Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
І бөлім. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Тақырып 1.1 Жалпы шолу./ ХІХ ғасырдағы тарихи- әлеуметтік жағдай, ел ішіндегі отырықшылдыққа қарсы күрес, сол кездегі әдебиетті Махамбет, Дулат, Сүйінбай,Нысанбай шығармашылықтарында көрініс табуы. «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарын
Тақырып 1.2 Абыл Тілеуұлы. /1777 -1864 жж «Арғымақ атта сын болмас» толғау мен «Қырымның қырық батыры» дастаны- 2 сағат / Абылдың туған, тәлім алған оратсы.Абыл шығармашалығының бізге жеткен тарихы. Жырларында халық қамын ойламаған бай- сұлтандарды сынауы.
Әдебиет теориясы: эпикалық жанр;
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» кітабы;
Тақырып 1.3
Дулат Бабатайұлы «Аягөз» өлеңі «Еспембет» дастаны. / Ақынның өмірі мен шығармашылығ жайлы мәлімет. Дулат –ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұнын, тақырып, түр жағынан байыта түскен, орта көркемдік тәсіл тұрғысанан жаңа сатыға көтерген ақын.«Еспембет» дастаны.Еспенбет бейнесін сомдаудағы ақындық тәсілдер. Соғыс панорамасы, оны көрсетудегі ақындық шеберлік, поэманың өлең өрнегі, тіл нәрі. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы.
Әдебиет теориясы: аллетерация, ассонанс, эпитет, метафора, теңеу;
Пәнралық байланыс: қазақстан тарихы:
Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Дулат поэзиясы тілінің көркемдік сипаты» тақырыбында реферат жазу:
Тақырып 1.4 Махамбет Өтемісұлы «Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Тайманның ұлы Исатай» өлеңдері. / Ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арманы- тілегі.Батыр образын сомдаудағы ұлттық дәстүрлі нақыштар мен Махамбетке тән сөз қолданыстар. Халық трагедиясы- ақын трагедиясы;
Тақырып 1.5 Сүйінбай Аронұлы. «Бөрлі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалдар», «Үмбетәліге» өлеңдері. /Сүйінбай –айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілді, озық ойымен кеңінен танылған ақын.Ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерлеп отырған батыл да әділ сыншы.
Әдебиет теориясы; айтыс туралы ұғымды кеңейту;
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы
Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Сөз өнерін қастерлеу» туралы пікірталас ұйымдастыру:
Тақырып 1.6 Майлықожа Сұлтанқожаұлы. «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі» / Ақын шығармаларынан көрінетн терең ойшылдыпен өткір сықақшылдығы.Майлыоқжаның адам мінезіндегі кемшлктерді еңбекке, елге деген сүйсіпеншілікті жырлауы./
Әдебиет теориясы: троп түрлері:
Пәнаралық байланыс: музыка өнері/ терме/ қазақстан тарихы
Өзіндік ізденіс жұмыстары: өлеңдерінен көркемдік құралдарын табу;
Достарыңызбен бөлісу: |