Пікір жазғандар



бет23/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Басқару шешімдерінің ұйымдастырушылық факторлары
Ұйымның ішкі және сыртқы орталарының негізгі өлшем- дері басқару шешімдерінің факторлары ұғымымен анық- талады. Бұл факторлардың жиынтығы күрделілігімен және

алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол ұйымдық жүйелердің социотехникалық типімен және олардың сыртқы ортадағы- лармен өзара іс-әрекет формаларының көптігімен шартталған. Бас-қару теориясында ортаның осы қызметтің жүзеге асуына ең ықпал ететін үш интегралды өлшемі бар екені туралы ұғым қалыптасты. Бұл – шешім қабылдау ортасының айқынсыздығы, күрделілігі және серпінділігі (динамикалылығы).

Басты өлшемайқынсыздық – басқаруда баламаны таңдау үшін релевантты ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл – туындайтын мәселелерге мазмұны бойынша негізделген шешім шығару үшін қажетті ақпарат. Айқынсыздықтың туындауының көптеген се- бептері бар. Олардың негізгілері: ақпарат тапшылығы және оның артық болуы.

Шешім қабылдау ортасының күрделілігі – ескерілуі, өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі ескерілуге тиіс фактор- ларының көп түрлілігі.

Шешім қабылдау ортасының серпінділігі деп ішкі және сыртқы – ұйымдық факторлардың өзгеру дәрежесін айтады, сондықтан кез келген басқару шешімі диагностикалық та, прог- ностикалық та болуға тиіс.

Осы интегралдық үш өлшем синхронды әсер етеді, бұл шешім қабылдау қызметінің жүзеге асуын күрделендіреді. Бі- рақ осымен бірге бұл өлшемдер әрбір нақты жағдайда әртүрлі дәрежеде айқындала отырып, осы қызметтің жүзеге асу шарт- тарының сабақтастықтағы толық көрінісін береді.

Осы жалпы өлшемдермен қатар тағы да бір маңызды, ерекше өлшем: ортаның дау-жанжалдық дәрежесі бар. Басқару шешімдері сондықтан да бірқатар өзіндік ерекшеліктерге ие, солардың маңыздысы – компромистік.
Басқаруда шешім қабылдау процесінің нормативтік құрылымы
Басқару теориясында шешімдер жасаудың нормативтік про- цесін сипаттаудың бірқатар тәсілдері бар.

Процессуалдық инвариант – шешім қабылдау кезеңдерінің жалпы тізбектілігі. Мәселелік жағдайды анықтау содан ше-

шім қабылдау қызметін жүзеге асыру арқылы шығуды білдіре- ді. Бұл – жағдайды айқындау (диагностика), оның аймақтарын іс-әрекеттің басқа жақтарымен өзара байланысын анықтау, оның мазмұнының, басты қарама-қайшылықтарының сипат- тамасы және сондағы болжау шешімдерінің мақсаттарын қою.



Мәселелік жағдай мазмұнын талдау. Мұнда үш аспект бар:

  1. Жағдайдың айқынсыздығын және бақылау үшін жеткілік- тілігін азайту мақсатында ақпараттық талдау.

  2. Мәселе туындататын «шектеуші факторларды» анықтау.

  3. Нұсқалардың біреуін таңдау негізіне жатқызылатын ше- шім көрсеткіштерін тұжырымдау.

Баламалы тұжырымдау – мәселелік жағдайдан жаңа мүмкін шығуларды іздеу мен генерациялау.

Тұжырымдалған көрсеткіштер жүйесі бойынша және іс-әре- кеттің негізгі мақсаттарына сәйкес баламалы бағалау «баламалы салмақтау» кезеңі деп аталады.



Баламалы таңдау – басқару шешімінің нормативтік процесс құрылымындағы негізгі кезең, өйткені онда басты қадам жаса- лады, шешім қабылдау жүзеге асырылады. Оның тиімді шешім- дер қабылдау теориясында тұжырымдалған басты нормативтік принциптерді баламалы үлкен интегралдық «тиімділікпен» таң- дау болып табылады.

Қабылданған шешімді жүзеге асыру. Бұл іс-әрекеттің ерек- шелік сипаты – қабылданатын және жүзеге асырылатын шешім- дердің дәл келмеуі.
Басқару шешімдерінің типологиясы

және оларға қойылатын нормативтік талаптар
Басқару шешімдерінде жалпы қасиет бар – бұл полиморфизм (басқару шешімдерін қабылдау процесін жүзеге асырудың әртүрлі кластарының, түрлерінің, типтері мен формаларының көптігі). Шешім қабылдау қызметі таңдау процесінің полимор- физмінің арқасында ғана мүмкін болып шығады.

«Ұйымдастырушылық шешім» ұғымы басқарушылық ше- шімдердің бүкіл жүйесін сипаттау үшін шешуші мәнге ие. Оның

жинақтаушы сипаты бар және өзімен жетекшінің қызметтік мәртебесіне байланысты нормативтік-сілтемелік шешімдердің бүкіл кешенін анықтайды. Жетекші қабылдауға мәжбүр болатын нормативтік емес шешімдердің орасан көптігі өте зор, бірақ жанама түрде болса да оның іс-әрекетінің тиімділігіне және бү- кіл ұйымның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасына ықпал етеді.

Г. Саймон ұйымдастырушылық шешімдерді екі негізгі санатқа бағдарламаланған және бағдарламаланбаған деп бөлуді ұсынды. Бұл екі «таза» тип қазіргі кезде континуумның по- люстері ретінде қарастырылады, ал басқару тәжірибесінде көбінесе құрама шешімдер кездеседі [39].

Нормативтік шешімдер сондай-ақ оларды түрлерге бөлу белгісі бойынша, басқарудың қандай қызметін жүзеге асыру- ға байланысты екендігіне қарай жіктеледі, яғни мақсаттық, бол- жамдық, жоспарлық, мотивациялық, бақылаулық, ұйымдас- тырушылық, түзетулік, өндірістік-технологиялық қызметтер- ге байланысты. Мұндай бөлу нақты түрде басқаруды таңдау процестерінің негізгі санаттарының анықтамасы болып табы- лады.

Таңдау процестерінде басқару шешімдері бастапқы дерексіз жағдайы бойынша құрылымданған және құрылымданбаған («жақсы анықталған» және «нашар анықталған») болып бөлі- неді. Олар үш негізгі белгі бойынша айырмаланады: субъект шешім үшін қажетті ақпаратқа ие.

Осы жүктемеге байланысты басқару шешімдері детерми- нистік және ықтималдық болып бөлінеді. Біріншілері құры- лымданған жағдайларда орын алады. Оларды нормативтік про- цедураларға дайындау кезінде қолдану және тәуекел элемент- терін олардың процесінен барынша алып тастауға ұмтылу тән болады. Екіншілері «жұмсақ», жасаудың нормативтік емес про- цедураларын және интуитивтік құралдарды қолданумен си- патталады, олар тәуекелді шешімнің қажетті өлшемі ретінде қарастырады.

Психологиялық шешімге негізделетін жіктеме шешімдердің үш типінен тұрады: интуитивтік, пікірлерге негізделген және инновациялық.

Инновациялық белгілері бойынша шешім қабылдау түр- лерінің жіктемесі: майда тірлікті, селективтік, бейімделушілік, инновациялық.

Мазмұндық белгісі бойынша тыйым салу, рұқсат ету және сындарлы шешімдер болады.

Басқару шешімдері формаларының ең қорытушы типоло- гиясы – оларды екі санатқа бөлу, яғни жекелей және алқалық.

Басқару шешімдері стратегияның алқалық шешімдерінде қолданылуына байланысты да жіктеледі: мажоритарлы (қара- пайым көпшілік стратегиясы); консенсус және «байламды таң- дау» стратегиялары.

Қорытындысында бұл жіктемелердің барлығы бірін-бірі өзара толықтырады. Басқару шешімдерінің қарастырылған бар- лық типтеріне «жақсы шешім белгілері» деп есептелетін бір- қатар нормативтік талаптар қойылады. Олардың әлдеқайда әмбебаптарын тізіп шығамыз.

Шешімнің тиімділігі. Егер қабылданған балама барынша мүмкін болатындардың ең негізгісі болса, онда басқару іс- әрекетінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін.

Шешімдердің негізделуі, уақытылығы, жүзеге асырылуы (орындалуы), нақтылығы мен реттелуі, қаттылық пен икемді- ліктің сабақтастығы шешім қабылдауда «шектеу факторы» принципінің сақталуында.

Шешім қабылдау процесі басқару теориясындағы орталық пункт болып табылады, шешім қабылдау әдістері – оның ең жетілген, ресмиленген тарауы. Қазіргі кезде ол математикалық аппаратта, жүйелік талдауда, операциялар теориясы мен басқа да нормативтік пәндерде орнығатын арнайы бағытта рәсімделеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет