Пәннің оқу үрдісінде алатын орны, мақсаты мен міндеті Заңгерлердің кәсіби әдебі пәнінің сипаттамасы



бет3/6
Дата18.10.2023
өлшемі85 Kb.
#481083
1   2   3   4   5   6
5-тақырып. Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтын бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты.

Теориялық материал. Моральдың әлеуметтік сипаты. Таңдаудың ізгілікті еркі. Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары. Мораль және саясат. Моральдық сана және моральдық тәжірибе. Моральдық фактор қоғамның діни мәдениетін құрайтын фактор ретінде. Құқық қорғау органдары қызметкерінің қызметіндегі моральдық факторлардың ерекшелігі.




6-тақырып. Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілікті-этикалық негіздері.

Теориялық материал. Құқық қорғау органдары қызметкерінің ізгілік негіздері. Адвокат, заңгер кеңесші қызметінің ізгілік негіздері. Прокуратура қызметкерінің этикасы. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.б. қызметінің негіздері.


Ар-ұждан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер қызметінің ізгілікті-кәсіптік негізі ретінде.
Заң мамандығы өкілдерінің қызметін құрайтын жеке ізгілік.


ІІІ БӨЛІМ. Заңгердің кәсіби этикасының қолданбалы құрайтындары.


7-тақырып. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым-қатынас жасау мәдениеті.

Теориялық материал. Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні. Іскерлік қарым-қатынас жасау этикасының негізгі принциптері. Тұлғааралық қарым-қатынастардың заңдылықтары.


Іскерлік қарым-қатынастың коммуникативтік мәдениеті. Іскерлік қарым-қатынас жасудың түрлері. Іскерлік қарым-қатынас жасауды басқару. Іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті. Пікір – талас мәдениеті. Сөз жүзіндегі емес қарым-қатынастардың негіздері. Телефон арқылы сөйлеудің этикалық нормалары. Іскерлік хаттың мәдениеті.
Қарым-қатынас жасауды ынталандыру тәсілдері және сенімді қарым-қатынастарды құру.
8-тақырып. Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде.

Теориялық материал. Этикет туралы түсінік. Этикет түрлері. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі. Сәлемдесу және танысу этикеті. Адамның сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.


Өзін-өзі таныстыру. Заңгердің қоғамдық орындарындағы өзін-өзі ұстауы.
Іскерлік қабылдаудың этикеті. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Комплимент айту шеберлігі. Сыйлық ұсыну ережесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет