Пікір жазғандар



бет109/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Бақылау сұрақтары:


    1. Тұлғааралық өзара қарым-қатынастың жақтарын түсіндіріңіз.

    2. Қатынастың паралингвистикалық құралына сипаттама беріңіз.

    3. Вербальдық мінез-құлықтың жіктелуін негіздеңіз.

    4. Қатынастағы психикалық өзара әрекеттік жанжалдар мен қобалжулар- дың шығу себептерін анықтаңыз.

    5. Іс-әрекет барысындағы қатынас психологиясына анықтама беріңіз.

    6. Дау-дамайлар және олардың пайда болу, шешу жолдарын іздестіріңіз.

    7. Психологиялық дау-дамайларға, жанжалдарға, кикілжіңдерге сипаттама бере отырып, өзара байланысын талдаңыз.

    8. Дау-дамайлық қатынастар мен әрекеттерге талдау жасап, психологиялық әсер етуді үйреніңіз.

    9. Бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер, құн- дылықтарды талдап, белсенділендіруді меңгеріңіз.

    10. Тепе-теңдік, жол беру, жанжал, ынтымақтастық, дау-дамай түсініктері- не сипаттама беріп, мәнін ашыңыз.

    11. Билер тағылымы: сөз құдыреті, сөз ғылымы ұғымдарына сипаттама бе- ріп, «Ерте замандағы еліміздегі құқықтық нормативтерді жүргізу жолдары» тақырыбына эссе жазыңыз.

    12. Қазақ хандығындағы билердің басқару сабақтастығына талдау жасаңыз.

    13. Қазақ жеріндегі билер институты және қазіргі кезеңдегі басқару құры- лымдарының байланысын қарастырыңыз.

    14. Билер институтындағы ұлы тұлғалардың еңбектеріне талдау жасаңыз

    15. Қазақ билерінің даулы мәселелерді шешу жолдарын қайта жаңғыртуға өзіндік пікіріңіз.

    16. Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасының өзара бай- ланысын көрсетіңіз.

    17. Қазіргі шешендік сөз өнерінің ерекшеліктері мен дамуын сипаттаңыз.

    18. Билерге тән қасиеттер: шешендік, ақындық, заңгерлік, бітімгерлік, ба- тырлық, саясаткерліктің өзара қатынасына анықтама беріңіз.

    19. Күйзеліске қарсы тұрудағы психофизиологиялық мүмкіндіктерді анық- тап, оларда кездесетін қиындықтарды түсіндіріңіз.

    20. Күйзеліске қарсы мобилизациялаудың немесе психикалық өзін-өзі реттеудің кезеңдерін анықтаңыз.

    21. Дау-дамай туындаған жағдайларда олардың шешу жолдарын тауып, сараптама жасаңыз.

    22. Шешендіктің өзіндік ерекшеліктерінің жетістіктерін көрсетіңіз.

    23. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің мәдениетін үйреніп, дағдыларын қа- лыптастырыңыз.

    24. Қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздердің артықшылығын біліңіз.

    25. Халық ауыз әдебиетінде билерді бағалаудың атақ-лауазымына тән ерекшеліктерінің заңдылықтарына сипаттама беріңіз.

    26. Хан кеңесінде қабылданған «Жеті жарғыны» түсініп, мәнін ашыңыз.

    27. Халқымыздың атадәстүрін, саяси мәдениетін, дала заңын, шежіре та- рихын жетік білетін, шешендік өнерін игерген еліміздің атақты билерін атаңыз.

    28. Билердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның талантына, қа- білетіне, дарынына, билік зердесіне, парасаттылыққа сәйкес өзіңізді оқытып тәрбиелеңіз.

    29. Қазақ батырлары мен билері және олардың қазақ халқының тарихын- дағы орнын анықтаңыз.

    30. Ата-бабалардан қалған ұлағатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен ойлы жырларды оқып, оларды жадыңызда сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет