Сұрақтар:
-
Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?
-
Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.
-
Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері.
-
Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.
-
Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы.
-
Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 9.
Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі.
-
Жүзім ұлуы мысалында бауыраяқтылар класының құрылыс ерекшеліктері. Классификациясы, таралуы.
-
Айқұлақ мысалында тақтажелбезектілердің құрылыс ерекшеліктері. Кластың кәсіптік өкілдері.
Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
-
Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.
-
Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.
Сұрақтар:
-
Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?
-
Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?
-
Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі.
-
Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
-
Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?
-
Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?
-
Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 10.
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.
-
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны.
-
Өзен шаянының және оның аяқтарының морфологиясымен танысу.
-
Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: циклоп, дафниялар.
Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу.
Тапсырмалар:
-
Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.
-
Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу.
-
Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу.
-
Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.
Сұрақтар:
-
Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?
-
Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.
-
Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай?
-
Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?
-
Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.
-
Дафнияның тіршілік циклі.
-
Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не?
-
Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 11.
Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.
-
Өрмекшіәтәрізділердің жалпы сипаттамасымен танысу.
-
Өрмекшітәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Классификациясы.
-
Кенелердің паразитті түрлері.
Мақсаты: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу.
Тапсырмалар:
Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу.
Сұрақтар:
-
Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде?
-
Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар?
-
Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай?
-
Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс 12.
Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы.
-
Насекомдар класы. Насекомдардың сыртқы құрылысы. Бунақденелінің денесінің морфологиясын оқып-үйрену. Тарақанның денесінің бөлімдерге бөлінуі. Қоректенуге байланысты ауыз аппараттарының типтері. Насекомдардың аяқтарын салыстырмалы түрде оқу. Мұртшалардың, аяқтардың, қанаттардың типтерін қарастыру.
-
Насекомдарың ішкі құрылысы. Насекомдардың дамуы. Толық түрленбей және толық түрленіп даму онтогенездері.
Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.
Тапсырмалар:
-
Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.
-
Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.
-
Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.
-
Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу.
-
Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.
Сұрақтар:
-
Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
-
Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан?
-
Абдоменде қандай аяқтар орналасқан?
-
Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?
-
Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?
-
Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?
-
Насекомдардың аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты?
-
Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?
-
Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай?
-
Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
-
Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?
-
Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері?
-
Метаморфоз дегеніміз не?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.
Зертханалық жұмыс № 13.
Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары.
Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу.
Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырмалар:
Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
Сұрақтар:
-
Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?
-
Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?
-
Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?
-
Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Зертханалық жұмыс № 14.
Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары.
Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу.
Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.
Тапсырмалар:
Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.
Сұрақтар:
-
Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай?
-
Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай?
-
Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай?
-
Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.
Зертханалық жұмыс № 15.
Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.
-
Теңіз жұлдызының құрылысы.
-
Тікентерілілер типінің жалпы сипаттамасы.
Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу.
Тапсырмалар:
Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу.
Сұрақтар:
-
Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай?
-
Амбулакральды жүйесі қалай орналасқан? Оның қызметі қандай?
-
Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады?
-
Тікентерілілердің эмбрионалдық дамуының ерекшеліктері қандай?
-
Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.
Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.
4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
І семестр бойынша СОӨЖ тапсырмалары.
СОӨЖ 1.
Тақырыбы: Микроспоридиялар типі. Миксоспоридиялар типі.
Мақсаты: Микроспоридиялар және миксоспоридиялардың құрылысы және тіршілік циклінің ерекшеліктерімен танысу. Микроспоридиялар және миксоспоридиялар өкілдері тудыратын ауруларды оқып-үйрену.
Сұрақтар:
-
Микроспоридиялар типінің жалпы сипаттамасы, тіршілік циклінің ерекшеліктері, маңызы.
-
Миксоспоридиялар типінің жалпы сипаттамасы, тіршілік циклінің ерекшеліктері, маңызы.
Тапсыру формасы: Ауызша. Альбомдағы сурет бойынша жұмысты қорғау.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу және суреттерін салу.
-
Тұрақты микропрепараттардан микроспоралылардың және миксоспоралылардың өкілдерін қарастыру. Таблицалармен жұмыс жасау.
-
Тест материалдарымен жұмыс жасап, өз білімдерін тексеру.
Таратпа материалдар: Тұрақты микропрепараттар, таблицалар.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СОӨЖ 2.
Тақырыбы: Тақталылар типі.
Мақсаты: Тақталылардың жалпы сипаттамасымен, құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Сұрақтар:
-
Тақталылар типінің жануарлар дүниесіндегі орны.
-
Трихоплакстың құрылысы, көбеюі.
Тапсыру формасы: Ауызша. Альбомдағы сурет бойынша жұмысты қорғау.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу және суреттерін салу.
-
Тұрақты микропрепараттардан трихоплакстың құрылысымен танысу. Таблицалармен жұмыс жасау.
-
Тест материалдарын қарастырып, өз білімдерін тексеру.
Таратпа материалдар: Тұрақты микропрепараттар, таблицалар.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СОӨЖ 3.
Тақырыбы: Ескектілер типі типі.
Мақсаты: Ескектілер класының құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Сұрақтар:
-
Ескектілердің жалпы сипаттамасы, систематикасы.
-
Ескектілердің симметриясы мен ішкі құрылысының ерекшеліктері.
-
Ескектілердің ішекқуыстылармен салыстырғанда ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Тапсыру формасы: Ауызша. Альбомдағы сурет бойынша жұмысты қорғау.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу және суреттерін салу.
-
Ескектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен таблицалар арқылы танысу.
-
Тест материалдарын қарастырып, өз білімдерін тексеру.
Таратпа материалдар: Таблицалар.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СОӨЖ 4.
Тақырыбы: Паразиттік құрттар.
Мақсаты: Құрттардың филогениясына көңіл аудару. Паразитизмнің пайда болуын оқып-үйрену. Негізгі және аралық иелер ұғымдарын талқылау.
Сұрақтар:
-
Паразитизм дегеніміз не?
-
Паразиттердің негізгі және аралық иелеріне анықтама бер.
-
Паразиттің тіршілік етуіне байланысты құрылыс ерекшеліктері.
-
Паразиттік құрттардың тіршілік циклдарының күрделенуі неде?
Тапсыру формасы: Ауызша.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу және суреттерін салу.
-
Тұрақты микропрепараттардан паразиттік құрттардың ішкі құрылысымен танысу.
-
Ылғалды препараттар арқылы паразиттік құрттардың алуан түрлілігімен танысу. Таблицалармен жұмыс жасау.
-
Тест материалдарын қарастырып, өз білімдерін тексеру.
-
Жұмыс дәптері бойынша салыстырмалы таблицаларды толтыру.
Таратпа материалдар: Ылғалды препараттар, тұрақты микропрепараттар, таблицалар.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СОӨЖ 5.
Тақырыбы: Немертиндер типі.
Мақсаты: Типтің жалпы морфофизиологиялық сипаттамасымен танысу.
Немертиндердің классификациясын қарастыру.
Сұрақтар:
-
Немертиндердің құрылысы, көбеюі, дамуы.
-
Немертиндердің экологиясы.
Тапсыру формасы: Ауызша. Альбомдағы сурет бойынша жұмысты қорғау.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу және суреттерін салу.
-
Немертиндердің сыртқы және ішкі құрылысымен таблицалар арқылы танысу.
-
Тест материалдарын қарастырып, өз білімдерін тексеру.
Таратпа материалдар: Таблицалар.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СОӨЖ 6.
Тақырыбы: Көпклеткалылар патшалық тармағы.
Мақсаты: Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі туралы негізгі теорияларды қарастырып, талқылау (Э.Геккель, И.И.Мечников, Хаджи-А.В.Иванов).
Сұрақтар:
-
Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі туралы Э.Геккель, И.Мечниковтың еңбектері.
-
Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі туралы А.А. Захваткиннің пікірі.
-
Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі туралы И.Хаджи концепциясы.
Тапсыру формасы: Ауызша.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
СОӨЖ 7.
Тақырыбы: Коловраткалар класы.
Мақсаты: Коловраткалардың қозғалу аппаратына көңіл бөлу. Коловраткалардағы ұрпақ алмасу, цикломорфоз құбылыстарын талқылау.
Сұрақтар:
-
Коловраткалардың тіршілік циклінің ерекшеліктері қандай?
-
Коловраткалардың басқа жұмыр құрттармен салыстырғанда қандай ерекшеліктерін атауға болады?
-
Коловраткалардың аталығының құрылысы қандай?
Тапсыру формасы: Ауызша.
Әдістемелік нұсқаулар:
-
Оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
-
Қысқаша конспект жазу және суреттерін салу.
-
Тұрақты микропрепараттардан коловраткалардың сыртқы құрылысымен танысу. Таблицалармен жұмыс жасау.
-
Тест материалдарын қарастырып, өз білімдерін тексеру.
Таратпа материалдар: Таблицалар.
Қолданылатын әдебиеттер:
Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.
Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.
Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.
Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.
Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.
Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.
ІІ семестр бойынша СОӨЖ тапсырмалары.
СОӨЖ 1.
Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.
Мақсаты: Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрылысының ерекшеліктерімен танысу. Кәсіптік маңызы бар шаянтәрізділерді қарастыру.
Сұрақтар:
-
Тең аяқтылар отряды. Теңізде, тұщы суда және құрлықта мекендейтін тең аяқтылар, олардың тіршілігі мен маңызы.
-
Он аяқтылар отряды. Он аяқты шаяндардың құрылысы, көбеюі мен дамуы. Крабтәрізділер мен нағыз крабтардың, тұщы су шаяндарының, омарлардың, креветкалардың, тақуа шаяндардың таралуы және тіршілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |