Пікір жазғандар


Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі



бет9/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі

Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен прак- тикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 ба- ғыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымда- малардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару тео- риясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік ту- ғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.



Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым

  • ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын құраушыларды қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейім- делусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа ба- ғыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды. Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді бас- қару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұ- жырымдаманы 80-жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менедж- мент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Америкалық менеджментті түбегейлі зерттеген жапондық мамандар, одан ең тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Ме- неджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасын- дағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде – түпкі- лікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар ба- сым. Жапондық тұрғының негізі – өзін-өзі басқару және өзін-өзі

бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапат- талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара көмекке, ынтымақтастыққа, корпоративтік рухтың қалыпта- суына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл- күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала- бына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығу- шылық танытады [30].

Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағым- дарды атап көрсетуге болады, олар:



  1. ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру;

  2. басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру;

  3. менеджмент пен бизнесті және ол туғызған басқарудың жаңа мәселелерін интернационалдау.

Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқа- растардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары мыналар:

  1. ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент- тің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып есептелінеді;

  2. басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы жүйелер теориясын қолдану;

  3. басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіп- орынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге жауап;

  4. менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым- да істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін тану.

  1. ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары:

    • қызметкерлерге деген босаңдық;

    • жауапкершілік;

    • ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму- никациялар;

    • қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйым- дастыру мәдениеті;

    • барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы;

    • сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция;

    • топ жұмысына тікелей араласу;

    • менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шебер- лігі;

    • бизнес этикасы;

    • адалдық және адамдарға сену;

    • менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу;

    • алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу;

    • жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет