Бейімделу мынадай жағдайларда тиімді:
− сіз аз ғана беріліп, аз жоғалтатыныңызды сезінсеңіз;
− жағдайды жеңілдету қажет болғанда;
− егер сіз нәтижесі сізге қарағанда, басқа біреу үшін аса маңызды екенін түсінсеңіз;
− туралық сіз жақта болмағанда.
Келісімге келу, яғни сіз үшін жарым-жартылай өзіңіздің, жа- рым-жартылай басқасының қалауын қанағаттандыру жағдай- ларында тиімді:
− жанжалдың қатысушыларында бірдей билік болса және олар бірін бірі жоққа шығаруға мүдделі болса;
− жылдам немесе уақытша шешім талап етілсе;
− басқа амалдар тиімсіз болған жағдайда;
− келісімге келу өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік берсе.
Әріптестік, келісімге келуге қарағанда, тереңірек деңгейде қол жеткізіледі және де ұзақ уақытты әрі жанжалды шешуде белсенді бірге қатысуды талап етеді. Бұл үлгі мына жағдайларда өте тиімді:
− мәселенің шешімі екі тарап үшін де аса маңызды болса;
− сіздердің өзара арақатынастарыңыз тығыз, әрі ұзақ уақыт жалғасқан болса;
− сізде мәселені қарастыруға уақыт болса;
− екі тарап та бірдей билікке ие болса немесе шынайы билікті иеленуде айырмашылықтарды жоққа шығаруды қа- ласа.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары. Кез келген жанжалда оны шешудің үш жолы бар:
− ең оңай, бірақ әрқашан да шынайы емес: өзіңді немесе мә- селеге деген өзіңнің қатынасыңды өзгерту;
− ең қиыны, сондықтан да тәжірибелік мүмкін емес: қарсы пікір білдірушінің пікірін өзгерту, оған өзімізге қажетті бағытта әсер ету;
− ең оңтайлы және шынайы: мәселені шешудің өзара тиімді нұсқасын табу және оны жүзеге асыруға күресу.
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары мына сұрақтар- ға жауап іздеуден тұрады:
Жанжалды шешу үшін мен не істер едім? Бұл үшін серіктесім не істер еді?
Жанжалдан шығу қажет болған жалпы мақсаттар қандай?
Мұнда сіз былай жасауыңыз қажет:
− сұхбаттасыңызға көңіл аудару және ниеттестік білдіру;
− серіктестің ерекшеліктеріне сабырлылық таныту, өзінің шынайы жанашырлық сезімін көрсету;
− салмақты болу, өзінің әрекеттерін, сөзін, мимикасын бақы- лау;
− адамды осы жағдайға не алып келгенін – айқын немесе жасырын мақсаты қандай екенін түсінуге тырысу;
− сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау немесе қорытынды жасау жақсы нәтиже береді – сол арқылы адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді;
− әлеуметтік және физикалық қашықтықты оңтайлы деңгейге дейін қысқарту;
− серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм- кін – басқа жерге отыру, қоңырау шалу, жазып алуды сұрау- дан бастап қандай да бір миға қонымсыз ойды, әзілді айтуға дейін;
− сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері- ңіздің жалпылығын атап көрсету;
− сұхбаттасқа оның сөздері тудырған сіздегі жағдай, сезім туралы дайын емес бағалауларды және пікірлерді айту; бұл сұхбаттастың сізге қысқа жауап қайырмай, ашық, мақсатты, өз ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді;
− сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не көзделіп отырғанын ашып алу қажет; сіз барлығын дұрыс тү- сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек.
Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен, барлық жанжалдар ұқсас негізге ие: істің шынайы жағдайы адамдардың күтулеріне қарама қайшылықта болады. Егер бұл солай болса, онда жанжалды шешудің екі стратегиялық жолын көрсетуге болады: не шынайылықты қарсы пікір білдірушінің күтулеріне қайта құруға, не болмаса, қарсы пікір білдірушілер- дің істің мән-жайына қатынасын өзгертуге тырысуы. Ал, ең алдымен, екі бағыт бойынша да бірдей әрекет ету қажет [35].
Достарыңызбен бөлісу: |