Pirls халықаралық зерттеудің МӘні мен мағынасы: бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата22.05.2024
өлшемі1.38 Mb.
#501674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
pirls-haly-araly-zertteudi-m-ni-men-ma-ynasy-bastauysh-synyptarda-o-u-sauattyly-yn-alyptastyru

 
Материалдар мен әдістер 
Практикалық (жаттығулар, тапсырмалар, графикалық органайзерлер, шығармашылық 
жұмыстар, ақпараттық ізденістер), репродуктивтік, проблемалық-ізденушілік, сыни тұрғыдан 
ойлау стратегиялары сияқты әдістерді кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу-тәрбие үдерісінде 
жоғарыда ұсынылғандай жұмыстар жүргізілгенде білім алушылардан мынадай нәтижелер 
күтуге болады: мәтінге қатысты құрылымдық сипаттарды, ерекшеліктерді, лингвистикалық 
терминдерді меңгереді; мәтін түрлері мен шығармашылық жұмыстардың түрлерін ажырата 
алады, құрылымдық ерекшелігіне сәйкес қолдана біледі. 
 
Негізгі бөлім 
 
PIRLS халықаралық зерттеудің мәні мен мағынасын толық түсіну үшін бұл мәселені өз 
көзқарасы тұрғысынан зерттеген ғалымдардың бірнеше еңбектерін зерделеп, өзіміздің 
тұжырымымызды келтірдік.
Xiaoyun Xiao [10] өзінің еңбегінде «TIMSS & PIRLSзерттеуінің мақсаты 2001 және 2011 
жылдар аралығындағы халықаралық оқу сауаттылығын зерттеу (PIRLS) кезінде Гонконг 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
90 
бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін айтарлықтай жақсартудың себебін анықтау 
болды», – деп жазады. Ол өз еңбегінде 2001 және 2011 PIRLS үлгілерінен оқу жетістіктері 
туралы деректерді талдап көрсетеді. Ата-ана факторы (ата-ананың оқуға деген көзқарасы 
бойынша өлшенеді) мен оқу үлгерімі арасындағы байланыс оқушы факторы (оқушылардың 
оқуға деген көзқарасы мен оқу тәжірибесімен өлшенеді) немесе үйде (үйдегі білім беру 
ресурстары мен ерте сауаттылық шаралары арқылы өлшенеді) және оқушы факторлары 
арқылы жүзеге асырылатыны анықталды. 2011 жылғы PIRLS сауалнамасына қарағанда 2001 
жылғы PIRLS сауалнамасында Гонконг студенттері арасында ата-ана факторы мен оқу 
үлгерімі арасындағы үй және оқу факторлары арқылы байланыс күшті болды. Бұл нәтижелер 
ата-ана, үй және мектеп арасындағы қарым-қатынастың өзгерген күшін көрсетеді»,- деп 
талдау нәтижелеріне тоқталған. 
Ли Л. өзінің «PIRLS және PISA2018 тұрғысынан WeChat қызметі арқылы оқу 
сауаттылығын арттыруды практикалық зерттеу» еңбегінде: «Қытайдағы PIRLS және PISA 2018 
тиімді дамуымен оқу сауаттылығын зерттеу барған сайын дамып келеді. Университет 
кітапханасы оқу сауаттылығын дамытудың маңызды орны болып табылады және оқуды 
үйренуге жауапты. Колледждер мен университеттерде WeChat қызметтерін дамыту оқу 
сауаттылығына жаңа мүмкіндіктер ашады. Мысал ретінде Wechat платформасы дизайны 
мен WeChat қызметіндегі жағдай осы мақалада келтірілген, сонымен қатар студенттер нақты 
жұмысына сәйкес оқу сауаттылығын арттырудың негізгі тәсілдері келтірілген», - деп 
көрсетеді [11; 1706 бет]. Яғни, бұл еңбекте ғалым медиа әлемінің қарқынды дамуына орай 
WeChat платформасын енгізу заман талабы екенін айта кеткен.
Д.Т. Раббонаева [12] өзінің еңбегінде оқу сауаттылығы мәселесіне қазіргі қоғамның 
көзқарасы мен оның алатын рөлі туралы, сонымен қатар, PIRLS бастауыш сынып 
оқушыларының оқу сауаттылығы мәдениетін қалыптастыру бойынша зерттеу жұмысын 
жүргізген. PIRLS бойынша оқу сауаттылығының негізі қажетті оқу дағдыларына тоқталып 
өткен. PIRLS зерттеуінде студенттерге мәтіннің екі түрін - көркем және танымдық мәтін 
ұсынылған. PIRLS сипаттамасы оқушылардың мәтінді түсініп қана қоймай, сонымен қатар 
дамитындығын көрсетеді, мәтінде берілген ақпаратты түсіну және оған өзінің жеке 
көзқарасын білдіру қабілеті ретінде анықталған.
Л.А. Тошкулова «International assessment system - PRILS. Organization process and 
evaluation criteria» [13] еңбегінде Өзбекстанның PISA және PIRLS зерттеулеріне қатысуы 
туралы келісімге қол қойылуы білім беру жүйесін түбегейлі реформалауға негіз болып, жас 
ұрпақтың интеллектуалдық белсенділігін дамытуға ықпал еткенін, олардың білім берудегі 
құзыреттілігі мен шығармашылығы бүгінгі таңда мұндай бағалау бағдарламаларының бірі 
PIRLS-ті оқу үдерісіне енгізу қажеттілігі туындағанын атап көрсетеді. 
А. Жуман авторлық бірлестікте “The Strategies of Best Practice Applying in Education: 
Criteria Approach” [14] еңбегінде білім берудегі үздік халықаралық тәжірибені бағалау 
критерийлерін баяндап, нақты ұлттық білім беру жүйелеріндегі инновациялық процестерді 
белсендіру және жаңарту табыстылығын талдау үшін критериалды тәсілді қолдану 
стратегиясының негіздемесін ұсынған. Дәл осы тұрғыда мақала авторлары бірқатар 
халықаралық салыстырмалы зерттеулердің көрсеткіштеріне атап айтқанда, Дүниежүзілік 
экономикалық форумның (ДЭФ) GCI (Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі), «Ресей 
білімінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі», PISA, TIMSS, PIRSL және TALIS зерттеулеріне 
талдау жасаған. Жалпы, ғалымдардың бұл еңбектерінде табысты білім беру тәжірибесі 
саласындағы салыстырмалы халықаралық зерттеудің нәтижелері сипатталған.
Түрлі жанрдағы, тақырыптағы, типтегі мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіру, 
салыстыру, бағалау, түрлендіру жұмыстарын жүргізе алады; мәтіннің жасырын мағынасын 
және оған енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың, сөздердің мағыналық 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
91 
топтары мәнін анықтай алады; оқудың түрлі стратегияларын пайдаланып, ақпараттық 
ізденіс жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; шығармашылық жұмыстарды 
жанрлық 
және 
стилистикалық 
ерекшеліктеріне 
сәйкес 
орындай 
алады. 
Түрлі 
дереккөздерден алынған ақпараттарды жинақтау арқылы өзінің ойын, көзқарасын, пікірін 
түрлі стильде, жанрда ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады. Оқушылармен қазақ тілі 
сабақтарындағы мәтінмен жұмыс жасау және олардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, 
оқу жетістіктерінің оң нәтижесін қамтамасыз ету барысында шығармашылықпен жұмыс 
жасаудың бүгінгі күні тигізер пайдасы мол деп айтуға болады. 
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, 
оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, дағдыларын дамытуға 
деген уәжін қолдап отыру қажет. Яғни, бұдан шығатын қорытынды оқушылардың оқу 
дағдысы дамуына мән бере отырып, бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын 
қалыптастыруға жол ашамыз. 
«Мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу» бойынша оқушыларға арнайы мәтін 
ұсынылады және соның аясында түсіну деңгейін анықтау мақсатында тапсырмалар жинағы 
ұсынылады. Бұл жерде әдеби және ақпараттық мәтіндер ұсынылады. Сонымен қатар, оқу 
сауаттылығы бойынша тапсырмалардың жауаптар үлгісі беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет