Пікір жазғандар: М.Өтемісов атындағы БҚму доценті, философия докторы (PhD) И. С. Сұлтаниязова



бет48/49
Дата03.01.2022
өлшемі0.92 Mb.
#451191
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
УМК Шарипова

Глоссарий
Аллитерация - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.

Анохронизм - бұл ескірген нәрсені білдіреді, бүгінде маңызды емес нәрсе. Сондай-ақ, бұл сөз хронологиядағы қателіктерді белгілеу үшін қолданылады.

Ассонанс - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.

 Демократия - халық билігі, теңдік, құқықәділдікеркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылыс

Декабрист - орыс дворян революционерлері, 1825 жылы желтоқсан айында самодержавие мен басыбайлыққа қарсы көтеріліс ұйымдастырушылар.

Метод (әдіс) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.

Метонимия (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады. 

Мещандық - ой өрісі таяздық, тоғышарлық. 

Оптимизм - дүниеге үміт көзімен, сеніммен караушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылык.

реалистік  әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. 

Пессимизм - болашаққа, керісінше, сары уайымшылдықпен қарайды.

Романтизм – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыкатеатрбейнелеу өнеріэстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.

Пұл -  Түркіпарсы тілді халықтарда ақшаны пұл деп атау қолданыста әлі бар. 

Синекдоха     бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалуы, мысалы, "мал-жаның аман ба?", "үй-ішің қалай?" деген тіркестер малға немесе үй ішіне қатысты ғана емес, отбасындағы жандардың амандығы түгелдей сұралу мақстатында қолданылады.

Стиль - белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдану.

Трактат - аңсарғақлиятрактат (бөлек бір мәсе­лені ба­ян­дай­тын ғылы­ми шығар­ма)

Фабула  — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді: Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мүстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М. Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады.

Эпитет – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан: түсті (алтын күз); әдемілікті (алтын қасықтай); құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ), т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет