ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/4
Дата09.07.2016
өлшемі498.42 Kb.
#186703
1   2   3   4

Лекция 5.


Тақырыбы.Жалпы адамның ,бастың бұлшық еттеріоның бөліктері ,сезім органының пластикалық анатомиясы.

Жоспар.1.Бет пластикасы.

2 Құлақ,мұрын.

Жалпы бас еттері шайнау еттері және ымдау еттері болып екіге бөлінелді.Шайнау еттері ерекшелігі олар бас сүиегінің жоғарғы жағынан басталып ,міндетті түрде бастың қозғалмалы сүиегіне төменгі жаққа келіп тіркеледі.бұл еттер жиырылған кезде төменгі жақ сүйегін қимылға келтіріп , шайнау әрекетін жүргізеді.Шайнау еттеріне меншікті шайнаку еті , самай еті, ішкі және сыртқы қанатты еттері жатады.Меншікті шайнау еті шықшыт сүйегінің доғасынан басталып, төменгі жақтың бұрышына барып бекиді, ет жиырылған кезде төменгі жақты көтереді және сәл алға тартады.

Самай еті (высочная мышца ). Бұл жұқа келген нәзік еттердің жиынтығы,, ол самай сүйектерінін басталып шықшыт доғасынан басталып , төменгі жақтың бұрышына барып бекиді. Жиырылған кезде бұл еттің қызметі-төменгі жақты көтеріп сәл артқа қозғайды.Ішкі қанатты ет (внутренная крыловедная мышца).Ет сына сүйектің ішкі қанатынан басталып, жақтың ішкі жақ бұрышына барып бекиді. Екі жағы бірдей жиырылған кезде жақты алға; бір жағы жиырылса қарама – қарсы жаққа қозғайды.
Сыртқы қанатты ет (наружная крыловидная мыщца) сына сүйектің артқы қатарынан басталып , төменгі жақ сүйектің буын өсіндісіне келіп бекиді. Ет жиырылғанда жақ артқа қарай қозғалады, бір жағы жиырылса қарама қарсы жаққа сырғиды.Ымдау еттері (мимические мышцы) . бұл еттің бір ерекшелігі –олардың ет жапқыш шындарлары болмайды. Еттің көбінесе бір ұшы бас сүйегінен басьалса , екінші ұшы міндетті түрде бет терісіне бекиді. Сондықтан олар тері астында орналасады. Соның нәтижесінде ет жиырылған кезде теріге қыртыстар ,әжімдер түсіп, адамның бет пішінін өзгертіп , қандай көңіл-күйге түскенін білдіреді.Ымдау еттері де шайнау еттері сиақты бірнеше түрге бөлінеді; ми сауытының еті, ауыздың дөңгелек еті, маңдай және шүйде еттері, кербез еті, көздің дөңгелек еті , езу көтеретіннемесе езуді тартатын, ет, күлкі еті, ұрт еті, жоғарғы ерінді көтеретін және түсіретін еттер, мұрын еті және құлақ еті мен қас түю еттері болып.
Ми сауытының сіңірлі жапқышы (сухожильный шлем)(( немесе маңдай мен шүйдесіңірлі еттері.сіңірлі ет басты

Бас мүшелері адам бетінің пішінін мінез-құлқын беруде үлкен ролъ атқарады дедік ол сонымен бірге бастың суретін салған кезде де негізгі обьектіге айналады. Осы мүшелер арқылы көптеген пропорциялық өлшемдерді табамыз. Міне, сондықтанда бұлардыың құрылысын жете жете зерттеуіміз керек.


Бастың негізгі мүшелері болыпкөз, мұрын, ауыз, құлақ саналады.
Көз құрылысы негізінен көз алмасынан , қара бұршақ, көз еттері мен қабақ, кірпіктерден тұрады.
Көз алмаасы көру органының ең негізгі функциональдық элементі болып табылады. Ол бас сүйегінің алдыңғы жағында көз шарасына орналасқан. Көз алмасы қозғалмалы шыны тәріздес зат. Көз алмасының ортасындағы дөңгелек ноқатты – қарашық дейді.

Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.

  2. Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»

  3. Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977

  4. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

Лекция 6.


Тақырыбы.Бет пластикасы көз анатомиялық және құрылымдық ерекшелік.
Жоспар.1.Көздің анатомиялық құрылымы.

2 Құлақ,мұрын.

Бастың негізгі мүшелері болыпкөз, мұрын, ауыз, құлақ саналады.
Көз құрылысы негізінен көз алмасынан , қара бұршақ, көз еттері мен қабақ, кірпіктерден тұрады.Көз алмаасы көру органының ең негізгі функциональдық элементі болып табылады. Ол бас сүйегінің алдыңғы жағында көз шарасына орналасқан. Көз алмасы қозғалмалы шыны тәріздес зат. Көз алмасының ортасындағы дөңгелек ноқатты – қарашық дейді.
Көз шарасының немесе көз алмасының үлкен кішілігі көздің сыртқы формасына және бастың осы жеріндегі пластикалық құрлысна көп әсерін тигізеді.
Қабақ пен кірпік және көз жасының безі көзді сыртқы әсерден қорғаптұратын « қорғаныш » болып табылады.Қабақ жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді, осында көңіл оудартын бір жағдай, үстінгі қабақ әр қашан астынғысынан ұзындау болып алға қарай шығынқы болады және де жоғарғысы төменгі қабаққа қарағанда қимылды келеді. Қабақөтың жейегінде өсінділер бар – оны кірпік дейді, олар көз алмасын шаң тозаңнан қорғау қызметін атқарады.Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призмаға, жиек сызықтары төртбұрышқа пішіндес болады. Көздің ортасынан көз осьтері өтеді. Көзді жұмғанда екі кірпіктің жымдасқан жері көз осьіне сәикес келеді. Ал көз ашық тұрғанда екі кірпіктің арасындағы аралық паралелограмм формасын түзеді.
Мұрын бпстың ортасында орналасқан иіс сезу оргшанының бастауы болып табылады. Мұрынның жалпы формасы призма пішіндес болады, мұны сурет салғанда ессеру керек. Ол: мұрын жотасы, мұрын бүйірлері және мұрын ұшынан немесе желбезегінен тұрады. Мұрын жотасы ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұсы тарылып ал орта енінде кеңейіп ұшына келгенде домаланып, сүйірленіп бітеді. Мұрынның ұш жағы желбезекпен жұмсақ еттерден тұрғандықтан қозғалмалы иілгіш келеді.Ауыз қалың еттерден тұрады, сол еттердің жиырылу әсерінен қозғалысқа келеді. Ауыздың өзі жоғары ерінмен төменгі еріннен және жоғарғы ерін өзегінен тұрады. Ауыздың қандай пішінде болуына жақ сүйектерінің , тістердің орналасу жүйесінің атқарар ролі үлкен. Ауыздың суретін салған кезде кейбір жайттарға оның мұрынмен және иекпен байланыста көңіл бөлу керек. Жоғары ерін өзінің ерің өзегі арқылы ерінмен байланысады. Ерін өзегінің мұрыннан басталар жерні тарлау болады да ерінге келіп қосылар тұсында кеңейеді. Егер ауызға қырынан қарар болсаң онда жоғары еріннің төменгі ерінге қарағанда алға шығңқы екенін және де жоғарғы ерін төменгісіне қарағанда ұзындау доға тәріздес болып келетінін көреміз.
Жоғарғы еріннің орта тұсында «ерін дөңесі» деп аталатын дөңес болады., ауыз жабылған кезде ол төменгі еріннің ортасындағы суағарға орнығады.
Төменгі ерін жоғарғы еріннен жалпақтау болып келеді, ол өзінің төменгі ойпаңы арқылы иекпен жалғасып жатады. Осы жерде, әсіресе, ауыздың қырынан салып отырғанда байқайтын бір жай төменгі еріннің иекке қарағанда алға қарай шығыіңқы екені.Екі еріннің жымдасқан сызығы мөлшермен тістердің тістескен (түйісекен) сызығына сай келеді және де еріндердің екі
Лекция 7

Тақырыбы.Бұлшық еттер туралы ілім.

Жоспар.

1.Дененің бұлшық еті.

2.Қолдың,кеуденің бұлшық еті.

3.Олардың өзара байланысы.



Бұлшық еттер. Скелет бұлшық еттермен қапталған. Кеуде бұлшық еттері көбінесе кең де жалпақ, аяқ-қол бұлшық еттері – созыңқы формалы болып келеді. Кеуденің алдыңғы бетіндегі үлкен кеуде бұлшық етін атап көрсетелік , кеудені құратын да осы бұлшық ет. Ол бұғанаға, төске қабырғалармениық сүйегіне сіңірлермен бекітіледі. Бұл бұлшық еттер иық сүйегін кеудеге бейне ьір тартыпи тұрады. Жоғарыдан төмен созылған іштің тік блұлшық еттері бір-бірінен «іштің ақ жолағы» арқылы бөлінеді. Бұл бұлшық еттер жоғарыда бесінші-жетінші қабырғаларға, төменде жанбастың шат бөлігіне бекітіледі. Тігінен алғанда олар үш, кейде төрт сіңірлі ұстатқышқа бөлінеді, олардың біріншісі қабырға доғасына, үшіншісі кіндікке сәйкес келеді.
Іштің тік бұлшық еттерінің бүйірлері бойынша іштің сыртқы қиғаш бұлшық еттері орналасады. Олардың сыртқы деп аталатыны олардың астыңғы тағы ішкі бұлшық еттер жасырынып жатқандықтан. Жоғарғы бөлікте қиғаш бұлшық еттер қабырғаларға , төменде- жанбас сүйегіен бекітіледі. Кеуде қуысының бүйір бетінде қабырғадан тоғыз тарам басталатын және жауырынның ішкі шетіне қарай біртіндеп тарыла отырып, жоғарыға және артқа баратын алдыңғы тіс бұлшық еті орналасқан.Енді кеудеге арқа жақтан қарап көрейік. Бұл арада біз ең алдымен трапеция тәрізді немесе капюшонды бұлгшық еті атап көрсетеміз. Ол тігінен алғандпа бастың желке сүйегінен , мойын және кеуде омыртқаларынан басталатын екі симетриялы бөлікті бөліп келеді; жан жағынан алғанда ол бұғаналар мен жауырындардың ұштарына бекітіледі. Бұл бұлшық ет иық белдеуін көтеріп , түсіреді, жауырынды омыртқа жотасына алып келеді, омыртқажотасын жазуға және басты еңкейтуге қатысады. Плпстикалық маңызы жағынан келесі-арқаның жалпақ бұлшық еті (оң жақтағы және сол жақтағы 6) , бұл омыртқа жотасына және бір жағынан төменгі қабырғаларға бекітіледі. Оныңи жоғарғы талшықтары жауырынның төменгі төменгі бұрыщын жауып тұрады. Бұлшық ет иық сүйегіне бекітіледі, соның арқасында ол иық сүегін артқа және алға қозғап кеудеге алып келіп аздап бұрылта алады. Иықты иіп, ішке қарай бұрылатын үлкен жұмыр бұлшық етке көңіл аударалық.байланысты екенінін жоғарыда еске алып кеттік. Бірақ иық бөлігіндегі форма тудырушы ролъді биіктен Енді қол-аяққа көшклік Үлкен кеуде бұлшық еті , арқаның жалпақ бұлшық еті және жұмыр бұлшық еті иықпен төмен қарай бағытталған үшбұрыш формасын еске түсіретін тарамды бұлшық еті атқарады. Бұғана мен жауырыннан бастала отырып ол иық сүйегіне бекумен аяқталады. Оның атқаратын қызметі қолды бүйірге алға немесе артқа қозғалту. Иықтың алдыңғы бетін жауырыннан басталып білекке баратын екі басты бұлшық ет жауып тұрады. Оның міндеті қолды бүгу иықты арқы жағынан жауып тұратын аса маңызды басқа бұлшық ет-үш қырлы бұлшық ет. Ол бір ұшымен жауырынға және иық сүйегіне ал екінші ұшымен білектің шынтақ сүйегіне бекиді. Ол қолды бүгіп жазып отырады. Білекте бұлшық еттің екі тобы бар саусақтарды бүгілдіргіш және жазылдырғыш бұлшық еттерінің қозғалысын көруге болады. Қолдың жалпы формасына ең тән нәрсе иықтың үлкен бөлігі бойында және білектің бұлшық ет көбірек жоғары бөлігінде оның ұлғаюы және бұлшық еттерді сүйектерге бекітетін түгел дерлік сіңірлер тұратын білезік сүйек пен шынтақ буыны бөлігінде тартылуы. Енді аяқ туралы айтсақ, алдыңғы бетін үш бұлшық ет тік ,ішкі жалпақ, және сыртқы жалпақ бұлшық еттер алып жатыр. Санның тік бұлшық еті жамбастан басталып,асық жілікпен сіңір арқылы байланысқан тізе ұршығы үстінде аяқталады. Санның сыртқы және ішкі жалпақ бұлшық еттер тік бұлшық еттің бірі іш жағында екіншісі сырт жағында жатыр. Мұның өзі олардың аттарын анықтап берді. Олар ортан жіліктен басталып, тік бұлшық ет сияқты тізе ұршығы үстінде бітеді. Ішкі бұлшық ет сыртқы бұлшық еттен төмен түседі, мұның аяқтың алдыңғы бетінің пластикасы үшін маңызы бар. Тігінші бұлшық ет жамбас сүйегінің сыртқы бөлігінен басталып,төмен және ішке барады. Ішкі жалпақ бұлшық еті белдеулеп асық жілікке бекиді. Пластикалық жағынан алғанда оның маңызы орасан зор-ол өзінің бүкіл ұзына бойында тері астынан байқалып тұрады.

Санның сыртқы жағының формасын жалпақ шандырдың сыртқа тартушы ұзын еті айқындап береді. Санның ішкі жағынан алғанда нәзік бұлшық ет неғұрлым маңызды.Санның артқы жағында ең елеулісі ірі талшықты құрылысы және дөңгелек формасы бар үлкен бөксе бұлшық еті болып табылады. Одан басқа арт жақтан санның екі басты бұлшық еті өтеді. Аяқ тізеден бүгілген кезде оның төменгі бөлігінде тарамыс сіңірлер мен санның сыртқы жалпақ бұлшық еті арасында тақым шұңқыры деп аталатын ойық пайда болады. Санның барлық бұлшық еттерінің атқаратын қызметі сан мен балтырды бүгіп жазу оларды ішке және сыртқа қарай біршама бұру.Балтырдағы басты неғұрлым пластикалық жағынан мәнерлі бұлшық еттерді балтыр бұлшық еті ортан жіліктің айдаршықтарына жоғарыдан бекиді.Камбала тәрізді бұлшық еті балтыр бұлшық етінен жалпағырақ және оның шетіне екі жақтан келеді. Жоғарыда ол асық жіліктен және асық жілік шыбығынан басталады. Екі бұлшық ет оларды қырлы сүйекпен байланыстыратын өкше тарамысымен аяқталады.

Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.

  2. Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»

  3. Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977

  4. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

Лекция 8


Тақырыбы.Жамбас және аяқ бұлшық еттері.

Жоспар. 1.Жамбас ,бұлшық еті.

2.Аяқ бұлшық еті.

Қол-аяққа үлкен кеуде бұлшық еті , арқаның жалпақ бұлшық еті және жұмыр бұлшық еті иықпен төмен қарай бағытталған үшбұрыш формасын еске түсіретін тарамды бұлшық еті атқарады. Бұғана мен жауырыннан бастала отырып ол иық сүйегіне бекумен аяқталады. Оның атқаратын қызметі қолды бүйірге алға немесе артқа қозғалту. Иықтың алдыңғы бетін жауырыннан басталып білекке баратын екі басты бұлшық ет жауып тұрады. Оның міндеті қолды бүгу иықты арқы жағынан жауып тұратын аса маңызды басқа бұлшық ет-үш қырлы бұлшық ет. Ол бір ұшымен жауырынға және иық сүйегіне ал екінші ұшымен білектің шынтақ сүйегіне бекиді. Ол қолды бүгіп жазып отырады. Білекте бұлшық еттің екі тобы бар саусақтарды бүгілдіргіш және жазылдырғыш бұлшық еттерінің қозғалысын көруге болады.

Қолдың жалпы формасына ең тән нәрсе иықтың үлкен бөлігі бойында және білектің бұлшық ет көбірек жоғары бөлігінде оның ұлғаюы және бұлшық еттерді сүйектерге бекітетін түгел дерлік сіңірлер тұратын білезік сүйек пен шынтақ буыны бөлігінде тартылуы. Енді аяқ туралы айтсақ, алдыңғы бетін үш бұлшық ет тік ,ішкі жалпақ, және сыртқы жалпақ бұлшық еттер алып жатыр. Санның тік бұлшық еті жамбастан басталып,асық жілікпен сіңір арқылы.Енді аяқ туралы айтсақ, алдыңғы бетін үш бұлшық ет тік ,ішкі жалпақ, және сыртқы жалпақ бұлшық еттер алып жатыр.Санның тік бұлшық еті жамбастан басталып,асық жілікпен сіңір арқылы байланысқан тізе ұршығы үстінде аяқталады. Санның сыртқы және ішкі жалпақ бұлшық еттер тік бұлшық еттің бірі іш жағында екіншісі сырт жағында жатыр.
Мұның өзі олардың аттарын анықтап берді. Олар ортан жіліктен басталып, тік бұлшық ет сияқты тізе ұршығы үстінде бітеді. Ішкі бұлшық ет сыртқы бұлшық еттен төмен түседі, мұның аяқтың алдыңғы бетінің пластикасы үшін маңызы бар. Тігінші бұлшық ет жамбас сүйегінің сыртқы бөлігінен басталып,төмен және ішке барады. Ішкі жалпақ бұлшық еті белдеулеп асық жілікке бекиді. Пластикалық жағынан алғанда оның маңызы орасан зор-ол өзінің бүкіл ұзына бойында тері астынан байқалып тұрады.

Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.

  2. Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»

  3. Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977

  4. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

  5. Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986

  6. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті» 1982

  7. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай ?» 1986.

  8. 8 А. С. Болубкина «Несколько слов в ремисле


Лекция 9

Тақырыбы. .Пропорциялар

Жоспар.

1 Аяқ бұлшық еті.

2 Пропорциялар.

Суретшілердің көптеген ұрпақтары адам денесінің пропорцияларын зерттеді. Егжей-тегжейлеп келгенде олардың қортындылары бір-бірінен ерекшелінеді.Бірақ олар негізінен жақын. Шамамен алғанда адам денесінің пропорциялары мынадай: Биіктігі бойынша бас адамның бүкіл бойының 1,7, 1,8,бөлігін құрайды. Кең жазылған қолдың саусақтарының ұштары арасындағы қашықтық шамамен бойдың бүкіл ұзындығын құрайды. Төбеден шатқа дейінгі қашықтық шамамен бойдың жартысына тең.Адам тұлғасының дұрыс пропорциясын көзбен белгілеу үшін сурет салу кезінде оның қандай да бір бөлігін өлшем бірлігі бүкіл тұлғаның биіктігіне және оның жекеолеген бөліктеріне еселеудің белгілі бір санымен сиятын модулъ деп қабылдау дағды болған. Мәселен, Микеланджело 8,\1\4 еселегенде бүкіл тұлғаға сиятын бастың биіктігіне осындай модулъ деп қабылдаған. Көптеген суретшілер «антикалық қағида»бойынша неғұрлым қарапайым бөлуді ұстанады.Мұнда бүкіл тұлға биіктігі бойынша 8 бөлікке бөлінеді.1)бас,2)иектен емшектен сызығына дейін,5)шаттан санның ортасына дейін,6)санның ортасынан тізенің төменгі жағына дейін,7)тізенің төменгі жағынан бұлшық етінің төменгі жағына дейінғ8)балтыр бұлшық етінен өкшеге дейін.Арнайы әдебиеттен басқа көптеген жүйелерді кездестіруге болады. Есептеу өлшемі ретінде ол табанның немесе мойынның биіктігін алды.Олар оның қортындысын бойынша өте жақсы тұлғаның биіктігіне дәл 30 есе еселегенде сәйкес келеді.Оның өзінде бас биіктігі бойынша осындай 4 өлшемді иеленеді.

Бүкіл тұлғаның биіктігіне 7,5 еселегенде дәл келеді.Мынадай заңдылықтар мәлім:иық пен сан сүйектері әрдайым осыған сәйкес білек пен жіліншілік сүйектен ұзынырақ ал бұғана төске тең.Әйелдің тұлғасында еркекке қарағанда кеуде қуысы тарырақ жамбас кеңірек болады.Ең жақсы адам фигурасының бүкіл осындай жалпы шамамен алынған деректері суретшіге нақты адам фигурасының прорциясын олармен салыстыра отырып,әрдайым оның жеке дара ерешеліктерін оңай және дәл табу үшін қажет.Басқа көбірек көңіл бөлсек бас өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр адамда өзінше жеке дара

Осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетуге адам бетінің орташаланған схемасымен танысу көмектеседі.Барлық горизонталъ сызық көздің осъі бастың жалпы биіктігіне дәл жартысынан өтеді,яғни көзден жоғары тұрғандарды бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса сонша орын алады екен.Алғашқыда мұның өзі нанымсыздау болып көрінеді.Мұрын,ауыз,иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді.Бірақ бұл тек солай сияқты ғана.

Беттің төменгі бөлігі жоғарғы бөліктен үлкенірек сияқты болып, көрінетін ол көбірек талданғандықтан алуан түрлі деталъдармен көбірек толтырылғандықтан ал жоғары бөлік олардан ада.Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетін анықтап алған соң, беттің қалған деталдарын орналастыруға көшеміз.

Егер бастың бүкіл биіктігін бір өлшем деп қабылдайтын болсақ онда төбе осы көлемнің 1\7бөлігін маңдай мұрын иектің төменгі бөлігіне дейінгі қашықтық 2\7 бөлігін құрайды.


Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.

  2. Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»

  3. Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977

  4. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

Лекция 10

Тақырыбы.

Мүсін өнерінің ерекшелігі.



Жоспар.1.Мүсін өнерінң ерекшелігі.

«Скулъптура»сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды шекуді мүсін жасауды білдірген. Кейіннен пішіндеу арқылы жалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген. Әлем жазықтықта берілетін бейнелеу өнерінің біз қарастырған барлық түрлерінен айырмашылығы сол скулъптурада басты әсерлік құралы аумақтық форма.Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш , метал,тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан скулъптуралық шығармалары бізге дейін жетті.Ежелгі Мысырдың Үндістан мен Американың статуялары мен барелъефтері кеңінен мәлім. Антикалық Греция аса көрнекті мүсіншілер Фидидің ,Мирон, Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.Екі мың жыл дерлік бұрын жасалған ежелгі римдік портреттер өзінің реалистік әсерлігімен және рухтандырушылығымен бәлкім өз замандастарын толқытқандай бізді толқытып тебірентеді.Тамаша ежелгі орыс шеберлері бізге ағаш скулъптураның ғажап үлгілерін қалдырды.Живописъте немесе графикада суретші адамды бейнелей отырып, оның тұрған жағдайын қайта жаңғыртады.Ауа,кеңістік қоршаған алуан түрлі заттар суретші жасайтын образды қалыптастыруға қатысады. Скулъптурада бұл мүмкіндіктен суретші түгелдей айрылады бұл арада бәрі де фигураның өзімен оның қимыл-қозғалысымен білдіруге тиіс.Скулъптура «жұмыр»және релъефті болып келеді.Жұмыр скулъптурада адамды бейнелей отырып, скулъптура тек маскамен яғни бетпен шүйдесіз баспен шектеліп қала алады,басты немесе иықтары бар кеудеге дейінгі бюстті беруге болады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура ал, бүкіл бойымен бейнелеу статуя(мүсін) деп аталады. Көпфигуралы композиция скулъптуралық топ деп аталады.Релъеф тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін жазықтықтың бетіндегі скулъптуралық бейне. Мұнда фигуралар әлде бір бейнелеу фонында орналастырылуы мүмкін.Релъеф екі түрге бөлінеді,фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып, тұрса ол барелъеф деп аталады.Ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горелъеф деп аталады.Скулъптура шығармалары живописътегі сияқты станокті және монументті-сәндік болып бөлінеді. Станокті шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өз бетімен өмір сүреді сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады. Монументті сәндік шығармалар әдетте жеке ансамблъдің алаңның немесе парктың архитектуралық композициясының компоненті болып табылады.Әуесқой скулъптор түрлі жанрларда жұмыс жасап, алуан түрлі материалдардан түрлі тақырыптар мен сюжеттерге скулъптура жасай алады. Ол көбіне шағын көлемді скулъптураға ден қояды. Мұның өзі көбінесе үймен жұмыс орнымен материалдың табылуымен байланысты. Сондықтан мүсіншінің жұмыс техникасымен танысуға көшпестен бұрын шағын пластика туралы оның өзіне тән ерекшеліктері туралы арнайы сөз еткен орынды болмақ.Шағын формалы скулъптура өте ерте заманнан бар. Музейлерде мыңдаған жылдар бұрынғы түрлі шағын статуя мен барелъеяті көптеп кездестіруге болады. Мұнда ежелгі Египетте Ежелгі Шығыста Помпейден табылған кішкентай скулъптуралар Қайта Өрлеу дәуірінің әсіресе Бенвенуто Челлини сияқты шебердің шығармалары ұшырасады. Орыс мүсіншілері шағын пластикаға үлес қосты. П.Трубецкии тұңғыш рет шағын пластикада фигуралық портреттер оған дейін тек живопистің ғана игілігі болатын.Даңқты совет шеберлері Мүхина ,Лебедев,Томскии скулъптуралық минатюрамен айналысты.

Лекция 11

Тақырыбы.Мүсін түрлерісәнді көлемді барелъеф,горелъеф.

Жоспар.1 Барелъеф.

2.Горелъеф.

Скулъптура «жұмыр»және релъефті болып келеді.Жұмыр скулъптурада адамды бейнелей отырып, скулъптура тек маскамен яғни бетпен шүйдесіз баспен шектеліп қала алады,басты немесе иықтары бар кеудеге дейінгі бюстті беруге болады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура ал, бүкіл бойымен бейнелеу статуя(мүсін) деп аталады. Көпфигуралы композиция скулъптуралық топ деп аталады.Релъеф тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін жазықтықтың бетіндегі скулъптуралық бейне. Мұнда фигуралар әлде бір бейнелеу фонында орналастырылуы мүмкін.Релъеф екі түрге бөлінеді,фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып, тұрса ол барелъеф деп аталады.Ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горелъеф деп аталады.Скулъптура шығармалары живописътегі сияқты станокті және монументті-сәндік болып бөлінеді. Станокті шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өз бетімен өмір сүреді сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады. Монументті сәндік шығармалар әдетте жеке ансамблъдің алаңның немесе парктың архитектуралық композициясының компоненті болып табылады.Әуесқой скулъптор түрлі жанрларда жұмыс жасап, алуан түрлі материалдардан түрлі тақырыптар мен сюжеттерге скулъптура жасай алады. Ол көбіне шағын көлемді скулъптураға ден қояды. Мұның өзі көбінесе үймен жұмыс орнымен материалдың табылуымен байланысты. Сондықтан мүсіншінің жұмыс техникасымен танысуға көшпестен бұрын шағын пластика туралы оның өзіне тән ерекшеліктері туралы арнайы сөз еткен орынды болмақ.Шағын формалы скулъптура өте ерте заманнан бар. Музейлерде мыңдаған жылдар бұрынғы түрлі шағын статуя мен барелъеяті көптеп кездестіруге болады. Мұнда ежелгі Египетте Ежелгі Шығыста Помпейден табылған кішкентай скулъптуралар Қайта Өрлеу дәуірінің әсіресе Бенвенуто Челлини сияқты шебердің шығармалары ұшырасады. Орыс мүсіншілері шағын пластикаға үлес қосты. П.Трубецкии тұңғыш рет шағын пластикада фигуралық портреттер оған дейін тек живопистің ғана игілігі болатын.Даңқты совет шеберлері Мүхина ,Лебедев,Томскии скулъптуралық минатюрамен айналысты.Қазіргі кезде шағын формалар біздің толып жатқан скулътурамыз творчествосының сүйікті түріне айналып отыр. Шағын формалы скулъптура үлкен скулъптураны кішірейте салу емес ол өзінің белгілі бір пластикалық тіліне ие өзінің заңдылықтарына бағындырылған оларды сақтамайынша ол үлкен заттың жәй макетіне немесе эскизіне айналады яғни өзінің дербес маңызын жоғалтады.Шағын скулъптура ерекше қозғалымды ол өзінің орнын жиі немесе төмен тұра алады. Оны қабылдау бұл кезде өзгеріп отырады. Көрерменнің көзімен жоғары орналастырылған кейбір шағын скулъптура кішкентай ескерткіш сияқты асқақ болып қабылданады.Ал ол біздің көздеріміздің деңгейінде тұрса біз бейне бір бейнеленген оқиғаға бірге қатысушыларға айналамыз. Егер мұндай скулъптура жоғарыдан қарасақ ол осы сапаларын жоғалтып ойыншық сияқты бола түседі, жаңа қасиеттерін байқалады. Скулъптура сөзі қашап жасауды немесе шекуді білдіргенімен қазіргі заманғы мүсіншінің жұмысы іс жүзінде

әрдайым пішіндеуден дене күші жағынан біршама жеңіл ең бастысы жасау барысында кез келген түзетулер мен қайта жөндеулер жасауға мүмкіндік береді.Сазбалшық мүсіншінің қиялында пайда болған ойдың нобайын тез жасауға мүмкіндік беретін бірінші материал.Саусақтармен жұмыс істегенде созылымды пластикалық материалды сезіне түйсіне отырып, мүсінші өзі жасап жатқан формаларды қолдарымен бейне бір көріп тұрғандай қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет