Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет19/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
УМК Шарипова

Теориялық бөлім- 16 сағат
Дәріс 2. 1. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиетке жалпы шолу–1 сағат

Дәріс жоспары:

1.1.ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай

1.2.Прогресшіл романтизм бағытының ерекшеліктері

1.3. Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларының жаңалық сипаты

1.4. Әдебиеттің дамуы
           1.1.ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген
қазақтың қайраткерлері, оқымысты, ақын-жазушыларына, олардан қалған мұраларға біз осы тұрғыдан келсек, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі тілек, мүддені аңсаушылардың болғанын көреміз. Әсіресе бұл әдеби нұсқалардан айқын аңғарылады.

           ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттің идеялық мазмұны, стиль ерекшеліктеріне қарап, біріншісі, регресшіл романтизм бағытындағы әдебиет те, екіншісі, реалистік және прогресшіл романтизм бағытындағы әдебиет деуге болады.

            Бірінші бағыттың басты өкілдері - Шортанбай, Әубәкір (Әбубәкір), Мұрат, Нұржан, т.б. Олардың шығармаларына тән бірнеше ерекшеліктерді көреміз. Олар - өмірге торыға қарап, кезіне риза болмаушылық, сол дәуіріндегі қазақ даласына жайыла бастаған
капитализм элементтеріне, олармен байланысты әртүрлі жаңалықтарға қарсылық, Қазақстанның Россияға қосылуына наразылық, өткен заманды, хандық-феодалдық құрылысты мадақтау,барлық тұрғысымен ескі өмір, көне заманға бой ұрып, сөзі арқылы басқаларды да сол өткен күндерге жетектеу, кейде өмірден торығып, діншілдікке берілу, бұл дүниеден безіп, ол дүниені іздеу. Бұл айтылған ерекшеліктердің бәрі де жоғарғы аттары аталған немесе солармен үндес ақындарға тән, олардың қайсысының шығармаларынан болсын табылатын ерекшеліктер деуге болады.

           ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы болған: қазақтың Россияға үзілді-кесілді қосылуы, 1861 жылғы реформа, оның нәтижесінде қазақ даласына орыс шаруаларының орналасуы, 1868 жылғы «Жаңа низам», оның нәтижесі, бұл кезде қазақ даласына жайыла бастаған капитализм элементі сықылды жағдайлармен байланысты әр алуан жаңалықтардың да төбесі көріне бастады. Бұл жаңалық, өзгерістердің бәрі де Шортанбай, Әубәкір, Мұраттарға жан түршіктірерлік нәрсе болып көрінді, олар «заман азды, ел тозды» гөй-гөйіне басты.

           Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген хандықтың жойылуы, феодалдық құрылыстың іргесінің босай бастауы сол таптың идеологы, жыршысы болған ақындардың бәрін де торығуға әкеп тіреді. Олар қоғам өмірінің даму процесін жаңаны даттау, ескіні дәріптеу арқылы тоқтатпақшы болады. Заманның ешбір өзгермей, өз қалпында қалуын аңсады. «Ел
азып, жұрт тозбайтын заң да, жақсылық та, ескілік те көне заманда» деп,
келешекке ұсынған шарасы осы ескілік болды.

           1.2. Тап осы дәуірде жоғарғы әдеби бағытқа қарсы, қазақ әдебиетінде бұрын болмаған, екінші әдеби бағыт туады. Бұлардың тақырып таңдауы, өмір құбылысын тануы, шығармаларының идеялық мазмұны, жалпы өмірге көзқарасы, суреттеу әдісі алдыңғылардан мүлде басқаша екені аңғарылды.

           Бұл бағытты қолдаушы әдебиет өкілдеріне тән ерекшеліктері: өз дәуірінде қазақ даласына кіре бастаған әртүрлі жаңалықтардың прогрестік жақтарын дұрыс түсініп, оларды қазақ халқы үшін пайдалы нәрселер деп ұғыну және көпшілікке басшылық етіп, жұртшылықты өнер-білімге, оқуға шақыру, көршілес, мәдениеті алдағы орыс халқының әлеуметтік ой-пікірлеріндегі прогрестік идеяларын қазақтың әлеуметтік өміріне жанастыра қолдану,сол прогрестік идеяны іске асыру арқылы қазақ халқын алға бастыру, ескіліктің кертартпалық жақтарын шенеу, олардан жұртшылықты бездіру болды.

            Бұл жаңа бағыттағы әдебиет өкілдері мен прогресшіл әлеумет қайраткерлерінің өзіне шейінгі және өз кездеріндегі ескішілдік көзқарасты аңсаушы кертартпа ақындардан үлкен бір айырмасы - халықтың келешегін қырағылықпен болжай алғандығы.

          Ол кезде қазақ даласына екі Россия қатар келіп еді: бірі қазақ даласын отарлау саясатын көздеген патша үкіметінің Россиясы болса, екіншісі, алдыңғы қатарлы мәдениеттің, жалпы адамгершілік, азаттық пен прогрестің туын көтерген ұлы орыс халқының кемеңгер ұлдарының:декабристердің, Пушкиннің, Толстойдың, Белинский мен Герцен, Чернышевскийлердің Россиясы, үлкен, озық, прогресшіл ой-пікірдің, алдыңғы қатардағы идеяның Россиясы еді.

           Қазақ қоғамының шаруашылық жағынан да, мәдениеті жағынан да ілгері дамуына соңғы Россияның атқарған қызметі баға жетпестей зор болатын. Мұны жоғарғы айтылған Шортанбай, Мұрат, Әубәкір тәрізді ескішіл, кертартпа ақындар түсінбеді. Олар қазақ даласындағы патша үкіметінің отаршылдық саясатын ғана көрді, басқа жақтарын көрген жоқ, не көргілері келмеді. Бұларға қарама-қарсы, екінші Россияның тарихи мәнін терең түсінгендер де, өз халқының прогресшіл ой-пікірлерін мақала, ғылыми трактат, көркем


туындыларында сәулесін қалдырған жаңашылдық бағыттың басты өкілдері: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар болса, оны қостаушылар Ақылбай, Мағауия тәрізді жаңа талапты жастар болды.

           Бұл тәрізді бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрген ақындардың келісімге келмейтін екі түрлі әдеби бағытта болуы, бір жағынан, ақындардың өмірге көзқарасын айқындайтын нәрсе дәуірі емес, таптық тілек екендігін дәлелдесе, екінші жағынан, сол көзқарастарға сәйкес,олардың шығармалары белгілі әдеби метод, әдеби стиль жасайтындығын көрсетеді.

           Жаңашыл бағытты қолдаушылардың бәрі де орыс мектептерінде оқыған, ұлы орыс халқының бай мәдениеті, замананың алдыңғы қатардағы идеяларын жырлауда бүкіл дүниежүзі әдебиетінің алдыңғы сапында болған орыс әдебиетінен нәр алып қаруланушылар. Олардың қайсысы болсын, қазақ даласына жайыла бастаған шығыс мәдениетін кертартпа мәдениет деп таныды да, әлеумет өмірінің даму жолындағы қай мәселесінің айналасында болсын, қазақ халқы үшін керекті мәдениет - орыс мәдениеті, екі халықтың қиясыз шын достығы деген қорытындыға келді. Шығыс мәдениетінің сол кездің өзінде-ақ келешегі кесіліп, кертартпалық ұясы ескішілдіктің шарлауы тәрізді мәдениет екендігін дәлелдеп, әр алуан еңбектер жазып, оған қарсы аяусыз күрес ашты.

          1.3.Шоқан қазақ халқы үшін бұл кезде қай мәдениеттің (шығыс мәдениеті ме, әлде орыс мәдениеті ме) керектігін тарихи, теориялық жағынан алып дәлелдесе, Ыбырай Алтынсарин оны мектеп арқылы іс жүзіне асырушы, Абай өзінің поэзиясы арқылы сол идеяның рухани жаршысы болды. Шоқанның пікірімен Алтынсарин, Абайлардың пікірлері бір жерден шықты.

Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы: «Қазақ халқының оқу, білімге қолын
жеткізетін ең басты құрал - мектеп. Қазірдің өзінде-ақ мектеп ашып, оның жұмысын
дұрыс жолға қоюымыз керек», - деп жазды. Мектеп ашу, қазақ халқын оқу-өнерге, мәдениетке үндеу Ыбырай Алтынсаринның негізгі мақсаты, ұлы арманы болды. Осы жұмысқа ол өмірі мен ісін, қабілеті мен өнер-білімін түгел жұмсады. Ыбырай Алтынсаринның барлық шығармашылығын бір сөзбен ата десе, «Педагогикалық поэма» деп жауап беруге болар еді. Ыбырайдың өлеңі де, қара сөзі де, аудармалары да түгел
дерлік халық ағарту тілегіне, тәлім-тәрбие беру мәселесіне бағынады. Бұл мәселе жөнінде Алтынсаринның еңбегі мен ісі тек әдебиет тарихы ғана емес, жалпы қазақ тарихында үлкен орын алады.

     Алтынсарин надандыққа қарсы - оқу, діншілдікке қарсы - ғылым,


араб, иран мәдениетіне қарсы - орыс мәдениетін, кертартпалыққа қарсы,
прогресшілдік пессимизмге қарсы - оптимистік, медресеге қарсы - мектеп,
ескілікке қарсы - жаңашылдық, жаңаша тәрбие мәселелерін қойды. Сөйтіп, жоғарғы Әубәкір, Шортанбай, Дулат, т.б. кертартпалық діншілдікті үндеуші ақындарға да, сол көзқарасты таратушы әдебиетке де түгел қарсы шықты. Ең алдымен Ыбырай Алтынсарин жұртшылықты, әсіресе жастарды оқу,өнер-білімге шақырды.

«Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!» -

деді. Бұл мәселе жөніндегі Алтынсаринның сүйенгені - орыс әдебиеті,
сенері - жастар.

Оның замандастары, кертартпа ақындар: «Атаны билеп ұл кетті,


ананы билеп қыз кетті...» - десе, заманының көзі ашық жастарына бұзылған деп,
сенімсіздік көзбен қараса, Алтынсарин болашақ жастарда деп білді. Жастардың
келешегіне оптимистік тұрғыдан қарады.

Алтынсарин оқу-өнерді меңгерудің мақсатын халық тілегі, ел мүддесімен


ұштастырды. «Өнер, білім бар жұрттардың» қолы неге жетіп отырғандығын суреттей
келіп, жұртшылыққа келелі кеңес айтып, келешегіне жол көрсетті. Бұл қиыншылықтарды олар көре де, түсіне де білді. Шоқан да, Ыбырай да, Абай да арман алыс, алдарында асу-асу бел, қия тартқан жол жатқандарын жақсы ұғынды. Сондықтан да Ыбырай:

«Біз болмасақ, сіз барсыз,

Сіздерге бердім батамды», -деп, үмітті жастардан күтсе, Абай: «Қайратым мәлім,

Келмейді әлім,

Жолым алыс, өмір шақ», -деді.

   Бірақ қиыншылық қанша ауыр, бөгет қанша көп болса да, заманы


артқан зор міндеттердің тарих алдында жауапкершілігін мойындаған өз халқының
адал ұлдары асуды көріп бөгеліп, қиындықты көріп шегінбеді. Бар бөгет, барлық қара
күштерге қарсы барды. Бел буып күреске, белдесіп майданға шықты.

   Жоғарғы айтылғандарды қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың екінші


жартысындағы екі түрлі ағымның соңғысы келешек әдебиетіміздің прогрестік жаңа
арнамен дамуына сара жол салды, өздерінен кейінгі әдебиет өкілдеріне көрнекті үлгі
болды.

1.4.Өз кезінің тарихи-әлеуметтік жағдайымен орайлас ХІХ ғасырдың ІІ жартысында да әртүрлі бағыттағы, түрлі мазмұндағы, түрлі пішіндегі әдебиет үлгілері туа бастады. ХІХ ғасырдың І жартысындағы кейбір әдеби бағыт, ағымдар бұл кезеңде жалғастық тауып күшейе түсті, жаңа сатыға көтерілді.Ал кейбіреуі уақыт орайына қарай толастап қалды.Оның есесіне, жаңа мазмұндағы реалистік бағыт ұстанған жазба әдебиет өмірге келді, ағартушылық идея дамыды.

Бұл кездегі қазақ әдебиетінің ірі жаңалығы –Ыбырай, Абай, Шоқан бастап негізін қалаған реалистік әдебиет. Бұл демократтық бағыттағы ағартушылық идеяны көтерген ағым болды. Абай дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлы, Нарманбет Орманбетұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтердің де алғашқы туындылары осы кезеңде туып, таныла бастады.

Жалпы бұл кезең әдебиетінде елдің тарихи-әлеуметтік жағдайы ерекше көрініс тауып жатты.Сонымен қатар Ыбырай мен Абай шығармалары арқылы негізі қаланған қазақтың демократтық әдебиеті қалыптасты. Ағартушылық идея алдыңғы орынға шықты. Реалистік сипат кең өріс алды.Абай шәкірттері арқылы азаматтық әуен, романтикалық үлгідегі шығармалар дүниеге келді. Бұл орайда Шәкәрім туындылары, Ақылбай, Мағауия Абай ұлдарының дастандары Абай дәстүрінің жалғасы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет