ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Алаш қайраткерлерінің 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси өмірге араласуы



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#124165
1   2   3   4

Алаш қайраткерлерінің 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси өмірге араласуы.

Шынжаң қазақтары өздері қоныстанған байтақ даланы ата-бабамыздан қалған ежелгі мекеніміз деп біледі. Сондықтан да болар, ел басына ауыр күн туған қилы кезеңдерде Қазақстан жерінде қуғын-сүргін көрген қазақтардың көбі солай қарай босты. Әсіресе кеңестер одағының орнауына байланысты қызыл империяның тіс-тырнағынан қашқан талай боздақ сондағы қандастарының бауырына паналады.

1916 жылы орыстардың (патшалық Ресейдің) әскер алуына қарсы шыққан албан руы мен қырғыздар қарулы көтеріліс жасап қырғынға ұшырады. Бұл тарихта «Қарқара көтерілісі» немесе «Албан қырылған» деген аттармен белгілі. Қырғынға ұшырап, жан сауғалаған 200 мыңға тарта қазақ-қырғыз арт-артынан Шынжаңға қашып өтті. Албандар Іле өңірін мекендеді.

Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы, Әсет Найманбайұлы секілді әйгілі ақындармыздың қытай жеріне қашып өтуі де осы жылдарға тұспа-тұс келеді. Осыдан кейінгі жерде 1917 - 1920 жылдар аралығындағы Кеңестер одағының орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты ақтар мен қызылдардың қырқысы тұсында да талай қазақ ауылы босқындық күйге тап болды.

Өткен тарихтың парақтарына үңілгенде Қытайдың Алтай жеріндегі керейлердің арасына барып қайтқан аға сұлтан Құнанбай: «Түбі біздің елдің бір тиянағы осы ел болар-ау» дейтін сөзін еске алсақ, Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Міржақып Дулат(1885-1935), Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына барып қайқаны да тегін болмаса керек. Әсеттің осы бас қосуда шығарған «Алашқа» атты атақты өлең-толғауы сол тарихтың бір куәсі болып бізге жетіп отыр.

Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) жазған «Қазақ» үнқағазының (газетінің) 1917 жылғы 6-желтоқсандағы №254 санында: Қазақстандағы 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болғанын, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан екендігін жазады. Ал, енді бір деректерде 1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адамның қуғынға ұшырап, 25 мың адамның атылғаны, қазақтардың 42 пайызының аштықтан қырылғаны және бір милионға жақын адамның босып кеткені айтылады.

Енді бір дерек көзінің мәліметінше 1930-1933 жылдары негізінен қазақтар тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігені сөз болады. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны - 1 миллион 31 мыңға жеткені туралы да дерек бар.

Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3 миллион 963 мың 300, 1939 жылғы санақ бойынша 3 миллион 100 мың 900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын-сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді» деп жазады.

Демек аталған мәліметтерге негізделгенде, Кеңестер одағы құрылғаннан кейінгі әр түрлі соғыс апаттары мен қуғын-сүргін салдарынан шетел асып кеткендердің жалпы саны 500 мың төңірегінде болса, соның ішінде тек қана 1917 жылдан кейінгі қытай асып кеткендерінің санының өзі 200 мыңнан асқан екен.

15 тақырып. Алаш қозғалысы Ақпан (1917 ж.) революциясы кезеңінде.

Сталиннің билік басына келгеннен кейін өзіне қарсылардың көзін құртып, партияны өзінің бағыты бойынша істеуге жұмылдыруымен жұмыс бастаған Ішкі Істер Халық Комиссариаты (НКВД) жазалаушы орган ретінде тарих сахнасына шыққан еді. Міне осындай қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған шағында Ф. Голощекиннің (1876-1941) 1925-1933 жылдар аралығында қазақстанда билік жүргізуі ұлт зиялыларының басына қаралы кезеңнің қарлы дауылын үйірді.

1925 жылы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннiң Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына келуi Республиканың қоғамдық-саяси өмiрiн күрт өзгертiп, қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы 44 адам - «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрыңғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды.1937-1938 жылдары бұл үрдiс жаппай етек алды. Тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған, сол өкіметтің сойылын соғысқан Т.Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т.б. бастаған қазақтың бетке ұстар азаматтары да қуғын-сүргiнге ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi.

Бұл зұлматтар аранын күн сайын аша түсіп, қазақ ұлтшылдарының қомақты бір тобы көктей орылып, жетпей жатып желкесінен қиылды.

Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында Сталинмен пiкiр алысқанда Ф.И.Голощекиннің: «Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкiл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, "Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады" - деп жауап бердi», - дегенінің (Қазақ әдебиетi, 01.12.2006) өзі-ақ зұлматтың түп-төркінінің қайда жатқанын айқын аңғартса керек.

Осындай жантүршігерлік тәсілмен жүргізілген тәркілеу, Алаш қозғалысы жетекшілерін жаппай қудалау, тұтқындау, жер аудару және ауылшаруашылығын зорлап ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру, қолдан жасалған аштық секілді зұлматтар салдарынан елі үшін, жері үшін еңбек етіп жүрген талай ұлт зиялысы шет жұртқа бас сауғалауға мәжбүр болды. Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары арт-артынан Шынжаңға қашып барды.

Қытай асқандардың көп бөлімі Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі бұрыннан бар қазақ бауырларына барып паналады.

Айталық 1929 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен Әбдікәрім болыс өз балалары Қамбар, Шабдан, күйеу баласы Ғазез Қалбанов және Ысқақ Изетұлы, Тіленші, Әбдіразақ, Қабдыраш, Мәметек бидің немерелері Айдархан, Мұхтархан бастаған бір топ адаммен Қытай аумағына қарасты Алтай аймағына қашып өткен. Әбдікерім Ережепұлы болса Санкт-Петербург орман шаруашылығы инситутында оқыған, Мемлекеттік Думаға делегат ретінде екі дүркін қатысқан, 28 жыл бойы Семей губерниясының Өскемен-Зайсан уезінің Шыңғыстай болысын басқарған, Алаш партиясының бағдарламасын жасаушылардың бірі еді. Өз кезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен де жақын өткен. Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет тауысса, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факультетінен оқып, прокурор, сот, адвокат жұмыстарын атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосты.

Сталиндік зұлматтың қанды құрығы 1937 жылы Шынжаң жеріне дейін жетіп, Қамбар, Шабдан, Ғазез, Тіленші, Ысқақ, Айдархан, Мұхтархан, Сәлім Жаназаров бастаған бір топ адамды Шың Сысайдың қолымен тұтқынға алып Нобосибриски түрмесінде өлтірген екен. Сталиндік қуғын-сүргін кеңес одағы жерімен шектеліп қалмай жат жұртқа кеткен қазақтардың сары ізіне шөп салып, олардың басынада ақыр заман келтіріп отырған. Шынжаңда Шың Сысай билік құрған дәуірде бұл зұлмат мейлінше асқынып, қазақтардың қуғындалуы мен түрмеленіп-өлтірілуі ең жоғарғы деңгейге жеткен. Ол кезең Ақыт Үлімжіұлы, Шәріпхан Көгедаев бастаған ел серкелерінің басын алып, Таңжарық Жолдыұлын тар зынданға тастаған ауыр қасіретімен есте қалды. 1917 жылдан 1958 жылға дейінгі Шынжаңда жүрілген көптеген саяси қозғалыстар мен қырғындаулардың түгелге жуығы «кеңес одағының ценариі» бойынша жүрді немесе сол зұлматтың қытайлық бейнеленуі болып отырды.

Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкерім қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкерім қажы Қарасартов жағынан жазықсыз атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Тәкежанов, Мәнәкеш Әзімбайұлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң Алтайға қашып барады. Өкінішке орай, Зиятта 1938 жылы Сталиндік бұйрықтың құлы болған Шың Сысай жағынан қолға алынып, із-түзсіз жоғалтылды. Бердеш Әзімбайұлы кеңес одағы мен қытай арасындағы достық тұсында яғный 1956 жылы Зияттыңұлы Мерекені ертіп, Қазақстанға оралды.

Бұдан басқа ілгерілі-кейінді болып Алтайға жан сауғалап барған Сейітқазы Нұртаев, Кәрім Дүйсебай, Сәлім Жаназаров, Мырзахмет, Құсайын, Ахметқали Жайсаңбаев, Жұптыбай Сағындықов Алтайдан басқа жерлерді паналаған Райымжан Мәрсеков қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың да алды болыс болса, арты университет тауысқан асыл текті тұқымнан тараған аса білімді жандар болған. Бұлардан сырт Мұстафа Шоқай бастаған алыс-жуық шетелдерге бас сауғалаған қазақ зиялылары да аз болған жоқ. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тентіреп кеткен Мәжит Айтбаев сияқты тұлғалар отанына орала алмай өмір-бақи зарлап өтті.

Аты аталғандар ғана емес, ілгерінді кейінді Кеңестер Одағы өзіне қарсы оқ атқан немесе қашып кеткен әр пенденің сары ізіне шөп салып, 1938, 1939, 1940 жылдары барған елдерінде арт-артынан қолға алдырды, қырғындады. Бұл қанды жазалау Моңғол жеріндегі қазақтар арасында да жалғасын тапты.

Жоғарыда айтылған қуғын-сүргін құрбандарының бірі Ахметқали Жайсаңбаевқа азырақ тоқталар болсақ, әкесі Жайсаңбай аса сауатты, бай кісі болып, қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде 12 жыл болыс болған екен. Ахметқали «бай, кулак, халық жауы» секілді жалалармен қолға алынып Өскемен түбіндегі «Крепость» түрмесіне түседі. Түрмеден қашып шығып, олда Өр Алтай жеріне тартады. Онда барған соң Халифа Алтайдың ұстазы болып «Алтайдан Анадолыға» босқан елмен бірге кетеді. 1943 жылы Пәкстанның Дир аймағының Жандул деген жерінде аурудан қайтыс болды. Балалары Қазақстан, Қытай, Түркия үш елге шашылып, торғайдай тозды.

Бұл арада Ахметқалиға орай айта кетерлік бір жағдай бүгінгі Еуропа қазақтарының қалыптасуына себеп болған Қытайдағы қазақтардың Түркияға қарай көшуі - шын мәнінде кеңес қызылдарынан қашудан басталған болатын. 1934-1941 жылдар арлығындағы Елсіхан батырдың бастауындағы көш туралы айтар болсақ, мұсылман елдерін, түркі халқын бетке алып қызыл империядан құтылатын жалғыз есік - Үндістан, Пакстан, Ауғанстан арқылы Түркияға өту болған. Демек, кеңес одағы териториясында отырған қазақтар ғана емес, дүниені жалмаған қызыл тасқыннан қашқан қандастарымыз Такламакан шөлін кесіп, Гималай тауын асып жер шарының түкпір-түкпіріне тарыдай шашылды.

Осының бәрін айтып, азда болса жеке адамдар тағдырына тоқталуымыз кеңестік зұлматтың кесірлерінің қандай болғанын көрсету еді. Қазақ сынды қайсар халық тағдырдың қиын сынағына көбірек түсіп, өзінің ерлік рухын дәлелдеу үшін орыс және қытай сынды екі алпауыт елдің арасында әдейі өмір сүріп жатқан сияқты. Бұл халықты жер бетінен құртып жібермекші болған әлемнің қожасына айналмақ болған кеңестік билік те өз түбіне өзі жетіп, түп-тамырымен қопарыла құлады. Тарихтың жеңілісіне ұшырады.

Тарыдай шашылған қанды тарихымыздың қайталамауын тілесек те, тасқа басылған ерлігімізді ешкімнің өшіре алмайтынына мақтанғымыз келетінінде де шүбә жоқ! Өйткені біз комунизимнің қып-қызыл өртіне керілген қыл көпірден сүрінбей өтіп, империялардың әріптесіне айлалған ҚАЗАҚ деген халықпыз.
.1 Негізгі әдебиеттер:


  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1995.

  2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.,1994.

  3. Ө. Әбліманов «Қазақ» газеті. А.,1993.

  4. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

  5. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  6. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.


2 Қосымша әдебиеттер:

Т. Қожекеев. Көк сеңгірлер. А., 1992.



  1. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағлымы не дейді. А., 1993.

  2. Ж. Алмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы А.,1994.

  3. Бес арыс /жинақ/ А., 1992.

  4. Қазақ тарихы // №1-6,1993-1994 жж.

  5. Ақиқат //№ 1-12. 1992-1999 жж.

  6. Саясат. Политика // №1-6, 1996-1999 жж.

  7. Қазақ тарихы //№ 1-6. 1993-1999 жж.


3.Практикалық сабақтың құрылымы

Семинар тақырыптары


I тақырып. Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихының зерттелуі.

Жоспар


1. Алашорда тарихының отандық тарихтағы орны.

2. Алашорда тарихының кеңестік кезеңдегі зерттелуі.

3. Алашорда тарихы отандық тарихшылар зерттеулерінде.

4. Алашорда тарихының шетелдерде зерттелуі.


I I ақырып. Алаш қозғалысының тууының тарихи алғышарттары.

Жоспар


1. Ұлт-азаттық қозғалысындағы жаңа кезеңін ашқан қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері.

2. XX ғ. басындағы қазақ оқығандарының көзқарастарындағы азаттық идеясының қалыптасуына әсер еткен факторлар.

3. Алаш қайраткерлерінің саяси ұстанымдары.
III тақырып. Алаш қозғалысының тууы - ұлт-азаттық күресінің жаңа кезеңі.

Жоспар


1. Қарқаралы петициясын қабылдау – Алаш қозғалысының бастамасы.

2. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ оқығандарының 1905-1907 жж. ұлттық-саяси ұйым құру бағытындағы әрекеттер.


IV тақырып. Алаш қайраткерлерінің 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси өмірге араласуы.

Жоспар


1. Алаш қайраткерелері және Мемлекеттік Дума.

2. Қазақ газетінің дүниеге келуі және қызметі.

3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты Алаш қайраткерлерінің ұстанымы.
V тақырып. Алаш қозғалысы Ақпан (1917 ж.) революциясы кезеңінде.

Жоспар


1. Ә.Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің ақпан төңкерісіне көз-қарастары.

2. Ақпан революциясы және азаматтық бостандықтар.

3. Алаш қайраткерлерінің Уақытша үкіметтің жергілікті органдардағы қызметі.
VI тақырып. Алаш қайраткерлерінің ұлттық партия құру және қоғамда демократиялық институттарды қалыптастыру жолындағы қызметі.

Жоспар


1. Қазақ комитеттерінің құрылуы және қызметі.

2. Қазақ съездерінің көтерген мәселелері.

3. Бірінші Бүкілқазақ съезінің тарихи маңызы. Алаш партиясының құрылуы.
VII тақырып. Алаш партиясы мен Алашорда. Қазан (1917 ж.) төңкерісінің кейінгі кезеңде.

Жоспар


1. Кеңес үкіметінің орнауы және Алаш.

2. Екінші Бүкілқазақтық съезінің шешімдері. Алаш автономиясының жариялануы. Алаш орданың құрылуы.


VIII тақырып. Алаш партиясының бағдарламасы – өркениет жолымен дамудың ұстанымы.

Жоспар


1. Екінші Бүкілқазақтық съезіндегі Алаш партиясының бағдарламасының қабылдануы.

2. Алаш партиясының бағдарламасы азаматтық еркіндіктер туралы.

3. Алаш партиясының бағдарламасы – мемлекет және мемлекеттік басқару туралы.
IX тақырып. Алашорданың Семейге келуі.

Жоспар


1. Кеңес үкіметінің алашқа байланысты саясаты.

2. Алашорданың Семейге қоныс аударуы.

3. Алашорданың батыс және т.б. бөлімдерінің құрылуы.
X тақырып. Алашорданың Семейдегі қызметі.

Жоспар


1. Алашорданың Комучқа, Уфа Директориясына, Сібір Өкіметтеріне және Колчак билігіне байланысты ұстаған саясаты.

2. Алашорда қызметінің ресми тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы жалғасуы.


XI тақырып. Алашорда әскерін құру.

Жоспар


1. Алаш әскерін құру.

2. Алаш әскери құрылымдарының қимылдары.


XII тақырып. Алаш партиясы, Алашорданың кеңес өкіметінің мойындауы.

Жоспар


1. Азамат соғысында ақтар қозғалысының жеңіліс табуы.

2. Алашорданың кеңес өкіметімен келіс сөздері. Кеңес өкіметін тану.


XIII тақырып. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің кеңес өкіметі тұсындағы қызметі. 20-шы жылдарындағы Қазақстанның саяси өмірі.

Жоспар


1. Алаш қайраткерлері Кеңес қызметінде.

2. Алаш (Қазақ) зиялыларының қатал тағдыры.


XIV тақырып. Тәуелсіздік және Алаш қайраткерлерінің қайта оралуы.

Жоспар


1. Алаш қайраткерлерінің халық жадында қайта жаңғырылуы.

2. Алаш қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер.

3. Шығыс Қазақстаннан шыққан Алаш арыстары.

4. Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметінің қызметтерінің тарихи маңызы.


XV тақырып. Қорытынды сабақ.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1995.

2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.,1994.

3. Ө. Әбліманов «Қазақ» газеті. А.,1993.

4. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

5. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995.

6. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.


Қосымша әдебиеттер:

1. Т. Қожекеев. Көк сеңгірлер. А., 1992.

2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағлымы не дейді. А., 1993.

3. Ж. Алмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы А.,1994.

4. Бес арыс /жинақ/ А., 1992.

5. Қазақ тарихы // №1-6,1993-1994 жж.

6. Ақиқат //№ 1-12. 1992-1999 жж.

7. Саясат. Политика // №1-6, 1996-1999 жж.

Қазақ тарихы //№ 1-6. 1993-1999 жж.
Арнаулы семинар тақырыптарына ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А.1992 ж.

2. Қозыбаев М. Қ. Ақтандықтар ақиқаты. А. 1992 ж.

3. Қожанов Т. Көк сеңгірлер. А.1992 ж.

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А. 1995 ж.

5. Нәубәт (жинақ) А. 1994 ж.

6. Зобалаң (жинақ) А. 1994 ж.

7. Қызылдар қырғыны А. 1993 ж.

8. Зауал. А.1991 ж.

9. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.

10.К. Есмағанбетов. Қазақтар шетел әдебиетінен. А., 1994.

11.Қойгелдиев. М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді А. 1993 ж.

12.К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

13.Қазақстан тарихының журанал. 1993-1999 жж.

14.Ақиқат журналы. 1991-1999 жж.

15.Отан жураналы. 1998-1999 жж.



4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.



Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


4 Студенттердің өздік жұмыстары (тақырыбы, талаптары, мерзімі)






Тақырыбы

Түрі

Тапсыру мерзімі




1

Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.


Конспект Ауызша баяндау

1-2 апта

2

А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі.

Конспект Ауызша баяндау

3-4 апта

3

М.Тынышпаевтың қоғамдық-саяси қызметі.

Конспект Ауызша баяндау

5-6 апта

4

М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметі.


Конспект Ауызша баяндау

7 апта

5

Райымжан Мәрсековтің Алаш идеясы іске асырудағы Семей жеріндегі қызметі.

Конспект Ауызша баяндау

8-9 апта

6

Ахметжан Қозыбағаровтың қоғамдық- саяси қызметі.

Конспект Ауызша баяндау

10 апта

7

Халел Ғаббасовтың қоғамдық-саяси қызметі.

Конспект Ауызша баяндау

11 апта

8

Әлімхан Ермековтың қоғамдық-саяси қызметі.

Конспект Ауызша баяндау

12 апта

9

Шәкәрім қажы және Алашорда.


Конспект Ауызша баяндау

13 апта

10

Алашорда және «Үш жүз» партиясы.


Конспект Ауызша баяндау

14 апта



Алашорда және Совет өкіметі.

Конспект Ауызша баяндау

15 апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет