ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#134072
1   2   3   4   5   6

Негізгі ұғымдар: тұлға дамуының кезеңдері, балалық шақ, тепе-теңдік, дербестік, жігерсіздік, жеткіншек жас дағдарысы, іскерлік, орта жас, жалғыздық.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Эриксон бойынша тұлғаның даму кезеңдері

2. Н.И.Козлов бойынша тұлғаның даму кезеңдері

3. Тұлғаның даму деңгейі және тұлға дамуының жас ерекшелік

Әдебиеттер:



    1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж.

    2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

    3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

    4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.


Тақырып. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары.

Дәріс жоспары:



    1. Жас дамуындағы дағдарыстарға психологиялық түсініктеме.

    2. Жас дамуындағы дағдарыстары ұғымы мен мәні.

Дәрістің қысқаша мазмүны

Жас кезеңдері деп өсуі мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Әр жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Мұнда бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын, өзгеру мезгілі немесе ауысу мерзімін зерттеушілер ммшел жас деп атады. Өзгеру əр кезеңде де ауыр, организм кңп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты болып табылады. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама əлсіреп, сыртқы орта жағдайында өзгерістерін қиналып өткізеді. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, əр адамның өзінің жеке басының ерекшеліктері болады. Олар адам денсаулығына, тұрмыс жағдайына жəне жүйке жүйесінің даму дəрежесіне, т.б əр түрлі болады.

Дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипаты біріншіден даму кезеңі бойынша анықтау процесі болса, екінші кезеңінің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамдың темпераментіне қатысты, мінез-құлғына, биологиялық жолмен əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі.

Л.С. Выготский, П.П.Блонскийден кейін, белгілі бір дəуірлерді, сатыларды, фазалардың даму өзгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, əр жастың мəнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдар» - деп берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын жəне негізінен баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі жəне сыртқы өмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын анықтайтын, тұлға құрылуын жəне оның іс-əрекетінің жаңа типі, психикалық жəне əлеуметтік өзгерістерді түсінген жөн. Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық жəне əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі.



Дағдарыстық күй – бұл сонымен сыртқы ортаның құлдырауы, ол адамның ішінде болады. Сонымен ол өзіндік ішкі көрініс. Сыртқының құлдырауы, ішкінің көрініс беруі ол адамнан тұлға қалыптасуын басы. Бұның барлығы кризис кезінде сыртқа шығады, адам оның келбетін мойындай бастайды. Отандық психологияның сөздігінде «жас ерекшелік дағдарысы» сөзі Л.С.Выготский анықтауы бойынша бала тұлғасының түбегейлі өзгерісі, жиі қалыптасқан ортаның ауысуынан болады деген. Л.С.Выготский бойынша жас ерекшелік дағдарысының қалыптасуы қалыптасқан ортаның жаңа көрінісімен өзгеруінің салдарынан ол бір әлеуметтік жағдайдың құлдырауына және басқасының қалыптасуына, адекватты жаңа психологиялық бала бейнесіне әсер етеді. Әлеуметтік жағдайдың ауысу механизмі жас ерекшелік дағларысының психологиялық мазмұнын құрайды.
Жас ерекшелік дағдарысы дәрежесі психологиялық теорияда көптеген мәтіндерде қолданылады, мазмұнымен ерекшеленіп және адам мінездемесінің әртүрлі психикалық дамуымен байланысады. Әртүрлі принциптеріне байланысты дағдарысты классификациялауға болады, оның бұл негізіне болжалғандықты немесе шетінді, туу себебін олар ұзақ мерзімді және интенсивті түрлерімен ажыратылады. Мазмұнна байланысты дағдарыстың үш негізгі көрінісі: дағдарыс невротикалық, дамудың дағдарыстары және травматиялық дағдарыстар. Сонымен қатар психологияда жас ерекшелік дағдарысты және ситуациялық болып бөлінеді. Ситуациялы дағдарыстар – дағдарыс аяқ асты нмесе күтпеген жағдайда пайда болады.Өмірлік циклді кезеңдерге бөлген алғашқы психолог ол Эльза Френкель Брунсвик болды. 1930 жылы адамның рухани байлығын бейнелеген, кейіннен өз көзқарасын теорияға айналдырған. Ол ең алғаш психологияны әлеуметтану мен байланыстыруға тырысқан.
«Балалық шақ және қоғам» кітабінде 1950 жылы жарық көрген, Эриксон онда өмірлік циклді нақты көрсеткен. Өмірдік жүру кезеңіне кесте түрінде сызып көрсетті.

Негізгі ұғымдар: дағдарыс, жас дағдарыстары, невротикалық дағдарыстар, травматикалық дағдарыс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Жас ерекшелік дағдарыстың психикалық ерекшліктеріне сипаттама беріңіз

  2. Жас ерекшелік дағдарыс түсінігі және табиғаты анықтама.

Әдебиеттер:

    1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж.

    2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.-121,131,259, 279 б.

    3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М,2001.-270, 312,341б.

    4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ
Модуль 1. Психологияға кіріспе.

Тақырып -1. Психология ғылым. Психология әдістері.

Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін толықтыру, психологиялық зерттеудің әдістерімен таныстыру және оларды практикада қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.

Психология пәні туралы түсінік. Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым. Психология ғылымының салалары. Психологияның зерттеу әдістері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында психологияны ғылым ретінде ашып көрсету. Психикалық құбылыстар классификациясына (психикалық процестер, психикалық калып, психикалық қасиеттер) тоқталу. Психология ғылымының салаларын анықтамасын бере отырып ашып көрсету. Зерттеу әдістеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып және оларды психологияда қолданудың кейбір өзгешеліктері бар екенін ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1.Психология ғылымы нені зертейді?

2.Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары.

3.Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не?

4.Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай?

5.Психологиялық тестердің қандай түрлері бар.

Әдебиеттер:



        1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-3-10 б.

        2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-7-10 б.

        3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993.-34-37 б.

        4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-5-16 беттер.

        5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,2000.-28-37 б.


Тақырып -2. Психика табиғаты туралы түсініктің дамуы. Психика мен сананың дамуы.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру.

Психика жоғары ұйымдастырылған тірі материяның қасиеті ретінде. Адамда жоғары психикалық функциялардың дамуы. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және қасиеттері. Адам психикасы және ми.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында психиканы жоғары ұйымдастырылған тірі матенияның қасиеті ретінде ашып көрсету. Ми және психиканың арақатынасын ашып көрсету. Адам санасының пайда болу мәселесіне тоқталу. Сананың пайда болуының алғы шарттарын ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1.Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай?

2.Дағды мен инстинктің айырмашылығы қандай?

3.Сананың пайда болуының алғы шарттарын атаңыз.

4.Адам психикасы мен миы: олардың байланысының жалпы механизмі қандай?



    1. Мидың негізгі бөлімдерінің психикалық үрдістермен байланысын және олардың мінед-құлықты басқарудағы рөлін анықтаңыз.

    2. Шартты рефлекстердің жасалу жолын түсіндіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 б.

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.,1995.-16-21 б.

  3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 б.

  4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 б.

  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980


Тақырып -3. Топтарға психологиялық сипаттама.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Топ және ұжым туралы түсінік. Топ түрлері, сипаты. Ұжым және оның негізгі белгілері. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында топ және ұжымға анықтама беріңіз, топтың түрлерін сипаттау керек. Ұжым мен топтың айырмашылығына тоқталу қажет. Ұжымның негізгі белгілеріне сипаттама теру керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Топ және ұжымның айырмашылығы қандай?

2.Референт топ деген қандай?



    1. Формалды және формалды емес топтардағы қарым-қатынас ерекшеліктері қандай?

    2. Ұжымның даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73 беттер.

2.Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.

3.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер

4.Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.
Модуль 2. Іс-әрекет және психикалық процестер психологиясы.

Тақырып -4. Түйсік.

Мақсаты: дәрісте алған білімдерін тереңдету.

Түйсік туралы жалпы түсінік. Түйсіктің физиологиялық механизмі. Түйсіктің түрлері. Түйсіктің қасиеттері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында түйсікке анықтама бере отырып, оның физиологиялық механизмін ашып көрсету керек. Түйсік түрлерін (теру, иіс, дәм, көру, есту, органикалық, дене проприоцептор) пайда болуына, түйсіктің қасиеттеріне жан-жақты смпаттама беру.

Бақылау сұрақтары:



    1. Сезімдік танудағы түйсіктің рөлі қандай?

    2. Адам түйсінуі мен жануарлар түйсінуінің айырмашылығы қандай?

    3. Абсолюттік сезгіштік деген не?

    4. Адаптация деген не?

    5. Сенсибилизация деген не?

    6. Синестезия деген не?

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-97-115 б.

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-120-144 б.

      3. Алдамұратов Ә.Жалпы психология.-А., 1995.-31-37 б.

      4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-165-180 беттер.

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000-177-220 б.

      6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1995.-167-172 б.


Тақырып -5. Қабылдау.

Мақсаты: дәрісте меңгерген білімдерін тереңдету.

Қабылдау туралы түсінік. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында қабылдауға анықтама беру және оның физиологиялық механизмін және қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Бақылау сұрақтары:



  1. Конвергенция және дивергенция деген не?

  2. Кеңістікті қабылдаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз

  3. Уақытты қабылдаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңід

  4. Адамның заттың формасын, көлемін, түсін қабылдауының ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-115-129 б.

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-33-41 б.

  3. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-А., 1995.-144-159 б.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-181-201 беттер.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -225-256 б.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997-25-30 б.


Тақырып -6. Ес.Елестету.

Мақсаты: теориялық білімдерін тереңдету және қорыту.

Ес туралы жалпы түсінік. Естің процестері. Ассоциациялар туралы түсінік. Естің түрлері. Елес, елестің типтері. Естің даралық ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында еске, елеске анықтама бере отырып, оны психикалық процесс ретінде сипаттама беру. Ассоциацияға, ес процестеріне тоқталу керек. Реминисценция, амнезия құбылыстары туралы түсінік беру. Естің жекелік ерекщеліктерін және оны дамыту жолдарын ашып көрсету керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. Адамның ақыл-ой және практикалық іс-әрекетіндегі естің рөлі қандай?

  2. Естің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз

  3. Ес түрлеріне сипаттама беріңіз

  4. Еріксіз есте сақтауға не тән?

  5. Естің негізгі үрдістері және олардың өзара байланысы қандай?

  6. Есте сақтаудың қандай тиімді жолдары бар?

  7. Ұмыту үрдісін сипаттаңыз.

  8. Елес дегеніміз не?

  9. Елестің естен айырмашылығы қандай?

Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-167-182 б.

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-41-46 б.

  3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.-А., 1993.-129-146 б.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-217-260 б.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -256-295 б.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.-35-43 б.


Тақырып -7. Ойлау.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Ойлаудың жалпы сипаты. Ойлаудың физиологиялық негіздері. Ойлау түрлері. Ойлау формалары. Ойлау тәсілдері. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында ойлауға анықтама беру керек. Ойлау теорияларына тоқталу. Ойлау түрлеріне тоқталу. Ойлау операциялары (синтез, анализ, салыстыру, жалпылау, абстракция, нақтылау) және формаларын (ұғым, пікір, ой қорытындылары) жеке тоқталу, мысал келтіру.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгіоерін атаңыз.

  2. Ойлау формаларын атаңыз.

  3. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?

  4. Танымдық іс-әрекеттің жоғары формасы ретінде ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз

  5. Бейнелі ойлау дегеніміз не?

  6. Көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауға анықтама беріңіз

  7. Көрнекі-әрекеттік ойлау дегеніміз не?

  8. Ойлауды дамыту жолдарын көрсетіңіз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-146-162 б.

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-182-192 б.

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-47-51 б.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-273-311 б.

  5. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии.-М.,-309-349 б.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997.-45-57 б.


Тақырып -8. Сөйлеу.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Сөйлеу және тіл. Сөйлеудің физиологияық механизмі. Сөйлеудің түрлері



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында сөйлеу және қарым-қатынас, сөйлеу және ойлаудың байланысын ашып көрсету. Сөйлеу түрлеріне (ауызша, жазбаша, диалогты, пассивті, активті) тоқталу керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. Сөйлеу түрлеріне әр қайсысына анықтама беріңіз

  2. Жазбаша сөйлеумен ауызша сөйлеудің айырмашылығы қандай?

  3. Сөйлеудің бұзылуы неден байқалады?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-162-178 б.

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-192-206 б.

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-311-335 б.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,-381-417 б.


Модуль 3. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

Тақырып -9. Психикалық жағдайлар (зейін, тұлғаның эмоциялық-еріктік жақтары).

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Зейін туралы жалпы түсінік. Зейіннің физиологиялық механизмі. Зейіннің түрлері, қасиеттері. Ерік туралы түсінік. Ерік туралы теориялар. Ерік сапалары. Эмоция және сезім. Адамдағы жоғары сезімдер.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында зейінге, ерікке анықтама бере отырып, оның физиологиялық механизмдерін ашып көрсету керек. Зейін түрлерінің ерекшеліктеріне тоқталу. Адам өміріндегі эмоцияның рөлін ашып көрсету. Эмоция мен сезімге анықтама бере отырып, олардың арасындағы айырмашылықты анықтау қажет.

Бақылау сұрақтары:



      1. Оқу іс-әрекетіндегі зейіннің маңызы қандай?

      2. Зейіннің түрлерін қысқаша сипаттаңыз.

      3. Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай?

      4. Еңбектің еріктік әрекеттердің пайда болуы мен дамуына негіз болғанын дәлелдеңіз.

      5. Оқушының білімін бағалау оның ерік қасиеттерінің дамуына әсер ете ме?

Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-114-119, 212-223 б.

  2. Жарықбаева Қ. Психология.А., 1993.-84-97, 194-221 б.

  3. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-201-2017, 435-511 б.

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-67-71 б.



Тақырып -10. Темперамент.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Темперамент жеке адамның қасиеті ретінде. Темпераменттің физиологиялық негізі.Темперамент туралы теориялар.Темпераменттің негізгі типтері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында темпераментті жеке адамның қасиеті ретінде анықтай отырып, физиологиялық механизмін ашыр көрсету керек. Темперамент типтеріне (холерик, флегматик, сангвинвик, меланхолик) психологиялық сипаттама беру керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Темперамент дегеніміз не?

2.Темперамент типтерін атаңыз.

3.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:



      1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-223-229 б.

      2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      3. Жарықбаев Қ.Психология.-А., 1993.-226-236 б.

      4. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-394-405 б.

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.,-613-620 б.

Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Тақырып -11. Мінез.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Мінез туралы түсінік. Мінездің психикалық құбылыс ретіндегі ерекшеліктері. Мінез бітістері. Мінездің қалыптасу заңдылықтары.Темперамент және мінез.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыпу барысында мінезге анықтама беру керек. Мінездің қалыптасу жолдарын көрсету керек. Темперамент және мінездің байланысын ашып көрсету қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Мінез дегеніміз не?

2.Мінез бітістері дегеніміз не?

3.Мінездің құрылымын ашыңыз.

4.мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз.

5.Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

Әдебиеттер:



      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-236-254 б.

      2. Тәжібаева Т. Жалпы психология.-А., 1995.-229-232 б.

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 1995.

      4. Немов Р.С. Психология. Т-1.М., 1998.-405-427 б.

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -620-634 б.

      6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-174-222 б.


Тақырып -12. Қабілет.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Қабілет туралы түсінік. Жалпы және арнайы қабілет. Нышан және қабілет.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыруда қабілетке анықтама беру керек. Қабілеттілік түрлеріне (жалпы, арнайы, теориялық, практикалық, оқу т.б.) тоқталу керек. Іс-әрекеттің орындалуындағы қабілеттілік рөлін ашып көрсету. Дарындылық, нышан, талант түсініктеріне анықтама беру керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қабілет, іскерлік және білім арасында қандай байланыс бар?

  2. Нақты істегі жетістікті қабілеттілік деп айтуға бола ма?

  3. Қабілеттің дамуы қандай фактоларға байланысты?

  4. Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-254-266 б.

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-232-235 б.

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психологи. –А., 1995.

  4. Немов Р.С. Психология.Т-1. М., 1998.-373-394 б.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -535-551 б.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. –М., -154-156 б.



Модуль 4. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері.

Тақырып -13. Даму психологиясы пәні.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Даму психологиясының пәні туралы түсінік. Даму психологиясы пәнінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Даму психологиясының зерттеу әдістері.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында, даму психологиясының ғылым ретінде дамуына анықтама беру. Әдістер (бақылау, эксперимент, егіздер әдісі, логитюд әдісі) анықтама беру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Даму психологиясы нені қарастырады.

2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз.мысал келтіріңіз.

3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз

Әдебиеттер:



    1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997.

    2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.-3-9 беттер

    3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 2001.-32-43 беттер.

Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1995
Тақырып -14. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерешеліктері.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері. Н.И.Козлов бойынша тұлға дамуының кезеңдері. Ересектің тұлғалық даму кезеңдері және тұлға дамуының деңгейі.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында Эриксон, Козлов бойынша тұлға дамуының кезеңдерін ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:



        1. Ересек адам психологиясының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

        2. Адамның өзін-өзі жетілдіру дегеніміз не?

        3. Ересек адамның тұлғалық даму кезеңдеріне тоқталыңыз.

        4. Орта жас кезеңінде ересек адам психологиясында қандай өзгерістер болады?

Әдебиеттер:

          1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж. 49-54 беттер.

          2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005ж. 247-279 беттер.

          3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

          4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет