Пікір жазғандар



бет97/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Қарсы пікір білдірушінің жеке басына емес, оның тек әрекеттері мен қылықтарына баға бер, мәселеден жеке бас- қа аттап кетпе. Оның абыройына нұсқан келтірме. Ол тіпті қысым көрсетуде саған орын берсе де, мұны кешірмейді. Былай айтуға болады: «Сіз екі рет өз уәдеңізді орындамадыңыз», бірақ қарсы білдірушіге: «Сіз – уәдесінде тұрмайтын адамсыз» деп ешқашан айтуға болмайды.

  • Оның пікірлері мен дағуаларының мәнін сұрақтардың көмегімен жаңғырық түрінде көрсет: мақұлдаулар – кедергі- лер, ал сұрақтар – жауап туғызады. Мұндай сұрақтардың мы- салы мынадай болуы мүмкін: «Мен сізді дұрыс түсіндім бе?...»,

    «...сіз осыны айтқыңыз келді ме?», «Егер мен сізді дұрыс түсінген болсам, ...?». Бұл амал түсініспеушілікті болдырмай- ды және адамға көңіл аудару мен құрметтеуді көрсетеді. Өйткені түсіну – қарсы пікір білдірушімен келісу деген сөз емес.

    1. Егер өзіңнің кінәлі екеніңді сезінсең, кешірім сұраудан қо- рықпа, бірақ мұны сұхбаттың соңында емес, жылдам, шешімді түрде орында. Құлықтың осындай жолымен жүруі, біріншіден, қарсы пікір білдірушіні қарусыз қалдырады және мүмкін болған сынның алдын алады және екіншіден, оған құрмет туғызады, өйткені кешірім сұрауға тек сенімді, әрі кемел адамдар ғана қа- білетті. Кешірім сұрау мәселені шешуде ең арзан, әрі бағалы үлес болуы мүмкін.

    2. Қабылданған келісімді рәсімде және келешектегі өзара қатынастар туралы келіс. Егер жанжалда тұйыққа тірелсеңдер, пікірлер келісілмеген нүктеге қайта оралыңдар. Әрбір қол жет- кізілген келісімді жазып отырыңдар.

    3. Егер жанжал айғайға ұласса, бірінші кезекте тыныш- тал. Адамдар егер өздерінің пікіріне сенімсіз әрі дұрыс емес- тігін білсе, онда тыныштықта өздерін ыңғайсыз сезінеді. Үнсіз- дік жиі шарасыз жағдай ретінде қабылданады және басқа тарап бұл жағдайда кейде басқа шараны ұсынады. Үнсіздік ұрыстан шығуға мүмкіндік береді. Кез келген жанжалда – екі тарап, егер біреуі жоқ болса, онда кіммен ұрсысады? Бірақ мұнда үнсіздік жәбірлі болуы керек (келемежсіз, табалаушылықсыз, шақыру- сыз және т.б.).

    4. Қарсы пікір білдірушінің эмоциялық жағдайын сипат- таудан қаш. «Неге соншама бұрқырайсың?», «Неге қатты ашу- ланасың» секілді «тыныштандырушы» сөздер жанжалдың да- муын одан сайын нығайтады және күшейтеді.

    Жетекші «аралық сот» рөлінде. Өзінің басқарушылық қыз- меті бойынша жетекшіге бағынышты бөлімдер мен бөлім- шелерде, бағынышты қызметкерлердің арасында туындаған жанжалдық жағдайларда арашашы болуға тура келеді. Мұн- дай жағдайларда ол «аралық сот» функциясын атқарады. Бұл функцияны іске асыру бірқатар талаптарды орындауды қарас- тырады:

    жанжалдың мәнін білу;

    − үлкен сабырлылық таныту;

    − екі тарапқа да оң қарау, сөйлеушілерді эмоциялық қолдау, бұл біреуімен келісімге келуді білдіреді;

    − қарсы пікір білдірушілерге өз сезімдерін кедергісіз білді- руге мүмкіндік беру;

    − ұстанымдарды емес (қарсыластар ұсынып отырған), мүд- делерді (олар мұны не үшін ұсынып отырғаны) ашып алу;

    − олардың мүдделерінде жалпы бір нәрсені таба алу;

    − жанжалды эмоциялық жағдайдан рационалды өлшемге ауыстыру және ұсыныстарды талдау.

    Бағынышты қызметкерлердің жанжалын басқаруда жетекші- нің әрекеттер алгоритміне әрекеттердің келесі кезектілігін қо- суға болады:


    1. Жанжалды талдау;

    − жанжал дамуының сатысын анықтау. С.И. Самыгин және Л.Д. Столяренко (1997), егер жетекші бастапқы фазада «жан- жалға кіріп және оны басқарса», онда ол 92 пайызға шешіледі, ал егер көтерілу фазасында болса – 46 пайыз, біріншілік шыңда

    • 5 пайыздан төмен, бәсеңсу фазасында – 20 пайыз, екіншілік көтерілу фазасында – 7 пайыз, екіншілік көтерілуде – 2 пайызға шешіледі, деп айтады;

    − жанжалдың жасырын және айқын себептерін және же- леуін анықтау;

    − жанжалдың басты мәселелерін шешімдер емес мақсаттар санатында анықтау;

    − жанжалдасушыларың мүдделерін анықтау. Бастысы – ұс- таным емес, мүдде. Біздің ұстанымымыз – бұл, біз мәлімдеп жатқан, пікір білдіріп жатқан, біздің мәселені шешудің үлгісі. Біздің мүддеміз – бұл бізді осы шешімді қабылдауға қозғаушы күш. Мүдделер – бұл біздің қалауымыз бен уайымымыз, оларда


    • мәселені шешудің кілті;

    − қатысушылар мен туындаған мәселелерді жіктеу;

    − жанжалдасушылардың жеке сапаларын есепке алу;

    − жанжалдасушылардың өзара қатынасында (өзара, ұйым- ның басқа мүшелерімен, жетекшімен т.б.) жанжалдың алдында- ғы жағдайды есепке алу.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   162




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет