ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#134072
1   2   3   4   5   6

Негізгі ұғымдар: «адам» «жеке адам», «даралық», бағыттылық, мінез, қарым-қатынас, вербальды, вербальды емес, коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.«Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», «даралық» түсініктеріне анықтама беріңіз.

2.Жеке адамның психологиялық құрылымын ашыңыз.

3.Адамның өмірінде орын алатын еңбек пен қарым-қатынастың мазмұнын ашыңыз.

Әдебиеттер:



        1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

        2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995., 95-106 беттер.

        3. Немов Р.С. Психология. М., 1998.- 335-374 беттер.

        4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000.- 511-535 беттер.

        5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.- М., 1997 86-154 беттер.


Тақырып. Психика табиғаты туралы түсініктің дамуы. Психика мен сананың дамуы.

Дәріс жоспары:

1. Психика жоғары ұйымдастырылған тірі материяның қасиеті ретінде.

2. Адамда жоғары психикалық функциялардың дамуы.

3. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және қасиеттері.

4. Адам психикасы және ми.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамды А.Н.Леонтьев өзінің «Психиканың даму проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. Ол жануарлар психолгиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәледемелер келтіреді. Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді. Бұл концепцияда екі стадия. Бірінші - элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі деңгейлі: жоғарғы және төменгі. Екінші-перцептивті психика стадиясы. 3 деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы.

Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы:



Біріншіден, адамдар жануарларға қарағанда танымдық процестері ерекше сапаларға ие: қабылдау - заттылық сақтау, қайта жаңғырту т.б. Міне осы сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады.

Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау, тар. Олар өмірде өздері пайдаланған информацияны ғана пайдалана алады. Келесі ұрпаққа олар генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере алады. Келесі айырмашылық ойлау. Айтылған екі тіршілік иелері де туа сала қарапайым элементарлы мысалдарды көрнекі-әрекетті бағдарламада шешу алдында потенциалды қабілеттілікке ие.

Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар.

Антропопсихизм - Декарт есімімен байланысты. Психиканың пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамға тән. Келесі қарама-қарсы көзқарас - панпсихизм. Яғни табиғаттың бәрі жанды. Бұлардың арасында аралық көзқарас биопсихизм. Психика барлық материяға тән емес, тек тірі материяға тән. Нейропсихизм - психика барлық тірі материяға тән емес, ол кейбір организмдерге, соның ішінде нерв жүйесі барларға тән.

Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Айрықша ұйымдастырылған жоғарғы сатыда тұрған материяда ғана психикасы болады. Жоғарғы материя дегеніміз – ми, жүйке саласы. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінше, психиканың қалай дамып отыратынын біле алмаймыз.

Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Жүйке саланың құрылысы өте күрделі. Жүйкені зерттеу үшін ғылыми сан алуан әдістер қолданылады. Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу. Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.

Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

Адам табиғатының санасы. Сана - адам шындығының бейнесі. Сананың басты белгілері. Адам санасының психологиялык мінездемесі. Сана мазмұны және мағынасы. Адам санасын реттеудегі сөз қызметі. Сана жалпылаған адам шындығының бейнесі.

Сана дамуы және пайда болуы. Сана пайда болуының шарты және жай-күйі. Бірлескен адам шындығының өнімділігі, еңбекті орналастыру, бағытгаушы дифференциация және қарым-қатынас белсенділігі, тілді қолдану және қайта құру, басқа таңбалы жүйе, адамның материалды және рухани мәдениет құрылуы.

Сананың фило- және онтогенездік дамуының басты бағыттары. Адамда рефлекстік бейімдеушілік дамуы және пайда болуы. Түсінік жүйесінің құрылуы. Адамдардың психологиясы және әрекетінің тарихи жағдайларға байланысты өзгеруі.

Сана және санасыз. Санасыз түсінігі санасыздық психологиялық процестегі қолданылуы, адам жағдайы мен әрекеті. Адам тұлғасындағы санасыздық Түс көру санасыздардың көрсеткіші сияқты. Сана және санасыз арасындағы айырмашылық. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты.

Сана - адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Сана сөзбен байланысты. Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді. Сана сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады.

Негізгі ұғымдар: психика, психикалық бейнелеу, жүйке жүйесі, нерв жүйесі, антропопсихизм, биопсихизм, нейропсихизм, филогенез, онтогенез, сана, рефлекс.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Психика дегеніміз не?

  2. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай?

  3. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

  4. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылымы.

  5. Жүйке жүйесінің қызметі не арқылы жүзеге асады?

  6. Рефлекс дегеніміз не?

  7. Рефлекс терминін ғылымға кім енгізді?

  8. Сана дегеніміз не?

  9. Адам санасына психологиялық сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. –А., 1995.

  2. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М., 2000.-91-133 беттер.

  3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2000. 109-132 беттер.

  4. Тәжібаев Т. Жалпы психология. –А., 1993.-60-94 беттер.

  5. Жарықбаев Қ. Психология. –А., 1993.-28-47 беттер.


Модуль 2. Іс-әрекет және психикалық процестер психологиясы.

Тақырып. Әрекетке психологиялық талдау.

Дәріс жоспары:



  1. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

  2. Іс-әрекеттің құрылымы.

  3. Адам іс-әрекетінің түрлері және ерекшелігі.

  4. Тұлға іс-әрекетте және қарым-қатынаста.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді.

Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Адам іс-әрекетінің нәтижесі нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Және өз кезегінде осы қоғамның басқа мүшелерінің өнімі әр бір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.

Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады. Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат-міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді. Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс-әрекет итермелеген мотивтермен анықталады.

Адам іс-әрекетсіз және әлеуметтік қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды. Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектін объектпен байланысады.

Іс - әрекеттің құрылымы: мақсат, себеп, түрткі , әрекет.

Іс-әрекеттің қандай түрі болсада қозғалыста өтеді. Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз – сол іс - әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Мақсат заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді, алдын-ала бейнелеудің құралы. Іс-әрекет дегеніміз – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Әрекет- заттық (сыртқы) зат арқылы жасайды, ақыл-ой (ішкі психикалық)- жаттау. Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі.

Адам іс-әрекеттінің барысын күні бұрын жоспарланған бейнелер мен ой түрінде баста жүрген қаракетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшалау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Әрекет акцепторы - әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойылған мақсатпен салыстыру.

Білім дегеніміз – адамның іс-әрекетке тұрақты араласа отырып іс-әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына көтеретін көрсеткіш. Білімсіз іс-әрекет мүмкін емес. Дағды - әрекеттің қайталау нәтижесінде автоматталуы. Іс-әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті. Ойын баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу айналадағы дүние тану жолы. Оқу - еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны, іскерлікті жүйелі игеру процесі. Еңбек – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.

Негізгі ұғымдар: іс-әрекет, ойын, оқу, еңбек, дағды, іскерлік, білім, қозғалыс, мақсат, себеп, түрткі , әрекет.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



    1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.

    2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?

    3. Дағды, іскерлік және әдетке анықтама беріңіз.

    4. «Мотив» және «мақсат» түсініктерін талдаңыз.

    5. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

    6. Оқу іс-әрекеті дегеніз не?

Әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-57-84 беттер.

2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-106-114 беттер.

3. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-145-165 беттер.

4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000.-443-511 беттер.

5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977.



Тақырып. Топтарға психологиялық сипаттама.Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас.

Дәріс жоспары:



  1. Топ және ұжым туралы түсінік.

  2. Топ түрлері, сипаты.

  3. Ұжым және оның негізгі белгілері.

  4. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Топтар әртүрлі себеппен негізделіп жіктеледі. Қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлығымен. Құрылу принципімен жолдары. Жеке адамның топтық нормаларына көз қарасы.

Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады. Шағын және бастапқы топтар. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Нақты топ адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттеріне орындауға жұмсалған өмір сүріп тұрған бірлестігі.

Формалды және формалды емес топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми документтер негізінде құралады. Формаларды топтардағы өзара қарым-қатынас нұсқаулары бірдей болған жағдайдың өзінде бір-біріне ұқсас келуі мүмкін емес, өйткені ондағы адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі, қатынас жасау істилі бірдей болмайды. Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көз қарас топтары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Топтардың даму деңгейі. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады.

Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы. Ұжым ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Топқа әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиялық мұндай адамды «лидер» деп атайды. Қарым – қатынасты екі негізгі аспект ретінде қарастыруға болады, біріншісі, адамдармен қарым – қатынасқа түсе отырып, түрлі қасиеттерге ие болу, екіншісі, өзін тыңдау. Қарым – қатынастың түрлері көп. Жеке қатынастар. Дара қатынастар. Топтық қатынастар. Қарама -қарсылықты қатынастар Дау-дамайлы. Үйлесімді. Үйлесімсіз қатынастар. Амбиваленттік қатынастар. Альтруистік.

Негізгі ұғымдар: топ, ұжым, шағын топ, бастапқы топ, шартты топ, нақты топ, лидер, тұлғааралық қарым-қатынас, жеке қатынас, дара қатынас, формалды топ, формалды емес топ, референт топ.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Топ дегеніміз не?

  2. Ұжым дегеніміз не?

  3. Ұжымның негізгі белгілері қандай?

  4. Лидер деп кімді айтамыз?

  5. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  6. Топтағы және ұжымдағы тұлғағаралық қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-А., 1995.

2. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-511-601 беттер.

3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.-247-293 беттер.

4. А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология коллектива. М., 1998.

5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М.,-2001.-9-49 беттер.

6.Андреева Г.М. Социальная психология.-М., 1996.


Тақырып. Түйсік.

Дәріс жоспары:



  1. Түйсік туралы жалпы түсінік.

  2. Түйсіктің физиологиялық механизмі.

  3. Түйсіктің түрлері.

  4. Түйсіктің қасиеттері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсіктегі, негізгі дүние танудың алғашқы табалдырығы – осы түйсік. Объективтік реальдық материалдық дүниенің мәліметі адамға ең алдымен осы қақпа – түйсік – арқылы жетіп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.

Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды.

Дәм түйсіктері – түйіспелі контакты түйсік, ол сезім мүшесі заттың өзімен жанасқанда ғана пайда болады. Дәм білетін мүше – тіл. Дәмдік тітіркендіргіштердің дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды. Тері түйсіктері – тері қабаттарында тактиль (жанасқанда түйсіну), температура (суық, ыстық) тері сезгіштігінің барлық түріде – түйісу сезгіштігіне жатады. Статикалық түйсіктер – статикалық немесе гравитациялық сезгіштік денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіреді. Кинестезиялық түйсіктер деп дененің деке бөлімдерінің қимылы мен қалпын түйсіну айтылады. Органикалық түйсіктер – рецептор ұштарының көбі ішкі мүшелерде орналасқан.

Түйсіктің қасиеттері. Түйсік заңдылықтары туралы айтқанда екі түрде айырып қарау керек.

– түйсіктермен тітіркендіргіштердің арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизиологиялық заңдылықтар;

– түйсіктердің сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар.

Адаптация – (лат. аударғанда – үйлесу, икемделу, бейімделу) - түйсіну процесінің психофизиологиялық заңдылықтарының ерекше байқалатын түрі. Адаптация – сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі. Контраст – ілгергі және қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны мен сапасының өзгеруі. Синестезия – (грек сөзі қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді)- тітіркендіргіш сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына, сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдай жасауы. Сенсибилизация – (лат. сөзі сезгіш деген мағына) сезгіштіктің артуын көрсетеді.

Сонымен бүгін біз таным процесі түйсікті қарастырдық. Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді айтамыз. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды формасы.



Негізгі ұғымдар: сезгіштік, түйсік, дәм түйсіктері, тері түйсіктері, статикалық түйсіктер, кинестезиялық түйсіктер, органикалық түйсіктер, адаптация, синестезия, сенсибилизация.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:



  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Түйсіктің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз.

  3. Түйсіктің түрлерін атаңыз.

  4. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  5. Адаптация дегеніміз не?

  6. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

  7. Түйсіктің қасиеттерін атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-97-115 беттер.

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.-120-144 беттер.

  3. Алдамұратов Ә.Жалпы психология.-А., 1995.-31-37 беттер.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-165-180 беттер.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000-177-220 беттер.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1995.-167-172 беттер.


Тақырып. Қабылдау.

Дәріс жоспары:



  1. Қабылдау туралы түсінік.

  2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

  3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасыңдағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағынанда болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті, т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдауымызда. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың заттылығы – бізді қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады. Онымен бірге қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі.

Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон.

Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Түйсіксіз қабылдау болмайды, қабылдаусыз түйсік болмайды. Олар бір-бірімен өзара байланысты.

Негізгі ұғымдар: қабылдау, талдағыштар, апперцепция, тұрақтылқ, иллюзия, фигура және фон, уақытты қабылдау, кеңістікті қабылдау, затты қабылдау, аккомадация, конгервенция, дивергенция.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:



  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  4. Апперцепция дегеніміз не?

  5. Қабылдаудың қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993.-115-129 беттер.

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.-33-41 беттер.

  3. Тәжібаев Т. Жалпы психология.-А., 1995.-144-159 беттер.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998.-181-201 беттер.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., -225-256 беттер.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997-25-30 беттер.


Тақырып. Ес. Елестету.

Дәріс жоспары:



  1. Ес туралы жалпы түсінік.

  2. Естің процестері.

  3. Ассоциациялар туралы түсінік.

  4. Естің түрлері.

  5. Елес, елестің типтері.

  6. Естің даралық ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланыстыпайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді:

а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі;

б) өзара ұқсастығы;

в) бір- бірінен айырмашылығы мен қарама- қарсылығы.

Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мыныдай үш түрі жасалады:

1.Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк)- сары).

2.Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер).

3.Қарама- қарсылық ассоциациялар (ақ- қара; ұзын- қысқа т.б.).

Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П.Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер. Естің түрлері. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл- қозғалыс, эмоциялық- сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік- мағыналық (логикалық); Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай- ақ оперативтік ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап- мнемометр арқылы өлшенеді.

Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс - әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін – бірі толықтырып отырады..Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Елес қазіргі жағдайдағы қалыптаспаған затты немесе құбылысты бейнелейтін үрдіс ретінде. Елестің типтері: естің елестері және қиял елестері. Елестің негізгі сипаттары: көрнекілік, фрагменттік, тұрақсыздық және қысқа мерзімдік. Естің даралық ерекшеліктері. Адам өміріндегі аса манызды психикалық процесс – ес – ақыл – ой кені. Ақыл – ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән- мазмұнын терендете түспек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет