Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет29/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
УМК Шарипова

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ыбырай әңгімелерінің тақырыптық, көркемдік, идеялық мәні .

2. «Мейірімді бала» әңгімесінің тәрбиелік мәні.

3. Оқулық жазудағы мақсаты не? Қазақ балалар әдебиетінің атасы атануына не

себеп?

  1. «Қазақ хрестоматиясы» алғаш қашан және қай қалада басылып шықты?

  2. Қазан, Петербург қалаларына қандаймақсатпен барды?

Дәріс 2.7. Абай Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның

алды, жөн арты соқпақ», «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат», «Сегіз аяқ»,

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың» өлеңдері-

1сағат

Дәріс жоспары:

  1. Абайдың табиғат лирикасы

  2. Абайдың әлеуметтік өмірге сыншылдық көзқарасы

  3. «Сегіз аяқ» өлеңі

7.1.«Жаз», «Күз», «Қыс» - Абайдың 1890ж. жазған өлеңдері.Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат - адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онысыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, қазақ даласындағы өмірді,тұрмыс-халді сүреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған. Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалықты шебер, терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы,



Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі, -  деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.

            Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:

 Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

            Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады. Қыстың малға да жағдайсыз соқыр, мылқау күш екендігін аңғартады.

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,



Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

             Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді.

            Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады:

 Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып,

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып, -  деп, Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы өлеңінің екінші бір жерінде:

 Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер, -  дейді.

 Ақын қазақ даласындағы жазғытұрғы кездің барлық суретін толық берумен бірге, бұл кезді қазақ халқын еңбекке жұмылдыратын, тіршілік үшін күресінің қайнар көзі деп таниды.

 Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң, тәңір ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер, -  деп, жаздың суретін өзі де сүйеді және оны жалпы жұрттың көңілін шарықтатып, жігерін туғызатын маусым деп ұғады.

            Абайдың тағы бір өлеңі - жазғы шілде кезін суреттеген өлеңі. Ақын бұл өлеңінде жаздың дәл кемеліне келіп тұрған кезін көрсетпек болады. Жаздың әдемі көрінісін:

 Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

 Арасында құлын, тай,

Айнала шауып бұлтылдап, -  деп суреттейді.

            «Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.

 Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең, -  дейді. Жалғыз бұл ғана емес, қай жерін оқысаң да, көзіңе күзгі кедей ауылдың көңілсіз сүреңі елестейді.

            Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.

7.2. «Адасқанньң алды жөн, арты соқпақ...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазып, ақындық шеберлігін әр қырынан көрсете бастаған кезеңі. Ол енді тақырып ауқымын кеңейтіп, әлеуметтік маңызды мәселелерді қозғайтын, оған өз қатынасын сыншылдық деңгейден айқын айта алатын биікке көтерілген. Бұл тұста ақын даусы ашық та ащы, тілі өткір, айтпақ ойы салмақты. Ол - бүкіл халық мүддесін ойлайтын, оның барар бағытын бағдарлайтын, күнделікті өмірде аяққа тұсау болып, кері кеткен кеселдерді көзге шұқып көрсетіп отыратын әділ қазы. Абай ел үстінен күн көрген алаяқ би-болыстарды, мал-мүліктің буына семіріп, құдайын ұмытқан байлар мен патша әкімдерін көп сынаса, мұны қазақ даласын жайлаған әлеуметтік теңсіздікті күнде көріп жүргендігінің көрінісі дер едік. Ақын бұл өлеңінде ел адымын аштырмай отырған кеселді қырсықтың тағы да бір қырын аңғартады. Ол «кедейдің кеселінен сақта» дегендей, жаппай етек алған жалқаулық, бойкүйездік. Абай өлең тілінде алғаш рет «кедей қайдан шығады!?» деген тақырыпты қозғайды да, оның басты себебі - жалқаулық екенін дәлелдейді. Бірақ бұл тұжырымын бірден айтпай, алдымен қазақ аулындағы «сырын түземей, сыртын түзеп» жүрген, кер жалқау сидаң жігіттердің керемет көркем тұлғасын жасайды. Олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, бет құбылысы, сөйлеген сөзі қаз-қалпында, күлкілі кейіпте көз алдыңа келеді. Кәдімгі бос қалжыңға, мағынасыз ыржыңға бой алдырған берекесіз, еңбекке қырсыз адамның күйкі келбеті. Және тап осындай «керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын мың құбылтқан, қу борбай жылпостың» өзі. Ал мұндай адам еңбекке қырсыз, сонда ол қайтіп мал таппақ. Абай алғаш рет жалқау кедейді сынау арқылы кедейліктің сырын ашады. «Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырған» әлгі қырсыздарды шеней отырып, үлкен әлеуметтік кеселді көрсетіп береді. Адасқанына қарамай алдым жөн деп, артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен әшкерелейді. Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Тілі зәрлі, зілді. Әсіресе, қоразданған бос кеуде жатып ішерлердің тұлғасын жасайтын жолдары ерекше айшықты. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Қунанбайұлының өлеңі» деген жинақта жарияланған.

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін». Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкәрім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. «Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ» өлеңі. Қимыл, іс-әрекет, белгілі бір бейне, адам тұрқын көзге елестетеді.

 Бір аршөпке шапаны сондай шап-шақ,

Мүшесінен буынып басады алшақ.

Қарсы алдына жымырып келтірем деп,

Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді,

Қолында бір сабау бар ол дағы аппақ.

Керегеге сабауын шаншып қойып,

Бөркін іліп қарайды жалтақ-жалтақ, -  деп, кескін-келбетін суреттей келеді де, кейінгі шумағында қимыл, іс-әрекетін көрсетіп, оған мінездеме береді:

  «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңінде


Тірі жанға құрдас боп жап-жасында-ақ,

Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.

Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,

Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ.



 Күллі қазақ жұрты үшін сөзімен де, ісімен де өнеге боларлық Абайдан асқан данышпан, одан артық парасат иесі жоқ. Бүгінгі таңда бізге үлгі боп жүрген көзі тірі тау тұлғалар да әлі күнге шешілмеген сауалдарына жауапты Абайдан табатынын, шығармаларын әр оқыған сайын, қайталап соққан сайын жаңа қырынан танитынын жазады. Себебі Абай Құнанбайұлы алпыс жыл ғұмырында барлық тақырыпты қамтып жазып кетуге тырысқан. Сол шақтан бері өзектілігін жоймай сақтап келе жатқан тақырып – жігіт «нағыз жігіт» атын абыроймен арқылып жүруі үшін қандай болмағы, мәңгілік серігі боларлық жарын таңдауда көңіл көзін қадарлық қыздың басты қасиеттері.  Қазіргі кезде «жігіттер ұсақталып барады», «оларда ер азаматтық қасиеттер жеткіліксіз» деген пікірлермен жиі ұшырасамыз. Алайда мәселенің байыбына бармай, байбалам салу артық болады. Абаймен замандас жігіттер мен бүгінгі дәуірдің жігіттерін салыстыру үшін бірі дұрыс, бірі бұрыс болды, анау ақ, мынау қара деп дөп басып айту қиын. Себебі адамгершіліктің ақ туын биігінен түсірмеген, тәрбиенің терең тұнығынан қанып ішкен жігіт те, білім бұлағына бойламаған, әдеп әліппесін санасына сіңіре алмаған жігіт сол заманнан да, бұл заманнан да табылады. Бәрі адамның отбасынан көрген үлгісі мен оқыған-тоқығаны арқылы өзін-өзі тәрбиелей алуына байланысты.  «Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік  Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,  Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз халынша».  Абай жырлағандай жігіттің үш типі де бүгінгі таңда кездеседі. Әдетте, адамдардың ақылсыздығы өзі туралы жоғары ойлауынан, толдым-болдым деп, өзін ары қарай жетілдіруді қажет етпеуінен туады. Ондай кісі сіз сөйлегенде жай ғана тыңдап отырғандай кейіп танытады, шын көңілімен зейін қойып, жадына сақтап алуды ойламайды. Ал екінші типтегі жігіттер қандай пікір болса да тек өз шама-шарқына қарай қабылдайды. Қосымша сұрақ қою арқылы тақырыптың тұңғиығына бойлау ойына кіріп-шықпайды. Ал үшінші деңгейдегі жігіттер әр сәттен пайда алып қалуға ұмтылып, айтылған әр сөздің мағынасы мен астарына үңіледі.  Өлеңнің алғашқы жолдарында осылай жігіттердің түрлі типін ажырата келіп, ары қарай:  «Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе, Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе»,– деп жігіттердің бойынан көргісі келетін қасиеттерді тізбелеген. Бір қынжылтарлығы – антына адал, сертіне берік жігіттер аз. Берген сөзінде тұрудың орнына түрлі сылтау ойлап табуды оңай көреді.  «Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық».  Талапты, өнерлі жігіттер жетерлік, тек «сыртқа пысық, көзге сынық» болып шықпаса болғаны...  Бүгінгі күннің бірін-бірі батыр демей, бірі биікке шықса, балағынан тартатын күншіл жігіттерге, ойланбай үйлене салатындарға, еңбектенбей, маңдай терін төкпей, жеңіл жұмысқа, оңай ақшаға жүгіретіндерге Абайдың бұл өлеңі ой салып, ізгілікке шақырады.
«Мәз болады болысың» Абай атамыздың 1889 жылы жазған өлеңі. Мазмұны, мәні жағынан ақынның "Болыс болдым мінекей..." шығармасымен үндес, сарындас. Өлеңде болыс болған қазақтың мінез-құлқы үшінші жақтан суреттеледі. Ақын болыстың қолымен жасаған нақты ісін ғана емес, сонымен қатар оның көп сырын бүгіп, бүркіп жатқан ішін де ашып керсете отырып, адам мінезін ашудың ұтқыр да, ұтымды тәсілін шебер пайдаланады. Ұлық арқаға қақса, мәз болып, иығына шекпен жапса, шат болып, әр жерде жоқты-барды шатып, күпініп, қампайып, шалқып жүрген болыс әлдебір қуанышы үшін үй-ішін, ауыл-аймағын түгел өурелеп, әбігерге түсіреді. Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, өлең қағып, көзін аспанға еліртіп әурелеңіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанға салынады, бас пайдасы, құлқының қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жені келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады. Болыстың ісі әлгіндей болып суреттелгенде, оның қуанышының түрі мынадай түрде айшықталады. Ақын болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз тарапынан бағалауға ауысады. Болыстың жаман қылықтарын оқырмандарының көз алдына көлденең тартады да, ақын ойлы жанға болыстан да, оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді. «Миың болса, жолама, Бос желіғіп шапқанға» дей келіп, жамандықтан қашқанның жаман болмайтынына меңзейді. Өлеңнің соңында өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына, оның ісініңде, өзініңде баянсыз, опасыздығына білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы қойылады.

Алдымен бас абайтанушы Мұх­тар Омарханұлы Әуезовтің пікіріне көз тігейік: «Сегіз аяқ» – ұлы ақын­ның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белдей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шық­қан, зор шығарманың бірі» (Абай Құнанбайұлы. Монография. –Алматы, 1995. – 137 бет), – дей ке­ле, Мұхаң терең ой-пайымдарын былайша тиянақтаған: «Абайдың кейін­гі жырларынан осы «Сегіз аяқ­тан» басталған көп мұңды кө­реміз» (сонда, 139 бет). Соңғы сөзде «Шүбәсіз, ұлы ақынды қайғы-шер­ге қамаған – қалың елі қазағының тағ­дыры, ал сол «мамықтан төсек, тастай боп кесек» ұйқысын шайдай аш­қан кезең қайсы?» деген сұрақ­тың жауабы тұр. Демек, «Сегіз аяқ» – Абай қайран жұртының мұңын мұңдаушы, жоғын жоқтаушы халық ақыны боп толықтай қалыптас­қа­ны­ның куәсі. Жырдың алғашқы ой­шылдық үлгідегі толғау болуы осы­ны растай түседі.
Өз кезеңінің әлеуметтік мәселелерінің әрқайсысына ерекше тоқталып,аталық сөздер айтады:

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл кердең наданның,

Көп айтса көнді

Жұрт айтса болды,

Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз,

Болмаған соң, айтпа сөз!

Өзі өмір сүрген дәуірдің дерті болған әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғайды. Сол қоғамның, сол ортаның індетіне айналған жат қылық, жаман мінез, құлықсыздық, жалқаулық, арызқойлық сияқты халыққа пайдасы жоқ әрекеттерді қатты сынға алады. Адал еңбекпен мал табуға, ар-ұятты ойлап бірлік етуге, достық-бауырлық қарым-қатынаста болуға шақырады.

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең-істің бәрі бос,- деп, елді бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырады. Өлеңде мақал-мәтел сияқты нақылға айналып кеткен бірнеше жолдарды атап айтуға болады.Мысалы:

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.
Екі кеме құйрығын

Ұста жетсе бұйрығың.


Баяғы жартас-бір жартас.

Қаңқ етер, түкті байқамас.


Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым-тап шыным.

Бұл өлеңінен ақынның адамзат бейнесін, өз тұлғасын, заманына көзқарасын, бойындағы қайтпас қайрат-жігерін, ақыл-парасатын, халқын сүйген ұлтжанды жүрегін сеземіз және ақындық шеберлігі мен талантын да танимыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет