Басшылық ету – топ немесе ұйым мүшелерінің мінез-құлық психологиясына тән, ал жетекшілік – басқару және қол астын- дағылардың орнын бөлуі топтағы әлеуметтік қарым-қатынасын сипаттайды.
Көшбасшылық, негізінен, топ немесе ұйым мүшелерінің мі- нез-құлқының психологиялық сипаттамасы, ал жетекшілік – топтағы қарым-қатынастың басқару және бағыну рөлдерін та- рату тұрғысынан алғандағы әлеуметтік сипаттамасы.
Жетекші мен көшбасшы топ мүшелеріне әсер етудің сапалық әртүрлі формаларына және дәрежесіне ие. Бұл айырмашылықтар олардың басқару іс-әрекетін нақты жүзеге асыруға, олар өзде- рінің жетекші көзқарасын қалай жүргізетініне ықпал етеді.
Көшбасшы топқа және оның мүшелеріне, оларды қандай да бір мақсатқа жетуге бағыттай отырып ықпал етеді, ықпал бедел құбылысы арқылы жүзеге асады. Жетекші ықпалымен және бе- делімен қатар билікке, мәртебеге ие, бұл енді «ықпал ету қабі- леті» емес, ықпал ету міндеті болып табылады. Бұл ұғымның «же- текші» және «көшбасшы» ұғымдары екі топқа бөлінеді:
Көшбасшы және жетекші түсініктері екі топқа бөлінеді:
Көшбасшы түсінігіне:
|
Жетекші түсінігіне:
|
– бейресми ұйымдар
|
– ресми ұйым
|
– бейресми басшы
|
– ресми басқарушы
|
– «Жетекші»
|
– «ұйымдастырушы»
|
– реттеу (үйлестіру)
|
– басқару
|
– әсер ету
|
– билік ету
|
– бедел
|
– мәртебе
|
Көшбасшы мен жетекшілердің айырмашылықтары:
Көшбасшы:
|
Жетекші
|
– тұлғааралық қатынасты реттейді
|
– топтың әлеуметтік ұйым ретінде
қатынастарын реттейді
|
– микроортаның элементі
|
– макроортаның элементі
|
– басшылық ету кенеттен ауысып кетуі
мүмкін
|
– мақсатқа бағытталған
|
– басшының орны тұрақсыз
|
– тұрақты құбылыс
|
– басшыда белгіленген санкциялары
жоқ
|
– белгіленген санкциялар жүйесі
бар
|
– тек топқа байланысты шешімдер
қабылдайды
|
– топпен байланысы жоқ шешім-
дерді де қабылдауға мәжбүр
|
Басқару іс-әрекетін психологиялық сипаттау үшін жетекші мен қарамағындағылардың биліктік қарым-қатынастарының ерек- шеліктерін ашып көрсету айрықша мәнді.
Билік типологиясы
Басқару теориясында билік жетекші қолданатын бірнеше негізгі түрден тұратын көп өлшемді құбылыс ретінде қарастырылады.
Мәжбүрлеу билігі жетекшінің атқарушылар мақсатына же- туіне және қажеттіліктеріне кедергі жасау, оларды жазалау мүм- кіндігіне негізделген, атқарушылар мұны түсінеді, сондықтан бағынуға мәжбүр (өзінің қарамағындағыларды мәжбүрлейді). Биліктің бұл формасын «негативті» немесе «үрей билігі» деп атайды. Сынға қарамастан, оны билік формаларының кез келген тізімінде бірінші орынға қояды, ол қазірше жетекші әсерлерінің айнымайтын және жалғыз тірегі болып отыр. Оның негізгі кем- шіліктері – бақылаудың ебедейсіз жүйесі, атқарушылардың кі- біртіктеуі мен бөгелуі. Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуі мен кадрлар тұрақсыздығына соқтырады. Мәжбүрлеудің деген- мен үлкен күші бар, өйткені жеке қауіпсіздік сезімін апелляция- лайды.
Басқару теориясында осыған байланысты «ұйымдастыру үрейлері» ұғымы бар, олардың ішіндегі бастылары:
Достарыңызбен бөлісу: |