Подробнее
public194262995
Толығырақ
Реклама
⇐ Предыдущая20212223242526272829Следующая ⇒
|
Поделиться с друзьями:
|
Читайте также
Самопогружающиеся автопоезда-сортиментовозы
Нижняя голова шлюза.
Шойгу и его пагода. Фото ФБК
Возрастные периоды в жизни немецкой овчарки
Играть в Шахматы бесплатно
Реклама•16+ Яндекс Ойындар
Силовые масляные выключатели 6-10кВ
Понятие о лесопарке
Купить рохлю для склада. Все виды гидравлических телег
Реклама eme54.kz
Рекомендательный виджет РСЯ
|
mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2023 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал
Жерді тиімді пайдалану.
Елбасы ағымдағы жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағытталған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті – ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптандырудың басты бір сегменті ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі – 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – экспорттық әлеуетті іске асыру.
Аталмыш міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады. Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жерлердің 37%-ы пайдаланылмаған. Оның басты себептері, көп жылдардан бері суару жүйелерінің техникалық төмен жабдықталуы, су тарту мен су бөлу жүйелерінің ескіруі және алаптардың қайта сорлануы топырақ сапасын нашарлатып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде.
Елімізде, ТМД елдері мен басқа да шет мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі.
Біріншісі, мемлекет тарапынан жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдар. Оларды мақсатына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байланысты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайдаланбаған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпынан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мерзімде жер иесі заңдардың бұзылуын жоймаған жағдайда сот тәртібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.
Жерді пайдаланбауына байланысты жер учаскесін алу механизмі өте күрделі және сот процедурасын қоспағанның өзінде, жерді пайдаланбау мерзімі үш жылға дейін созылады. Бұдан басқа жер құнарлылығының төмендеуіне байланысты оларды алып қою тетігі жер құнарлылығының төмендеуінің көрсеткіштері заңнамалармен белгіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы себепті, агенттік тарапынан Жер кодексіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қазіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пайдаланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады.Сонымен қатар, жер құнарлылығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болып келген “Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми методикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді.
Келесі шара – ауыл шаруашылығына субсидиялар беруді жүйелендіру. Аталған мәселе бойынша мемлекет саясатының мәні, ол ауыл шаруашылық субъектілеріне берілетін субсидияларды озық технологиялар мен сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін және жер ресурстарын тиімді пайдаланатын субъектілерге басымдылық ретінде беруді жүйелендіру болып табылады.Соңғысы – жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мемлекеттің басты әкімшілік функцияларына жататын мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақталуын бақылау болып табылады. Аталған функцияны агенттіктің өңіраралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, агенттіктің жер инспекциялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учаскелері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды.Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты инспекция көлемі 1,6 млн. га жерде 1,6 мың тексеріс жүргізіп, жалпы көлемі 416,3 мың га жерде 894 жер заңнамасы нормаларының бұзылуын анықтады. Тексеріс нәтижелері бойынша 894 субъекті жауапкершілікке тартылды (ауылшаруашылығына белгіленген жерлерді тиімсіз пайдалану немесе мүлде пайдаланбағаны үшін) оларға жалпы сомасы 17,9 млн. теңге айыппұл салынды және 119 жағдайда ескерту түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. Көлемі 41,1 мың га болатын 9 жер учаскелері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындалды. Аграрлық сектордың иелік етуші субъектілеріне нысаналы белгіленген ауданы 583,3 мың га жерлерді пайдалану қажеттілігі туралы 5,1 мың ескерту хаттар жіберілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 480,2 мың га жерлер жер пайдаланушылардың иелігінен шығарылып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.Жерлерді тиімді пайдалану бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралардың келесі бір бағыты, ол жер иелерінің өздері бастамашы болатын іс-қимылдар.Еліміздің заман талабына сай нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, республикамыздағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері негізінен мемлекеттік емес субъектілердің иелігіне көшкені аян. Осы себепті, ауылшаруашылық жерлерінің 98 пайызынан астамы 207 мың шаруа қожалықтары және 7,1 мың шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен ауылшаруашылық кооперативтерінің иелігінде. Сондықтан да, өз иеліктеріндегі жерлерді тиімді пайдалану мен оларды қорғау аталған субъектілердің басты мүддесі мен міндеті.
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануда шаруашылықтардың жер көлемі, ауылшаруашылық мәшинелерін пайдалану тиімділігі мен ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік жүйеге бейімдеуге және де жаңа технологияларды енгізуге айтарлықтай әсерін тигізеді деп атауға болады.Қазіргі кезде, солтүстік өңірлерде шаруа қожалықтарының орташа жер көлемі 400 гектардан 720 гектарға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 20-дан 162 гектарға дейін құрап отыр. Сол себепті, шаруа қожалықтары жерлерін біріктіру арқылы оларды ірілендіру, сол арқылы өндірісті тиімді жүргізудің тәсілдерін дамыту, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңнамаларға сәйкес, мұндай бастама жер пайдалаушылардың еркімен жүргізіледі. Мемлекет тарапынан оларды ынталандыруда экономикалық тетіктер, яғни субсидияларды беруді жүйелендіру арқылы, шаруашылықтарды ірілендіруге және озық технологияларды пайдалануға екпін беру қолданылады.
Бұдан басқа, ауыл шарушылығы жерлерін тиімді пайдалану арқылы, осы салада еңбек өнімділігін арттырудың ауыл шаруашылығы субъектілеріне тиесілі келесі бір бағыт – жерді пайдаланудың ғылыми негізделген жерге орналастыру жобаларын жасау. Жоба аясында жерді сапасы мен мақсатына орай орналастыру шаралары, ауыспалы егістерді қолдануды ұйымдастыру, жерді жел және су эрозиясынан қорғауға және топырақ құнарлылығын арттыруға негізделген жерді өңдеудің технологиялық карталарын жасау, рынок сұранысына орай, жергілікті жерге бейімделген ауылшаруашылық дақылдарының құрамын анықтау, тағы да басқа осы айтылған мәселеге қатысты кешенді жұмыстарды жүргізу. Осы себепті бұл шараларды жүргізу жер иелерінің олардың мүдделерімен қатар осы саладағы мемлекет саясатымен ұштасатын іс-шаралар десек қателеспейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |