ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Тақырып -15. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары



бет6/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#134072
1   2   3   4   5   6

Тақырып -15. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары.

Мақсаты: студенттердің тақырып бойынша дәрісте меңгерген білімдерін толықтыру және жетілдіру.

Жас дамуындағы дағдарыстарға психологиялық түсініктеме. Жас дамуындағы дағдарыстары ұғымы мен мәні.



Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында дағдарыстан шығу жолдарын ашып көрсету.

Бақылау сұрақтары:



    1. Жас дағдарысына анықтама беріңіз.

    2. Орта жас кезеңіндегі дағдарысқа сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1997 ж.

  2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005.-121,131,259, 279 б.

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М,2001.-270, 312,341б.


4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА) --- (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған)


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
БӨЖ. №1

Тақырып. Психологияның методологиялық принциптері.

Мақсаты: психология пәні және зерттеу әдістерінің ерекшелігі, психология ғылымы туралы түсінігін кеңейтіп, білімдерін бекіту. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істей білуге, негізгі ойларын көрсете білуге, конспектілеу іскерліктерін дамыту.

Талқылау сұрақтары:



      1. Психология ғылым ретінде.

      2. Психологиялық зерттеудің әдістері.

      3. Қазақстанда психология ғылымының дамуы.- слайд

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, Қазақстанда психология ғылымының дамуына көп зейін бөлу.

Әдебиеттер.


    1. Тәжібаев Г. Жалпы психология. 120-144 б.

    2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 б.

    3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 б.

    4. Немов Р. С. Психология.Т-1.М.,1998.- 165-180 беттер.

БӨЖ. №2

Тақырып. Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: қарым – қатынас туралы білімдерін бекіту. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.

Талқылау сұрақтары:



      1. Адамның психикалық дамуындағы қарым – қатынастың рөлі.

      2. Қарым-қатынастағы вербальды емес құралдар.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001;

2. Федосихина А.А., Кашник О.И., Звягиндцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. М., 1998;

3. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000


БӨЖ. №3

Тақырып. Түйсік және қабылдау.

Мақсаты: дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің негіздері түйсік пен қабылдау туралы түсінік қалыптастыру. Түйсік пен қабылдаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылыми теориялық ұғымдардың өмірлік тәжірибесімен байланысын анықтау.

Талқылау сұрақтары:

1.Түйсіктер туралы жалпы түсінік және олармен байланысты жалпы психологиялық проблемалар.

2.Түйсік заңдылықтары. Түйсіктер қалыптасуының психофизиологиялық механизмдері.

3.Қабылдау оның түрлері мен қасиеттері, физиологиялық негізі.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, түйсік пен қабылдаудың түрлерімен қасиеттеріне көп зейін бөлу.

Әдебиеттер:



        1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

        2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

        3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

        4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


БӨЖ. №4

Тақырып. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.

Мақсаты: тұлға теорияларын салыстырмалы талдау.

Талқылау сұрақтары:



  1. Тұлға туралы психологиялық түсінік.

  2. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері.

  3. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер :

1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997

2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990

3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997



БӨЖ. №5

Тақырып. Мінез және темперамент.

Мақсаты: мінез және темперамент туралы тұжырымдарды талдау.

Талқылау сұрақтары:



  1. Жеке адам және темперамент.

  2. Мінез және темперамент.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

2.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

3.Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997



БӨЖ. №6

Тақырып. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Мақсаты:

Талқылау сұрақтары:



  1. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

  2. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

  3. Жасөспірімдер психологиясы.

Әдістемелік нұсқау:

Конспектілеу тірек-сызбамен, негізгі ойларын көрсету, сұрақтың мағынасын ашу.

Әдебиеттер:

1. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под.ред. И.Дубровиной.

2. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

3. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен, А., 1987ж. 67б.




БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

Модуль 1. Психологияға кіріспе.

Психология ғылым. Психология әдістері. Адамды психологиялық жағынан талдау- таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ретінде тану. Психика табиғаты туралы түсініктің дамуы. Психика мен сананың дамуы.

  1. Психология ғылымы нені зертейді?

  2. Психикалық күймен психикалық процестердің негізгі айырмашылықтары.

  3. Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не?

  4. Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай?

  5. Психологиялық тестердің қандай түрлері бар.

  1. «Адам», «жеке адам», «жеке тұлға», «даралық» түсініктеріне анықтама беріңіз.

  2. Жеке адамның психологиялық құрылымын ашыңыз.

  3. Адамның өмірінде орын алатын еңбек пен қарым-қатынастың мазмұнын ашыңыз.

  4. Психика дегеніміз не?

  5. Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері қандай?

  6. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

  7. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылымы.

  8. Жүйке жүйесінің қызметі не арқылы жүзеге асады?

  9. Рефлекс дегеніміз не?

  10. Рефлекс терминін ғылымға кім енгізді?

  11. Сана дегеніміз не?

  12. Адам санасына психологиялық сипаттама беріңіз.


Модуль 2. Іс-әрекет және психикалық процестер психологиясы.

Әрекетке психологиялық талдау. Топтарға психологиялық сипаттама. Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас.

  1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.

  2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?

  3. Дағды, іскерлік және әдетке анықтама беріңіз.

  4. «Мотив» және «мақсат» түсініктерін талдаңыз.

  5. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

  6. Оқу іс-әрекеті дегеніз не?

  7. Топ дегеніміз не?

  8. Ұжым дегеніміз не?

  9. Ұжымның негізгі белгілері қандай?

  10. Лидер деп кімді айтамыз?

  11. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  12. Топтағы және ұжымдағы тұлғағаралық қарым-қатынастарға сипаттама беріңіз.


Түйсік. Қабылдау. Ес. Елестету. Ойлау. Сөйлеу.

  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Түйсіктің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз.

  3. Түйсіктің түрлерін атаңыз.

  4. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  5. Адаптация дегеніміз не?

  6. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

  7. Түйсіктің қасиеттерін атаңыз.

  8. Қабылдау дегеніміз не?

  9. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  10. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  11. Апперцепция дегеніміз не?

  12. Қабылдаудың қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  13. Ес дегеніміз не?

  14. Ассоциация дегеніміз не?

  15. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз?

  16. Естің жеке ерекшеліктері қандай?

  17. Елес дегеніміз не?

  18. Елестің типтерін атаңыз.

  19. Ойлау дегеніміз не?

  20. Ойлау әрекетінің кезеңдеріне тоқталыңыз.

  21. Ойлау түрлерін атаңыз.

  22. Ойлау формаларына (ұғым, пікір, ой қорытындылары) анықтама беріңіз.

  23. Абстракция дегеніміз не?

  24. Нақтылау деген не?

  25. Жалпылау деген не?

  26. Сөйлеу дегеніміз не?

  27. Сөйлесу дегеніміз не?

  28. Ішкі сөйлеу дегеніміз не?

  29. Диалогты сөйлеу дегеніміз не?

  30. Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз.


Модуль 3. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

Психикалық жағдайлар. (зейін, тұлғаның эмоциялық-еріктік жағы)

  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Зейіннің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

  3. Зейіннің қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз

  4. Ерік дегеніміз не?

  5. Еріктік әркетті сипаттаңыз.

  6. Эмоция дегеніміз не?

  7. Сезім дегеніміз не?

  8. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз.

  9. Аффект дегеніміз не?

  10. Стресс дегеніміз не?


Темперамент. Мінез. Қабілет.

1.Темперамент дегеніміз не?

2.Темперамент типтерін атаңыз.

3.Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

4. Мінез дегеніміз не?

5. Мінез бітістері дегеніміз не?

6. Мінездің құрылымын ашыңыз.

7. Мінез және темпераменттің байланысын ашыңыз.

8. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

9. Қабілет дегеніміз не?

10. Нышан дегеніміз не?

11. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

12. Дарындылық түсінігін ашыңыз.

13. Талант, данышпандылыққа анықтама беріңіз


Модуль 4. Даму психологиясы және психикалық жас дамуының кезеңдері.

Даму психологиясы пәні. Психика дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері. Психикалық дамудың түрлі теориялық көзқарастар негізіндегі жас кезеңдері. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық дамудың ерекшеліктері. Жасқа байланысты дағдарыстардың пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен шығу жолдары.

1. Даму психологиясы нені қарастырады.

2. Даму психологиясының әдістеріне анықтама беріңіз.

3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсетіңіз



  1. Кезеңдер мәселесінің жалпы тәсілдері?

  2. Сыртқы критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері?

  3. Ішкі критерийлері бойынша баланың даму кезеңдері?

  4. Бала дамуының ішкі критерийлерінің ықпалы?

  5. Эриксон бойынша тұлғаның даму кезеңдері

  6. Н.И.Козлов бойынша тұлғаның даму кезеңдері

  7. Тұлғаның даму деңгейі және тұлға дамуының жас ерекшелік

  8. Жас ерекшелік дағдарыстың психикалық ерекшліктеріне сипаттама беріңіз

  9. Жас ерекшелік дағдарыс түсінігі және табиғаты анықтама.

КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1- нұсқа

1.Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін қалаған :

а) Бехтерев.

б) Фрейд.

в) Вундт.

г) Выготский.

д) Ушинский.

2. Қазіргі психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ деп саналады:

а) генетикалық.

б) референтометрия .

в) эксперимент .

г) тест .

д) әңгіме.

3.Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік:

а) анимизм.

б) монизм.

в) идеализм.

г) дуализм.

д) панпсихизм.

4.Темпераментті алғаш рет сипаттаған:

а) Аристотель.

б) Платон.

в) Гиппократ.

г) Кречмер.

д) Павлов.

5.Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім:

а) Мұқанов.

б) Алтынсарин.

в) Аймауытов.

г) Абай.

д) Жарықбаев.

6.Түс көру деген не:

а) шындыктың санадан тыс бейнеленуі .

б) қиялдың пассивті түрі .

в) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі .

г) галлюцинацияның ерекше түрі .

д) қиялдың активті түрі.

7.Сана айқындалады:

а) адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен .

б) таптық бағыттылықтың өзгеруімен .

в) формациялардың ауысуымен .

г) табиғатпен.

д)мәдениетпен.

8.Зейіннің бір сәтте бірнеше объектілерді қамтып алу қасиеті:

а) концентрация .

б) көлемі .

в) тұрақтылығы.

г) ауысуы .

д) бөлінуі.

9.Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады :

а) дамудағы акселерация .

б) госпитализм құбылысымен .

в) қоршаған ортаның әсері .

г) сензитивтілікпен .

д) сенсибилизациямен.

10.Психика дегеніміз :

а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті.

б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.

в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.

г) бас ми материясының субстраты.

д) бақылаудың, жанның көрінісі.

11.Бір объектіні екіншісінен гөрі ерекше бөліп алу қабылдаудың кандай қасиетімен байланысты:

а) заттылығы.

б) құрылымы.

в) тұтастығы.

г) тұрақтылығы .

д) таңдамалығы.

12.Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар:

а) ерікгі мінез.

б) талант.

в) дарындылық.

г) нышандар.

д) қабілеттер.

13.Тұлға аралық қарым - қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі:

а) либеральды .

б) авторитарлы .

в) демократиялық.

г) қол астына алу.

д) конфронтация.

14.Әрекетті игеру максатында оны саналы түрде қайталау:

а) әдет:


б) жаттығу.

в) іскерлік.

г) дағды.

д) бағдарлаушылық әрекет.

15.Жеке тұлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады:

а) темперамент.

б) қабілеттер.

в) мінез.

г) ec.

д) зейінділік.



2- нұсқа

1.Қоршаған ортадағы құбылыстар мен затгар жайындағы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ететін психикалық процесі:

а) түйсіктер.

б) қабылдау.

в) ойлау.

г) қиял.


д) ес

2.Бұрын қабылдау негізінде жаңа бейнелер жасауды қамтамасыз ететін психикалық процесі:

а) түйсіктер.

б) қабылдау.

в) ойлау.

г) қиял.


д) ес.

3.Кейбір адамдарда музыка дыбыстарының әсері белгілі бір түйсіктерді (ақ, қызыл) елестетін процесі :

а) сенсибилизация.

б) синестезия.

в) бейімделу.

г) интериоризация.

д) экстериоризация.

4.Дыбысты ести отырыл музыканттың айыру кабілеттілігі камтамасыз етіледі (мысалы "до" жөне "до - диез"):

а) синестезия кұбылысымен..

б) сенсибилизациямен.

в) жүйкенің қозғыштығымен.

г) адаптация арқылы.

д) сезгіштіктің абсолютті табалдырығы.

5.Үміт пен идеалға көңіл қалу қалай аталады:

а) конформизм.

б) фрустрация.

в) депрессия.

г) апатия.

д) агнозия.

6.Жоғарғы нерв іс - әрекеттері теориясының негізін салушы:

а) И.П. Павлов.

б) В. Д. Теплов.

в) С.В. Небылицын.

г) И.М.Сеченов.

д) В.М.Бехтерев.

7.Б.Г.Ананьев бойынша әдістер классификациясы :



  1. Эмпирикалық берілулер әдісі

2) Негізгі әдістер,

3) Ұйымдастырушылық әдістер,

4) Берілулерді сандық және сапалық талдау әдістері,

5) Интерпретациялық әдістер,

6) Интраспективті әдістер. Дұрысын белгіле.

а) 1,2,5,6.

б)1,3,4.

в)2,3,4,6.

г) 1,3,4,5.

д)1,2,4,6.

8.Зерттелген объектіге зейінін шоғырландыра алмау кабілеті шартталынады:

а) стреспен

б) алаңғасарлықен

в) ырықсыз зейінмен

г) үйреншікті зейінмен

д) қабылдаудың тандамалылығымен

9.Әсершілдік пен тез ренжігіштікпен сипатталатын темперамент типі :

а) меланхолик.

б) холерик.

в) сангвиник.

г) флегматик.

д) флегмахолик.

10.Басқалардың қолынан келмейтін деңгейде творчестволық іс - әрекетті орындауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалық сапа?

а) қабілеттілік.

б) дарындылық.

в) данышпандық

г) сензитивтілік.

д) сенсибилизация.

11.Жауап беру реакциясы баяу жүретін темперамент типі :

а) меланхолик.

б) холерик.

в) сангвиник.

г) флегматик.

д) флегмахолик.

12.Жеке тұлганы калыптастыратын процесс:

а) іс - әрекет.

б) тәрбие.

в) окыту.

г) ерік сапаларының дамуы.

д)сенсибилизация.

13.Өзгерген қоршаған орта жағдайына тез бейімделуімен сипатталатын темперамент типі:

а) меланхолик.

б) холерик.

в) сангвиник.

г) флегматик.

д) флегмахолик.

14.Сана дегеніміз:

а) Рефлексияға қабілеттілік.

б) болмысты психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі, қоғамдық тарихи дамудың жемісі.

в) субъектінің сезімдік және ақыл-ойлық бейнелерінің жиынтығы.

г) қоршаған ортадағы өзгерістерге пара-пар жауап беру қабілеттілігі.

д) психиканың көп функционалды жүйесі.

15.Балалық шақта қоршаған орта шындығын игеру процесі жүретін іс - әрекет түрі:

а) оқу.


б) еңбек.

в) ойын.


г) өнімділік.

д) қарым – қатынас.



Тест тапсырмаларының кілті

Сұрақтардың нөмірі 1 нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

В

В

А

В

В

Б

А

Б

В

А

Д

Г

Б

Б

А

Сұрақтардың нөмірі 2 нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

Г

Б

Б

Б

А

Г

Б

А

В

Г

А

В

Б

В





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет