеті кезінде өлтіретін дозаның бірнеше ретімен артатын жоғары концентрациялармен сипатталады. Улы заттардан құралған бұлт ауаның тығыздығын арттыратын тығыздықпен жарым – жартылай алқаптарды, ойпаттарды, тұрғын үй ғимараттарын және т.б. жайлайды.

Қайталама бұлтының зақымдау әрекетінің алғашқымен салыстырғандағы ерекшелігі ондағы ҚӘУЗ бұлтының концентрациясы бір – екі ретке төмен. Қайталама бұлт әрекетінің жалғасуы булану көзінің уақытымен және жел бағытының тұрақты сақталу уақытымен анықталады. Өз кезе­гінде заттың булану жылдамдығы оның физикалық қасиетіне (молекулалы масса, булану температурасы кезіндегі қаныққан бу қысымы) төгілу алаңына және желдің жылдамдығына байланысты.

Химиялық зақымдану ошағы ХҚО химиялық аварияның нәтижесінде қалай пайда болса, өрт кезінде де солай пайда болады. Мұндай жағдайда термиялық ыдыраулары улы газдар бөлетін, күрделі химиялық қосылыстар (хлор, аммиак, азот окистерін, күкіртті ангидридтер және т.б.) пайда болатын ірі қоймаларда болған өрт аса үлкен қауіп тудырады.

Атмосфераға улы газдардың бөлінуі синтетикалық әрлеуіш материалдардың жануы кезінде де болады, мұны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ескерген жөн. Қолда бар ҚӘУЗ және олардың концентрациясы әртүрлі қорғаныс құралдарын және құтқарушыны жабдықтау қажеттілігін анықтайды.



Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет

Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:



  • қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;

  • қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;

  • көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;

  • қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;

  • ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;

  • зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;

  • жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.

ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамта­масыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.

Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қатты әсер ететін химиялық заттар

  2. Химиялық зақымдану ошағына сипаттама

  3. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет



Дәріс №7. Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай

Билогоиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Жалпы сұрақтар

  1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.

  2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

  3. Эпизоотия, Эпифитотия.

  4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.


Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия. Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.

Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.

Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.

Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды – адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.

Патогенді микроағзаға – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.

Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:

Бактерия – бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады;

Риккетсиялар – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.

Вирустар – қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.

Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.



Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.

Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.

Биологиялық қауіп – адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы – гигиеналық және санитарлы – эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру – техникалық талаптардың орындалуы, сондай – ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы – эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.

Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.

Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.

Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.

Эпидемия. Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру – сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.

Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.

Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:


  • су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;

  • ауа тамшылы (тұмау кезінде);

  • трансмиссивті – безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;

Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін.

Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және меди­циналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай­да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.

Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б

Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.

Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.



Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі

Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады. Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын алу шаралары обсерва­ция кезінде мыналарды қарастырады:

  • сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;

  • оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;

  • зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;

  • денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;

  • күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық өндеу жасау.

Обсервация жасау кезінде өткізілетін карантинді белгілеу кезінде шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:

  • халықтың басқа топтарынан оқшаулау мақсатында халықтың карантинге алынған топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;

  • карантин ауданын азық – түлік тамақтарының белгіленген режимімен, сумен жабдықтау көздерін күшейтуді қамтамасыз ету үшін арнайы коменданттық қызмет құру керек;

  • апат болған ауданда жұмыстарын жалғастырып жүрген, шаруашылықпен айналысудың барлық қажетті объектілерін, карантин аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу және жеткізіп беру пункттері арқы­лы жабдықтау


Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі

Қоздырғыш

Орташа

инкубацнялық

кезең (тәулік)

Аурудың айналасындарға қауіпті

Обсервация

мерзімі

(тәулік)

Карантин мерзімі мен енгізу шарты

оба

1-3

өте қауіпті

-

6 тәулік

тырысқақ

1-3

өте кауіпті

-

6 тәулік

сібір жарасы

1-3

аз қауіпті

8

жаппай ауруға шалдыққанда және карым-қатынастық таралу кезінде 8 тәулікке белгіленуі мүмкін

бөртпе сүзек

10-14

педикулез болған жағдайда қауіпті

23

жаппай ауруға шалдыққанда және педикулез болған жағдайда 23 тәулікке белгіленуі мүмкін

табиғи шешек

13-14

өте қауіпті

-

17 тәулік

Әдетте карантин және обсервация мерзімін аурудың максималды инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді. Оны соңғы ауруды госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды.



Эпидемияның алдын алу үшін аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық – түлікті дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және олардың сау адамдармен қарым – қатынасын шектеу қажет.
Эпизоотия, Эпифитотия. Эпизоотия. Эпизоотия - белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу денгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы.

Панзоотия – бірнеше ел және материкті, бүтін бір аймақты қамтитын үлкен территорияда ауылшаруашылық малдарының арасында инфекциялық аурудың бір мезгілде жаппай таралуы.

Энзоотия - белгілі бір аймақтағы, шаруашылықта немесе пунктте малдарының арасындағы инфекциялық аурудың бір мезгілде таралуы, аталған аурудың жаппай таралуын шектейтін табиғи және шаруашылық-экономикалық жағдай.

Эпизоотиялық ошақ - ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарының шыққан орны. Қоздырғыштардың берілуін болдырмау үшін аталған инфекцияларға шалдыққыш малдарды оқшаулайды.

Эпизоотиялық жагдай – белгілі бір уақыт аралығында, нақты бір аймақта ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының көп таралу жағдайы.

Эпизоотиялыққа қарсы іс-шаралар - патогеңді микроағзалармен зақымданған ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының алдын алуға, табуға және жоюға бағытталған іс – шаралар жиынтығы.

Эпифитотия. Эпифитотия - ауылшаруашылық дақылдарының жаппай жойылуы және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт пен кеңістікте ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе түсетін инфекциялық аурулары және өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.

Энфитотия – белгілі аймақта көрініс табатын және бірнеше жыл болмашы өзгеріп тұратын өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.

Панфитотия – бірнеше ел немесе құрлық территориясындағы ауылшаруашылық өсімдіктері зиянкестерінің күрт өсуі және өсімдіктерінің жаппай ауруға шалдығуы.

Өсімдіктердің зақымдауы – фитопатогеннің өсімдікке ену кезінен бастап аурудың пайда болуы.

Өсімдік карантині – әбір елдің тиісті органдарымен қойылатын тасып әкелінуден елдің өсімдік қорын корғау және карантиндік нысандардың жайылуының және басқа да аса қауіпті өсімдіктердің зиянды ағзаларының алдын алуға бағытталган мемлекеттік іс – шаралар жиынтығы.

Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызмет – елдегі іс-шараларды ұйымдастыру мен олардың жүзеге асырылуын қадағалау міндеттелген, орталықтандырылған ведомствоаралық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жүйесі.

Өсімдікдік карантинінің пункті – шекаралық көпірлердегі және өзен порттарындағы, әуежайлардағы, теміржол станцияларындағы, тас төселген жолдардағы өсімдік карантинінің пункттері.
Жұқпалы аурулардан сақтандыру. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынынажұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.

Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.

Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.

Ауру ошағында азық түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық – түліктің, дайын тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай – ақ, дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық – гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі.

Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді.

Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады.

Келе біткен иммунитетке шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.

Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту жатады.

Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді.

Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар )асхана, монша, кір жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.

Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.

Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан әкетілгеннен кейін, сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.

Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты зарарсыздандырудың механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.

Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім кешек пен төсек орынды қағу, шағ сорғыш көмегімен, әктеу арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады. Залалсыздандырудың механикалық тәсілі әлде қайда қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол сыпыру, тазалау, қағу, барлық мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа таза ауа кіргізу және желдету, әр түрлі жерлердегі микроорганизмдерді шаңсорғышпен сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер микробтардың санын азайтуға ғана көмектеседі.

Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механика­лық тәсіл үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет