ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет3/4
Дата09.07.2016
өлшемі498.42 Kb.
#186703
1   2   3   4

Пайдаланған әдебиеттер.

1.Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

2.Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986

3.Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті» 1982

4.Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай ?» 1986.

Лекция 12 .

Тақырыбы.Адам басын бейнелеудің ғасырларбойғы методикалық даму әдісі.

Жоспар1. 30-405ғ әдісі.

2.Қайта өрлеу дәуіріндегі өнер.



3.А.Дюрераса ірі теоретик.

.Адам басын салудың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан жолдары бар. Әр заманда кезінде сурет өнерін оқып үйренуде айшықты із қалдырған тіпті қазірге дейін қасиетін жоймаған методикалық жолдар, жеке суретшілердің жазып, кеткен оқулықтар бар. Олардың өзіндік тарихы және бүкіл өнер әлеміне қосқан үлесі ұшан- теңіз. Адам баласы сонау ерте заманнан айналасын қоршаған табиғстты жан-жануарларды дүниесін және өз болмыс тіршілігін бейнелеуге әрқашанда ынтық болды, соған қызықты. Соның ішінде адам бейнесін салу ерекше қарқынмен дамыды. Оған осыдан 30-40 ғасыр бұрын Пасха аралының тұрғындары жасаған тас мүсіндері тас бедеріне қашалған ежелгі суреттер дәлел бола алады. Қазіргі заман өнері немесе сурет салу жолдарының түп тамырының өзі осы өнер туындыларынан басталғанына шек болмаса керек.Сонау отыз ғасырдай тарихы жолы бар, Пасха аралының тас мүсіндерін алайық.Ондағы адам бейнесі стилъденген пішінде жасалған, әсіресе бастың пропорциялық өлшемдерінің ,жалпы формасының өте дәлдікпен алынғанына қайран қаласың. Ол кездегі суретшілердің де өзіндік мектебі , сурет салу жолдары бар. Бірақ бір өкініштісі олардың методикалық әдістері бізге жетпеген. Ал Египет суретшілерінің өзіндік мектебі сурет салу жолдары бар. Олар адам бейнесін бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасағанда өзіндік әдіс «канонға»сүйеніп жасайтын болған. Онда адам мүшелері мен пропорциялық өлшемін өте дәл, математикалық есепке негізделген. Адам бейнесінің өлшемі каноны етіп олар ортаңғы саусақтың ұзындығын, алған.Осы өлшем арқылы бастың пропорциялық өлшемін тауып, жүздеген жыл бойы пайдаланып келді. Осы Египет мектебінің методикалық әдістерін негізге ала отырып, Европадағы грек және италъян суретшілері оны әрі қарай дамытты. Біздің эрамызға дейінгі 432 ж әйгілі мүсінші Поликлет бірінші рет өзінің «пропорциялық заңдылық»еңбегін жазды, және пластикалық қимыл-қозғалыстың психологиясын көрсететін Дорифор мүсінін өмірге келтірді.Бұл өнер әлеміндегі бетбұрыс жасаған методикалық әдіс еді. Осыдан кейін ондаған ғасырлар бойы адам пішінін жансыз бейнелеуден шыншылдығы мол табиғи көрініске ие болды. Енді көптеген грек суретшілері бейнелеуді табиғи болмыстан салуды мақсат етіп қойды. Адам бейнесін шыншылдықпен бейнелеуде сол кездегі италъян суретшілері біршама табысқа жетті. Олар өздерінің еңбектерінде ешқандай әсірелеуге бармай асыра сілтемей, тек табиғи бейнені табиғи адам мінез-құлқын беруге тырысты және солай істеді де. Бірақ ертедегі италъян суретшілері сурет методикасына айтарлықтай ештеңе қоспады,олар тек Грек өнерін қайталап жалғастырушы болды. Сондықтан олар гректің тамаша суретшілерінің туындыларын көшірумен айналысты. Ал,орта ғасыр дәуірінде өнердегі шыншылдық пен әсемдік ұлы өнер туындылары христиан дінінің келуіне байланысты,соның құрбаны болды. Тамаша өнер туындылары ітүзсіз жоғалып, қиратылды немесе отқа жағылды.Ертедегі бай методикалық еңбектер күл-қоқырға айналды. Осыдан өнер қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылыми тұрғыда дамымады. Бұл дәуірде суретшілерге бұрынғыдай натурадан салуға, табиғат аясында еңбек етуге тиым салынды. Қайта өрлеу дәуірінде өнер қайтадан жанданып, ең жоғарғы шарықтау шыңына жетті. Өнер дамуының жаңа эрасы басталды. Талай ғасырдан кейін, өнер ғылыми методикалық тұрғыда дами бастады. Осмы кездегі қазіргі өнер тануының негізін салушылар, Леон Батиста Алъберти,Л.даВинчи,Дюрер,Рафаэлъ,Микеланджело ұлы суретшілер өмірге әкелді. Олар өнер атаулыны бұрын соңды болмаған биікке көтерді. Алъберти –Флоренцияның ұлы сәулетшісі,тұңғыштардың бірі болып сурет салудың теориясын жазды, сонымен қатар сурет өнерін ғылыммен байланыстырып,байытуды алға ұсынды.

Ал, Леонарда да Винчи (1452-1519) талай ғасырлар бойы рұқсат етілмеген адам ішкі құрылысын зерттеп адам анатомиясын оқып, үйренуде тамаша жетістіктерге жетті және көптеген методикалық еңбектер жазды. Ол өзінің еңбегінде, «Суретті салғанда ұсақ бөлшектерден емес, оның жалпы формасын бейнелеп-сызудан бастау керек» -деді. Оның бұл теориясы сурет салуда заң болып қалды.Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі теоретик-суретшісінің бірі Дюрер(1471-1528) перспективалық кеңістіктің қыр-сырын зерттеп сурет салудағы маңызын алғаш жазғандардың бірі болды. Сонымен қатар алғаш рет адам басының салуды жеңілдетуді тамаша үлгісін өмірге әкелді. Бұл үлгі «обрубовка» деп аталды. Ол өзінің методикалық тәжірибесін жинақтай келіп, адам басының пропорциялық жалпы конструкциясын ойлап тапты.

Дюрердің бұл ойлап тапқаны сурет салуда классикалық үлгі болып қалды, оны қазірге дейін барлық оқу орындарында қолданды. Бұлардан кейін, сурет теориясына өздерінше үлес қосқан оны дамытқан Рубенс, Ивона,Жюлъен өнер зерттеушілер болды.Кеңес өкіметі тұсында сурет өнерінт дамытуда суретшілер Кардовскии,Яковлев, Корнилов басқалар болды.Олар классикалық методикалық әдістерді байыта толықтырып, жаңа реалистік бағыттағы өнердің кірпішін қалады.

Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

  2. Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986

  3. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті» 1982

  4. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай ?» 1986.

Лекция 13

Тақырыбы. Басты салудың жолдары мен тәсілдері.

Жоспар.


1.1кезеңі.

2.2-кезеңі

3. 3-кезеңі.

Егер натюрмортты салу барысында ол қозғалмайтын, зат болғандықтан онша қиналмасаң адам басын бейнелеуде біраз қиындықтарға кездесеміз.Өйткені адам тіршілік иесі ,сондықтан жиі қозғалыста болады. Бір орында ұзақ отыра алмайды тез шаршайды сол себептен басты салуда оның қимылын жалпы бейнесін тез арада сызуға тура келеді. Суретті тез салу үшін көптеген долбар суреттер , жаттығулар, жасап, басты бейнелеудің әдістерін игеруіміз қажет. Басты салу натюрмортты салғандағыдай әдіс-кезеңдерден өрбиді.1-кезең, суретте үлкен ролъ атқарады. Суреттің сәтті шығуы осы кезеңнің дұрыс салынуына байланысты.Өйткені бұл кезең суреттің негізгі түбірі,жобасы болып табылады. Бірінші кезең заңдылықтарын, сақтай отырып, бастың жалпы формасының нобайын, қағаз бетіне орналастырамыз. Мұнда бастың алдыңғы және төменгі жағынан көбірек орын қалуы керек. Содан сызық арқылы бастың бұрылу бағытын көрсетіп оның тік ортаңғы сызығын сызамыз, ол сызық шүйде қас арасының мұрын ұшының және иектің тірек нүктелерін басып, доға тәрізді сызық түзеді. Енді жаңағы тірек нүктелерінен көз осъіне паралелъ көмекші сызықтар жүргізіп бастың негізгі пропорциясын белгілейміз.Салыстырмалы пропорциялық өлшем ретінде мұрынның ұзындығын аламыз. Осындағы көздің осі жалпы бастың да көлденең осі болып табылады. Осы сызықтың бойынан көздің шеткі нүктелерін құлақтың есту тесігінің сұлбасын белгілеп қоямыз. 2-кезең бастың негізгі мүшелерінің жалпы пішінінің құрылымын салумен айналысамыз, жаңа бірінші кезеңде мұрынды белгілеп қана қойсақ, енді оның жалпы сызықтық қаңқасын сызамыз. Оның жалпы пішіні призмаға ұқсас болып төрт жазықтықтан түзіледі. Мұндағы мұрынның көлденең ені көздің ұзындығы болып табылады және сонымен қатар көздің шеткі нүктесімен бастың шеткі жиек сызығына дейінгі аралықтың да өлшемі бола алады. Сөйтіп, мұрын ені бастың көлденеңін өлшейтінөлшем болып табылады. Бастың көлденеңі жеті мұрын еніне тең (екі құлақ қалқанымен есептегенде ) . бұл өлшеммен бастың тік ұзындығында өлшеуге болад, бірақ көбінесе бастың биіктігін мұрын ұзындығымен өлшеу қабылданған. (А. Дюрердің методикалық әдісі. Осы өлшеммен есептегенде бастың биіктігі үш жарым мұрын ұзындығына тең болады. Бұл салыстиырмалы ара қатынастар былай бөлінеді: иектің астыңғы шеті нүктесінен мұрынның ұшына дейін, одан қасқа дейіен, және қастан маңдай дөңесіне дейін.


Ал маңдай дөңесінен төбеге дейінгі аралық осы қатынастардың жартысына тең.Мұрынды салу барысында оның екі бүйірінде орналасқан «қоржынбас» тәрізді көз ойпатының жалпы пішінін сызып оның ішінде шар тәрізді көз алмасының дөңесін бейнелейміз. Содан үстіңгі қабақпен астыңғы қабақтың көз өсінен қаншалықты алыс жатқанын анықтаймыз.Көзді бейнелеген кезде екеуін бір заматта салу керек (параллелно) , олар өйткені олар бастың екі жағында бір деңгейде, мөлшерлері бірдей симетриялы жазықтықта жатады. Сол сияқты құлақты салғанда да осы әджісті қолдану керек.
Жалпы суретте екі жақта бірдей қайталанатын «қоржынбас» заттарды бейнелегенде олардың құрылысын бір мезгіолде салу құабылданған. Өйткені олардың жалпы пішіндері , үлкен кішілігі бірдей болып келеді.
Тағы бір ескеретін жай- мұрынды салу кезінде құлақтың да құрылысын қамтып отыру қажет, өйткені олардың ұзындықтары бірдей және бір деңгейде жатады.Егер көздің осін әрі қарай сызсақ ол шық-шыт доғасының бойымен жүріп құлақтың орта тұсынан өтеді де бастың арт жағында мойын мен шүйде бөлігінің біріккен тұсына бағытталады.
Біз басты тура сәл қияс салып отырғандықтан,(три четвери) артқы пландағы көз немесе құлақ алдыңғы жағындағы көзбен құлақтан сәл болса да кішірек болады.т.б. бұл перспектива заңдылығы ,оны жоғарыда өткенбіз. Сондықтан оны әр кез естен шығармау керек.
Енді біртіндеп ауыздың құрылысына көшеиік ауыз қай едңгеиде жататынын білу мұрын мен иек арналығын үш бөлікке бөлеміз. Сондағы үстіңгә бөлікке ауыз орналасып, бөлік сызағы ауыздың ось сызығы балып табылады. Осыдан кейін ауыздың шеткі нүктелерін –езуді анықтап , жоғарғы ерінмен төменгі еріннің пропорциялық ара қатынасын табамыз. Осы кезде ауыздың жалпы пішініне және оның дөңестігіне көңіл аудару керек. Жоғарғы ерінді мұрынмен байланыстыратын өзек сайды да қалысқалдыруға болмайды, оны жете тексеріп «өзектің» басталар жері тарлау болып ерінмен байланысартөменгі жағы кеңдеу болатынын байқаймыз. Оның жоғарғы еріннің пішінін түзуге біршама қатысы бар.Жалпы бас мөлшерін салуда олардың пропорцияларын жиі тексеріп , көлеңке жарықтарын белгілеп, штрихтап орырған жөн.3-ші кезеңде суреттің мақсаты қай бағытта жүретінін жақсы білеміз, оны натюрмортты салғанда тәтпіштеп өткенбіз. Енді оны қайталап отырудың қажеті жоқ.Сонда да бас салу барысында өзіне тән кейбір жәйттер бар, олардды ескермей кетуге болмайды. Осындай көңіл аударатын жай, ло-шашты салу процесі. Шашты бейнелеген кезде оның ең жарық жерінің өзі адам бетң\інің кез келген көлкңкесінен қара-қою болады, сондықтан оны штрихтағанда оны естен шығармау керек. Штрихты көбінесе шаштың бағытына қарай алған дұрыс, сонда шаштың табиғи болмысын ашып тұрады.
Суреттің осы кезінде көзді саолуға үлкен көңіл аудару керек. өйткені ол адам бетінің «айнасы» сол арқылы сол кісінің мінез-құлқын , ішкі толқынын, тіпті жасерекшелігіне дейін бере аламыз. Сондықтан суреттегі бейненің адамның өзінің табиғи бейнесіне ұқсауы көбінесе көзді немесе көз жанарының шеберлікпен салуға байланысты.
4-ші кезең. Жоғарыда әңгімелеген үш кезеңде сурет жалпыдан жалқа ға қарай өрби салынса, мұнда керісінше әдіске көшеміз. Енді жалқыдан жалпыға қарай бейнелейміз, яғни суреттердің жалпы пішінін бір реңге бағындырып жинақтап түйіндейміз. Суреттің бітер тұсында оқушының тұтас көру қабілетінің үлкен маңызы бар. Егер оқушы тұтас көруді жақсы меңгерсе, немечсе жалпылама ойлау қабілеті жақсы жетілсе онда сурет ойдағыдай жақсы шығады.Суреттеартық сызық мөлшерден тыс көлеңкемен жарықтың қоюлығы болмайды.

Пайдаланғанәдебиеттер.



  1. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

  2. Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986

  3. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті» 1982

  4. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай

Бас еттері және олардың атқаратын қызметі.

Жоспар.1.Бастың анатомиясы

2.Еттің атқаратын қызметі.

Жалпы бас еттері шайнау еттері жәнеымдау еттері болып екіге бөлінеді. Шайнау еттері. Шайнау еттерінің ерекшелігі – олар бас сүйегінің жоғарғы жағынан басталып, міндетті түрде бастың қозғалмалы сүйегіне – төменгі жаққа келіп тіркеледі. Бұл еттер жиырылған кезде төменгі жақ сүйегін қимылға келтіріп, шайнау әрекетін жүргізеді.Шайнау еттеріне меншікті шайнау еті, самай еті, ішкі және сыртқы қанатты еттері жатады.


Меншікті шайнау еті шықшыт сүйегінің доғасынан басталып, төменгі жақтың бұрышына барып бекиді, ет жиырылған кезде төменгі жақты көтереді және сәл алға тартады.Самай еті. Бұл жұқа келген нәзік еттердің жиынтығы, ол самай сүйектерінен басталып шықшыт доғасының астынан өтіп, төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді. Жиырылған кезде бұл еттің қызметі – төменгі жақты көтеріп сәл артқа қозғайды.Ішкі қанатты ет. Ет сына сүйектің ішкі қанатынан басталып, жақтың ішкі жақ бұрышына барып бекиді. Екі жағы бірдей жиырылған кезде жақты алға: бір жағы жиырылса қарама-қарсы жаққа қозғайды.Сыртқы қанатты ет сына сүйектің артқы қатарынан басталып, төменгі жақ сүйектің буын өсіндісіне келіп бекиді. Ет жиырылғанда жақ артқа қарай қозғалады, бір жағы жиырылса қарама-қарсы жаққа сырғиды.Ымдау еттері. Бұл еттің бір ерекшелігі – олардың ет жапқыш шандырлары болмайды. Еттің көбінесе бір ұшы бас сүйегінен басталса, екінші ұшы міндетті түрде бет терісіне бекиді. Сондықтан олар тері астында орналасады. Соның нәтижесінде ет жиырылған кезде теріге қыртыстар, әжімдер түсіп, адамның бет-пішінін өзгертіп, қандай көңіл-күйге түскенін білдіреді. Сол себептен де ымдау еттері деп аталады.Ымдау еттері де шайнау еттері сияқты бірнеше түрге бөлінеді: ми сауытының еті, ауыздың дөңгелек еті, маңдай және шүйде еттері, кербез еті, көздің дөңгелек еті, езу көтеретін немесе езуді тартатын, ет, күлкі еті, ұрт еті, жоғарғы ерінді көтеретін және түсіретін еттер, мұрын еті және құлақ еті мен қас түю еттері болып.
Ми сауытының сіңірлі жапқышы немесе маңдай мен шүйде сіңірлі еттері. Сіңірлі ет бастың жоғарғы жағын – шүйде мен маңдай аралығын тұтастай жауып тұрады.Маңдай еті шүйде етіне қарағанда жақсы дамыған. Бұл еттердің жиырылуынан бас терісінің қозғалысы пайда болады.Ауыздың дөңгелек еті ауызды шеңберлене қоршап жатады, жиырылғанда ауыз тесігін кішірейтіп тартады.Кербез еті маңдай сүйегінің мұрын бөлігінен басталып екінші ұшы қас терісіне жалғасады. Ет жиырылған кезде қас арасында тік қыртыстар пайда болып қасты бір-біріне жақындатады.Көздің дөңгелек еті көз шарасының еті, қабақ еті және жас қапшығының еті деп үшке бөлінеді. Еттер жиырылғанда қабақ төмен немесе жоғары қозғалып, көз ашылып-жұмылады.Езуді көтеретін ет жоғарғы жақ сүйегінің тіс ойыстарынан басталып езу бұрышындағы теріге және ауыздың дөңгелек етіне бекиді, жиырылғанда езуді көтереді.Күлкі еті езуден басталып ұрт терісінде бекиді. Жиырылғанда адам бетінде күлкі үйіріледі, ал кей адамда бетте күлкі шұңқыры пайда болады.Ұрт еті талшықтары көлденең орналасады да, ауыздың дөңгелек етіне жалғасады. Бұл еттің негізгі қызметі ауыз қуысының қысымын реттеп, тағам шайнаған кезде жиырылып асты тіске ыңғайлап беріп отырады.Жоғарғы ерінді көтеретін ет. Бұл ет жоғарғы жақтың көз жиегі мен маңдай өсіндісінен басталып жоғарғы ерін терісіне бекиді, жиырылғанда ерінді көтеріп танауды кеңейтеді.Төменгі ерінді түсіретін ет төменгі жақ сүйегінің доғасынан басталып, төменгі ерін терісінде жалғасады. Қызметі – төменгі ерінді түсіру.Мұрын еті жоғарғы күрек тістер тұсынан басталады. Ет жиырылғанда танау тарылады, немесе кеңейеді.Қас түю еті маңдай сүйегінен басталып, бір жағы маңдай терісіне, бір жағы қас доғасына бекиді. Жиырылған кезде маңдайға, қас аралығына қыртыстар түсіреді.

Құлақ еттері. Құлақ еттері алдыңғы, жоғарғы және төменгі еттер болып үшке бөлінеді. Еттер самай шандырынан басталып құлақ қалқанының алдыңғы, жоғарғы және төменгі жағынан келіп тіркеледі. Адамдарда бұл еттер жануарларға қарағанда нашар дамыған, сондықтан адамда құлақеттерінің қозғалу, жиырылу қасиеттері болмайды. Міне, біз адам басының ішкі анатомиялық құрылысымен етене таныстық. Енді бастың сыртқы, әртүрлі мүшелерінің құрылысымен танысуымыз қажет.Бастың сыртқы құрылысы терімен қапталғандықтан оның мүшелері : құлақ, мұрын, көз, ерін ерекше бір әдемі пластикалық пішін түзеді. Олар адам басының ең қажетті мүшелері – органдары болғандықтан оған әдемілік, әр беріп, адамның мінез – құлқын, жалпы формасын бейнелеуге қатысады.Енді осы бастың мүшелерінің суретін салу жолдарын жеке – жеке оқып үйренейік, сонда біз бастың суретін салған кезде көп қиындықтарға кездеспейміз.Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Рабинович М. Ц. Адам пластикалық анатомиясы және сурет cалуға қолдану.

  2. Меканик. Н. «Пластикалық анатомия негіздері» М. 1985 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.


Лекция14


Тақырыбы.Тұрақтылықшарттары.

Жоспар.1.Ауырлықцентрі.

2.Жүгігу.

3.Секіру,серпілу,ұшу.



Адам денесінің, қандайда болсыен зат сияқты, ауырлық центрі бар. Адам денесінің ауырлық центріткралы мәселе тіпті17-ғасырдың өзінде ақ ғалымдари мен суретшілердің назарын өзіне аударғанболатын.тыныш тұрған адаамның ауырлық центрі шамамен екінші сегіз көз омыртқаның деңгейінде, яғни адам бойының ортасынан біршакма екені анықталды. (44- сурет). Әйеле ауырлық еркектерге қарағанда, аздап төмен, ал балаларда екрісінше біршама жоғары орналасады.Денгені тұрақты жағдайда ұстау үшін ауырлық центрінен жүргізілген тік сызық тірек алаңы шеңберіндегі жерге түсу қажет. Тірек алаңы (тұрған кездегі) деп табан аяқтары тиіп тұрған және оған қоса олардың арасындағыалаңды айтады. Тірек алаңы неғұрлым үлкен болған сайын және ауырлық центрі неғұрлым төмен болған сайын дененің жағдайы соғұрлым орнықты болады. Өзіне бекем огрнықтылық беру үшінадамдардың аяқтарын талтайтыптұратыны міне сондықтан. Керісінше бір аяқпен тұқрған кезде дененің орнықтылығы аз болады.Адам қозғалған кезде оның ауырлық центрі қайсы бір жаққа ауысып отырады (45-сурет). Сонгың өзінде, ол қалай ауысса да, одан түсірілген тік сызық тірек алаңы шеберлігінде қалуға тиіс. Егер ол осы шеңберден шығып кетсе, дене тепе –теңдігін жоғалтады да құлайды. Кейбір қимыл –қогзғалыс түрлерінде дене қандайда бір уақыт ішінде тұрақсыз жағдайда тұратын фазалар болады. Алайда адам бұл кезде құламацды, себебі мұндай жағдай тым қысқа уақытқа созылады да, содан кейін қимыл-қозғалыстың дене қаитадан орнықты жағдайға келетін келесі фазасымен ауысады.Адам өзінің қалауы бойынша бұлшық еттердің көмегімен өзінің орнықсыз жағдайын неғұрлым орнықты жағдайға және керісінше жағдайға келтіре алады. Денеге сыртқы, қосымша ауырпалықтың (әлде бір жүктің) ықпал етуі кезінде ауырлық центрі ауысады. Егер бұл жұк қандайда бір жерден түссе, онда дене тепе-теңдіркті сақтауғаұмтылып, екінші жаққа қарай қисаяды. Жүкті бастың үстіне қойған кезде ғана, мысалы, африкалықтар сияқты, тепе –теңдік шарты бұзылмалмайды.
Суретшілерге адамды тек тыныш тұрған кезде ғана емес, қимыл қозғалыста да бейнелеуге тура келеді. Леонардо да Винчидің өзі де»олардың жан дұниесінде болып жататын көңіл күйдің қаншалықты алуан түрлілігі болатыны сияқты адамдарддың қимыл қозғаолыстарысоншалықты алуан түрлі»деп атап көрсеткен болатын.адамның көзге көріне бермейтін алуан түрлі қимыл қозғалыстарының бәрәнәі ішінен мейлінше жиі мейлінше күнделікті өмірде кездесетін және локомоторлық қимыл-қозғалыстар деген атқа ие болған негізгі тобын бөліп алуға болады. Адам денесінің мұндай қимыл –қозғалыстарына жүру, жүгіру, секіру және т.б. бірқатар қимсыл қозғалыстар жатады. (46-сурет). Мұндай жағдайларда суретшінің міндеті –көрерменгне өз қйялында қимыл-қозғалыстың қалған барлық фазаларын елестетуге мүмкіндік беретін ең ұрымтал сәтті бере білу.
Дененің еш уақытта жерден толық бөлінбей, кез-келген сәтте оған небір аяғымен, не екі аяғыменг сүйену жүрудің негізгі ерекшелігі болып табылады. Жүру (1,2 ) адамның аздап алға еңкейіп , оның ауырлық центрі тірек алаңының шеберінен шығуынана басталады. Құламау үшін адам бір аяғын алға созып, жаңа тірек жасайды. Қадам осылай жасаладыЖүріс кезінде аяқ пен қолдыңүйлесімді қимылы болып отырады-оң аяқ алға созылғанда сол қол керісінше кетеді.Жұрістіңғ алуан түрлі фазалары кезінде белгілі бір бұлшық еттер жиырылып отырады. Аяқтардың алға қарай қимыл-қозғалысы кезінде санның алдыңғы жағындағы бұлшық еттер жиырылады. Егер аяқ жерге тірелсе бөксе бұлшық еттері мен балтыр бұлшық еттері жиырылыды (бұл кезде бұлар терінің астынан айқын көрініп тұрады). Баспаолдақпен жүру кейбір өзіндік өзгешеліктерменерекшеленеді. Төмен қарай жүру әдеттегі жүріс кезіндегідец табанның өкшеменемес, аяқтыңбасымен жерге тіюімен сипатталады. Жоғары қарай жүрген кезде санның алдыңғы жағында бұлшық еттерге көп жүк түседі. Жүрісті бейнелеген кезді суретші қтмықозғалыстың кез –келген фазщасын ала алады, дегенмен неғұрлым ыңғайлы дегендердің бірқатарын атап айтуға болады. Мәселен «толық жүріс» кезіндегі адамды бейнелеу үшін қос тірек кезіндегі фаза дұрыс. Баяу жасалған қадамды бейнелеу үшін дененің бір аяққа сүйеніп, алға созылған екінші аяқтың жероге болар болмас қана тиіп тұрғаны неғұрлым әсерлі болып шығады. Шапшаң жұрісті бейнелеу үшін кеуденің алға қаттыеңкеюін береді.
Жүгірудің жүруден ерекшелігі сол, онда қос тірік кезеңі жоқ-екі аяқ еш уақытта жергше бір мезгілде тимейді. Жүгірген кезді қолдың қимыл-қозғалысы неғұрлым жігерлірек болады, дей тұрғанмен олардың шынтақтан жазылуы мүлдем дерлік болмайды. Аяқтар тізеден көбірек бүгіледі. Орын ауыстырған аяқтың балтыры тіректің жанынан өткен кезде бүгілген күйде қалады. Аяқ жерге аяқтың басымен де, өкшесімен де тіюі мүмкін.Жүгіріп бара жатқан адамды салған кезде суретшілер ауаға көтерілген фазаны еш уақытта алмайды, керісінше , бір аяқ жерге тиген сәтті бейнелейді. Жүгірістің жылдамдығы негізінен жүгіруші адамның денесінің алға еңкею дәрежесімен беріледі.Секіру кезінде қимыл-қозғалыстың басты төрт фазасы бөлінеді: дайындалу, серпілу, ұшу , жерге түсу. Дайындалу фазасында кеуде алға еңкейіп, аяқтар бүгіледі де қолдар артқа созылады. Серпілу фазасы кезінде дене тікеиіп, қолдар алға тасталады.Ұшу фазасы дененің ауадағыеркін қозғалысымен сипатталады. Жерге түсу фазасында дене аяқ табанның және басқалардың серіппелі қасиетін барынша пайдалана отырып, тағы да жерге тиеді.секіруді бейнелеген кездде суретші жоғарыда айтылған фазалардың кез-келгенін ала алады-олардың бәрі де бірдей дәрежеде осы қимылға тән.Тас лақтырып тұрған адамды бейнелеп отырып, суретшілер бұл қимылдың бастапқы фазасын алады- құлаш жайған қол жанына және біршама артқа созылып, кеуде тәірек жасағанаяқ жаққа еңкейеді, бос аяқ қарама қарсыжаққа созылып, бас та сол жаққа қарай бұрылады. Немесе тас лақтырылып болған соңғы фазаны алады-қол алға еңкейген дененің алдында болады.Қимыл-қозғалыстағы адам фигурасын бейнелеу-суретші үшін мейлінше қызықты да күрделіміндеттердің бірі. Қимыл –қозғалысты әсерлі беру алған тақырып пен композиция сюжетін толығырақ ашуға, бейнеленіп отырған кеиіпкердің жан дүниесінің сол сәттегі жай-күйін білдіруге мүмкіндік береді. В:Серовтың «1Петр» картинасын еске түсірейік. Сур,етші желге бет алған бір топ адамдардың қимыл-қозғалысының әсерлі сәтін шебер таңдай білген. Жүрістің осынау бір сәтібейнеленген көрініс динамикасының әсерін, бүкіл картинаның эмоциялық құрылысын күшейте түседі.
Қимыл –қозғалыстағы адамды нанымды бейнелеу үшін оның анатомиялық құрылысының негізгі принциптерін жақсыбілу және мұндайсурет сауудың тәжірибесіне ие болу керек.Осымен бейнелеу өнерініңнегізгі теорилары мен танысуды аяқталық да практиканы, яғни бейнелеу өнеріндегі жұмыс методикасы мен техникасынмеңгеруге кіріселік. Теориялық мәселелерге қажеттілік дәрежесіне қарай айналып соғып отырымыз.
Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Баряай Ч. «Суретшілерге арналған пластикалық анатомия » Будапешт.

  2. Смирнов Г. Б. «Пластикалық анатомия»

  3. Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1977

  4. Гладишва А. «Адам анатомиясы» 1986

  5. Дмитриева «Креткал исьтория искусства» 1986

  6. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті» 1982

  7. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай ?» 1986.

  8. 8 А. С. Болубкина «Несколько слов в ремисле

Тақырыбы.

Қолды, аяқты, салу әдістері.

Жоспар.1.Қол, аяқ сүйектері.

2.Білезік,алақан,саусақ сүйектері.



3.Аяқ,толарсақ,табан,бақайшық сүйектері.Қол (қол басы) көптеген сүйектердің жиынтығынан тұрады. Дәлірек айтсақ, білезік, алақан және саусақтың ұсақ сүйектерінеи тұрады.Білезіек сүйегі ұсақ сегіз алақан ірі-ұындау бес, ал саусақтар әр қайсысы үш сүйектен түрады.тек бас бармақсаусағы екі сүйегінен құралған. Бұл сүектердің бәрін тәтпіштеп айтып отырғанымыз осынывң бәрін біліп , еске сақтауымыз қажет. өйткені олардың орналасу реті, саусақтардың буындар байланысы қолдың суретін салғанда бағыт-бағдар береді,сонымен қатар тірек нүктелерімен пропорциясын белгілеуге көмегін тигіізеді.Әр нәрсені салғанда оның бір бөлігін өлшем етіп алатынымыз белгшілі, сондықтан қол салғанда бір мүшесін өлшем етіп алғаныцмыз дұрыс сонда жұмысымыз өнімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет