Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті Заңгерлердің кәсіби әдебі пәнінің сипаттамасы



бет1/6
Дата18.10.2023
өлшемі85 Kb.
#481083
  1   2   3   4   5   6

1 Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті


1.1 Заңгерлердің кәсіби әдебі пәнінің сипаттамасы-Заңгерлердің әдептік және моральдық мәдениетін жақсарту, моралдың нормалары мен қағидалары саласындағы қандай болмасын заңды бұзушылық пен мораль нормаларының міндеттерін жүзеге асыру. Бүгінгі күні құқық қорғау органдарының қызметкерінің кәсіби ісә заң пәндерімен негіздерін білумен ғана шектелмеу қажет, ол өз іскерлігін тәжірибеде, түрлі категориядағы азаматтармен өзара әрекеттесу жасағанда қолдана білуі тиіс. Құқықтық біліммен басқа заңгер – маман кәсіби қызметтік міндеттерді аса қабілеттілікпен міндеттерді аса белсенділікпен шеше алуға мүмкіндік жасайтын ізгілікті-этикалық нормаларын игеруі қажет. Ол өзін-өзі ұстай алу керек, салмақты болып, жас мамандарға үлгі тұтатындай өнегелі қызметкер болуы тиіс.


1.2 Заңгердің кәсіби әдебі пәнінің оқу мақсаты - кәсіби этиканы құрайтын теория мен тәжірибе негіздеріне, тыңдаушылар бойынша құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіби этикасына сәйкес келетін әдептілік туралы білім жүйесін қалыптастыру.


1.3 Заңгердің кәсіби әдебі пәнінің оқу міндеттері:
1 Этиканың ғылым ретінде толық теориялық негіздерін ашу;
2 Заң саласындағы түрлі мамандардың кәсіби этикасы спецификасының қажеттіліктерін негіздеу;
3 Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикалық жағынан расталған әдептілікке, күрделі, төтенше, жанжал жағдайларында дұрыс шешім қабылдай алуына дайындауға жол беру;
4 білікті заңгердің іскерлік этикасын игеруге көмек көрсету.


«Кәсіби әдеп» курсын оқу нәтижесінде студент мынаны білуі қажет:
- заңгер кәсіби этикасының теориялық және тәжірибелік негіздерін;
- моральдың, ізгіліктің негізгі ұғымдарын, ережелерін, олардың функцияларын және категорияларын;
- заңгер этикасының негізгі принциптерін;
- жеке заң мамандықтарының кәсіби қызметінің ізгілікті аспектілерін;


Мынаны істей білу қажет:
- тәжірибеде кәсіби этиканың теориялық-әдістемелік негіздерін қолдана білу;
- жанжалды талдау алу, оларды дұрыс шеше білу;
- уақытында жанжал жағдайларының пайда болуының алдын алу;
- кәсіби міндеттерді орындау сапа мен тиімділігін арттыру мақсатында моральдық реттеу тәсілдерін қолдана алу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет