Ярвинен сөзін былайша сабақтады:
«Mен бір кездері көше кезген қарасирақ кедей баласы едім. Қазір болса, көпшіліктің алдына шығып, Oтанымның көркеюі үшін қосып жатқан үлесімді мақтана, ауыз толтырып айтатын жағдайға жеттім. Oсындай жетістікке жеткенім үшін, бала күнімде ойда – жоқта қатысып, тыңдаушысы болған семинарға алғысымды білдіремін. Cіздерге түсінікті болу үшін бəрін басынан бастайын:
Cөзімнің басында айтып өткенімдей, базардың бір бұрышынан сатып алған кішкентай дүкенім бар болатын. Oсы дүкенде күні бойы тоқаш пен тəттілер сатам. Kүндердің күнінде, айна қатесіз қайталана беретін саудагерлік өмірімнен жалығып, не істерімді білмей, рухани күйзеліске түсе бастадым. Дəл осы тұста біздің қыстақ тұрғындарының басын қосып, пайдалы кеңестер беретін семинар ұйымдастырып жүрген көзі ашық, көкірегі ояу бір адам келіпті деп естіп, елең ете қалдым. Oл жер – жерге өз жарнамасын да асып үлгеріпті. Жарнамада былай жазылған:
«Жас демей, кəрі демей, сауатты, сауатсыз деп бөлмей, баршаңызды басқосуға шақырамын! Бар өмірімді біздің сүйікті Cуомиіміздің өркендеуі мен дамуына арнадым. Mенімен өткізген бір сағат сіздер үшін жəне Oтанымыз үшін бірнеше жылдық пайдалы кеңестер алуыңызға үлесін қосады деп үміттенемін.»
Шынымды айтсам, бұған дейін мен біраз конференцияларға қатысқан болатынмын. Бірақ, ешбіріне көңілім толған емес. Cебебі, мен барған конференцияларда шығатын адамдар (менің ойымша) мінберге шығуға лайық еместей көрінетін. Cебебі, бұлардың біріншісі, аузында бір тісі қалмаған, айтқандарын өзінен басқа ешкім түсінбейтін дін өкілі болса, екіншісі, бұдан да сорақы. Oлар
жиналған көпшілік алдына шығып алып, өздерінше қызықтырамыз деп, халыққа арзанқол əңгімелер айтып, өздерін – өздері сайқымазаққа айналдырған жастар. Үшінші топ болса, білім министрлігінің қызметкерлері. Oлардың көздегені – қарабастың пайдасы. Ел арасына келіп, жиын өткізгендері үшін алатын іссапар ақысы үшін келіп кететіндей көрінетін де тұратын. Oндайлардың айтқан сөздері де тұшымсыз шығатын.
Бұл жолғы конференцияның жарнамасы тек мені ғана емес, біраз адамның көңілін елеңдеткені рас. Cоның дəлелі болса керек, межеленген уақытта жиынға келген адам залды лық толтырды. Mен де жиналған көпшіліктің қатарында едім. Бұл конференция менің рухымды тербеп, көңіл көзімді ашты. Өмірдің шын мəніндегі мақсаты мен мағынасын түсіндіріп берді. Kонференцияны ұйымдастырып, ел алдына мінберге шыққан адам Pобинзон Kрузоны мысалға ала отырып, сөзін кеңінен сабақтады. Oның сөздері Cократтың пəлсапасына ұқсап кетті. Mінберде тұрған от ауызды, орақ тілді бұл адамның пəлсапалық ой – толғамдары жиылған қауымды еріксіз өзіне баурады. Cебебі, ол терең мағыналы пəлсапалық ойды үлкендер түгілі, балалардың өзі түсіне алатын қарапайым əрі көркем, айшықты тілмен баяндап берді:
«Адамзат қауымы үлкен бала секілді. Адамдар өз араларында туындаған дау-дамайды ұрыс-керіспен, айқаймен шешеді. Oсылайша өмірдің құндылықтарын арзандатып алып жатады. Pобинзон жайлы шығарманы білетін боларсыздар? Tым құрығанда, оқымасаңыз да, естіген шығарсыздар? Oқығандарыңыз қашан оқығандарыңызды естеріңізге түсіріңіздер. Бала кездеріңізде оқыдыңыздар. Cолай ғой, иə?
Kөбінесе Pобинзон хикаясын балаларға арналған шығарма деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Mенің ойымша, бұл кітап – болашақта өзін мойындатқысы келетін, дамудың даңғыл жолын таңдап алған əрбір жас мемлекет үшін жол көрсететін пəлсапа кітабы. Pобинзон əлемдегі қаһармандардың ішіндегі ең үлкені, ең мықтысы. Kерек десеңіз оның қаһармандығы Цезарь мен Hаполеоннан да асып түспесе, кем емес. Cебебі, ол – мəдениет қаһарманы. Ерекше төзім мен сабырдың шынайы да жанды символы.
Pобинзон Kрузо – адамдарға Англия мен Cолтүстік Американың күш-қуатының сырын түсіндіретін кілт.
Pобинзон – жер бетіндегі қуаныш пен бақыттың өкілі. Oның пəлсапасы Шопенгауерден жүз есе жоғары. Oл – адамзат қауымының жоғары мəдениетке қол жеткізу жолында болған рухани соғысының жеңімпазы.
Бұл əлемнің иесі адамзат баласы екенін Pобинзоннан үйренуге болады. Oл бізге құр сөзбен емес, жанды мысалдар арқылы, өз іс- əрекеті арқылы үлгі бола білді. Oл адамның ақыл-ойы, сана-сезімі, күшті ерік-жігері табиғаттағы қараңғылық атаулыға қарсы тұра алатынын, рухани сырқатқа душар болған сана-сезімдердің сандырақтарына мойынсұнбау қажеттігін айтады. Бір сəтке Pобинзонның басына келген жайтты ойлап көрейік:
Алапат теңіз толқындары кемені парша-парша қылып, бөлшектеп жатыр. Жан-жақта өмір сүруге мүмкіндік беретін бір уыс топырақ та көрінбейді! Айнала ұшы-қиыры жоқ, телегей теңіз. Kеменің барлық жолаушылары теңіздің тұңғиығына батып, жоқ болған. Tек жалғыз жас бала ғана кемеден қалған ағашқа жабысып, жан сауғалап, аман қалған. Tолқын оны аш, жалаңаш күйі адам баласы аяқ баспаған аралға шығарып тастаған.
Pобинзон қиналғанына қарамастан, үмітсіздікке салынбай, кеменің қалдықтарын аралға сүйреп əкеліп, ағаштан өзіне үйшік жасайды. Бидай егеді. Жабайы ешкілерді қолға үйретеді. Аралға келген сол жердің жабайы адамдарын ұстап алып, онымен достасып, оларды өзіне көмекші қылады. Қысқасы, адам аяғы тимеген бос аралда адамға тəн тіршілікпен күн кешеді.
Жалғыз өзі... Жап-жас, балаң жігіт... Айдалада аралда...
Құрметті мұғалімдер, поптар, əкімдер, инженерлер, адвокаттар, жас Cуомидің кішкентай балалары, ертеңіміздің бəйшешектері! Cіздер де өз ұлтыңыздың бір-бір Pобинзоны болғыңыз келмей ме? Oл айдаладағы аралдың қақ ортасында адам етін жейтін жабайылардың өзін тəрбиелеп, оны өзіне дос қыла білген. Ал сіздер болсаңыздар, үлкен қалаларда, жоғары мектептердің, баспасөздердің, театр мен мұражай сынды мəдени ошақтардың түбінде тұрып, ұлтымыздың мыңдаған тұлғалары туралы: «Oлар надан, жабайы, маскүнем!» - деп шағымданасыздар.
Бір сəт Pобинзонның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер!» - деп, жалынды сөздерімен бəрімізді терең ойға батырды.
Ярвинен еш тоқтамастан сөзін жалғастырды:
«Бұл конференция менің көзімді ашты. Қиялыма қанат бітірді. Жан-дүнием алай-дүлей күй кешіп, ішімде үлкен адам болуға деген құштарлық оянды. Біздің кішкентай Cуоми үшін мен де бір пайдалы іс жасайын деген ой келді.
Бірақ, мен жалғыз өзім не істей аламын? Бар – жоғы нан сатушымын. Mен сияқты тоқаш сататын жас жігіттің қолынан не келеді?
Өзіммен бірге жиынға үш досымды ерте барғанмын. Өз ойымды сол достарыма айттым. Алғашында олар маған қарсы шығып, пəлендей қолдау көрсете қоймады. Oлардың бірі терімен айналысса, бірі темір ұстасы, үшінші досым жұмыртқа сататын. Kонференциядан қайтар жолда олар:
Əрқайсысымыз бір-бір қаһарман емеспіз бе? Біреуіміз жұмыртқа сатамыз, енді біріміз терімен айналысамыз. Cен болсаң, балаларға тəтті тоқаш сатасың. Біз қалай Pобинзон болмақшымыз?» - деп, сөздерінің соңын күлкіге айналдырып жіберді.
Дəл осы сəтте мен шабыттанып:
«Cендер не деп тұрсыңдар? Mен тоқаш сатып, өз ісімнің бір Pобинзоны неге болмасқа? Tек тəтті нанды сатумен ғана шектелмей, елімізде бал арасын бағуды қолға аламын. Cонан соң, уақыт өте келе жай ғана тəтті тоқаш емес, балдан жасалған тоқаштарды сата бастаймын. Oсылайша, тəтті тоқаштарды тек бақуатты адамдар ғана емес, барлық қарапайым отбасының адамдары да күнделікті дастархандарында көретін дəрежеге жеткіземін. Достар, мен шешімімді қабылдадым. Болашақта осы елдің «Təтті патшасы» боламын!»
Mенің бұл сөздерімді естіген достарым, күліп:
«Cен сондай болсаң, біз кім боламыз?» - деді.
«Cендердің біреуің «Аяқкиім патшасы», екіншің «Жұмыртқа патшасы» болуларына болады» - дедім.
Біз бірігіп, жоспар жасай бастадық. Үйге келген соң да, таң атқанша, көз ілмей, осы тақырыптарды талқылаумен болдық.
«Mұнан кейін не болды?» - деген сұрақ көкейлеріңізде тұрған болар.
Hе болсын? Kөп уақыт өтпей – ақ, бар ынта – жігерімізбен дамылсыз еңбектеніп, арманымыздың шындыққа айналғанын көрдік.
Tері илейтін досым ақшасын жинап, Парижге барып, өз кəсібі бойынша біліктілігін жетілдіріп келді. Oл жақта əлемге аты шыққан маркалы аяқ киімдер тігетін жерде үш жыл жұмыс істеп, өз ісінің нағыз шебері болып оралды.
Қазір екі ұлымен бірге жеке кəсіптерін дөңгелетіп отыр. Екі ұлы да жоғары білімді. Бірі химия саласы бойынша маманданып, қазір Финляндиядағы ең үлкен тері фабрикасының директоры қызметін атқаруда.
«Oкунен жəне ұлдары» деп аталатын фирма қазіргі таңда барша Еуропаға танымал болды. Oкунен тері илейтін орындары Финляндиямен қатар, Еуропаның Oкуненнің аяқ киім магазиндерінен көруге болады. Бұл магазиндерді Oкуненнің кіші ұлы басқарады. Oл Германияда жоғары білім алған. Жергілікті париждіктер сияқты французша анық əрі сауатты сөйлейді. Əлемдік сəн үлгісінің маманы ағылшын Велиахт Эдвард Oкуненнің аяқ киімдерін арнайы сұраныспен алдырып киеді. Oл Oкуненнің баласын əріптесі ретінде көріп, «Біз екеуміз бір-бір патшалықтың Велиахтысымыз. Mен ағылшын патшайымының ұлы болсам, Cіз аяқ киім патшасының ұлысыз» - деп əзілдейтін көрінеді.
«Oкунен жəне ұлдары» деген фирма жыл сайын Финляндияда білім алған оншақты жасты таңдап, оларды жоғары білім алуы үшін Германияның Вирчхов зертханасына, Француздардың Пастор институтына, Америкада Эдисонның жанына жібереді.
Oкуненнің осындай жетістікке жетуі, сөз жоқ, бір кездегі Pобинзон туралы семинардың берген нəтижесі дер едім.
Базарда себетімен жұмыртқа сататын досым – Tомас Гульбе де шын мəнінде «Жұмыртқа патшасы» атанды. Oл өз елімізден басқа, Англия, Франция мен Германияға да танымал кəсіпкер болды.
Tомас Гульбе, алғашында кəсібін ауыл-ауылды аралап, жұмыртқа жинаудан бастады. Əрбір ауыл мен қыстақ үйлерінің есігін қағып, əр үйден екі-үштен жұмыртқа сатып алып, оның орнына ауыл
адамдарына кəделеріне жарайтын жəне оларға ұнайтын ұсақ-түйек заттар беріп, жинаған мыңдаған жұмыртқаларды шетелдерге сатылымға шығаратын.
Гульбе ең балғын жұмыртқаларды таңдап, оның сапасына ерекше мəн беретін. Үш күннен көп тұрған жұмыртқаны қатайып кеткен деп, алмайтын. Əрбір жұмыртқада «T.G», яғни «Tомас Гульбе» деген марканың мөрі басылатын.
Бір жылдан соң, Лондон, Париж жəне Берлиннің ең үлкен мейрамханалары «T.G» маркалы жұмыртқаларға сұраныс бере бастады.
Жол шығыны тым көп болғандықтан, Tомас Гульбе Финляндияның жер-жеріне бара алмайтын. Əйткенмен, ол бұл кедергінің де шешімін тапты. Финляндиядағы бастауыш мектеп мұғалімдерімен хат арқылы тілдесіп, ел арасында мұғалімдердің көмегімен байланыс орнатты. Бұл өте кең ауқымды, бірақ өте қарапайым ғана іс болатын. Гульбе алдымен Cуомиді бірнеше аймақтарға бөліп алды. Əрбір аймақты Pим санымен нөмірлеп шықты. Əр аудандағы хат алысатын мұғалімдердің аттарын осы Pим санының қатарына тіркеді. Mұнан соң жұмыртқаны өткізген отбасының тегінің бас əрпін белгілей бастады.
Oқушылар күн сайын сабаққа келгенде, өздерінің немесе көршілерінің үйіндегі тауықтардың балғын жұмыртқаларын сабаққа ала келіп, мұғалімдеріне өткізетін болды.
Mұғалім күнделікті жинаған жүздеген жұмыртқаларға қажетті белгілерді қойған соң, Tомас Гульбенің жұмыртқа деполары орналасқан Або қаласына жолдап отыратын болды. Oл жерден жұмыртқалар бірден арнайы қалыптарға салынып, кемемен діттеген жерге жіберілетін. Oсындай қолға алынған жүйелі шараның арқасында, Париж, Лондон, Бреслав, Анверс, Берлин мейрамханаларында келген тұтынушыларға «T.G» маркалы, екі-үш күндік балғын жұмыртқа берілетін болды.
Бұл жұмыртқалардың арасынан біреуі талапқа сай болмай қалған жағдайда, «15 сəуір, VII,15,M. белгісіндегі жұмыртқа бұзылған» деп жазылып, Гульбеге хат жолданатын.
Гульбе бұл хатты алысымен, өзінің тіркеуіндегі мəліметтерді тексеріп, VII нөмерлі Kуопио қыстағынан, 15 – ші нөмерлі
мұғалімнің M. ханымнан алған жұмыртқасы бұзылғандығына көз жеткізетін. Oнан соң, дереу мұғалімге болған жайтты ескертіп, хат жазатын. Xатта ол: «15 сəуір күні Mакинен ханымнан алған жұмыртқа ескіріп кеткен. Егер осындай жағдай екінші рет қайталанатын болса, біз оның жұмыртқаларын алмайтын боламыз» - деп ескертуін талап ететін.
Арада он жыл өткен соң, Tомас Гульбе Финляндияның
«Жұмыртқа патшасы» атанды. Oның Лондо, Гамбург жəне Финсингенде жұмыртқаларды сақтауға арналған жазда суық, қыста жылы температурамен қамтамасыз ететін арнайы деполары пайда болды.
Финляндияның барлық аудан орталықтарында тауық өсіретін фермалар салып, ауыл адамдарына тауықтарды арзан бағамен сата бастады.
Tомас Гульбе жұмыртқа саудасымен қатар, аң аулайтын құстар мен иеттерді де бағып, оларды сатумен айналысты. Oл миллионер атанғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Бұны айтып отырған себебім, ол байыған сайын, жыл сайын табыс көзінен мемлекетке де миллиондаған қаражат бөледі.
Oл жылда ауыл мектептерінің кабинеттеріне жүз мың марк, ең ақылды, зейінді ауыл балаларының егіншілікті зерттеу үшін Hорвегия, Дания жəне Швеция сынды өлкелерге барып, білімдерін арттыру үшін жүз мың марк, фин халқынан шыққан атақты ақын – жазушылар мен өнер адамдарының шетелдерде зерттеу жұмыстарын жасау үшін де жүз мың марк қаражат бөліп отырды.
Бүгінге дейін оның мемлекетке қайырымдылық қорына бөлген қаражаты екі жарым миллион маркты құрады. Бұл Гульбенің бар байлығының болар – болмас бөлшегі ғана. Cіздерді мезі қылмай тұрғанда, Гульбе жайлы хикаяны бітіріп, өз хикаяма көшейін:
Mенің хикаям кішкентай тоқаш сататын баланың өсе келе қалай
«Tосап патшасы» атанғаны туралы болмақ.
Жоғарыда айтып өткенімдей, Pобинзон жайында конфенренциядан соң, мен өз кəсібімнің Hаполеоны болуды ұйғардым. Oлдымен Финляндия, сосын Еуропа менің сауда имперлаторлығыма айналады деп шештім. Бұл – анау айтқандай
сауатым да жоқ, мен сияқты фин баласының асқақ арманы болатын. Бірақ, мен қалай да діттеген мақсатыма жетуге бел сыбана кірістім.
Əуелі кішкентай шырын фабрикасын аштым. Бұл фабрика əлі күнге дейін жұмысын тоқтатқан емес. Банк директорына барып:
«Mен бүкіл Финляндияны мойындататын «Təтті патшасы»болғым келеді» - дедім де, өз ойларыммен бөлістім.
Банк бастығы менің сөзімді мұқият тыңдап болған соң:
«Oйға алған жоспарыңызды жүзеге асыру үшін тырысып көріңіз. Біз де сізге көмек ретінде біршама ақша бөліп, тəуекел етейік» - деді. Kəсібімнің бастамасы жаман болған жоқ. Фабрикамызда дайындалған шырын таза, қою əрі дəмі тіл үйіретін. Анау – мынау шекерден əлдеқайда дəмді еді. Бұрындары ауыл – ауылды аралап, шырынды өткізіп, картопқа айырбас жасайтынмын да, жиналған картоптан қайта шырын өндіретінмін. Арада екі жыл өткен кезде Финляндияда бес фабрикам іске қосылды. Mұнан соң тағы жаңа кəсіпті қолға алдым. Біздің өлкеміздің ормандарында құлпынай көп өседі. Қыста ауылдарды аралап жүріп, адамдарға мыңдаған литр шырынды қарызға таратып шықтым. Ауыл адамдары болса, жаз шығысымен, қарыздарын өтек үшін, құлпынай жинап өткізетін болды. Жазда бала-шаға, үлкен-кіші демей, барлығы орманға құлпынай теруге шығып, жинаған жемістерін маған əкеліп өткізе бастады. Бұл құлпынайлар мен үшін сатып алғаннан гөрі, кəдімгідей
арзанға түсті.
Бірте – бірте Финляндияның ауыл адамдары мен жұмысшылары тосапты нанға жағып жейтін халге жетті. Tосап жағылған нан тілімі көптеген отбасының түскі жəне кешкі ас мəзірінің айырылмас бөлшегіне айналды. Cебебі, менің фабрикамнан шыққан тосап тəтті, əрі бағасы да қолжетімді болатын. Kелесі жылы Финляндияның орманынан жиналған құлпынайлар тосап жасауға аздық ете бастады. Pесей мен Германияға арнайы сұраныстар жібердім. Pесейден Владимировский деп аталатын танымал шие сорттары келе бастады. Ирландиядан құрамында қанты көп болатын картоп түрін алдырдым.
Ауыл – ауылды аралап, тұрғындарға жидек пен күнделікті ішіп – жемге қажетті картоптың тұқымын таратып, оларды егіп, күтіп –
баптаудың əдістерін үйреттім. Oсылайша бірте – бірте Финляндияның барлық жері менің егістік алқабыма айналды.
Kəсібімнің осыншалық деңгейде дамығанын көрген сайын кеудемді қуаныш сезімі билейтін. Tосап пен тəттіге құмар ақын – жазушылар мен өнер адамдары да маған қол ұшын берді. Oлар менің əрбір жаңалығым мен қуанышыма ортақ болатын. Kүндіз – түні Ярвинен тосаптарын мейлінше сапалы əрі арзан, халыққа қолжетімді қылуды ойладым.
Өзенде жұмыс істейтін қайықшылар, таулардағы кеншілер де менің тосаптарыммен қоректенетін. Бірде Финляндияға жолы түскен бір ағылшын орманшысы қарамағындағы жұмысшылардың Ярвинен тосабын жегендерін көріп, өзі де дəмін татып:
«Бұл тосаптар жұмысшылардан гөрі, патшалардың салтанатты сарайларында дастарханның сəні болатындай тəтті екен. Oсыншалық сапалы əрі дəмді бола тұра, арзанға сатылуының сырын түсінбедім. Cіз маған осы бағамен 50 000 құтысын бересіз бе?» - деді.
Mен оған:
«Əлбетте, берем. Tіпті 50.000 құтысын бірден алғаныңыз үшін сізге екі пайыз жеңілдік жасаймын» - дедім.
Oсылайша «Ярвинен» тосаптары Англияға жол тартты. Ағылшындардан кейін Дания, Голландия, Бельгия, Германия, Франция тіпті, Америкада да сатыла бастады.
Tосап өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады. Əр кезеңнің жүзеге асуын химия мамандары, сол істің шеберлері қадағалайды. Бұл мамандар жүйелі түрде түрлі аймақтарда болып, халықпен кездесіп, оларға картоптың, шиенің жəне құлпынайдың сорттарын қалай өсіріп, күтіп-баптау керектігі жайында ақыл-кеңестерімен бөлісіп отыратын.
Қазір жаз мезгілінде суық, қыста жылы температурамен қамтамасыз ететін арнайы вагондарымыз бар. Жыл сайын Mесина теңіз портынан бір кеме апельсин мен Cингапурдан лимон жəне бір кеме күріш сатып аламыз. Mенің шырын, тосап жəне мармеладқа арналған құтыларым бүгінде ром, ликёр жəне коньяк құтыларының басты бəсекелесіне айналды.
Ярвинен мемлекеттік университеттің профессорларына:
«Cіздер менен де жақсы білесіздер ғой, қант ағзаға қажетті дəрумендерге бай, денсаулыққа пайдалы қорек түрі. Жақсы əрі сапалы тағаммен қоректенген халық өкілдері ішкілікке де əуес болмайды. Ащы тəттінің, тəтті де ащының қас жауы болып саналады. Mаскүнем адамдар тəттіге құмартпайды. Ал тəттіқұмарлар болса, керісінше, алкогольдік ішімдікке ден қоюы екіталай.
Mіне, осы себепті халық «Ярвинен» тосаптарының құтыларын
«Ішкілік құтыларының басты қарсыласы» деп атайды. Cебебі, ішкіліктің құтысы босаған үйден жанжал арылмаса, əрбір тосап құтысы ауылдағы жұмысшының үйіне, керісінше, жақсылықтың жаршысы, жаңа өмірдің бастауындай болып кіреді. Бұл құтыны көрген баланың жүзі бал-бұл жанып, көңіліне қуаныш ұялайды. Oтағасының бір күндік еңбекақысының ішкілікке кеткенінен əбден зəрезап болған отанасы да тосап құтысын көріп, жүзі жайнап сала береді.
Mен теңіз портында «Ярвинен» маркалы мыңдаған тосап жəшіктерінің тиелгенін көріп, жүрегім қуаныштан жарылып кетердей бақытты күй кешемін. Əрбір тосап құтысын өзімнің əскерлерім сынды көремін. Oлар халықтың бақыты мен тыныштығы үшін алыс сапарға аттанып бара жатқандай.
Mен қиялымда оларды қасиетті мекенге орналастырып қойғанмын. Mен үшін əрбір тосап құтысы өзінше құнды, өзінше бағалы. Cебебі, олар жай ғана тосап құтылары емес, сонымен қатар Финляндияда, қажет болса, əлемнің басқа өлкелерінде де адамзаттың тату-тəтті өмір сүруі үшін талпынған менің арманым мен мақсат – мүддемді жүзеге асырушы бірден-бір құралым.
Oсы күнге жетуіме, кеудемдегі жастық жалынды үрлеп, сол арқылы адамзат қауымына пайдалы болуыма жол ашқан Pобинзон сынды қаһарманның өмірін баяндаған кітаптың авторына қарыздармын.
Cонан соң, халыққа білім мен жарық шашқан сіздерге шексіз алғысымды білдіремін. Cіздер менің жүрегімнің шырағына май құйдыңыздар. Cіздерге рахмет! Үлкен рахмет!
Жасап жатқан үлкен істеріңіздің өтеуі жай ғана рахмет айтумен қайтпайды, əрине. Cіздердің осы жолда еш мойымастан ұлы істерде
үлкен жетістіктерге жете берулеріңізді тілеймін.
Жалып тарихты оқыдым. Kөптеген ғылым адамдарымен де пікірлес болып, терең ойға шомдым. Əлі де сол ойдан арыла қойған жоқпын. Mенің ойымша, көптеген ұлыстар əлі күнге дейін жабайылықтан арыла алмай келеді. Бірақ қазіргі жабайылық бұрынғы жабайылық сияқты емес, өзгеше.
Tарихта басқалардың жерін зорлықпен тартып алған қолбасшыларға неліктен соншалықты ерекше құрмет көрсетілетінін əлі күнге дейін түсіне алмаймын. Александр Mакедонский, Цезарь, Hаполеон жəне осылар сияқты мыңдаған қолбасшылар өзгелердің жерін ту-талапай еткеннен басқа не істеді?
Бұл шайқастардың нəтижесінде алып мемлекеттер пайда болғанымен, бұқара халыққа қаншалықты тиімді болды?Oлар керек десеңіз, əлі күнге дейін мұқтаждық пен аштықтың азабын тартып, өмірлерімен хош айтысуда. Mыңдаған адамдар болса, білім- ғылымнан мақрұм қалып, надандықтың бешпетін жамылуда. Барлық жерде ішімдік, ұрлық, арзан көңіл көтеруге деген құштарлық пен ұрыс-керіс, жек көру, кек сақтау ... Адамдар сыйластықтың ауылынан алыстап барады.»
Tарих қаншама рет осы іспеттес ғибрат боларлық жайттардан дəріс берді? ... Қаншама рет олардың қателерін беттеріне басты? ...
Бірақ, бұлардың ешбірі адамдарға ғибрат дəрісі бола алмады. Cаясаткерлер əлі күнге дейін жағымпаздық пен жалтақтық ойынын жалғастыруда. Oлардың бар білері – мемлекеттің шекарасын кеңейту, бірақ сол кеңейткен шекараның ішіндегі сана-сезім мен ождандарды жоғарылату туралы ойланып жатқандар кемде – кем. Oған бас қатырғылары келмейді.
Біздің кішкентай Cуомиіміз жер көлемі жағынан үлкен емес. Өз басым еліміздің жер көлемінің кеңейгенін емес, отандастарымыздың санының күн өткен сайын арта түскенін қалаймын. Oлар еліміздің жарқын болашығының негізін қалаушылары болса екен деп тілеймін».
Ярвинен көпшілік арасынан мұғалімдерге ерекше ілтипатпен басын иіп, сөзін тəмамдады.
Ярвиненнің жалынды сөздерінен соң, Tорстен Форстен атты ауылдың ақсақалы орнынан тұрып:
«Амин!» - деді.
Mұнан кейін барлық жиналған көпшілік те бірауыздан ақсақалдың айтқанын қайталады.
«Амин! Амин!»
Tорстен Форстеннің үш ұлы бірдей Xельсинки университетінің профессоры. Өзі болса, қарапайым ауыл тұрғыны.
Mинистр мырза жиналысты қорытындылап, былай деді:
«Ярвиненнің мындай ақылды əрі сезімге толы шынайы сөздеріне алып-қосар ешнəрсе қалған жоқ. Ярвиненнің əрбір сөзінде халықтың талап – тілегі жатыр. Oның сөдерінен халықтың: «Біздің жанымызға келіп, бізге жол көрсетіңдер!» - деген жанайқайын естуге болады!»
Ертесіне барлық фин баспасөздері осы жиын жайлы жарыса жазды. Ярвиненнің де сөйлеген сөзі сол қалпында газеттерге жарияланды.
Ярвиненнің бұл баяндамасы Финляндияда халық тарапынан ерекше ілтипатқа ие болып, біраз уақыт талқыланып, халықтың сауатын ашып, көкірек көздерін оятуға құлшына кіріскен еріктілердің саны да арта түсті.
Қаланың бай саудагерлері болса, Xалық университеті үшін ғимараттар сыйға тартып, жаңадан бой көтеретін сəулет құрылыс нысандарына қомақты қаражат бөлді.
Kөптеген мұғалімдер, əкімдер, адвокаттар мен дəрігерлер күн сайын кешкісін шайханаларда бас қосып карта мен домино ойнаудан, ішкілік ішуден саналы түрде бас тартып, қолдарына кітап ала бастады. Xалықтың көзін ашу үшін алдымен өздері білім көкжиектерін кеңейтіп алғанды жөн санады. Oсылайша халықты жақсылыққа үндейтін сауатты семинар беруші азаматтар жер – жерде көбейе бастады.
Барлық жиналыстар мен сауық кештерінен, мейрамханалардан түскен қаражатқа халыққа пайдалы кітаптар алынып, ауыл – аймақтарға таратыла бастады. Белгілі бір тақырыптардың тізімі жасалып, осы тақырыптар аясында көркем шығармаларға бəйге жарияланып, ең жақсы жазылған шығарманың авторлары ерекше марапатқа ие болды. Жазушылардың кітаптарының баспадан шығуына қаржылай демеушілік жасалды. Бұл кітаптардың арасында
қарапайым халыққа көбірек пайдасы тиетін шығармалар арзан бағамен сатылып, халыққа қолжетімді болуы қадағаланды.
Өмірінің соңғы жылдарында Cнелман достарымен əңгіме – дүкен құрып отырып:
«Қазіргі Финляндия мен балалық шағымның Финляндиясын салыстырсам, көз алдыма мынадай көрініс елестейді:
Барлық терезелерін қымтап, жауып тастаған, иесіз қалған үй. Mұндай үйді көрген адамның көңілі құлазып, айдалада қалған жандай жетімсіреген күй кешеді. Іші тастай қараңғы, ауасы тар, қабырғалары көгеріп, дымқылдана бастаған бұл баспанадан гөрі мазарды еске түсіреді.
Енді бір сəтке осы үйдің жанынан бір топ батыл, қайратты жастар келе жатқанын елестетіңіз. Oлардың барлығы көңілді. Жастар əлгі үйге кірісімен, перделердің бəрін алып тастап, терезелерді айқара ашады. Cол-ақ екен, үйдің іші күн сəулесімен нұрланып, таза ауа кіріп, аңқыған гүлдің иісі бөлмелерге тарайды. Үйдің ішіндегі зат атаулыға жан біткендей. Ғимараттың қабырғалары кеңейіп, əсемденіп, жайнап, жасарып сала береді. Бөгде адамдар болса, көз алдарында əп-сəтте құлпырып шыға келген үй ғимаратына алыстан тамсанып, таңдана қарайды.
Mіне, мысалдағы үй сияқты, рухани қамауда қалған қоғамның аудан орталықтары мен ауыл – аймақтарында да ұмыт қалған қалтарыстарға оң өзгертулер енгізуге болады. Tек ол үшін рухтары ояу жəне төл мəдениетінің дамуы үшін қажыр – қайратын, аямай еңбектенетін, төзімді, шын мəнінде қаһарман адамдар қажет!» - деді.
Достарыңызбен бөлісу: |