Пікір жазғандар



бет106/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Билерге тән қасиеттер
Шешендік. Түрлі айтыс-тартыс, дауда билік айтқанда ше- шендік өнерді меңгере алмаған бидің шешімі әсерсіз, шала- жансар болып шығады, лаулаған араздық өртін өшіре алмайды. Қазақ билерінің шешендік мектебі – халық, өздерінің бұл өнерге бейім тума таланты. Шешендік жас талғамайды. Нияз бидің он жасынан шешендігімен, тапқырлығымен билікке араласуы соның айғағы. Ол бір ауыз сөзбен құн кесіп, жалғыз уәжбен дау шешкен. Билердің шешендікпен шебер айтқан ақыл, нақыл сөз- дері жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтқан озық ойының жемісі. Әрбір бидің шешендік өнерді қолданғанда сөйлеу мәнері, стилі болған. Жалпы билер қатысқан шешендік дауларды: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге бо- лады. Нияз бидің көп қатысқан айтыс-тартысы негізінен, ел мен жер, ар дауы, құн дауы болыпты.

«Жеке адамдар бірде шешендік сөздердің авторы болып аталса, екінші бір нұсқаларда кейіпкер ретінде айтылады, – дейді Балтабай Адамбаев, – Мысалы, қыпшақ Арғынбай мал мен басқа тапшы, бірақ ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін шешен кісі екен. Сонда бір жиында Қоңырат Жайымбай датқа кемітіп:



  • Сөйле – сөйле, құлағы жоқ – шұнақ биім, құйрығы жоқ – шолақ биім!, – депті. Сонда Арғынбай шешен: «Жақсы айтасың, датқа! Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар. Сен мал мен басқа мақтандың, байлық түбі – бақыл, қазына түбі – ақыл; атадан алтау тусаң да бір жалғыздық бар; Асқа тойған кекірер, басқа толған кетілер. Ешкі егіз тауып қойдан көп болмас, ит сегіз тауып малдан көп болмас. Құлағым шұнақ бол- са – сұңқар шығармын, құйрығым шолақ болса – тұлпар шы- ғармын. Құдайдың маған берейін десе – баласы жоқ па, саған жіберейін десе – бәлесі жоқ па?» депті».

Ақындық. Шешендік өнерді меңгерген билер тақпақтап сөй- леген, ойын, шешімін жыр жолдарымен де толғаған. Тек олар өздерін ақынмын деп санамаған. Яғни, шешендік пен ақын- дықты тең ұштастырып сөйлеу – билерге тән қасиет. Үш заңгер биіміз Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзі, Шеген, Беген, Нияз билердің шығарған шешімдері жалындап жанған жыр болуы сондықтан ғой. Су төгілмес жорғадай шебер сөйлеген сол биле- ріміздің айтқандары қазір біздің асыл мұрамыз ретінде тарихта жазылып қалып отыр.

Әрі би, әрі жырау атанған Бұхар Қалқаманұлының (1685- 1777) халқымен қоштасар алдында айтқан соңғы сөзін еске ал- сақ, ол қаншама терең мағыналы, өлең болып өріліп тұрған қа- натты сөз еді. Бұхар бидің ақжолтай ақындығын танытып тұрған бұл ой-толғауы мынандай еді:



  • Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің, Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің, Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің, Дәулетіңнің қадірін мал кеткенде білерсің, Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,

Аңдып жүрген дұшпаның дәл жеткенде білерсің.

Заңгерлік. Ел арасындағы даулар билер талқысына салынға- нында екі жақтың билерінің бірі – айыптаушы (прокурор), екін- шісі – ақтаушы (адвокат) болады және бір би – төрелік айтар төбе би болып тағайындалып, айтыс-тартысты шешуге үш би қатысады. Сол себепті билерді бәріне ортақ атаумен заңгер де- геніміз дұрыс. Себебі, билер айыптауда, ақтауда, төрелік айтуда Заңды білуге тиісті ғой.

Бітімгерлік. Билер ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан кел- тірер дауларды шешумен қатар көрші мемлекеттермен қарым- қатынас жасауда хандарға кеңесші болған. Абылай ханның Ре- сеймен қарым-қатынаста Нияз би Тілеуліұлы тәрізді билерді жанына ертіп жүруі, олардың ақыл-кеңесіне арқа сүйеген. Ал Абылай хан 1743 жылы жоңғар басқыншыларының қолына тү- сіп қалғанында Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке барды. Сонда қазақ биінің: «Біз, қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын

деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан ел- міз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз», – деп тақпақтай сөйлегеніне Қалдан Серен разы болып, Абылай ханның басына азаттық береді. Осындай оқиғаларға байланысты қазақ халқында «Жауластырмақ – жаушыдан, елдестірмек – елшіден», «Елшісіне қарап елін таны» деген қағи- даның қалыптасқаны анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет