Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады


) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды



бет3/3
Дата17.06.2023
өлшемі2.7 Mb.
#475179
түріОқулық
1   2   3
аралық бақылау С.дамыту

1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын.

3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.

4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді.

Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. 
Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам озінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жүмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жүмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған.
Ішкі сөйлеу
Ішкі сөйлеу жонінде И. М. Сеченов былай дейді: "Бес жастағы баланың ойы созбен немесе сыбырлап сойлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мүның озі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бүлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы оте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын" .
И. М. Сеченов
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет