Тақырып 6.10 Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай» лирикасы, «Дариға жүрек» поэмасы / Өмірі мен шығармашылық қызметі. Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикасы мен поэмалары. Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі.Поэмаларының тақырыптары. Ұйқас, ырғақ ерекшеліктері. Табиғат лирикасы. Тілінің көркемдігі, оралымдығы, тілге жеңілдігі, ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі./
Әдебиет теориясы: баллада, сонет
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, география,
Өзіндік ізденіс жұмыстар: өлеңдеріндегі заман жайлы ойларын жақынан тану, ой тұжырымдау:
Тақырып 6.11 Мұхтар Шаханов « Танакөз» поэмасы, «Ғашақтық ғаламаты» өлеңі. / Өмірі мен шығармашылығы, қызметі. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі.Шаханов поэзиясындағы сюжеттілік. «Танакөз» поэмасындағы биік адамгершілік, мораль мәселесі. Өлеңнің идеялық мұраты./
Әдебиет теориясы: метонимиялық қолданытар
Пәнаралық байланыс; қоғамтану, музыка, информатика,география,
Өзіндік ізденіс жұмыстар: өлеңдерінің идеясы, тәрбиелік мәні жөнінде әңгімелеу;
Тақырып 6.12 Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі / өмірі мен шығармашылық жолы. «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншіліктің суреттелуі. Шығарманың тілі,көркемдігі.Өмір шындығы мен көркемдік шешім/
Әдебиет теориясы: сюжет пен композиция
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы, музыка
Өзіндік ізденіс жұмыстар: «Заманай» көркем фильмнің көркемдік дегейі туралы пікір білдіру.
Тақырып 6. 13 Қадыр Мырза Әли «Домбыра» өлеңі / оның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың аса ірі өкілі екендігі. Қадыр – балалар ақыны. Ақынның тапқыр ой, тың теңеу, соны сурет слауға шеберлігі. Өлеңдерінің тәрбиелік мәні./
Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғамдық мәні.
Пәнаралық байланыс; география,музыка
Өзіндік ізденіс жұмыстар: поэзия тілінің көркем, әсерлі жеткізілуімен ақынның ой тұжырымын айқындап көрсету:
Тақырып 6. 14 Тұманбай Молдағалиев «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің» өлеңдері. /Ақынның шығармашылығы туралы.Лирикалық шығарма-ы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы /
Әдебиет теориясы:теңеу.
Пәнаралық байланыс; география,музыка
Өзіндік ізденіс жұмыстар: Т.Молдағалиевті «Мәңгі жастық жыршысы» деуге болатынын дәлелдеу.
Тақырып 6. 15 Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы / Жазушының шығармашылық жолы. Романда көрсетілген ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері.Бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп бөлінуі.Демежан бейнесі. Оның тарихта болған тарихи тұлға екендігі. Жазушының тіл көркемдігі. Кеіпкер, портрет жасау ерекшелігі. /
Әдебиет теориясы: пейзаж бен портрет
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы
Өзіндік ізденіс жұмыстар: жазушының сөз құдіретін шебер қолданған тұстарына көңіл аудару:
Тақырып 6. 16 Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең - алаң» романдары. /мірі мен шығармашылығы туралы. «Үркер», «Елең - алаң» тарихи роман.Тақырыбы, идеясы, композициясы.Трихи негізі. Романдағы халықтық бейнелер. Әбілқайыр тұлғасы, таихи шындық пен көркемдік шешім. Жазушының тіліндегі тың теңеулер, метафоралық қолданыстар, айшықты бояулар. /
Әдебиет теориясы: метонимиялық қолданыстар.
Пәнаралық байланыс; қазақстан тарихы
Өзіндік ізденіс жұмыстар: Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі күйшімен І.Жансүгіровтің өнер тақырыбындағы поэмаларын салыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |