Пікір жазғандар



бет36/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Жетекші іс-әрекетіндегі ұзақ мерзімді ес ерекшелігі
Ұзақ мерзімді ес ерекшелігі басқарудың практикалық және стратегиялық функцияларына байланысты, сондықтан ол бас- қару іс-әрекетінің режимдік факторларымен азырақ шарт-

талған. Бірақ ол «материал» ерекшеліктерімен – еске сақтауға және қайта өңдеуге арналған ақпаратпен көбірек анықталады. Ұзақ мерзімді естің жетекші іс-әрекетінде келесідей ерекше- ліктері бар.

Материалдың үлкен көлемі, алуан түрлілігі мен алуан са- палылығы (гетерогенділік). Сипаты бойынша әртекті мате- риалды сақтаудың алуан тәсілі мен естің әртүрлі типтері кейде «қабаттасады» және бір-біріне бөгет болады. Бұл құ- былыс психологияда интерференция құбылысы деп ата- лады.

«Әлеуметтік нысан» секілді ұзақ мерзімді еске арналған мұндай материал мнемоникалық процестерге жаңа талаптар қояды. Бейнеге деген ес жетекші үшін аса қажет. Бұл басқа бір мнемоникалық қасиеттің – қол астындағылардың субъективті мінездемелеріне, яғни қабілеттеріне, мүдделеріне, өмірбаян сипаттарына, т.б. деген естің байқалуы. Қол астындағылар үшін бұл тиімді жұмыс үшін қолдау бола тұрып, маңызды мотива- циялық рөл атқарады. Батыс менеджментінде жетекшінің қол астындағылар туралы жеке есі тек ынталандыру құралы ғана емес, сондай-ақ манипуляциялық техниканың бірі ретінде кеңі- нен қолданылады [15, 16, 17].

Сақталған материалдың құрылымдануы бірқатар меха- низмдердің, яғни материалды сапалау мен топтаудың, оқиға- ларды мағынасына қарай жүйелеудің, категориялаудың және ретке келтірудің, олардың арасында байланыс орнатудың, т.б. көмегімен жүреді. Осының нәтижесінде ұзақ мерзімдік естің материалы мнемоникалық немесе семантикалық (мәндік) желі ұғымымен белгіленетін формаға ие болады. Онда байланыстың негізгі екі – көлденең және тік түрі бар. Алғашқысы тәжірибе элементтері арасындағы тікелей мәндік ассоциациялармен түзілген. Екіншісі тәжірибені қорытылу дәрежесі бойынша құрылымдайды.

Ұзақ мерзімдік естің кешенділігі сақталуға тиіс материал- дың кешенділігімен анықталады. Осыдан ұзақ мерзімдік ес- тің келесі ерекшелігі – жағдайлық туындайды. Ол тіркеле- тін ақпараттың нақты басқару жағдайлары түрінде рәсімде- луін білдіреді. Ұзақ мерзімдік естің «бірліктері» болады.

Басқару жағдайлары түрінде рәсімделген мәндік блоктар осындай бірліктер болып табылады; «скриптер», «фреймдер» (ағылш. frame – қаңқа, құрылым) сияқты ұғымдарды қолда- нады.

Жетекшінің ұзақ мерзімдік есінің өнімді қасиеттері психо- логиялық құбылыс ретінде «кештен гөрі таң жақсы» дегендей, бірқатар мәтелдерде көрініс табады. Бұл ерекше құбылыстың негізі – басты екі психологиялық механизм.

Реминисценция құбылысы (мнемоникалық процестер көр- сеткіштерінің қандай да бір уақыт өткеннен кейінгі жақсаруы) және бейнеленген ақпарат өңдеуге ұшырайтын кездегі сақталу процесінің белсенді сипаты.

Жетекшінің қол астындағылармен өзара іс-әрекет процесі екі негізгі – саймандық және экспрессивтік типке бөлінеді. Сай- мандық – жетекшінің іс-әрекетін, қол астындағылармен іскерлік өзара іс-әрекетін жүзеге асырудың құралы. Экспрессивтік – бірлескен іс-әрекеттегі тұлғааралық қатынастарға байланысты туындайтын процестер. Қатынасқа деген ес эмоционалды – оң, бейтарап және теріс болуы мүмкін.

Жетекшінің ұзақ мерзімдік есінің полифокустылығы оның функцияларының көпжақтылығына байланысты. Ол өз іс-әре- кетінің көптеген нысандарына, құбылыстарына мнемоникалық бақылау қажеттігінен көрінеді.

Ақпараттың ұзақ мерзімдік тіркелуіне «көмектесетін» қо- сымша маңызды белгі – оның шынайылық параметрі. Демек, ақпарат көзі мен оны алу жағдайын сақтау керек. Жетекшінің ұзақ мерзімдік есінің өзіндік сипатттамасының біреуін құрайтын

«ақпараттың шлейфі» оған түсетін жүктеменің артуына соқ- тырады және жалпы талаптарды арттырады.

«Жақсы ұзақ мерзімдік ес» қасиетке қарама-қарсы сипаттама ұмыту шеберлігі ретінде белгіленеді. Төрт мнемоникалық про- цестің бірі бола отырып, ұмыту адамды тым артық ақпараттық жүктелуден сақтайды. Бұл – бейнеленген ақпараттың объективті маңыздылық және субъективті мәндік параметрлері бойынша селекциясының белсенді процесі. Селективтік ұмытудың жетек- шінің міндетті мнемоникалық қасиеті ретінде болуы басқару біліктілігі белгілерінің бірі болып табылады. Белсенді ұмыту

механизмі, сондай-ақ барлық керексіздерді сүзгіден өткізе отырып, жетекшінің жеке кәсіби тәжірибесінің тұрақтандырғыш функциясын орындайды.
Жеке кәсіби тәжірибе басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде
Бұл тәжірибе ұзақ мерзімдік естің негізгі қасиеттерінің әсерімен қалыптасады. Бүкіл кәсіби және жеке өмірі негізінде қалыптаса келе, тәжірибе мнемоникалық процестер негізінде құрылады, тіркеледі және қызмет атқарады. Олардың құры- лымы, ерекшеліктері мен заңдылықтары басқару іс-әрекетінің осы бір маңызды реттеуішінің негізі болып табылады. Тәжірибе


  • бұл ұзақ мерзімді ес басқару іс-әрекетінің барлық салаларына тиімді әсер ететін нәтижелік құбылыс, сондықтан оның негізгі сипаттамаларын және олардың мнемоникалық процестердің ерекшеліктерімен байланысын қарастыру қажет.

Кәсіби тәжірибенің басты сипаттамасы – көлемі мен сантүр- лілігі, байлығы. Жетекші тәжірибесінің маңызды ерекшелігі – оның жағдайлық рәсімделуі. Тәжірибенің негізгі «бірліктері» – басқарудың бұрынырақ кездескен және әрі қарайғы іс-әрекет үшін ең тиімді болып табылатын тұтастық жағдайлары. Соны- мен бірге бұл – осы жағдайлардың туындауы туралы және солардан шығудың ең әсерлі тәсілдері жайлы ақпарат. Сон- дықтан көбінесе жағдайды емес, белгілі бір сценарийді тәжіри- бенің негізгі «бірлігі» деп есептейді. Тәжірибені скриптілік ұйымдастыру оның ақпараттық сыйымдылығын күрт артты- рады. Бұл «бірлік» скриптілердің барынша кешенді және ақпа- раттық толықтығы есебінен мүмкін болады.

Тәжірибенің құрылымданғандығына, реттілігіне негізгі бас- қарулық жағдайлардың типологиялануының арқасында қол жеткізуге болады. Олар кәдімгі штаттық және экстремалдық, яғни басқаларға тапсыруға болатын және тікелей өзінің арала- суын талап ететін болып бөлінеді. Кәсіби тәжірибе құрылы- мындағы типологиялануға оның басқа да компоненттері, ең алдымен адамдар ұшырайды. Атқарушылар мен жетекшілердің типологиялары көптеп кездеседі [35].

Кәсіби тәжірибенің дифференциалдануы келесі сипаттармен анықталады:


  1. Тәжірибеде реттелген басқару жағдайларының санымен және алуан түрлілігімен;

  2. Олардың типологиялық дәрежесімен;

  3. Жетекшінің әртүрлі жағдайлардағы «мінез-құлық репер- туарының» алуан түрлілігімен.

Тәжірибенің интеграциялануы – оның компоненттерінің шоғырлану шарасы, дифференциялануының туындысы. Ол негізгі екі аспектіден тұрады: 1) тәжірибе компоненттері- нің қаншалықты реттелгені және шоғырланғаны; 2) олардың бір-бірімен қарама-қайшылықта қаншалықты болмауы, жалпы мағынамен және жетекші тұжырымдамасымен қаншалықты біріккендігі.

Дифференциялану мен интеграциялану бірлесе отырып, жалпы сипаттаманы – тәжірибенің ұйымдастырылу дәрежесін береді. Жоғары ұйымдастырылу жетекші іс-әрекетіндегі опера- тивті естің негізгі қасиеті болатын ақпараттың жоғары жұмылу дайындығының байқалуы үшін аса маңызды шарты болып та- былады.

Тәжірибенің жекеленуі. Тәжірибе өз жетістіктері мен кем- шіліктері нәтижесінде қалыптасады, сондықтан да тәжірибенің барлық құрылымы үшін білуге тиісті жағдайлардың бірыңғай жиынтығы жоқ. Біреуі үшін жақсы болған екіншісіне мүлде келмейді.

Тәжірибенің таңдалымдылығы (селективтілігі) ұзақ мерзімді естің осыған ұқсас қасиетіне негізделген. Тәжірибе қалыпта- суының басты шарты – оның үнемі байытылуы, бірақ ол ақпа- ратты механикалық түрде жинақтау сипатында болса, онда ақпараттық артық жүктелу туындайды. Сондықтан кәсіби тәжі- рибе құрылымына селекция механизмі енгізілген.

Тәжірибенің мәндік интеграцияға қарай ағымы да ұзақ мер- зімді естің осыған ұқсас заңдылығына негізделген. Тәжірибенің қарама-қайшылығы теріс фактор ретінде бағаланады.

Кәсіби тәжірибенің операциялылығы, оның жағдайының негізгі «бірліктеріне» міндетті түрде оларды жеңу тәсілдері қо- сылатындығында.

Тәжірибенің өнімділігі мнемоникалық процестердің ұқ- сас сипаттамасына оның нәтижесі ретінде негізделеді. Же- текшіліктің жазылмаған («алтын») ережесі тәжірибе компо- ненттерінің бірі болып табылады. Олардың кейбіреулері мы- налар: «жағымды альтернативті», «сүйікті себептер», «шет- тер мен орталар» (хабар ортасы нашар сақталады), т.б. құбы- лыстар.

Жетекшінің кәсіби тәжірибесіне басқару іс-әрекетінің аса маңызды реттеуіші басқарудың жеке тұжырымдамасы негіз- деледі. Бұл – басқару әдістері мен тәсілдеріне деген тұрақты көзқарастар жүйесі, оның мақсаттары мен міндеттері, мәнері мен қол астындағыларға қоятын талаптары.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет