ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет5/6
Дата17.06.2016
өлшемі389 Kb.
#142985
1   2   3   4   5   6

Зертханалық сабақ 11. Қосмекенділердің түрлерін анықтау

Қосмекенділердің негізгі отрядтарының мінездемесі және географиялық таралуы.

Әдебиеттер: [1], [2], [3].
Зертханалық сабақ 12. Бауырымен жорғалаушылардын сырткы құрылысы мен ішкі органдарының топографиясы.

Рептилиялардың негізгі құрылыс ерекшеліктері. Тері жабынының құрылысы. Тыныс алу, қан айналу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 13. Бауырымен жорғалаушылардын тірек қимыл жүйесі.

Бауырымен жорғалаушылардың қанқасының прогресивті белгілері. Қанқасының құрылысы. Ми қаңқасы және оның бөлімдері. Қанқасының құрылыс ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 14. Бауырымен жорғалаушлардың түрлерін анықтау

Негізгі отрядтардың систематикасы. Олардың биологиясы және географиялық таралуы.

Әдебиеттер:[1],[3], [5].
Зертханалық сабақ 15. Құстардың сырткы құрылысы мен ішкі органдарының топографиясы.

Тері жабындысының, булшық ет ,зәр шығару, қан айналу жүйесінің құрылыс ерекшеліктері. Ауа қапшықтары. Құстардың эмбриональдық дамуының негізгі ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1], [4], [5].
Зертханалық сабақ 16. Құстардың қанқасы мен бұлшық еттері.

Қаңқаның құрылысы. Ми сауыты. Висцеральды сауыт. Тіл асты аппараты. Кеуде қанқасының құрылыс ерекшеліктері.

Әдебиеттер: [1], [4], [5].
Зертханалық сабақ 17. Құстардың түрлерін анықтау

Құстардың географиялық таралуы. Құстарды анықтау.

Әдебиеттер: [1], [6], [8].
Зертханалық сабақ 18. Құстардың экологиялық группалары

Олардың биологиясы, экологиясы.

Әдебиеттер: [1], [6], [8].
Зертханалық сабақ 19. Сүтқоректілердің сырткы құрылысы мен ішкі органдарының топографиясы.

Тері жабындысының құрылысы. Тері туындылары. Тыныс алу механизмі. Өкпенің құрылысы. Көбею мүшелері.

Әдебиеттер: [1], [3], [5].
Зертханалық сабақ 20. Сүткоректілердін тірек қимыл жүйесі.

Қанқа құрылысы. Ми қапшығы.Висцеральды қапшық. Омыртқа жотасы.

3сағат.Әдебиеттер:[1],[2], [5].
Зертханалық сабақ 21. Сүткоректілердің түрлерін анықтау

Биология, экология, географиялық таралуы.

Әдебиеттер: [1], [4], [5].
Зертханалық сабақ 22. Сүткоректілердің экологиялық группалары

Қазақстан территорияларында кездесетін сүткоректілер түрлері. Семей облысында кездесетін сүткоректілер түрлері.

Әдебиеттер: [1], [7], [9].
Әдебиеттер:
Негізгі:

1.Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.

2.Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. Практикум по зоологии позвоночных . – М.: Высшая школа, 1976.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

4.Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

5.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.

6.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.

Қосымша:

7.БанниковА.Г.,Денисова М.Н. Очерки по биологии земноводных.– М.: Учпедгиз1956.

8.Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973

9.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

10.Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

11. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СӨЖ № 1

Тақырыбы: Дөңгелек ауыздылар класы.
Жоспар:

  1. Отряд Миксиндер.

  2. Миксиндер отрядының құрылыстық ерекшеліктері.

  3. Даму циклі.

  4. Дөңгелек ауыздылар класы биологиясы, таралуы мен маңызы.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы. 1,2 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

3.Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

4.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.

5.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


СӨЖ № 2
Тақырыбы: Қостыныстылар класс тармағы.

Жоспар:

  1. Қостыныстылар класс тармағы сүйекті балықтардың ежелгі тобы.

  2. Класс өкілдерінің құрылысындағы қарапайымдық белгілері, құрылыс ерекшеліктері.

  3. Таралуы мен экологиясы.


Әдебиеттер:
1.Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

2.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

3. Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

4.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.


СӨЖ № 3

Тақырыбы: Қазақстандағы сүйекті балықтардың систематикасы.

Жоспар:

  1. Қазақстандағы сүйекті балықтардың систематикасы.

  2. Экологиясы, мен таралуы.

  3. Балықтарды жерсіндіру.

  4. Балықтарды қорғау, Қызыл кірапқа кіргізілген түрлері.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2. Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

3.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

4. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.

СӨЖ № 4

Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар класы.

Жоспар:


  1. Бауырымен жорғалаушылар класы жылдық циклі, Жұмыртқасының құрылысы, дамуы.

  2. Амниоталылардың анамниялармен салыстырғандағы артықшылықтары

  3. Рептилиялардың географиялық таралуы.

  4. Рептилиялардың биоценоздағы алатын орыны.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.

3.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

4. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.
СӨЖ № 5

Тақырыбы: Қазақстан құстарының қысқаша систематикасы.

Жоспар:


  1. Қазақстан территориясында мекендейтін құстар және олардың қысқаша сипаттамалары

  2. Құстардың маңызы және қорғау. Қазақстан қорықтарындағы құстар.

  3. Қазақстанның қызыл кітабына енген құстар.

Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 2 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

8.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.



СӨЖ № 6
Тақырыбы: Теңіз сүтқоректілері.

Жоспар:

  1. Теңіз сүтқоректілерінің жалпы сипаттамасы.

  2. Олардың суға бейімделуіне байланысты құрылысының өзгеруі.

  3. Теңіз сүтқоректілерінің классификациясы. Негізгі отрядтары.

  4. Теңіз сүтқоректілерінің экологиясы.

  5. Теңіз сүтқоректілерінің филогенезі.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

8.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.




    1. ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨТКІЗЕТІН СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАКЫРЫПТАРЫ


СӨОЖ № 1

Тақырыбы: Хордалылардың типі.

Сұрақтар: Хордалылардың шығу тегі. Басқаңқасыздар, қабықшалылар тип тармағының жалпы сипаттамалары. Сальпылар мен аппендикуляриялардың құрылыс сипаттамасы. Олардың филогенетикалық қатынастары. А.О. Ковалевский, А.Н. Северцов еңбектерінің маңызы. Ол бойынша қабықтылар мен хордалылардың арғы тектері қандай болған.
Әдебиеттер:

1.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.

2.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.

3.Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973

4.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.
СӨОЖ № 2

Тақырыбы: Шеміршекті балықтар класы.

Сұрақтар: Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы. Тірек қаңқа жүйесінің ерекшеліктері. Құрылысындағы қарапайымдылық белгілері. Кластың негізгі отрядтарына сипаттама. Акулалар отряд тармағының кең тараған өкілдері, олардың таралуы. Шеміршекті балықтардың филогенезі.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2. 10.Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

4.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

5. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.


СӨОЖ № 3

Тақырыбы: Қостыныстылар класс тармағы.

Сұрақтар: Сүйекті балықтардың ежелгі тобы. Қостыныстылардың құрылысындағы морфологиялық ерекшеліктері, неліктен олар барапайым балықтарға жатады. Қостыныстылардың қазіргі өкілдері олардың таралуы мен экологиясы.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2.Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.


СӨОЖ № 4

Тақырыбы: Қырсыз төстілер отряд тобына сипаттама.

Сұрақтар: Морфологиясы, құрылысы мен тіршілігіндегі ерекшеліктер. өкілдері олардың таралуы және жалпы сипаттамалары. Экологиясы мен таралуы. Систематикасы
Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

4.Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

5.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.

6.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.

7.Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973

8.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

9. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.
СӨОЖ № 5

Тақырыбы: Алғашқы аңдар.

Сұрақтар: Құрылысындағы қарапайымдылық белгілер. Біртесіктілер отряды, ехидналар тұқымдасы, өкілдері және таралуы. жалпы сипаттамасы. Көпкүректістілер отрядтармағының жалпы сипаттамасы, өкілдері және экологиясы, Қоскүректістілер отряд тармағы. Даму ерекшеліктері. Географиялық таралуы мен экологиясы
Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

4.Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

5.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

СӨОЖ № 6
Тақырыбы: Кеміргіштер отряды.

Сұрақтар: Кеміргіштер отрядының негізгі тұқымдастары және кең тараған өкілдерінің сипаттамасы. Тиінтектестер тұқымдасы, ұшарлар, құндықдар, аламандар, леммингтер, ондатрлар, алақоржындар, момақан тышқандар, құмтышқандар, көртышқандар, қаптесертектестер, жалмандар, қосаяқтар, жайралар, теңіз доңыздар тұқымдасы. Кеміргіштердің биологиялық маңызы.
Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

4.Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

5.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.

6.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.



Омыртқалылар зоологиясы пәні бойынша емтихан сұрақтары


  1. Омыртқалылар зоологиясының адам шаруашылық іс-әрекетін теориялық негіздеудегі маңызы.

  2. Қосмекенділердің шығу тегі. Омыртқалы жануарлардың құрлыққа шығуының алғышарттары.

  3. Қырсыз төсті құстар отряд үсті. Негізгі ажырататын ерекшеліктері, отрядтарға бөлінуі, таралуы, өкілдері.

  4. Құйрықтылар отряды – қосмекенділер

  5. дің аса төмен мамандалған тобы ретінде.

  6. Желілілер (хордалылар) типіне жалпы сипаттама.

  7. Балықтардың биологиялық топтары және олардың ұйымдасу ерекшеліктері.

  8. Аяқсыздар отряды - - қосмекенділердің аса жоғары мамандалған және қарапайым тобы.

  9. Омыртқалыларға желілілердің прогрессивті тармағы ретінде сипаттама.

  10. Балықтар тіршілігіндегі негізгі биологиялық кезеңдер және соған байланысты балықтардың таралу, мінез-құлық және ұйымдасу ерекшеліктері.

  11. Құйрықсыздар отряды - қосмекенділердің аса көп санды және кең таралған тобы.

  12. Бассүйексіздерге аса қарапайым желілілер ретінде сипаттама (ұйымдасуы, таралуы).

  13. Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік ету және таралу жағдайлары.

  14. Пайдалы аңдарды өсіру; бағалы терілі аңдар өсіру.

  15. Балықтарға алғашқы жақауыздылар ретінде сипаттама.

  16. Аңдардың экологиялық топтары және олардың тіршілік жағдайларына байланысты ұйымдасу ерекшеліктері.

  17. Дегелек тәрізділер отряды. Биологиясы және ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы және кәсіптік маңызы.

  18. Қосмекенділерге жер бетіндегі аса қарапайым омыртқалылар ретінде сипаттама.

  19. Құстардың биологиялық топтары және олардың тіршілік жағдайларына байланысты ұйымдасу ерекшеліктері.

  20. Қолқанаттылар отряды, жалпы сипаттама.

  21. Дөңгелек ауыздылар класына қазіргі кездегі аса қарапайым омыртқалы жануарлар ретінде сипаттама.

  22. Гагарлар және поганкалар отряды. Тіршілік ету тәсілі, таралуы, экономикалық маңызы.

  23. Бауырымен жорғалаушылардың адам үшін маңызы.

  24. Құстардың шығу тегі және эволюциясы.

  25. Ящерогадылар класс тармағы. Ұйымдасу қарапайымдылығы, таралу ерекшеліктері.

  26. Тоғандағы балық шаруашылығы. Қазақстандағы балық шаруашылығының дамуының жалпы келешегі.

  27. Қосмекенділердің таралуының тіршілік жағдайларынан тәуелділігі.

  28. Сүтқоректілердің шығу тегі және эволюциясы.

  29. Тоқылдақтар отряды. Олардың орман шаруашылығындағы маңызы.

  30. Балықтар миграциясы, олардың себептері мен түрлері.

  31. Қабыршақтылар класс тармағы. Негізгі өкілдері, таралуы және биологиясы.

  32. Зиянды сүтқоректілермен күрес жүргізудің биологиялық негіздері.

  33. Қосмекенділердің шығу тегі және эволюциясы.

  34. Кемірушілер отряды. Жалпы биологиялық сипаттамасы және жіктелу негіздері. Кемірушілер - ауыл шаруашылығының зиянкестері.

  35. Құстарға омыртқалылардың ұшуға бейімделген прогрессивті тармағы ретінде жалпы сипаттама.

  36. Тақтажелбезектілер класс тармағы. Негізгі түрлері, экологиясы, кәсіптік маңызы.

  37. Пайдалы сүтқоректілерді қорғау.

  38. Сүтқоретілер класына жоғары омыртқалылар ретінде жалпы сипаттама.

  39. Тасбақалар класс тармағы. Ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы және биологиясы.

  40. Пайдалы құстарды қорғау.

  41. Құстардың тіршілік ету жағдайлары, олардың жалпы географиялық және биотопикалық таралуы.

  42. Жыртқыш аңдар отряды. Негізгі түрлері, олардың таралуы, биологиясы, шаруашылық маңызы.

  43. Қазақстандағы балық кәсібінің географиясы.

  44. Биологиялық кезеңдер және олардың құстардың әр түрлі топтарындағы көрінісінің ерекшеліктері.

  45. Сүйекті балықтар отряды. Негізгі отряд тармақтары, биологиялық ерекшеліктері және шаруашылық маңызы.

  46. Қосмекенділердің ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығындағы маңызы.

  47. Қостынысты балықтар класс тармағы. Ұйымдасу ерекшеліктері, таралуы және экологиясы.

  48. Қосмекенділердің көбею ерекшеліктері.

  49. Құстардың маңызды кәсіптік топтары және оларды пайдалануды ұйымдастыру.

  50. Саусақ қанатты балықтар класс тармағы. Ұйымдасу ерекшеліктері, географиялық және биотопикалық таралуы.

  51. Құстар - зиянды жануарларды жоюшылар ретінде.

  52. Жұптұяқтылар отряды. Систематикасы және таралуы.

  53. Сүтқоректілердің шаруашылық маңызын анықтайтын ұйымдасуы мен тіршілік әрекетіне тән негізгі белгілері.

  54. Торғай тәрізділер отряды. Систематикасы және олардың ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығындағы ролі.

  55. Көбею, және оның қоректену жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты балықтардың әр түрлі топтарындағы ерекшеліктері.

  56. Қаз тәрізділер отряды. Систематикасы, таралуы және ет кәсібіндегі маңызы.

  57. Қазақстандағы кәсіптік аңдар.

  58. Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.

  59. Күндізгі жыртқыштар отряды. Систематикасы, таралуы, биологиясы және шаруашылықтағы маңызы.

  60. Бауырымен жорғалаушылардың көбеюі.

  61. Балық шаруашылығының биологиялық негіздері.

  62. Тауық тәрізділер отряды. Ұйымдасу ерекшеліктері, систематикасы, биологиясы, таралуы және шаруашылықтағы маңызы.

  63. Аңдар санының ауытқуы және оның практикалық маңызы.

  64. Қолтырауындар класс тармағы. Ұйымдасу ерекшеліктері, систематикасы, биологиясы және таралуы.

  65. Зиянды аңдар, олардың эпизоотологиялық және эпидемиологиялық маңызы.

  66. Қалталылар класс тармағы. Ұйымдасу ерекшеліктері, систематикасы, биологиясы және таралу ерекшеліктері.

  67. Көкектер отряды. Систематикасы және биологиясының ерекшеліктері.

  68. Үй хайуандары және олардың шығу тегі.

  69. Сүтқоректілердің тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы.

  70. Шағалалар және чистиктер отряды. Систематикасы және биологиясы. "Құс базарларын" тиімді пайдалану.

  71. Балықтардың өсуі және жасқа сай белгілері.

  72. Бауырымен жорғалаушыларға төменгі сатыдағы амниоттар ретінде сипаттама.

  73. Балшықшылар отряды. Ұйымдасу ерекшеліктері, биологиясы, таралуы және кәсіптік маңызы.

  74. Сүтқоректілер - ауылшаруашылығы зиянкестерін жоюшылар.

  75. Аңдардың қоректенуі және қорегін табу тәсілдері.

  76. Ескек аяқтылар отряды. Ұйымдасу ерекшеліктері, систематикасы, таралуы және экономикалық маңызы.



Омыртқалылар зоологиясынан тест сұрақтары
1.Бассыздардың жеке құрылысы желiлiлердiң қысқаша схемасы тәрiздес. Оны қалай байқауға болады?

A) негiзгi (тiректi) қаңқасы бас сүйектерi мен омыртқалар жотасынан тұрады;

B) тiректi қаңқасы желiсi ғана;

C) терiсiмен ғана тыныс алады;

D) жүйке жүйесi ми мен жұлыннан тұрады;

E) желбезек арқылы тыныс алады;

2.Жұтқыншағының төменгi жағындағы ойықша қалай аталады?

A) невроцель;

B) атриопор;

C) құрсақ қуысы;

D) жабынды қуысы;

E) эндостиль;

3.Қандауырдың қан айналуы қалай жүзеге асады?

A) екi камералы жүрек;

B) веналық қалта;

C) құрсақ аортасы мен желбезек артерияларының жиырылуымен;

D) үш камералы жүрек;

E) күре тамырдың жиырылуымен;

4.Қандауырлардың мамандалуының белгiлерiн көрсетiңiздер?

A) ми қапшығының болмауы;

B) миының бес бөлiмнен тұруы;

C) атриалдық қуысының болуы;

D) миы жоқ, жүйке түтiкшесi ғана бар;

E) еркiн жүзiп жүредi;

5.Қандауырлардың тыныс алу жүйелерi неден тұрады?

A) өкпе көпiршiктерiнен;

B) екi жұп желбезек тесiктерiнен;

C) жүз жұп мөлшерлi желбезек тесiктерiнен;

D) он жұп желбезек тесiктерiнен тұрады;

E) желбезек тесiктерi сыртқа ашылады;

6.Қандауырлардың сезiм мүшелерi неден тұрады?

A) дәм сезу (тiл);

B) Гессе көздерi;

C) құлақтары;

D) төбе мүшесi;

E) көздерi;

7.Қандауырдың несеп бөлу мүшелерiне қайсысы жатады?

A) қарапайым алғашқы бүйрек;

B) 90 жұпқа жақын нефридилер;

C) метанефридилiк бүйректер;

D) мезонефридилик бүйректер;

E) метанефридилер;

8.Қандауырлардың көбею мүшелерiне қайсысы жатады?

A) 25 жұптық аналық және аталық ұрықтары;

B) дара жыныстық безi;

C) жыныстық бездерi жоқ;

D) жұпталған жыныс бездерi;

E) 10 жұп мөлшерлi жыныс бездерi;

9.Бас сүйек қаңқасыздар тегiнiң ерекшелiктерi?

A) еркiн жүзушi топтары;

B) теңiз табанына көмiлiп өмiр сүруге бейiмделген;

C) аз қозғалатын, жорғалайтын;

D) желбезектерi 200 жұптай болған;

E) жабынды қуысы болған;

10.Қандауырдың орталық жүйке жүйесiн құрайтын бөлiмдерi?

A) жүйке түтiкшесi;

B) миы;

C) жұлыны;



D) миы мен жұлыны;

E) жүйке тiзбектерi;

11.Қандауырдың бұлшық ет сегментi қалай аталады?

A) миомер;

B) миосепта;

C) атриопор;

D) невропор;

E) дұрыс жауабы жоқ;

12.Қандауырдың бұлшық еттер ерекшелiгiн көрсетiңiздер?

A) ассимметриялық бұлшық ет;

B) симметриялы бұлшық еттер;

C) бұлшық ет сегменттерi 150-200;

D) бұлшық еттерi жоқ;

E) бұлшық еттер сегменттерi саны болымсыз;

13.Қандауырдың эндостилi қандай қызмет атқарады?

A) тiрек қызметiн;

B) тасымалдау қызметiн;

C) қабықастылық;

D) қорғау;

E) бөлiп шығару;

14.Қандауырдың қарапайымдылық белгiсiн көрсетiңдер.

A) тiректiк қаңқасы желiсi ғана болып өмiр бойы сақталады;

B) өкпемен тыныс алады;

C) омыртқаларының жоғарғы iлгек қалдықтары сақталынған;

D) бас сүйек қаңқасы қарапайым құрылған;

E) омыртқалары екi түрлi: дене және құйрық;

15.Қандауырлардың өмiр сүру ортасын атаңдар?

A) өзендер;

B) су қоймалары;

C) теңiздер;

D) көлдер;

E) тау өзендерi;

16.Қандауырлардың қан айналу жүйелерiнiң ерекшелiктерiн атаңдар?

A) әкелетiн және әкететiн желбезек артериялары;

B) бүйрек капилляр шумақтары;

C) екi камералы жүрек;

D) жүрегi жоқ;

E) екi қанайналу шеңберлерi;

17.Қандауырлардың дернәсiлдiгiне мына аталған ерекшелiктерiнiң қайсысы сәйкес?

A) еркiн жүзетiн;

B) жатып iшу;

C) су табанында көмiлiп өмiр сүредi;

D) жабынды қуысының болуы;

E) отырықты өмiр сүредi;

18.Желiсi қай туынды қабаттан пайда болады?

A) эктодерма;

B) мезодерма;

C) энтодерма;

D) мезенхима;

E) дұрыс жауабы жоқ;

19.Мынау кластардың қайсысы бассүйексiздер типастылығына жатады?

A) желiлiбастар;

B) дернәсiлдiжелiлер;

C) жартылай желiлер;

D) асцидилар;

E) сальпiлер;

20.Қандауырлар немен қоректенедi?

A) балықтармен;

B) моллюскалармен;

C) бiр жасушалы жануарлармен;

D) шаяндармен;

E) жауынқұрттарымен;

21.Мына аталған жануарлардың қайсысы жақсыздарға жатады?

A) қандауырлар;

B) миногалар, миксиндер;

C) акулалар, скаттар;

D) алабұға, шортандар;

E) жайындар;

22.Шеңберауыздыларды қандай себептермен омыртқалылар типтастылығына жатқызады?

A) жарты тұлғасы желiсiмен берiлген;

B) желiсi жеке сегменттерге бөлiнген;

C) сүйектi омыртқалары бар;

D) омыртқалары шемiршектен тұрады;

E) омыртқалары жоғарғы iлгек қалдықтарымен құрылған;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет