Пікір жазғандар


Басшының басқару стилін өзіндік бағалау



бет115/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Басшының басқару стилін өзіндік бағалау


Нұсқау.

Берілген сұрақтарға нақты жауап беруде, өз мінезіңізге, әдеттеріңізге, бейімділіктеріңізге қатысты және Сізге сәйкес өз мінез-құлығыңызға адамдармен қарым-қатынаста шынайы келе-



тін тұсын дөңгелектеп белгілеңіз. Егерде Сізбен кездеспейтін бір жағдай болса, онда оны көз алдыңызға елестетіңіз.

Екінші сауалнама

  1. Мен адамдармен жұмыс істеу барысында менің бұйры- ғымды бұлжытпай орындауын қалаймын.

  2. Мені жаңа істермен қызықтыруға болады, бірақ мен олар- дан тез суынамын.

  3. Адамдар менің шыдамдылығыма және ұстамдылығыма қызғана қарайды.

  4. Мен қиын кезде басқалардың жайын, содан кейін ғана өзімді ойлаймын.

  5. Менің ата-анам қаламаған ісімді істеуде анда-санда қысым жасайды.

  6. Егерде біреулер көп қызығушылық таныта берсе мен қолдамаймын.

  7. Мен қинала жұмыс істеймін. Себебі өз көмекшілеріме сене бермеймін.

  8. Егер де мені түсінбеген жағдайды сезінсем, мен өз дә- лелдерімді айтудан бас тартамын.

  9. Өз қол астындағыларымды шынайы бағалай білемін, олардың ортасынан күшті, орташа, әлсіз деңгейлерін бөліп ажы- рата аламын.

  10. Әртүрлі бұйрықтар бермес бұрын, көмекшілеріммен ақылдасамын.

  11. Мен адамдардың ашуын туғызбай үшін өз дегенімді ан- да-санда жасатамын.

  12. Өз қол астындағыларымның жетістіктері мен кемшілік- терін нақты және әділетті бағалаймын, себебі мен өз берген бағама сенемін.

  13. Менің бұйрықтарымды дәл және әділ орындауда өз қол астындағыларыма бұлжытпай талап қоя аламын.

  14. Маған біреуді басқарғаннан, жұмысты өзім орындағанды жеңіл көрем.

  15. Көбі мені сезімтал және қайырымды басшы деп санайды.

  16. Менің ойымша, ұжымнан ешнәрсе жасыруға болмайды – барлық жақсылық пен жамандықты білгені дұрыс деп санай- мын.

  17. Егер мен кедергілерге жолықсам, онда менің адамдармен жұмысқа деген қызығушылығым жойылады.

  18. Мен ұжымның басқаруына қарсымын, себебі өз тарапым- нан тиімді басқаруды қамтамасыз еткенді қалаймын.

  19. Мен өз беделімді түсірмес үшін, ешқашан қателігімді мойындамаймын.

  20. Менің жиі тиімді жұмыс істеуіме уақыт жете бермейді.

  21. Қол астындағыларымның қатал сөздеріне дау туғызбай- тын жауап айтқым келеді.

  22. Қол астындағыларымның шын көңілмен менің бұйры- ғымды орындауы үшін барлығын жасаймын.

  23. Мен қол астындағыларыммен өте тығыз байланыста және достық қарым-қатынастамын.

  24. Мен барлық бастамаларымда түрлі жағдайларға қарамас- тан алғашқылардың бірі болуға ұмтыламын.

  25. Басым жағдаяттарға қолайлы басқару стилінің әмбебеп түрін қолданамын.

  26. Мен әрдайым ұжым мүшелері көпшілігінің пікірлеріне қарсы шыққаннан гөрі, маған олардың пікіріне қосылу жеңі- лірек.

  27. Менің пікірім бойымша, қол астындағыларымның әрқай- сысының болмас жетістіктерін мақтап отыру қажет.

  28. Қол астындағыларымды басқа адамдардың көзінше сынамаймын.

  29. Мен талап қойғаннан гөрі, жиі өтініш білдіруге тура келеді.

  30. Мені әсіресе қатты жалықтырғанда, ашуланған уақытта өз сезімдерімді бақылай алмаймын.

  31. Егерде қол астындағыларымның арасында жиі болуға мүмкіндік болса, жұмыстың тиімділігі артар еді.

  32. Мен кейбір кезде қол астындағыларымның қызығушы- лығына, қажеттіліктеріне кездейсоқ қараймын.

  33. Мен оларды аса бақыламай-ақ сауатты қол астындағы- ларыма көбінесе күрделі міндетті шешуде дербестік бере- мін.

  34. Маған қол астындағыларымның мәселелерін талқылау және талдау ұнайды.

  35. Менің көмекшілерім тек қана өз міндеттерімен шектел- мейді, менің функционалды міндеттерімді де атқара алады. Көмекшілерім өз жұмыстарын орындап қана қоймай, маған да көмектесе алады.

  36. Жоғары жақтағы басшылармен дау-дамайдан қашу же- ңілдеу, қол астындағыларға қарағанда, себебі олар маған әр- қашанда тәуелді.

  37. Мен әрқашанда өз бұйрықтарымды ешқандай қиын жағ- даяттарға қарамастан орындауға тырысамын.

  38. Маған ең қиыны – адамдардың жұмыс барысына араласу және олардан қосымша іс-қимыл талап ету.

  39. Қол астындағыларымның жағдайын жақсы түсіну үшін, мен өзімді олардың орнына қоямын.

  40. Менің ойымша, адамдарды басқару үшін икемді болу керек, себебі қол астындағыларға темірдей қатал да, тым жібек- тей жұмсақ та болмау керек.

  41. Мені қол астындағыларымның қызығушылығына қара- ғанда өз мәселелерім көбірек толғандырады.

  42. Мен ағымдағы іс-әрекеттерден үлкен эмоционалды және интеллектуалды қысымнан ауыртпашылық көремін.

  43. Қашанда мен ақылға қонбайтын істерге қарсы шыққа- нымда, ата-аналарым мені бағынуға итермелеп көндіреді.

  44. Менің елестетуім бойынша, адамдармен жұмыс істеу өте қиын азапты іс.

  45. Мен ұжымдағы өзара көмектесу мен бірлескен іс-әрекет- ті дамытуға тырасамын.

  46. Мен қол астындағыларымның кеңестері мен ұсыныста- рын үлкен қошеметпен қабылдаймын.

  47. Басшының басқарудағы ең маңыздысы қызметтегі мін- деттерін дұрыс бөлу.

  48. Қашанда қол астындағылар менеджерлердің еріктерін орындаушысы ретінде қызмет етсе, соғұрлым тиімді басқаруға қол жеткізеді.

  49. Қол астындағылар – жауапкершілігі төмен адамдар, сондықтан оларды үнемі бақылауға алу керек.

  50. Ұжымға толық дербестік беру керек және олардың ара- сына араласпаған ұтымды.

  51. Сапалы басшылықты атқару үшін аса қабілетті қол ас- тындағыларды мадақтау және ұқыпсыз (жауапкершіліксіз) адам- дардан талапты қатаңдату керек.

  52. Мен әрқашанда қателіктерімді мойындаймын және дұрыс шешімдерді таңдаймын.

  53. Объективті жағдаяттарды басқару барысында мен жиі қолайсыз уақиғалардың себебін түсіндіруге мәжбүр бола- мын.

  54. Еңбек тәртібін бұзушыларды қатаң жауапқа тартамын.

  55. Қол астындағылардың кемшіліктерін сынға алғанда өте қаталмын.

  56. Кейде мен ұжымға бөтен адам ретінде көрінемін.

  57. Қол астындағыларды сынағаннан гөрі, мақтағанды ұната- мын.

  58. Мен ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынастамын, ой- ларымен бөлісемін.

  59. Қол астындағылармен тым жұмсақтығым үшін ескерту аламын.

  60. Егерде қол астындағыларым менің талабыма сәйкес жұ- мыс атқарса, биікке жетер едім.

Белгіленген өзіңе сәйкес жауаптарды есептеп және алдыңғы кілт-кестесіне кіре отып, авторитарлық, либералдық, демокра- тиялық басқару стилінің дәрежесін анықтауға болады.
Басқару стилінің тестіге арналған кілті


Басқару стилі

Бекіту нөмірі

Жауаптар

саны


Авторитарлық

1, 6, 7, 12, 13, 18, 19, 24, 25, 30, 31, 36,

37, 42, 43, 48, 49, 54, 55, 60






Либералдық

2, 5, 8, 11, 14, 17, 20, 23, 26, 29, 32, 35,

38, 41, 44, 47, 50, 53, 56, 59






Демократиялық

3, 4, 9, 10, 15, 16, 21, 22, 27, 28, 33, 34,

39, 40, 45, 46, 51, 52, 57, 58





Басқару стильдерінің әртүрлі дәрежесі алынған жауаптардың қосындына тәуелді.

Берілген тест бойынша басқару стилінің бағалауын дәл анықтау қиын. Бұл жерде өзін-өзі бағалау емес, практикалық

талдау қажет. Балл төменгі деңгей бойынша: төменгі 0-7; ор- таша 8-13; жоғарғы 14-20 баллдан төмен болса,онда басқару стилі тұрақсыз және белгісіз болып есептеледі.

Тәжірибелі басшыда басқару стилі араласып байқалады. Біз- дің пікіріміз бойынша, авторитарлық және демократиялық стилі араласып отырғаны қолайлы, қашанда менеджер жұмыс бары- сында адамдармен икемді әдістерді қолданады және күнделікті тиімді басқару стилін ұстанады.

Жеке (индивидуалды) басқару стиліне толық сипаттама беру үшін және оның болашақта дамуына төмендегі кестеде көрсе- тілген мәліметтерді басшылыққа алуға болады.


Жеке (индивидуалды) басқару стилінесипаттама


Оң

жауаптардың қосындысы

Басқару стильдерінің дәрежесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет