Пікір жазғандар



бет122/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162
Ахтаева Басқару психол

21. Жүйенің өз ішіндегі және сонымен бірге сыртқы орта- дағы белгілі бір факторлардың әсерін қарастыратын, сондай- ақ белгілі бір жағдайларға тән, әрі осы жағдайға сәйкес бас- қарушылық шешім қабылдауды ұстанатын басқарудағы бағыт.

  1. Процестік бағыт.

  2. Сандық бағыт.

  3. Жүйелік бағыт.

  4. Ситуациялық бағыт.

  5. Ғылыми бағыт.


22. Басқару жүйесін зерттеу барысында сараптамалық бағалау ретінде нені түсінуге болады?

  1. Мамандардың (эксперттер) пікіріне негізделген, тікелей өлшеуге келмейтін процестердің параметрлерін сандық немесе сапалық бағалау.

  2. Басқару жүйесінде кездейсоқ оқиғалардың ықтималды- лығын бөлудің белгісіз параметрлерін бағалау үшін қолда- нылатын бақылаулар (өлшеу) нәтижелері.

  3. Басқару жүйесінің жай-күйі туралы мамандардың бірізді логикалық және сенімді пікіріне негізделген пайымдама.

  4. Басқару жүйесінде жүргізілген эксперимент нәтижесінде алынған процестердің параметрлерін сандық немесе сапалық бағалау.

  5. Басқару тиімділігіне әсер тигізетін белгілі бір факторлар- дың мәндері немесе құндылықтары туралы мамандардың көз- қарасы.


23. Басқарушының шешім қабылдау барысында белгілі бір ретпен әрекеттерді жүзеге асыруын қалай атаймыз?

  1. Бағдарланған басқару.

  2. Бағдарланбаған басқару.

  3. Әкімшілік басқару.

  4. Автоматизацияланған басқару.

  5. Автоматтық реттелу.


24. Жүйені жобалау дегеніміз не?

  1. Жүйенің жаңа ұйымдық құрылымын әзірлеу.

  2. Жүйенің элементтерін біріктіру (кешендік және жүйелік).

  3. Жүйенің қызмет ету жағдайын өзгертудің мүмкін болатын әсерін алдын ала көре білу.

  4. Басқару жүйесінің міндеттерін қалыптастыру.

  5. Жүйенің жұмыс істеу модельдерін әзірлеу оны құрасты- рудан немесе оны қайта ұйымдастырудан бұрын жүзеге асы- рылады.


25. Басқару жүйесін диагностикалау деген не?

  1. Бұл – жүйенің негізгі параметрлерінің өзара байланысы мен мәндерін талдау

  2. Бұл – жүйенің негізгі параметрлерінің мәндерін бақылау (өлшеу)

  3. Бұл – басқару объектісінің нормадан, тенденциясынан, мақсатынан ауытқуы және деформация себептері, ерекшелік- терін сипаттау тәсілдері

  4. Бұл – жүйенің негізгі белгілері мен сипаттамаларын талдау

  5. Бұл – жүйенің әртүрлі әсерлерге байланысты мінез-құл- қын зерттеу мақсатында эксперимент өткізу тәсілдері.


26. Басқару жүйесін синтездеу деген не?

  1. Жүйені жеке компоненттерге бөлу процедурасы.

  2. Жүйенің жеке элементтерін бір тұтастыққа біріктіру.

  3. Жүйе параметрлерінің төмен деңгейдегі параметрлерге ауысуы.

  4. Жалпы түсініктерден жекеге өту.

  5. Бұл – басқаруға деген жүйелік-құрылымдық бағыт.


27. Егер басқару жүйесінің математикалық моделіне сай берілген жауапқа (шығысқа) ықпал еткен кіріс әсерлерді табу қажет болса, онда берілген тапсырма қай класқа жатады?

  1. Тікелей тапсырма класына.

  2. Тапсырма құрылымын біріктіру класына.

  3. Тапсырманы басқару класына.

  4. Тапсырманы анықтап сәйкестендіру класына.

  5. Кері тапсырмалар класына.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет