Колориметриялық талдау әдісі Жарық ағындарының айқындылығын салыстыру үшін пайдаланылатын әдістер Стандарттық сериялар әдісі Түстерді теңестіру әдісі Сұйылту әдісі Стандарттық сериялар әдісі Стандарттық сериялар әдісінде заттың берілген үлгісінен түсінің айқындылығы осы заттың әр түрлі концентрациялары стандарттық ерітінділерінің айқындылығымен салыстырылады. Бугер заңы бойынша ерітінділердің концентрациялары тең болған жағдайда олардың сіңіру көрсеткіштері де (басқа да жағдайларда) өз ара тең болады.
А1=εС11, А2= εС11, А1=А2 , εС11= εС21, С1=С2
Осы әдісті орындау барысында заттың концентрациясы белгілі стандарттық ерітінділері әзірленеді, ал осы ерітінділерден сұйытылған ерітінділер дайындалады. Бұл ерітінділер ені бірдей пробиркаларға құйылады. Талдауға алынған заттың ерітіндісін тура осындай пробиркаға құйып, олардың түстерінің айқындылығын салыстыра отырып заттың ерітіндісінің концентрациясын анықтайды.
Стандарттық сериялар әдісінің дәлдігі жоғары емес (5 -10 %), сондықтан да заттың мөлшерін жуықтап анықтау үшін қолданылады.
Түстерді теңестіру әдісі Түстерді теңестіру әдісін арнайы аспаптарда колориметрлерде орындайды. Бұл әдісте түстің айқындылығының және қабат көрсеткіштері әр түрлі А1 және А2 екі ерітіндіні салыстыратын болса, онда сіңірулер теңелген жағдайда І1 қалыңдығы көбейтілген бірінші ерітіндідегі концентрация С1 екінші ерітіндідегі қалыңдығы І1 көбейтілген С2- ге тең болады.
А1=εС111, А2= εС212, А1=А2 , εС111= εС212,
С2=С111/12
Теңестіру әдісі бойынша жұмыс істейтін қарапайым колориметр (Дюбосктың колориметрі) екі шыныдан әзірленген цилиндрлерден (4) құралған (1–ші сурет, а).
Түстерді теңестіру әдісінің дәлдігі жоғары емес және шамамен 5 -10 % аралықты құрайды.
Теңестіру әдісі бойынша жұмыс істейтін қарапайым колориметр (Дюбосктың колориметрі) екі шыныдан әзірленген цилиндрлерден (4) құралған (2–сурет, а). Олар ішінде стандарттық және талдауға алынған заттың ерітінділері құйылған стакандарға (3) батырыла алады. Стакандар, ерітінділер және шыны цилиндрлер арқылы жарық көзінен (1) сәуленің бастапқыда өзара тең және соңынан өзгерген екі шоғыры өтеді. Олардың айқындылығы окулярлық қондырғының (7, 8, 9,) көмегімен салыстырылады. Колориметрмен жұмыс жүргізу барысында жарықтың ағынының түстерін теңестіре отырып шестерналары бар тетіктің (5) және тісшелері бар тіректердің көмегімен шыны цилиндрлердің түсірілу деңгейлерін реттейді. Теңестіруді орындаған соң шкалалар бойынша әр бір стакандағы ерітіндінің қабатының қалыңдығын анықтайды және талдауға алынған заттың ерітіндісінің концентрациясын есептейді.