ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Қабылдау процесіндегі фон мен фигура



бет4/12
Дата19.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#146910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қабылдау процесіндегі фон мен фигура

Адамның сезім мүшелеріне әр түрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлдыр, көмескі боп қабылданады. Қабылдау процесінде белгілі уақыт кезеңінде айқын көрініп тұрған зат фигура болып есептеледі де, ал күңгірт көрінетін басқа заттар оның фоны болады.

Фон мен фигураның түрлі жағдайларға қарай орын ауыстырып отыруы мүмкін. Мәселен, студент сөреден психология оқулғын алып жатқан кезде, көңілі оның қасындағы Л.Н.Толстойдың «Анна Каренина» атты романында ауып кетті. Сол кезде адамның қабылдауында «Анна Каренина» фигура болып қабылданады да, психология оқулығы басқа кітаптармен бірге фон қатарына қосылып кетті.

Апперцепция

Қабылдау қай жағынан алсақ та, ол-адамның тәжірибесімен және қабылдайтын объектісімен бұрын таныс не таныс еместігімен байланысты болатынын аңғарамыз. Ол- адамның білім дәрежесімен, көзқарасымен, психологиялық қалпымен тығыз байланысады.

Қабылдаудың адамның өткен тәжірибесіне, жалпы психикалық өмір мазмұнына тәуелділігін апперцепция деп атайды.

Апперцепция тұрақты немесе уақытша болып екіге бөлінеді. Апперцепцияның тұрақты түрі адамның дүниеге көзқарасы, профессиялық әрекетіне табандылық көрсетуіне, оның психика құрылымына байланысты; екінші түрі адамның қабылдау кезіндегі көңіл күйіне, психикалық қалпына тәуелді болады. Идеалистік психологияның өкілдері немістің педагог психолгы Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) пен психофизиологиялық пареллелизм теориясын жақтаушы неміс буржуазия психологы Вильгельм Макс Вундт (1832-1920) және казіргі буржуазия психологиясының метафизикалық бағытын ұстаушы гештальт-психология да апперцепцияны адам жанының метафизикалық белсенділігінен басқа ештеңе емес деп түсіндірді. Бұл- ғылыми психологияға мүлдем жанаспайтын пікірлер.

Апперцепция, ең алдымен, алдымен, адамның еткен әрекетінің барысында объективтік заңдылықтарды бейнелейтін мидың қасиеті. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, апперцепция-адамның өмір тәжірибесінде жасалған уақытша нервтік байланыстардың жаңадан жасалып жатқан байланыстарға ми қыртысының әсер ететін системалы әрекеті.

Кеңістікті қабылдау

Кеңістікті қабылдау, уақыт пен қозғалысты қабылдау сияқты, өте күрделі процестердің бірі. Бұл қабылдаулар кенеттен тумайды олар адамның өмірлік тәжірибесімен байланысты бірте-бірте пайда болады. Кеңістікті қабылдау деп заттардың үлкендігін, алыстығын, түрін олардың қатынасын, бағытын айтады.

Кеңістік, уақыт сияқты шексіз де шетсіз. Расында да, біз кеңістік ішінде қай жаққа қозғалсақ та және бастапқы шыққан орнымыздан қанша қашық кетсек те, ешқайда, ешқашан да әрмен қарай қозғалуға болмай қалатын шек болмайды. Шексіздік пен шетсіздік -кеңістіктің екі түрлі сипатамасы. Ғылым ілгері қадам басқан сайын әлем кеңістігіне терең бойлап, адам баласының талай табыстарға жетіп отырғанына өзіміз куәміз. Жаңадан жасалған радиотелескоптар жарығы бізге 10 миллиард және одан да көп жылдарда ғана келіп жететін жұлдыз системаларын табуға мүмкіндік беріп отыр. Мұндай зор қашықтықты көрнекі түрде елестету мүмкін емес болатын. Ал жұлдыз системалары бізден қанша алыс тұрғанмен, олардың ар жағында аспанның тағы да басқа алып денелері бар екендігіне күмән келтірмейтіндей дәлелдеріміз бар.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүшесі ғана емес, кинестезиялық анализатор мен тері түйсігі де белсенді түрде қатынасып отырады. Мәселен, іштен соқыр болып туған баланың көзіне операция жасағанымен, ол шарды жай дөңгелектен, төрт бұрышты нәрсені үш бұрышты нәрседен айыра алмаған. Ал екі нәрсенің арасындағы қашықтықты қойып, «енді ал» деп тапсырма бергенде, ол қолын олай-бұлай созып, дәл ұстай алмай, ақырында қармалап барып, қолын жаңағы нәрсеге әрең дегенде жеткізген. Бала нәрсені қолына алып, сипап байқағаннан кейін ғана оның үлкендігін, формасын, басқа сипаттарын айыра бастаған. Бұл-тәжірибенің арқасында туатын қайталаудың нәтижесі.



Уақытты қабылдау

Уақыт-үнемі қозғалыста болып отыратын материяның өмір сүруінің объективтік шын формасы. Материяның өмір сүру формасынан материялық процесердің өрістету тізбегі, олардың ұзақтығы, шексіз дамуы көрініп отырады. Материялық процестер кеңістікте барлығы бірдей бір мезгіле бола бермейді: олардың біреуі ерте, біреуі кеш дамиды. Процестердің айырмашылығы қашан басталғандығында емес, қанша ұзақтыққа созылғандығында. «Дүниеде қозғаушы материядан басқа еш нәрсе жоқ, ал қозғаушы материя кеңістікпен уақыттың ішінде қозғалмайынша басқаша қозғала алмайды», дейді.

Екінші сөзбен айтқанда, уақыт –дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп, жаңа заттардың олардың орнын басып отыруының көрсеткіші. Уақыт пен кеңістіктен тыс ештеңе ешқашан болған жоқ.

Қабылдаудың тұрақтылығы

Қабылдаудың тұрақтылығы заттардың үлкендігін, түрін, түсін көзбен анық байқауына байланысты.Физикалық жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттарды өзгертпей қабылдау, бір қалыпта бейнелеу қабылдаудың константтылығы деп аталады.

Заттардың түсін қабылдағанда да константтылық кездеседі. Мәселен, ақ қағазды сарғылт электр жарығымен қарасақ та, күндіз шаңқай түсте қарасақ та, ол ақ болып қабылданады, бірақ көру анализаторымызда ол жаңағыдай өзгерген күйінде көрінеді. Заттарды көзіміздің бейнелеп көру қалпына қарай емес, заттың өзіне тән, шындыққа сай қалпына қарай қабылдаймыз. Қабылдаудың константтылығы жүре бара пайда болады, ол- адамның іс-әрекетінің арқасында қалыптасады. Анализаторлардың өз ара байланысы қабылданып отырылған заттарды объективтік түрде дұрыс та дәл бейнелеуге көмектеседі.

Көру иллюзиялары

Көр иллюзиялары деп заттардың алыстығын, түрін үлкендігін қате, жаңсақ қабылдауын айтады. Айналадағы заттарды шаққа, осы шақтан келер шаққа ауысып, бір бағытта жүріп отырады. Уақиғалардың ауысып отыруы-олардың объективтік белгісі. Ондай тізбектілік жеке адамның түйсігі мен қабылдауы арқылы болатын субъективтік құбылыс емес, ол адам санасынан тәуелсіз өтіп жатады. Уақытты қабылдау деп шындық құбылыстардың тізбегін, бір ізділігін, тездігін, объективтік ұзақтығын бейнелеу процесін айтамыз.

Ритм деп уақыт барысында кездесетін құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жатқан бір ізділігінің түрін айтады. Уақыт қабылдаудағы тағы бір еске алатын мәселе –темпті қабылдау. Темп деп уақыт барысында өтіп жатқан құбылыстардың бір ізділігінің тездігі мен баяулығын айтады. Мәселен, үйреншікті ана тілінде сөйлегендегі темп тез болады да, әлі толық меңгеріліп болмаған шет тілінде сөйлеу баяу айтылады. Темп қабылдаудың да белгілі эмоциялық бояуы болады. Мысалы, ленто, модерато, аллегро сияқты музыкалық темптерде әр түрлі көңіл күйін білдіру байқалады.

Негізгі ұғымдар: сезгіштік, түйсік, дәм түйсіктері, тері түйсіктері, статикалық түйсіктер, кинестезиялық түйсіктер, органикалық түйсіктер, адаптация, синестезия, сенсибилизация, қабылдау, талдағыштар, апперцепция, тұрақтылқ, иллюзия, фигура және фон, уақытты қабылдау, кеңістікті қабылдау, затты қабылдау, аккомадация, конгервенция, дивергенция.

Өзін -өзі бақылау сұрақтары:



  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Түйсіктің физиологиялық механизмін түсіндіріңіз.

  3. Түйсіктің түрлерін атаңыз.

  4. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  5. Адаптация дегеніміз не?

  6. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

  7. Түйсіктің қасиеттерін атаңыз.

  8. Қабылдау дегеніміз не?

  9. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  10. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  11. Апперцепция дегеніміз не?

  12. Қабылдаудың қасиеттерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 2010.

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995.

  3. Алдамұратов Ә.Жалпы психология.-А., 2011.

  4. Немов Р.С. Психология. М., 2010.

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1995.



Тақырып. Ес. Ойлау және сөйлеу.

Дәріс жоспары:

1.Ес туралы түсінік.

2.Ес теориялары мен түрлері. Есті дамыту жаттығулары.

3.Ойлау және сөйлеу.

4. Ойлау мен сөйлеудің түрлері.

5.Ойлау мен сөйлеудің генетикалық негізі. Сөйлеудің негізгі қызметі.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Ес процесі

Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл күйлерін ойда сақтап қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша нерв байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырада, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысып кездестіргенде, бұрынғы болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртудыеске түсіру деп атайды. Өз қасында жоқ кісінің образы еске түседі.

Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады: бұрын оқыған кітабымызды көрсек болды, оны танимыз. Оқыған кітабыңды көргенде оның мазмұны, образдары немесе конфликтісі еске келеді. Қабылдаған нәрсенің есте қалғаны -естің материялы, есте сақталып, қайта жаңғыртылғаны-естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны-сөзбен айтылған материал. Адамның өзінің, басқа кісінің ойы, бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану-естің процестері.

Естің адам тіршілігінде, іс-әрекетінде алатын орны үлкен. Адам естің арқасында еп пен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, ақыл өрісін кеңітеді. Ой еңбегі де, дене еңбегі де білімге, еп дағдыға сүйеніп, естің көмегімен іске асады. Есте қалдырып отырған нәрсенің аты сөзбен аталғанда, уақытша нервтік байланыс тек нәрсенің образдарының арасында ғана жасалып қоймайды, сөздердің арасында да жасалады. Адамның барлық психика құбылыстары сияқты, ес те өмір тәжірибесінде еңбек әрекетінің жағдайында қалыптасқан адамның жеке басының өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Кісінің нені есте қалдырып, нені қайта жаңғыртатыны өзіне керекті өмір жағдайымен байланысты. Есте қанша ұстайтыны, қандай жеңілдікпен еске түсіріп, қалай танитыны адамның мақсат-мүддесін, игі-қызығына, бейімділігіне, әдетіне, нені қажетті, нені бағалы деп қадірлейтініне байланысты.



Есте қалдыру және оның түрлері, әдістері

Ес әрекеті есте қалдырудан басталады. Адамның тіршілігінде қабылдағаны, ойлағаны, басынан кешіргені есінде қалады. Қабылдау процесінде тітіркендірген нәрсенің ми қабығында ізі қалады да, нәрсе мен адамның өмір тәжірибесінің, білімінің және нәрсенің өз құрамындағы бөлшек, элементтерінің арасында байланыстар жасалады. Адам тітіркендіргіштердің әсерін ырықты не ырықсыз түрде, механикалық және мағыналы түрде есінде сақтайды. Есте қалдырудың әдістері бар: алға мақсат қоймай, сәтті ететін тәсіл қолданбай есте қалдырсақ, ырықсыз есте қалдыру болады. Адамның өмір тәжірибесінде кездесетін нәрселер, құбылыстар, күнделікті уақиғалар, басқа кісілердің қылығы, олармен сөйлескен сөздің мазмұны, көрген кинофильмнің, театрда ойнаған пьесаның, үйренейін де мақсат етпей оқыған кітаптың мазмұны сияқтылар ырықсыз түрде есте қалады.

Алға мақсат қойып, арнаулы тәсілдер қолданып есте қалдырып, ырықты есте қалдыру болады. Ырықты есте қалдыру - ұғып алу мақсатына бағынатын ақыл әрекеті. Оқу процесінде оқу материалын есте қалдыру үйреніп алу болады. Үйреніп алу дегеніміз- оқу материалын есте қалдырғанша әбден толық қайталап пысықтау. Өлеңді, анықтаманы, ережені, заңды, формуланы, тарихи күндері біліп үйреніп алу. Үйреніп алуды адам алдына мақсат етіп қойса, есте қалдыру нәтижесі болады. Мысалы, біз өзгеше түр сипатын әдейлеп ұғып алмасақ, төңірегіміздегі неше рет қабылдап жүрген нәрсенің түсін, формасын, көлемін дұрыс айтып бере алмаймыз. Ырықты, ырықсыз есте қалдырудың сәтті болуы - істі белсенділікпен және өздігінен орындауға байланысты. Адам материалды толық қабылдауды, шашаусыз түсінуді, өздігінен істеп орындауды мақсат ететін болса, есте қалдыру биік сатыға көтеріледі.

Географияны үйренгенде оқушы тек оқулықтың текстісін, география картасын ғана пайдаланатын болса, тау, өзен, көл, аралдардың атын есте қалдыруы қиынға түседі. Ал өздері география картасын қолданып жасайтын болса, есте қалдыруы әрі оңай, әрі орнықты болады. Радиоқабылдағыш, электордвигатель сияқты техникалық объектілерді де тек оқулықтан оқып үйренудпен гөрі, оларды жинап, ажыратып, талдап көрсе есте қалдыруы берекелі болады. Өйткені оқыту жұмысы еңбек тәжірибесімен тікелей байланысып отырады да, шәкірттерде ойлаудың күрделі процестері туады да, есте қалдырудың дәрежесі жоғарлайды.


Механикалық кесте қалдыру

Материалдардың ішкі мазмұны қадағаламай, сыртқы байланыстарын түсінбей (ұқпай) есте қалдыру механикалық болады. Механикалық есте қалдырғанда, үйреніп отырған материалдардың бөлшектерінің қалай ұштасқаны-сөздің, қимылдың алдыңғысының соңы, кейінгісінің алды қалайша түйіскені - есте қалады. Үйреніп отырғанымыз сөзбен айтылатын материал болса, сөздер бұлжымастан естіген ,оқыған қалпында есте қалады да, сөздер материалын ескеруіміз кетеді. Мысалы, меруерт және мандарин сөздерінің бірінен соң бірін айтып, бірнеше рет пысықтасақ, арасында іргелес ассоциация жасалады да, кейін біреуін айтқанда, екіншісі еске түседі. Шет тілден үйренген сөздер, ғылымның қиын атаулары, уақиғаның даталары, телефон нөмерлері, көшенің , кісінің- әсіресе шет ел адамдарының- аттары механикалық есте қалады.

Механикалық есте қалдырудың негізгі сүйенетіні- нәрселердің сыртқы байланысы, іргелес ассоциацияны және пысықтау. Пысықтаудың нәтижесінде есте қалады да, іргелес ассоциацияға сүйеніп жаңғыртылады. Оқу материалын жаттап алу да кейде түсінбей есте қалдыру түрінде жүзеге асады.

Мағыналы есте қалдыру

Материалды жақсы ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтай отырып еске түйіп қалу мағаналы есте қалдыру болады. Есте қалдыруды мағаналы ететін-ойлау. Ойлау процесі есте қалдырып отырған материалды, нәрсені анализдеп, синтездеп, дерексіздендіріп, жалпылай отырып, нәрсе мен адамның өмір тәжірибесінің, білімінің және нәрсенің құрамындағы элементтердің арасындағы шынайы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтайды. Мысалы: оқу материалын есінде мағыналы қалдырайын деген шәкірт оқығанын жақсы ұғынады, үйреніп отырғанының байланыс, қатынастарын анықтап айқын түсінеді. Мағыналы есте қалдырғанда сөз үлкен роль атқарады. Ойлау процестері тілдің көмегімен орындалады, байланыс, қатынастар сөздің қатынасымен анықталады. Оқу материалын мағыналы есте қалдырғанда адам әуелі кітаптың текісін түгел оқып түсінеді, көлемі үлкен болса, текст түгелімен оқылады да, ойлары, мағына байланысын сақтап, бірнеше бөлімге бөлінеді. Әр бөліміне мазмұнын елестететін ат қойылады.



Ойлау үрдісі

Түйсіктер, қабылдаулар мен елестер адамның түрлі анализаторларына бетпе-бет әсер еткен заттар мен құбылыстардың өзін, я жеке сипаттарын бейнелейтінін анықтадық. Бұл психикалық процестер біздің дүние тануымыздың сезімдік негізі болады. Бірақ адам баласы өзінің айналадағы шындықты бейнелеу әрекетінде танымның бұл сатысымен қанағат етіп отырмайды, оның таным өрісі де, өресі де бұл алғашқы сатыдан әлдеқайда кең және биік.



Ойлау – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау - таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғары процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау - адам баласына ғана меншікті психикалық процесс. Рас, адамға биология сатысында жақынырақ тұрған омыртқалы жануарларда да ойлаудың элементтері кездеседі. Мәселен, маймылдар өздерінің күнделікті өмірінде шешу тілейтін мәселе туса, белгілі түрде әрекет жасап оны шешуге тырысады, кейде шешеді де. Бірақ хайуандардың ойлауы - кездейсоқ ситуация да ғана оянатын ойлау. Мұндай әлдеқайда жағдайда ғана туатын ситуациялық ойлау олардың шындықты бейнелеу сатысын жоғары көтеру процесі емес. Негізінде, жануарлардың дүниені сәулелендіруі танымның қарапайым сатысы, яғни сезімдік таным дәрежесінде ғана өтіп жататын саты. Бұл процесс түйсік, қабылдау, елестер арқылы іске асады. Ал адамның дүние танымы, жануарлармен салыстырғанда, үздік ілгері кеткен, жоғары процесс.

Таным дегеніміз - көп жақты өзіндік айырмалшылығы бар бірнеше сатыларды қамтитын процесс.

Ойлаудың физиологиялық негіздері

Физиологиялық тұрғыдан алып қарасақ, ойлау – адам миының үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті. Ойлау процесін іске асыру үшін ми қабығы түгелдей қатынасып отырады. Ойлау процесі үшін ең алдымен мәні зор физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нервтік байланыстар.

Физиологиялық ғылымның соңғы кездегі табыстары анализаторлардың орталық бөлімдерінің арасында бұлжымас шекараның жоқ екендігін дәлелдеп берді. Ми орталықтарының бір-бірімен ұштасып тұратындығын анықтады. Ойлау бірінші сигналдық системаның нервтік байланыстарына сүйеніп қана қоймайды, ол екінші сигналдық системаның уақытша нервтік байланыстарына да сүйенеді. Сондықтан ойлау процесінің қызметіне мидағы сөйлеу орталықтары белсенділікпен қатынасып отырады. И.П.Павлов: «Ойлау сыртқы заттармен әуелі элементарлық түрде байланысып тұрған ассоциациялардан, содан соң тізбектелген ассоциациялардан басқа ештеңе емес. Ендеше, әрбір кішкене бірінші асоциация-бұл ойдың туу кезеңі»-деп тұжырымдайды. Бұл ассоциациялардың табиғаты туралы: «Уақытша нервтік байланыс – жануарлар өмірінде де, басымызда да универсал физиологиялық құбылыс, сонымен бірге ол – психикалық та құбылыс. Оны психологтар, мейлі ол амал мен әсер болмаса әріп, сөз бен ой қосындыларының жасалуы болсын, ассоциация деп атайды..

Физиологтар уақытша байланыс деп, психологтар ассоциация деп атайтын құбылыстарды қалай болса да айыруға, бір - бірінен бөлуге қандай негіз бар?» -дейді ұлы физиолог.

Бұл ассоциациялар жайылмалы қалыпта пайда болады да, реалды шындық байланыстарын тұтас күйде сәулелендіреді. Тек уақытша нервтік байланыстардың бірнеше қайталануының арасында айқындала түседі де, сыртқы дүние туралы түсінік беретін физиологиялық негіз болады. Бірінші сигналық системаның уақытша нервтік байланыстары сөз түрінде сыртқа тепкенде, адамға ұғым сатысында ойлауға мүмкіншілік туғызады. Адам ойлау процесінде бірінші, екінші сигналдық система тығыз байланыста тұрса да, екінші сигналдық система жетекші роль атқарады.
Ойлаудың формалары

Ойлау формалалары ұғым, пікір, ой қорытындысы болып үшке бөлінеді.



Ұғым – ойдың шын дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді сипаттарын бейнелейтін формасы.

Ойлау процесінде кездесетін ұғымның екі түрі болады: біріншісі – заттық немесе нақтылы ұғым; екіншісі – абстракт-дерексіз ұғым. Нақтылы ұғым-нақтылы формасы, бейнесі бар объектіге қатынасы бар ұғым. Мәселен, адам, бор, стол, танк, ракета, бидай т.б. Бұларды көзбен көруге, қолмен ұстауға болады. Абстракт-дерексіз ұғым деп жаңағыдай тұтас заттарға емес, олардың жеке сипаттарына, сапаларына, қалыптарына, заттар мен құбылыстардың өз ара байланыстары мен қатынастарына арналған ұғымдарды айтамыз. Мәселен, шексіздік, теңсіздік, қозғалыс, баға, тұрмыс, ақтық, биіктік т.б. Психологиялық құбылысы жағынан алып қарағанда, ұғым -жалпылаған ойлау образы. Ұғымның ішіне кірген объектілердің санына қарай оның аумағын, көлемін анықтауға болады. Көлемі жағынан ұғым дара және жалпы болып екіге бөлінеді.

Ұғымдардың мазмүны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашылып көрсетіледі. Пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінәра, дара болып бөлінеді. Пікірлер екі түрлі жолмен құралады: тікелей және жанама.

Ой қорытындалары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын шығарамыз. Ой қорытындыларының мынандай үш түрін ажыратамыз: дедукция, индукция, традукция. Дедукция – ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбейді.

Индукция - ой қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі.

Традукция – оған аналогия арқылы жасалалатын ой қорытындылары жатады. Бұл – жеке - дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі – силлогизм.



Ойлау операциялары

Ойлау операциялары анализдеу мен синтездеу, абстракциялау мен нақтылау, даралау мен жалпылау, салыстыру - топтау – жүйелеу деп бөлінеді.



Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері

Ойлаудың түрлері нақтылы іс-әрекет, нақтылы бейнелеу және абстрактілі ой.

Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның орамдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет – дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі.

Ой болжамы арқылы жұмбақ нәрселерді шешу

Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз - әр түрлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды жасау.


Сөйлеу үрдісі

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің бір және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір - тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.



Тіл. Тіл дегеніміз - өзіндік бейнелердің жүйесі. Ол белгілі шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық - әлеуметтік мәні.

Тілдік белгілердің екінші мәні- олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.



Тіл үш түрлі қызмет атқарады:

  1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.

  2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілідің мұндай қызметін ғылыми атауды коммуникативті қызмет деп атайды.

  3. Әрбір адамның өз мінез – құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адамның өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді.

Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады:

  1. Сөйлеудің коммуникатитік қызметі. Мұның мән жайы жоғарыда баяндалады.

  2. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі. Бұл латынның «сигнал» - белгі, таңба деген сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдардың түрлі қимыл - қозғалыстары мен ым-ишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау – сөйлеудің сигнификативті қызметін білдіреді.

  3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай жоспарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап етеді. Сөйлеген сөз, айтылған ой- адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет