7. Пәнді оқытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар.
Теориялық материалды оқытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар.
Лабораториялық және тәжірибелік сабақ үшін әдістемелік нұсқаулар.
Тәжірибелік сабақ №1
Тақырыбы: Қақтығыс әлеуметтануының негіздері
Тәжірибелік сабақ мазмұны:
1.Конфликтологияның зерттеу әдістері.
2.Конфликтология әлеуметтік пәндер жүйесінде
Мақсаты: Қақтығыс әлеуметтануы пәнін, обьектісін ашып көрсету.
Сұрақтар:
1. Әлеуметтанудың қалыптасуы.
2. Әлеуметтік инстиуттар мен ұйымдардың қызметтері, қоғамдық ғылымдардағы орны.
3. Қақтығыс әлеуметтануының басқа ғылымдармен байланысы қандай?
4. Қақтығыс әлеуметтануын оқытудағы ғылыми әдістер.
Әдістемелік нұсқау: Семинар түрі ашық әңгіме – тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу, әртүрлі көзқарас пен концепциялардың бар екеніне назар аудару, семинарда шығармашылық талқылау жағдайын туғызу.
Мұғалім семинар барысында студенттердің жауаптарын олардың осы тақырып бойынша қаншалықты материал игергеніне байланысты бағалайды. Семинар соңында оұытушы сабақты қорытындылап, бағаларды жариялайды.
Әдебиеттер:
Курбатов В. И. Конфликтология. – Ростов н/Д.: Феникс, 2005.
Конфликтология / Под ред. А. Я. Кибанова. – М.: ИНФРА-М, 2006.
Анцупов А. Я., Шипилов А. И. Конфликтология. – М.: Юнити, 2006.
Вишнякова Н. Ф. Конфликтология. – М.: Юнити, 2000.
Вишнякова Н. Ф. Конфликтология. – Мн.: Университетское, 2002.
Конфликтология: Хрестоматия / Сост. Н. И. Леонов. – М.: МПСИ, 2003.
Конфликтология / Под ред. В. П. Ратникого. – М.: Юнити-Дана, 2001.
Леонов Н. И. Конфликты и конфликтное поведение. Методы изучения. – СПб.: Питер, 2005.
Тәжірибелік сабақ №2
Тақырыбы: Конфликтологияның қалыптасуы
Тәжірибелік сабақ мазмұны:
1.Конфликтологиялық идеялардың философиядағы қалыптасуы және оның эволюциясы
2.Қақтығыс теориясының марксистік тәсілі. Р. Дарендорфтың қоғамдық қақтығыс модельі
3.Қақтығыстың функционалистік модельі(Г. Зиммель, Т. Парсонс, Л. Козер).
4.Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік қақтығыстардың талдаулық, жүйелік, құрылымдық тұжырымдамалары
Достарыңызбен бөлісу: |