Қоғам біртұтас құрылым ретінде күрделі қарым-қатынастар
– экономикалық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, туыстас, ру- хани және т.б. қарым-қатынастар жүйесімен сипатталады. Осы қарым-қатынастар негізінде адамдардың қажеттіліктері мен қы- зығушылықтары жатыр. Егер осы қажеттіліктер мен қызығу- шылықтарды, мақсаттар мен болжамдарды іске асыру жолында
кедергілер пайда болса, бұл адамдар мен арасындағы, олардың әлеуметтік топтары арасында қарама-қайшылықтардың өршуіне алып келеді және шиеленіс, кризистік жағдайлар тудырады.
Кризистік жағдайлар қатарында ұйымдардағы дау-дамайлар ерекше орын алады.
Ұйым – бұл тек адамдар мен өндіріс құралдарының өнді- рістік-технологиялық бірлестігі емес. Бұл сонымен бірге, еңбек- керлер ұжымы, олар өндірісті дамыту үшін өздерінің күштері мен қабілеттерін біріктіреді, әлеуметтік-экономикалық мәселе- лерді шешуде белсенді қатысады. Ұйым – бұл индивидтер бел- гілі бір байланыстармен және қарым-қатынастармен біріктіріл- ген адамдар жиынтығы.
Қоғамда ұйымдардың әртүрлі типтері қызмет етеді: кәсіп- орындар, мекемелер, университеттер, ниституттар, қаржылық құрылымдар, қоғамдық ұйымдар (мысалы, саяси партиялар, кә- сіподақтар және т.б.), ассоциативті ұйымдар (мысалы, жанұя). Ұйымдар құрылымдық бірқатар бөлімшелерден тұрады: цехтар, ауысымдар, жекелеген қызметтер, бригадалар және т.б. Бұл бірлестіктер алғашқы топтар ретінде болады, яғни, әлеуметтік орта болып табылады, онда адамдар басқа адамдармен тікелей байланыста болады.
Ұйымдар әралуан қызмет атқарады және бір бірінен мүше- лерінің қызметі, ұйым деңгейі және ұйымшылдығы, сандық құ- рамы бойынша ерекшеленеді.
Ұйым қоғамның маңызды ұяшығы бола отырып, қызметтің әртүрлі типтеріне маманданған адамдардың мінез-құлқын үйлес- тіреді және біріктіреді, оларды бірыңғай еңбек үрдісіне ендіреді, тек өндірістік мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен бірге өзінің мүшелерінің дамуы үшін жағдайлар жасайды. Мұнда тікелей қарым-қатынас ортасында адамдардың алғашқы түсінік- тері қаланады, пікірлер қалыптасады, дағдылар бекітіледі, бейім- діліктер пайда болады, қызметкердің қоғамдық абыройы беки- ді [35].
Өзара байланыстар мен қарым-қатынастар тек өндірістік қызмет негізінде ғана емес, сонымен бірге өмірдің нақты жағ- дайларында: саяси, діни, психологиялық, адамгершілік және т.б. жағдайларда құрылады. Адамдарды ортақ мүдделер, идеялар,
мақсаттар, адамгершілік нормалар мен қағидалар біріктіреді. Алайда, еңбек ұжымында ынтымақтастықпен бірге дау-дамай- лық жағдайлар да туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |