3. Әзірбайжан халқының ХШ-ғасырлардағы мәдениеті
Закавказье халықтарының феодалдар және шетел қанауына қарсы күрес дәуірінде жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінде әлеуметтік және патриоттық шығармалар көбейді.
XIII—XV ғасырларда Әзірбайжанда мәдени қызмет саласы анағұрлым өсті, өйткені онда Закавказьенің баска елдерімен салыстырғанда экономикалық жағынан белгілі бір дәрежеде ілгері басушылық болды жөне орта ғасыр мәдениеті дамуының басты ошақтары - қалалар шапқыншылықтардан өзгелерге қарағанда аз зардап шеккен еді. Мәдениет саласы бойынша монғол шапқыншылығынан қалған ауыр зардаптар бұған дейін жоғары деңгейде еркендеген сарай іші поэзиясының құлдырауына қатты әсер етті. Алайда Низами дәстүрі бұкара халықтың мұң-арманын бейнелейтін ақындар шығармашылығың онан әрі жігерлендіре түсті. Ақын Фазул-лах Нейми (XIV ғ.) исламға бет бұрған көзқарасты дүниеге әкелді. ХІІI ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басьшда әзірбайжан ақындары парсы тілінде жазуды қойып, өз шығармаларын ана тілінде шығарды. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында азербайжанның аса көрнекті ақыны Шемахиден шыққан Имад – ад – Дин Несими болды. Ол өзінің шығармаларында қанау мен әділетсіздікке қарсы шығып, жер бетіндегі тіршілік атаулының куанышын жырлап, дүниеден тыс жерде тіршілік бар дегенге карсы шықты. Осы себепті де ол айыпқа тартылып, азалтап өлтірілді. XV ғасырдың ал-ғашқы жартысыңда артына аса үлкен поэзиялық мұра, соның Ішінде Шығыста Түркі елдеріне кен таралған "Ләйлі мен Мәжнүн" шығармасын қалдырған әзірбайжанның аса көрнекті акыны Мұхаммед Физулла өмір сүрді. Онын ұлтын сүюге баулитын шығармалары Орта Шығыс халықтарынын әдебиетіне аса зор ықпал етті.
XIV ғасырдың басында Рашид-ад-Дин бастаған бір топ ғалымдар дүние жүзі тарихы бойынша күрделі еңбек — "Шежірелер жинағын" жазды. XIV ғасырда Тебризде ішінде тамаша қолжазбалар жинағы мол кітапханасы, емдеу орны мен обсерваториялы медресесі бар өзіндік "Сауығу үйі" ("Дар-аш-Шифа") салынды. Ғылыми есімі Шығысқа белгілі ғалым Насир-ад-Дин Туси 1259 жылы Марита қаласында салған обсерватория өте кең түрде пайдаланылды.
Әзірбайжан мәдениетінің тарихыңда сол кезде әдебиетпен бірге каллиграфия, сурет өнері мен сәулет өнері салалары бойынша бірқатар бағалы дүниелер жасалды. Әсіресе митниатюра өнері гүлденді. Сәулет ескерткіштерінен ең маныздысы Бакудегі (XV ғ.) ширван-шахтар сарайы болып табылады.
№ 16-17. Тақырыбы: Сібірдегі түркі халықтары.
Жоспары:
1.Сібірді мекендеген халықтардың қалыптасуы мен мемлекеттерінің қалыптасуы мен мемлекеттерінің құрылуы.
2.Көшім тұсындағы Сібір хандығы.
1. XV ғасырдың бас кезінде Алтын Орданың ыдырауы барысында Сібір хандығы құрылды. Оның орталығы алғаш Шыңғы-Тура (Тюмень) болды. Хандық өз шеңберінде Сібірдегі Шыңғыс ұрпақтары бас болып, шағын хандыққа біріккен көптеген түркі тілдес халықтардан құралды. XV ғасырдың аяқ кезіндегі ұзаққа созылған қырқыс – тартыстан кейін өкімет билігін Мамед тартып алды. Ол Тобыл мен Орта Ертіс бойындағы түркі ұлыстарын біріктіріп, басқару орталығын Ертістің жағасындағы «Сібір» немесе «Кашлық» деп аталатын байырғы бекініске орналастырды.
Сібір хандығы үстем тап болып есептелетінін бектер мен мырзалар басқарған ұсақ ұлыстардан тұрды. Көшіп – қону мәселелерін және кәсіпшілікке жаратылатын жерлерді тек солар билеп – төстеді. Олар ең жақсы жайылымдар мен су көздерін өздерінің жеке меншігіне айналдырып алды. Сібір хандығының ресми діні болған ислам шонжарлар арасына кеңінен таратыла бастады. Негізгі еңбекші халық ұлыстардың «қара сирақ» кедейлері еді. Олар мырзаға немесе бекке өз шаруашылығынан түскен табыстан жыл сайын «тарту» тартып, ханға ясак салығын төлеп тұратын, ал ұлыс бегінің отрядында әскери қызмет атқаратын.
Сібір хандығын хан басқарды, оған кеңесшілері мен карачалары (уәзірлері), сондай – ақ ханның өзі ұлыстарға жұмсайтын жасауылдар көмектесті. Ұлыс бектері мен мырзалар ханның бағынышты иеліктері болып саналады. Хан олардың ұлыстарының ішкі істеріне араласпайтын. Сібір хандығының саяси тарихы ішкі өзара қырқыс – тартысқа толы болды. Сібір хандығы жаулап алу саясатын жүргізе отырып, башқұрт тайпаларының бір бөлігі мен угорлардың меншігіндегі, сондай – ақ Ертіс бойы мен Ом өзені бойын мекендейтін түркі тілдес тұрғындардың жерлерін басып алды, XV ғасырдың орта шенінде Сібір хандығы батыста Тура өзенінен, шығыста Барабаға дейінгі Батыс Сібірдің орман аралас кең байтақ даласын алып жатты. 1503 жылы Ибақтың немересі Көшім өзбек және ноғай хандарының көмегімен Сібір хандығының өкімет билігіне ие болды. Көшім тұсында Сібір хандығы жеке ұлыстардан тұрды, ол саяси жағынан бірлігі толық бекіген мемлекет еді.
Жошы ұлысының азиялық бөлігінің әлеуметтік дамуы ерекше жолмен жүрді. Дегенмен, Ақ Орданың өмірі мен Көк Орданың өміріндегі «даму» дегенді шартты түрде ғана ұққан жөн. Бейнелеп айтқанда Қыпшақ теңізінде монғол «тамшысы» ізсіз жоғалып кетті. Байқал төңірегіндегі көшпенділер мен сібірлік көшпенділер бір – бірін жан санамауына байланысты жергілікті жұрт ешқандай қарсылықсыз қабылданған текті әулеттер (Шыңғыс ұрпақтары) ғана қалды. Сібірлік көшпенділердің өз ұлысының шекарасын сақтап қалуына, бөтен мәдениетінің, оның ішінде Еділ бойындағы қала тұрғындарының пайдасы үшін 1312 жылы Өзбек хан енгізген мұсылман мәдениетінің тез қабылдануына ата дәстүрлерінің көп көмегі тиді. Жалпы, мұсылмандық әдет – ғұрып далалықтар арасында аса берік сақтала бермейді.
2. Көшім тұсындағы Сібір хандығы.
Көшім тұсындағы Сібір хандығына қазіргі Батыс Сібірдің барлық жері, Оңтүстік Орал өңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан халықтарымен қатар көшіп – қонып жүрді. Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы Ертістің оң жақ жағалауында, Тобылдың құяр сағасынан жоғарырақ, қазіргі Тобыл қаласының маңында тұрды. Сібір атауы біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдың соңынан бастап Ертіс өңірінің орманды – далалы алқабын мекендеген түркі тілді тайпаларымен ұзақ жылдар бойы қарым – қатынаста болған «Сыпыр» этникалық тобының атауынан шыққан. Ежелгі Сыпырлардың орталығы кейінірек Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы тұрған жерде болды. Кейіннен бұл жерлер түркілердің ежелгі көшпелі империясының – Батыс Түркі қағанатының, қимақтардың мемлекеттік бірлестіктерінің, қыпшақ тайпалары одағының құрамына енді. Парсы шежірешісі Рашид - ад- Дин Ібір – Сібір елі монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы хан ұлысына, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазды. Алтын Орданың ханы Батыс Сібір жерін өз інісі Шайбанға сыйға тартқан. Осы кезден бастап Сібір жері олардың заңды мұрасы болып есептеледі. Шайбаниліктер XIV ғасырдың аяғында Тобыл, Тура және Тобда өзендерінің аңғарында Тюмень хандығын құрып, астанасын – Шыңғы - Тура етті. Бұл – қазіргі Тюмень қаласы. Осындай жағдайда Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібір жерлері Шыңғыс хан ұрпағы – шайбаниліктердің мұралық ұлысына арналды.
Сібір хандығын көп халықтар, негізінен түркі тайпалары (қыпшақ, арғын, қарлұқ, қаңлы, найман, жалайыр т.б.), сондай – ақ ханты, мансы, барабы түркілері, башқұрттар мекендейтін. Хандықтағы түркі тайпаларын орыс жылнамаларында, кейін тарихи әдебиеттерде «Сібір татарлары» деген ортақ атпен атау орнығып кетті.
Түркі тайпалары Тобыл татарларының құрамында – 78,8; бараба («барама») татарларының құрамында – 77,2%; Тевриз татарларының құрамында - 73%; Том татарларының құрамында 65,6%; Тар татарларының құрамында 42,5% болғандығын зерттеушілер анықтап отыр.
Белгілі башқұрт ғалымы Р.Г. Кузеев башқұрттардың XV ғасырларда Чюльман (Кама) өзенінің бойында «Сібір – Ібір» хандығы қоныстанғанын тарихи деректерге сүйеніп дәлелдейді. жерлері келді. Сібір хандығының құрамында Орта жүздің арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман, табын, руларының басым көпшілігі және башқұрттардың бір бөлігі, сонымен бірге Сібірдің байырғы тұрғындары – хантылар мен мансылар болды. Қазақ рулары Тобылдың, Есіл мен Ертістің орта ағысы бойында, Бараба даласында Батыс Сібірдің түркі тілдес
Мекендердің , оларда ұзақ уақыттан бері орыс адамдарды тұрса да, толып жатқан түрікше (ноғайша)
атаулары жоғарыдағы пікірімізді айқын дәләлдейді. Түркі билігі, атап айтқанда, Көшімнің бірлігі Ертіс пен Обь өзендерінің төменгі ағысы бойын мекендеген түркілерге ғана емес, әлсіз халықтар;остяк, вогул, пелым, кондиндарға да жүріп тұрды. Олар Көшімге алым – салық төледі».
Кейін қазақ халқының этногенезін құраған арғын, найман, қыпшақ, қаңлы тайпалары ежелден Сібір жерін қоныстанған сол өлкенің тұрғылықты халқы болған. Ал Сібір хандығын орыс мемлекеті жаулаған кезде олар өз аталасы қазақтарға келіп қосылып, ханты, мансы т.б. өз алдына жеке –жеке халықтар болып қалыптаса бастаған.Бұдан шығатын қорытынды: Сібір хандығының және оның жаулап алуының тарихы түркілік қазақ халқының сан ғасырлық шежіресін, оның өз алдына дербес халық болып тарих аренасына шығуын, Қазақ хандығы мен мемлекетінің тарихын оқшау қарастырмай, түбі бір туыстар Түркі тарихымен - Сібір, Ноғай, Қазан, Астрахань, Тюмень, Қырым хандықтарының тарихымен бірлікте қарастырған жөн.Шыңғыс хан ұрпақтарының хандары өздерін Солтүстік Қазақстан мен Сібірдің заңды иелеріміз деп санады. Көшімнің хан тағына отыруы туралы белгілі тарихшы Қадірғали Жалайыри өзінің “Жылнамашылар жинағында” Көшімді Шайбани ұрпағынан таратса, Хиуа ханы Әбілғазы өзінің “Түрік шежіресінде” Көшімді шайбанилік тегі туралы жазады.Ш Уалиханов та Көшім қырғыз (қазақ) сұлтаны болған деген пікір айтады.Көшім 1510 жылдар шамасында Ноғай ордасының Алтыұл ұлысында дүниеге келген, Алтыұл ұлысы Жем өзенінің шығысында аралдың солтүстік өңіріне дейінгі жерлерде көшіп- қонған.Көшім жас кезінде Едігенің ұрпақтары-ноғай мырзаларының арасында дұрыс тәрбие алып,кейін олармен жақсы қатынаста болған.Әскер ісіне машықтанған, қайратты әрі жігерлі болған ол 1555 жылдан бастап ноғайлар мен қазақтардың жасақтарын басқарған. Көшім өзінің хандығын әкесінен мұра арқылы емес, ол1563 жылы Шайбани ханның тұқымы Бұқара ханы Мұртазаның баласы Көшім Жәдігер ханды өлтіріп Сібір хандығының тағына отырады.
Көшім Сібір жұртын билеп тұрған Тайбұға руымен ұзаққа созылған ұрыс жүргізді. Ақырында Тайбұғаның билеуші князьдары жеңіліс тауып, Көшімнің билігін мойындады.Көшім Сібір хандығының ханы болуын әсіресе Сібір жеріне ислам дінін таратуға рұқсат еткен және сауда жасау арқылы баюды көздеген Орта Азиялық дінбасылар мен саудагерлер құлшына қолдады. Көшім билеген кезде Сібір хандығының экономикасы дамып,мәдениеті өрлеп, күш - қуатының артқанын оның көршілері: Мәскеу, Қазан, Бұқара,Ноғай, Шығыс Түркістан, Қалмақ елдері елдері мойындап, онымен санасып отырды. Көшім билеген Сібір хандығының бір шеті Тобылға, екінші шеті Ертіске, жоғары жағы Обьтың құяр сағасына жетті. Орал таулары арадағы табиғи шекара болса, оңтүстігі Ор, Тобыл, Есіл өзендерінің басталар тұсында ноғай Ордасымен, қазақ хандығымен, Ертістің бастау алған тұсында жоңғарлармен шекаралас болды.
Сібір хандығының экономикасы мен мәдениетіне келсек, Көшімнің тұсында Сібір хандығында көптеген мәдени құрылыстар ірге көтеріп, қалашықтар, қамалдар салынды. Олар – Ертістің бойындағы Сүзге – Тура, Бесік – Тура бекіністері.
Көшім Орта Азиямен, Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. Ол Сібір ханы болған кезден бастап Батыс Сібірдің жергілікті халқына ислам діні тарата бастады.
Сібір хандығының саяси құрылысы . Сібір мемлекетінің жоғары билеушісі – хан болды. Хан кеңесі диван деп аталды. Ханды ақсүйектер мен шонжарлар сайлады. Хандық атадан балаға мұра болып қалды. Диван құрамына кеңесшілер – «атақтылар» кірді.
№ 18. Тақырыбы: Ноғайлы.
Жоспары:
1.Ноғай атауы ұлты және жұрты.
2.Қазақ-ноғай қарым-қатынастары.
Алтын орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік – батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік – шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік – батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік – батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп – қонып жүрген. Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған.
Қаланың іргесі X ғасырда қаланған Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды Қарқорым, Қытаймен байланыстырған. Қала ХІІІ – ХІV ғасырларда дәуірленгенмен Ноғай Ордасының астанасына айналып, қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады. Сарайщықта Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандары жерленген.
Ноғай Ордасының аты Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Осы Ноғайға (1260 – 1306) қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі атанып кеткен. Ноғай әскерлерінің басым көпшілігі түрік тіллдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ал Орданың іргесін қалаған – Ноғайдың баласы Едіге. Орда Едігенің кезінде алтын Ордадан оқшаулана бастайды. Едігенің балсы Нұ рад-диннің кезінде (1426 – 1440) өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады.
Ноғай Ордасының негізін қалағандардың бірі, атақты, беделі зор едіге өзін хан етіп жариялауға құқы болмағанымен, Алтын Орданың билеушісі болды. Оның кезінде ноғайлар Алтын ордадан бөлектенген, елеулі феодалдық иеліктердің біріне айналды. Алтын Орданы басқарған Едігенің “беклер бек” - “ұлы әмір” атағы болған. Оның билігі шексіз зор болды. Шыңғыс әулетіненхан көтеру Едіге келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты. Маңғыт елі оған арнап “Едіге жырын” шығарды. Едіге ХІV ғасырдың 90 жылдары тоқтамыс ханмен, біріншіден, билік үшін, екіншіден, Ноғай Ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту үшін соғысқан. Едіге Орданы он бес жылға жуық (1396 – 1411) билеген. Едігенің билік жүгізген кезінде Ноғай Ордасының жері Батыс Сібір ойпатына дейін ұлғайған. Бұл аймаққа қашып келген Тоқтамыс хан қаза болғаннан кейін, бұл жердегі тайбұға тайпасы да Едігенің билігін мойындаған. Жазба деректердің мәліметі бойынша, ноғайлар (маңғыттар) XV ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, кейбір бекініс қалаларды жаулап алды. Мәселен, 1446 жылы маңғыт Уақас би Үзкент қаласына билік жүргізген. Едіге ұрпақтарының ішінде Мұса мырза, Жаңбыршы сияқты адамдардың атағы бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде белгілі болған.
XV ғасырдың басында Ноғай Ордасы ыдырай бастайды. 1550 жылдардың ортасында Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінеді. Оның ыдырау кезінде халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылады.
Ноғай ордасында бас билікті князь иеленді, негізгі бұқарасы «ұлыс адамдары» немесе «қара халық» деп аталды. Ұлыстарды шонжар қауымынан шыққан ақсүйек мырзалар басқарды.
Ресей Қазан мен Астрахан хандықтары халқының едәуір бөлігін қырып жіберіп, қалғандарын өзіне күштеп қосып алғаннан кейін, XVІ ғасырдың екінші жартысында Ноғай ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестерге ыдырап кетті. Яғни, алдыңғы Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Ембі өзенінің бойында Алты ұлыс ордасы қалыптасып құрылды. Белді де беделді ноғай Исмаил мырзаның қарамағындағы сан түрлі тайпалар неді Үлкен Ноғай ордасына бірігіп, 1557 жылы Ресей мемлекетіне осы мемлекеттік бірлестіктер өзінің бодан екендігін ресми түрде мойындады.
Қалмақтардың жан – жақтан жасаған шабуылынан кейін 1634 жылы ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді күйде қалды. Олар Қара теңіздің солтүстік жағалуындағы жазық даладан Дон өзеніне дейін қоныстанып, одан барып Бұржақ, Едишкөл, Ембұлақ, Едиссан ұлыстары пайда болды.
Үлкен Ноғай ордасына қараған кейбір ұлыстар Каспий маңындағы, Еділден Терек өзеніне дейінгі кең – байтақ алқапты ен жайлап жатты. 1770 жылы Едиссан, Бұржақ ұлыстары Ресей патшасына мәжбүрлікпен бағынды. XVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кішк Ноғайлының біраз бөлігі бұрынғы ата қонысы – Азов маңыны ауып, кей бөлігі Бухарест бітімінің шартына орай Түркияға қарай көшті.
1860 жылғы келтірілген дерек бойынша, осында көшіп келген 180 мың ноғайлыны Түрік үкіметі Кіші Азияға қоныстандырған
№ 19. Тақырыбы: Башқұрттар.
Жоспар
-
Башқұрт атауы.
-
Башқұрт ұлтының қалыптасуы.
І.Башқүрттардың өздері башқүрт немесе башқүр деп атайтын өзінің 30-ға жуық этимологиялық түсіндермесі бар. Солардың бірі- баджгард- маджгард пен мадьярдың ортақ атауы. Ол оның венгерлермен қарым-қатынасын жэне ортақ ата-тегін қарастырады. Қарапайым түрі- түркі тіліндегі баш (бас, басшы). Ал корт-түп тамыр деген магынаны береді. Алайда бүл халықтық этимологияға жуықтау. Аңызда былай делінген: Ерте заманда башқүрттардың ата тегі бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Олардың көп санды табын-табын малдары болған. Бірде жақсы жайылым іздеп, бүрынғы отырған жерінен көшіпті. Көп жүріпті де, адасыпты. Кенет үялы қасқырға кез болыпты. Қасқырдың арлан басшысы көшпелі керуеннің алдына түсіпті де оны эрі қарай бастап ала жөнеліпті. Сол жүргеннен шүрайлы жерге, өзен-суы мол, жап-жасыл, орман-тоғайлы жерге жетіпті. Сол жерге жеткен кезде арлан қасқыр тоқтапты. Көшпенділер осылайша сол жерде өмір сүре беріпті. Ал өздерін арлан қасқыр бастап келгендер деп, яғни башқүрттар деп атап кетіпті.
Қысқасы, башқұрттардың шығу тегі жөніндегі барлық аңыз эңгімелер сол багытта, яғни осы шүрайлы жерге қалай келгендері туралы жазылган. Алтайдан ба, Қара теңіз жағалауынан ба, элде Орта Азия жерінен бе, эйтеуір сырттан келген. Мүны археологтар бүрын бүл жерде фин тайпалары өмір сүрген деп дэлелдейді.
2.Башқүрттадың қалыптасуына ертеден келе жатқан жергілікті фин-угор түрғындары, сонымен қоса УІІ-Х ғғ. Орта Азияның солтүстігінен жэне Сібірдің оңтүстігінен келген түркі тайпалар Х-ХІІІ ғғ. Оғыз-печенектер, еділ бұлғарлары, қыпшақтар түрік тайпаларымен қоса башқүрт этногенезінің қалыптасуына эсер етті.
Араб жэне парсы саяхатшыларының ІХ-ХІІІ ғасырлардағы зерттеулеріне қарағанда, башқүрттар еркін, жауынгер, көшпелі өмірге бейімделген халық болған. Олар жерді ру-руға бөліп қоныстанған. Башқүрттар Батыйға дейін осындай қалыпта болып, кейін де сол қалпын сақтады.
Башқүртстан Батудың туысы Шайванидің үлесіне тиген болатын. XVI ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ыдырағаннан кейін башқүрттар бөлшектеніп Ноғай Ордасының, Қазан жэне Сібір хандықтарының қүрамына еніп, ясақ салығын төлеп түрды. Бүлардың ішкі түрмыс пен басқару ісіне араласқан жоқ.
Башқүрттардың Ресей мемлекетіне күшпен қосылуы нэтижесінде башқүрт туыстық-тайпалық сипатта үзақ өмір сүруіне қарамастан саяси қүрылысы мен бірігуі жүзеге асырылды.
Осы күнге дейін башқүрттар қүрамындағы қыпшақтар, табындар, тамалар, жалайырлар, телелеулер өздерінің шежірелік тегін үмытпаған.
Қазан төңкерісінен кейін 1919 жылы Башқүрт автономиясы қүрылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1993 жылы Башқүрстан Республикасы болып жарияланды. Діні-мүсылман, сүннит. Халық саны- 1,5 млн.
№ 20. Тақырыбы: Татар халқының этноноимі және тарихы
Жоспары:
-
Татар этнонимі.
-
Татар тарихы.
Мақсаты: Татар этнонимі мен тарихын қарастыру
1. «Татар» этнонимі түркі монғол рулары арасында ^І-ІХ ғасырдан мэлім. Кейін Еділ Бүлғар халықтары негізгі болады. Бүлғария елі 1236 жылға дейін өмір сүреді. Алтын Орда қүрамында қыпшақ халықтарымен араласады. (Қыпшақ, керен, қоңырат, тоқсаба, табын, қырғыз бүркіт, балықшы рулары). Бүл уақытта Ресейліктер «татар» терминімен атайды. Сол себептен татар термині «түркі» терминін орнына айтыла бастады.
Сібір татарлары
Қырым татарлары
Литва татарлары
Еділ татарлары
Қазан татарлары. Алтын Орда ыдырағанда Еділ бойына Қазақ хандығы бөлінді. (1438-1552). XX ғасырдың басына дейін түркі халықтарын татарлар еді. Қазір Р.Ф. қүрамында Татарстан республикасы еніп отыр. Астанасы Қазан қаласы.
Негізгі діні: мұсылман сунит. Түрік тобы, Алтай тіл семиясына жатады. 2. Татарлар Ресейдің ең сауатты халқы. XVI ғ. ескі шоқыну дэстүрі. XVIII ғ. жаңа шоқыну дэстүрі күштеп жүргізілді. Кейінгі жылдары мүсылмандық қайтадан етек жаюда.
Иван Грозный 150 000 эскермен 1552 ж. Қазан қаласын қоршап, халықты қырып жаулап алды. Мүның алдында жүз жыл ішінде 1469, 1487, 1506, 1524, 1530, 1545 жэне 1550 жылдары Қазанға жеті рет шапқыншылық жасайды. Қазан қаласының қорғанысын Ноғай қызы Сүйінбике ханым үйымдастырыды. Көмекке қазақ жерінен Нэрік батыр оның баласы Шора баты келіп соғыста қаза табады. Татар халқы 15 қазанды қаралы күн деп есептейді. Бүнымен татар халқының азаттық күресі тоқтамайды, 1553 жылы Жансейіт жэне Сары батыр бастаған көтерілістер болып ол кейінде 1572, 1573 жэне 1582 жылдары да болады. 1593 жылы Феодр Иван барлық мешітті жойып, оның орнына шіркеу монастрын салады. 1681 жылы шоқынбағандарды жерден айыру заңы шығып, бұған Сейіт, Төлекбай батырлар қарсы шығып, бұл жарлықты жоюға мәжбүр болады
Татарлар – түркі тілдес ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан Республикасының байырға тұрғындары. Таптарлардың халқының саны жөнінен ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бөліп қарастырса, қалғандары оларды біртұтас тұлт санайды. Дүние жүзіндегі татарлардың жалпы саны 8 млн. шамасында. 2002 жылғы санақ бойынша Ресейде 5,6 млн, Татарстанда 1,9 млн, Башқорстанда 1,2 млн татар тұрады. 3 ғасырда татрлар моңғол шапқыншылығы әсерінен Ресейдің құрамны енген. 13 – 14 ғасырларда олардың шағын тобы Аотын Орда құрамындағы түркі халықтарының құрамына енген. 16 – 19 ғасырларындағы орыс жазбаларында Кавказды, Еділ мен Орал өңірін, Орта Азияны мекендеген түркі тайпалары Татарлар деп жалпы аталып кеткен 20 ғасырға дейін марилер қазақстан татарын сюас деп қазақстар ноғай деп атаған Татарлар ислам дінінің сүннет тармағын, аз бөлігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Антропол жағалауындағы татарлар еуропа нәсіліне жатады. Татарлар фольклорында батырлар жыры елеулі орын алады. Көне жазба әдебиетттері бар. Ұлттық музыкасы башқұрт, ноғай халықтары музыкасымен сарындас. Ертеректе татар музыкасы аспапсыз орындалатын бір дауйсты ән негізінде дамыған. Әнмен, бимен, өлең – тақпақ араластырып орындалатын әзіл – сықақ әндер көбірек шырқалады. Музыка аспабына қурай аталатын сыбызғы немесе флейта тектес үрлемелі аспап, қобыз, мандолина, домбра, гусли, скрипка жатады. Татарлар ерте кезден – ақ көп салалы шаруашылықпен бидай, арпа, тары, сұлы, бұршақ, қарақұмық, зығыр, сора егумен айналысады. Сауда – саттықпенде шұғылданады. Үй құстарын көбірек өсіреді. Еділ бойы мен Орал өңірі орман - тоғайлы, шалғын – шөпті болмағандықтан омарташылық дамыды. Татарлардың тағамында нан, картоп, көкөніс басым. Татарлардың шеберлері тіккен етігі, бас киімі, кестелі шашақты орамалы, тоқыма бұйымдары, күмістен алтыннан істелген зергерлік бұйымдары Ресейден тыс жерлерде жоғары бағаланып, сұранысқа ие болуда. Мәрмәрдан, тастан, ағаштан, теріден өрнектеп, оюлар жасаған мозаикалары көз тартады. Авыл юрт немесе Ил дейтін татар мекені шағындау, көбінесе өзен жағалауында орналасады. Үйлері биік дуалмен қошалып, ағаштан оюлап әшекейленген. Ұлттық мейрамның ең көрнектісі – сабантуй. Мұнда ұлттық спорт түрлері – күрес, жаяу жарыс, ат жарысы өткізіледі.
Татарстан Республикасы - Ресей Федерациясының құрамындағы Республика. Жерінің аумағы 68 мың шаршы км, Халқы 3,8 млн, Астанасы Қазан. Басқа халықтардан орыстар 42пайыз, чуваштар 2 пайыз, мордвалар 2пайыз, удмурттар 1,8 пайыз, башұрттар 1,7 пайызы тұрады. Мемлекеттік тілі – татар және орыс тілдері. Әкімшілік бөлінісі 43 адан, 19 қала,11 республика бағынысындағы қалалар. Татарлар тек Ресей Федерациясының Чувашия, Башқұрстан, Марий, Эл, Удмуртий республикаларымен, сондай – кақ Орынбор, Самара, Ульянов, Киров облыстарымен шектеседі.
Жер бедері негізінен ойпатты жазық, тек Еділ өзенінің жағалауы қыратты. Ең үлкен өзендері Еділ ұзындығы 177 км, мен Кама ұзындығы 380 км. Тым континенттік. Қаңтар айының орташа темпеартурасы 13 15 градус, шілдеде 19, 20 градус. Жер аумағының 3 тен 1 бөлігін құнарлы қара топырақ, 16 пайызын орман алып жатыр. Жері шаруашылығына қолайлы әрі минералды ресурстарға бай, мұнай ,газ, гипс, қоңыр көмір, темір. Татар жеріне адамдар палеолит заманында қоныстанған. Ерте орта ғасыр дәуірінде Түрік қағандығы құрамында болды. 9 – 10ғасырларда бұлғалардың бір бөлігі Еділ өзенінің орта ағысына қарай ығысып, мұнда Еділ Бұлғариясы атты мемлекет құрды. Ол кейіннен Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жасаған жорығы нәтижесінде Алтын Орда құрамына енді. 15 ғасырдың 1 жартывсында Татарстан жерінде Қазан хандығы бой көтерді. 1545 – 1552 жылдары Қазн хандығы Ресейге бағынды. 1708 жылы Қазан губерниясы құрылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты Татар халқына ауыр зардаптар әкелді. Мұнда орыстандыру, шоқындыру саясаты басым болды. Халықтың сана – сезімін ояту бағытында татар зиялылыары ағартущылық бағыттағы іс – шаралар жүзеге асыруға талпыныс жасады. Каюм Насыри, Маржани секілді көрнекті ағартушылар өзіндік саласында маңызды ағартушылар болды.
Татар халқының тілі - татар. ТМД елдеріндегі 6,8 млн татардың 5,6 млны татар тілінде сөйлейді. Татарлар тартар түркі тілдерінің қыпшақ тобының қыпщақ – бұлғар бұтағына жатады. Негізгі диалетілері орталық немесе орта диалектілері, онда Қапзан татарлары сөйлейді. Батыс не мешер диалектісі, шығыс диалектісі. Қазіргі татар әдеби тілі негізінде 20 ғасырдың басында қалыптасқан. Татар тілі фонетикасында 28 дауыссыз, 13 дауысты бар. Дауыстылары ежелден келе жатқан дыбыстар: а,ә,ү,у,ы,ео,ө,и сондай – ақ жартылай дауысты ы,е,ө,о дыбыстарына сәйкес келеді. Морфологиялық ерекшеліктері төмендегідей:т сын есім септелмейді, сан есімдер 6 топқа бөлінеді, етістіктердің болымсыздық, шырай категориялары бар. Жазуы 1927 жылға дейін араб, кейін латын әліпбиі негізінде болған. 1939 жылдан орыс графикасына енген. Жазба мәдениеті ежелден бастау алады. Ең көне үлгілері «Жүсіп – Зылиха» дастаны авторы белгісіз. «Кесікбас», «Сопыларға өсиет» атты дидакткалық шығармалары бар.
Татар - Башқұрт мәдениет орталықтары қауымдастығы «Идеал» қауымдастығы қоғамдық ұйым. 1990 жылы құрылған. Қауымдастықтың мақсаты: Қазақстандағы башқұрттар мен татарлардың ана тілінде тәрбие алуына және ұлттық салт – дәстүрі мен дүниетанымын ұмытпауға жағдай жасау. Сондай – ақ жастарға қолдау көрсету. Осы мақсатта жыл сайын облыс орталықтарында сабантуй, татар, башқұрт әндері мен билері, ұлттық ойын спорт ойындары өткізіліп тұрады. Сондай – ақ «Козге Иртыш моннары» халықаралық фистивалі ұйымдастырылып тұрады. Сабантуйда татар және башқұрт қалаларының әндері мен билері орындалып, ұлттық ойындар өткізіледі. Семей қаласындағы музыкалық татар хор мектебіне қауымдастық тарапынан қаржылай демеушілік жасалды. Қуымдастық обл татар – башқұрт мәдениет орталықтарының ортақ іс – қимыл жоспарын белгілеп отыр.
№ 21. Тақырыбы: Қырғыздар мен ұйғырлар.
Достарыңызбен бөлісу: |