4. Түсіндірме сөздік
7.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Түсіндірме жазба
Осы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жалпыға білім беру деңгейіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы негізінде жасалады.
Әдебиет- сөз өнері, ол білім алушыларға көркем сөздің сыры мен қасиетін, сазы мен сағынышын жеткізетін, қиял әлеміне шарықтататын, ойлылыққа, шешендікке, көсемдікке тәрбиелеп баулитын пән.
Қазақ әдебиетін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында оқытудың негізгі мақсаты:
Сан ғасырлық жолдан өткен көркем әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
Білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, іс-әрекеттілік, пәнаралық байланыс, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктерін ескеру;
Бағдарламада ақын-жазушылар шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылып, қайталанған шығармалардың орнына басқа ақын-жазушылардың шығармашылықтарымен таныстыру;
XIX-XX ғасырдағы көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы және тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің кейбір үлгілірін оқыту;
Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар осы кезеңнің тарихи-әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, халықтың әдеби қазынасы қызметін де қатар атқаратын туындылар ретінде қарастыру;
Қазақ әдебиеті арқылы білім алушылардың бойына туған жерге, елге, ана тіліне деген шексіз құрмет сезімін дарыту, интеллектуалдық әлеуеті жоғары дара тұлға тәрбиелеу;
Қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиеті мен салт – санасына деген құрмет пен ілтипат сезімдеріне баулу;
Қазақ әдебиеті арқылы білім алушылардың адамгершілік қасиеті мен рухани дүниесін байыту, оларды азаматтыққа арлылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Оқыту үрдісінде «Қазақ әдебиеті» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады: қазақстан тарихы, география, музыка, бейнелеу өнері
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына арналған қазақ әдебиеті оқу бағдарламасы қоғамдық-гуминатарлық және жаратылыстану – математикалық бағыттағы мектептердің білім мазмұны негізінде жасалған.
Білім алушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар негіздерін міндетті түрде сақтайды.
Әдеби білім мазмұнының толығуына байланысты, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Махамбет Өтемісұлы мұралары дербес сипатта оқытылады.
Біздің әдебиет – сан ғасырлық жолдардан өткен қазақ әдебиеті.Ол - біздің халықтың көркем бейнесі, халықтың әдеби тұлғасы, жаны.
Бөлімдер мен тақырыптардың көлемін ұлғайту тереңдете оқыту қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |