Басқару теориясында психологиялық заңдылықтар басқару- дың негізгі функцияларының бірі – мотивация функциясы- на байланысты қарастырылады. Оның мазмұны, сондай-ақ же- текшінің оны қамтамасыз етудегі бүкіл белсенділігін басқару іс-әрекетінде аса маңызды компонент болып табылады. Оның сипаттамасында екі аспект бар: жетекші оны іске асыруда не істеу керектігін сипаттау және басқару әсерлерінің неге бағыт- талуы керектігін сипаттау (атқарушылардың мотивін сипат- тау).
Мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені мотивтену функция- сын қамтамасыз етудегі жетекшінің іс-әрекетінде өзіндік мотив- тері мен мотивтендіру күштері бар. Мотивтендіру бұл жерде же- текшінің өзіндік белсенділігінің көзі ретінде болады. Сондықтан мотивтендіру проблемасында тағы бір қыр бар – бұл басқару іс- әрекетін ұйымдастырудың мотивтендіру заңдылықтары.
Жетекшінің мотивтендіру қызметін ашып көрсетуде мотив- тенулік реттеулердің әлдеқайда жалпы, негізгі психологиялық ерекшеліктері кілт болып табылады. Басқару іс-әрекеті – күрделі және интеллектуалдандырылған, сондықтан ол өзіне мотивтен- дірудің психологиялық заңдылықтарының бүкіл спектрін әлде- қайда толығырақ қосып алады.
Мотивтендірудің кейбір концепциялары Д. МакГрегордың Х-теориялары мен У-теориялары, В. Оучидің Z-теориясы, Ф. Херцбергтің қосфакторлық теориясы қарастырылды. Негізі- нен, олардың барлығы атқарудың мотивтендіруін қарастырады. Мұнда қарастырылатын тәсілдер осымен қатар жетекшінің өзі- нің мотивтену ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Мотивацияныың мазмұндық теориялары
Мотивацияныың негізгі теориялары екі топқа – мазмұндық және процессуалдық болып бөлінеді. Біріншілері адамдардың мінез-құлқы мен кәсіби іс-әрекеті негізінде жататын ішкі ұм- тылыстарын қарастырады. Процессуалдық теориялар мотивтер- дің қабылдау, тану, коммуникация сияқты процестермен өзара
әсерін ескере отырып, тұтастай мотивтендірілген мінез-құлық ұйымдасқан заңдылықтарды ашып көрсетеді. Мазмұндық тә- сілдер жоғарыда қарастырылғандардан басқа, тағы да екі – А. Маслоу және Д. МакКлелландтың теориялары жатқызы- лады.
А.Маслоудың «мотивтер иерархиясы» тұжырымдамасы. Тұлғаның барлық қажеттіліктері бес негізгі топқа бөлінеді: А) физиологиялық қажеттіліктер;
Ә) қауіпсіздікке қажеттіліктер;
Б) әлеуметтік байланыстарға қажеттіліктер; В) құрметке қажеттіліктер;
Г) өзін-өзі танытуға (көкейкестілендіруге) қажеттіліктер. Қажеттіліктердің осы топтары бір мезгілде қатаң иерар-
хиялық өзара бағыныстағы қажеттіліктердің негізгі бес деңгейі болып табылады. Әрбір жоғары жатқан деңгей қажеттіліктері тек барлық төмен жатқан деңгейлердің қажеттіліктері қанағат- тандырылған кезде ғана туындайды.
Төменгі қажеттіліктер (А және Ә деңгейлері) – «мұқтаждық қажеттіліктері», жоғарғылары (Б, В және Г деңгейлері) – «өсу қажеттіліктері». Біріншілері тұлғаның аман қалуын, ал екінші- лері дамуын қамтамасыз етеді. Мотивтенудің жоғары деңгейі, А. Маслоу бойынша, «принципті түрде қанықпаған, өйткені өзін жетілдіруге қажеттілік ешқашан толықтай қанағаттандырылуы мүмкін емес».
А. Маслоу жүйесі жетекшіге басқарудың мотивтік қызметте- рі негізінде құрылатын мотивация факторларының жүйесін көр- сетеді. Ол басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің өзінің осындай мотивациясын жақсы түсінуге көмектеседі.
Басқару мотивтері жоғары деңгейлердің, ал атқару мотив- тері төменгілердің мотивтері болып табылады. «Өзін-өзі таны- тушы тұлға» – бұл дамудың өзі жеткен деңгейінің шегінен асу қажеттілігі бар тұлға. Ол келесідей мінездерді сипаттайды: нақ- тылыққа бағдарлану, төзімділік, кездейсоқтық, іскерлік бағыт- талу, теріс мүдделерді шектеу, тәуелсіздік, оптимизм, рухани- лық, ішкі әлемі бай, демократиялық принциптер, әзіл, кретив- тілік, қуаттылық, нонкорформизм. Тұлғаның карьералық бағыт- талуында нақ осы өзін-өзі танытуды мотивтендіру басты ынта-
ландырғыш болып табылады. Ол жетістікті мотивтендірумен тығыз байланысты, бұл ұғым Д. МакКлелланд тұжырымда- масымен енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |