Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет32/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
УМК Шарипова

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:

  1. Абайдың поэмаларын ата

  2. Аяқталмай қалған поэмалары

3. «Масғұт» бейнесі арқылы Абайдың айтқысы келген ойы

4. Поэмадағы әйел бейнесі ақынның негізгі идеясын қалай ашар едің?



Дәріс 2.9. Қарасөздері: «Бірінші сөз», «Алтыншы сөз», «Он сегізінші сөз», «Он тоғызыншы», «Жиырма бесінші сөз», «Жиырма тоғызыншы сөз» -1 сағат
Дәріс жоспары:
1. Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

2. Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды,

талапты,үлкен жүректі кісі болу.  




9.1.Абай қара сөздері адамның санасын, ойын, жүрегін терең бойлап, тазалыққа, имандыққа тәрбиелейді. Абай қара сөздерінің қайсы бірі болмасын үлгі-өнеге, қазіргі және келешек ұрпаққа өте мол тәрбие, түсінік берері анық. Сол себепті Абайдың қара сөзі арқылы, оны жете түсіну арқылы келешек ұрпақтың білуі керек тәрбиені дарытуымыз қажет. Абайдың бірінші қара сөзі софылық, ғылым іздеу, баянды өмір сүруге нұсқау болмақ. Қара сөздерін жазудағы мақсатын ашып айтады.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

19 қара сөзі

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.



Начало формы

Конец формы

Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып, тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни, жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер. Начало формы

Алтыншы қара сөзі

Абай атамыз кезекті қарасөзінде қазақтың мінезіндегі дүниеқорлық, мал үшін жақынды да, ағайын, іні, досты да сатып кете беретін мерез мінезді жеріне жеткізе сынаған. «Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады» дейді. «Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы» дейді. «Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады», - делінген.

Адам мінезіндегі жалқаулық, кертартпалық, еріншектік, ездіктің бәрін айта келіп, осы кері құлықты ақтап алар қазақтың қитұрқы мақалы екені айтылады. Ұлттың мінезіндегі осындай жалпыға ортақ қасиеттерді айпарадай аша отырып, Абай бұл жараның сыздап тұрған тұсын көзге бадырайтып көрсетеді. Алтыншы қара сөздің астарында "Егер адамдықтан азып, кісілік қасиеттен жұрдай болсаң, сенің қай жерің адам? Қалай адам болып өмір сүрмексің?" деген сұрақтар жатады. Оны түзетуге итермелейді, оны болдырмауға шақырады. Өз кемшілігін адамға білдіреді. Кемшілігін білген адамның ақылды адам екенін айтады. Жалпы, Абайдың «Алтыншы қара сөзі» – хакім шығармашаларының ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі.
9.2.Он сегізінші қара сөзі

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.


Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзі басқа да қарасөздері сияқты әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Аталған қарасөзде Абай атамыз оқу-білімге байлық аямау керек дегенді айтады. "Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі", - дейді ол.  "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақтыкі болып кеткен Қадыр атамыздың сөзін дана Абай да айтып кеткен. "Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренген" халықты көкірек көзді ашуға шақырады ол. "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр", - дей келіп, өзге жұрттың тілін білген адам терезесі тең тұрып сұхбат құра алады дегенді айтады.  Дәулет әр адамға өз несібесімен келеді. Қазір оқу-білімге жұмсалған ақша болашақта қайтарымы бар берекелі ақшаға айналмақ. "Өз келешегін ойлаған әр адам орыс ғылымын үйренсін" деген тұжырым бүгін де өзекті болып тұр. "Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?". Назар салсақ, оқуға қолын бір сілтеген адамның көкірек көзі қараңғы болып, тұмшаланып, ішіп-жеп қана өмір кешетін төрт аяқты хайуаннан еш айырмасы болмайтыны айтылған, "бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?" деген жолдар – осы сөзіміздің куәсі. Оқу-білімнің қажеттілігін сөз құдіретін жіті түсінген халқымыздың мақтамен бауыздау тәсілін қолдана отырып жеткізген ғұламадан асырып ешкім айта алмаса хақ-ты... 
Жиырма тоғызыншы сөзі

Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқы ішінде қалыптасып қалған кейбір түсініктерді мақал-мәтелдері арқылы сынайды. "Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар", – дейді ол. Ақын осылайша сол кездегі қазақ қоғамындағы моральдік құндылықтарды сөз етіп, сынайды.


«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?», – деп елдің материалдық құндылықтарды бірінші орынға қойғанына налиды.
Қара сөзде Абай елді тіленшіліктен қайтарып, адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет