Пікір жазғандар



бет79/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Қанағаттандырылмаған коммуникация
Қақтығысқа қатысушылардың жеке ерекшелiктерi.

Бұл жiктеулердiң жақсы жағы, ол – дау-дамайдың қайнар көзi мен қолданылу саласын ажыратуға мүмкiндiк бередi. В. Линкольн дау-дамайды талдай отырып, олардың себептi фак- торларын анықтап, бес типiн көрсеткен:



  1. Ақпараттық факторлар: толық емес, нақты емес фактiлер; дезинформация; уақытынан ерте немесе кеш жеткiзiлетiн ақпа- раттар.

  2. Мiнез-құлықтық факторлар.

  3. Қарым-қатынас факторлары: мәртебе бойынша айырма- шылық.

  4. Құндылықтық факторлар.

  5. Құрылымдық факторлар: бiздiң тiлегiмiзден тыс объектив- тi жағдайлар, оларды өзгерту өте қиын, т.б.

Тұлғааралық дау-дамайларды бiрнеше белгiлер бойынша жiктеуге болады:

  1. Қолданылу аясына қарай: iскерлiк (басшы, бағынушы); отбасылық;мүлiктiк; тұрмыстық, т.б. деп бөлiнедi.

  2. Функционалдық салдарына және әсерiне байланысты: конструктивтi және деструктивтi болып ажыратылады.

Конструктивтi жағы  екi жақ арасындағы қарым-қатынас- тың анықсыздығын ашуға және дау-дамайға қатысушылардың жеке қасиеттерi мен мiнез-құлығын жақсартуда қолданылатын әдiстi табуда үлкен рөл атқарады.

Тұлғааралық дау-дамайдың конструктивтi салдары төменде- гiдей көрiнедi:



  • мәселенi шешуге қатысатын адамдар қауымдастығын құру;

  • ынтымақтастықты кеңейту;

  • өзiн-өзi және басқаның жеке қызығушылығын тану.

Дау-дамайдың деструктивтi жағы – оппоненттердiң бiреуi екiншiсiн психологиялық жағынан басып тастауға, оны басқа адамдардың көзiнше кемсiтуге, дискредитация жасағанда көрiнедi. Әдетте, екiншi жақ оған қаһарлы түрде қарсылығын бiлдiрiп, бұл екi жақтың арасындағы диалог жанжалға айналып, оны шешу мүмкiн емес болады. Дау-дамайдың деструктивтi жағы – денсау- лыққа үлкен зиянын тигiзедi және көбiнесе жұмыс орнында өрбидi. Дау-дамайлы деструктивтi шешуде үш негативтi салдары болады. Бiрiншiден, адам «даудан мен жеңдiм, ал анау жеңiлдi» деп ойласа да, шын мәнiнде екi жақ бiрдей жапа шегедi. Екiншiден, екi жақ- тың бiреуiнде болсын өкпе қалады, соның iшiнде жеңiлiп қал- ған адам өз-өзiн дау-дамайдан ұтымды шыға алмадым деп iш- тей кiнәлайды. Осының әсерiнен ол өзiн төмен бағалап, сыйла- майды.

Шынайылықтың өлшемi немесе шындық  ілкі өлшемi бойын- ша М. Дойч дау-дамайдың мына типтерiн ажыратады: кездей-

соқ; латенттi;ілкі және т.б. Ілкі дау-дамай – даудың объективтi негiздерi болмаса да, дұрыс түсiнбегендiктен, қабылдамаған- дықтан болады. Латенттi – болуы керек, бiрақ белгiлi бiр себептерден болмаған дау-дамай (себебi, мысалы, адамның дау- ды сезiнбеуi, т.б.). Осыдан дау-дамайды қалай басқаруға немесе оның шешiмiн табуға болады деген орынды сұрақ туады.
Дау-дамайдың пайда болуы, дамуы және оларды шешу жолдары
Даулы мәселелердi екi тұрғыдан алып қарастыруға бола- ды: бiрiншiден, дау-дамайдың пайда болып, өрши түсу заңды- лығы, осындай заңдылықтарды бiлiп жүрген адам дау-дамай- ды бастамай тұрып, оның алдын алады. Дегенмен адам өзiн- өзi дау-дамайдан сақтанамын дегенмен, ол өмiр тiршiлiгiн- де жанына батарлық, әдiлетсiз мiнез-құлықтардан бойын ау- лақ сала алмайды. Өзiн ренжiткен, дұшпандық жасаған адамға көзiн жұмып жүре беруге шыдай алмайды. Сондықтан, бастал- ған дау-дамай себебiн толық түсiнуге тырыса отырып, түсiнiс- тiкпен қарап, бiрден оның шешу жолын қарастыруға тырысу ке- рек.

Екiншiсi, маңызды бағыт – дау-дамайдың неден пайда бол- ғандығын анықтайтын жағдайды талдау техникасын меңгеру.

Мәселенi шешуде мына жағдайларға тоқталған жөн, олар: талас-тартыстың мәнi, оның туындау себептерi, таласты шешу жолдары, бiрлесе отырып жеңу тәсiлдерi мен оны жүзеге асыру жолдары, даулы мәселенi шешудегi тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Талас жағдайларын сараптасақ, көп жағдайда қақтығысып қалған адамдар, конфликтiң негiзгi себебiн түсiндiрiп бере ал- майды, олар үстiртiн себептерiн атап айтқанмен, тереңде жатқан себебiне көңiл аударғысы келмейдi.Диагнозы жоқ ауруды ем- деудiң нәтижесi болмайтынын бәрiмiз бiлемiз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет